О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы 5-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________ М. Бекпасов «27» маусым 2018 жыл «КЕЛІСІЛДІ» «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________ Қ. Жүнісов «27» маусым 2018 жыл