О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады. "КЕЛIСIЛДI" "Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк кiрiстер Комитетi Қызылорда облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң Сырдария ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы" Республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы М.Абдықалықов________________ " 15 " маусым 2018 жыл.