Об адвокатской деятельности и юридической помощи Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; «электрондық үкіметтің», «бірыңғай ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «бірыңғай ақпараттық жүйесінің», «бірыңғай ақпараттық жүйесінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкіметтің», «бірыңғай цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «бірыңғай цифрлық жүйесінің», «бірыңғай цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 1-баптың 3) тармақшасын, 28-баптың 4-тармағының екінші бөлігін және 98-баптың 2) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша «заң көмегі», «заң көмегін» «заң көмегіне», «заң көмегінің», «Заң көмегі», «Заң көмегін», «Заң көмегінің», «заң көмегімен» деген сөздер тиісінше «білікті заң көмегі», «білікті заң көмегін» «білікті заң көмегіне», «білікті заң көмегінің», «Білікті заң көмегі», «Білікті заң көмегін», «Білікті заң көмегінің», «білікті заң көмегімен» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 1. 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін білікті заң көмегі;
Тармақша 2
2) заң консультанттарының қызметі – заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында білікті заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі;
Тармақша 3
3) заң көмегі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
Тармақша 4
4) білікті заң көмегіне қатысушылар – білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, білікті заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар;
Тармақша 5
5) білікті заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білікті заң көмегінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) клиент – білікті заң көмегін алу үшін өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға (өкіл);
Тармақша 7
7) құқықтық ақпарат беру – белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін білікті заң көмегінің түрі;
Тармақша 8
8) құқықтық консультация беру – жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты білікті заң көмегінің түрі;
Тармақша 9
9) мүдделер қақтығысы – білікті заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы білікті заң көмегін көрсетпеуге немесе сапалы көрсетпеуге алып келуі мүмкін қайшылық.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және білікті заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Білікті заң көмегі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 4
4. Жекелеген тұлғалардың білікті заң көмегін көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бап 3. 3-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары
3-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары Білікті заң көмегін көрсету мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) заң үстемдігі;
Тармақша 2
2) білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;
Тармақша 3
3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;
Тармақша 4
4) клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну;
Тармақша 5
5) кәсіптік құпияны сақтау;
Тармақша 6
6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау;
Тармақша 7
7) білікті заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;
Тармақша 8
8) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;
Тармақша 9
9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет;
Тармақша 10
10) білікті заң көмегінің қолжетімділігі.
Бап 4. 4-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
4-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
Тармақ 1
1. Білікті заң көмегін көрсетудің мазмұнын айқындайтын және білікті заң көмегіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын қамтамасыз ететін оның іргелі бастаулары білікті заң көмегін көрсету қағидаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары өзара байланысты болады және өздерінің жүйесін құрайды. Қағидаттардың әрқайсысын іске асыру білікті заң көмегін көрсетудің өзге қағидаттарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын сақтамау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 5. 5-бап. Заң үстемдігі
5-бап. Заң үстемдігі Білікті заң көмегі баршаның заң алдындағы теңдігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті бастауларында ұсынылады.
Бап 6. 6-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі
6-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметіне прокуратура, соттар, басқа да мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
Бап 7. 7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау Білікті заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі. Білікті заң көмегі көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады.
Бап 8. 8-бап. Клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну
8-бап. Клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну Білікті заң көмегін көрсететін тұлға клиенттің мүдделеріне зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға міндетті. Білікті заң көмегін көрсету кезінде білікті заң көмегін көрсететін тұлға клиентке, қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, білікті заң көмегінің ықтимал нәтижелері мен салдарларын түсіндіруге міндетті. Білікті заң көмегін көрсету шараларын таңдау клиенттің мүдделерін негізге алуға тиіс. Білікті заң көмегін көрсететін тұлға кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Бап 9. 9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды. Білікті заң көмегін көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі шаралар қабылданады. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну кәсіптік құпияны жария ету болып табылмайды.
Бап 10. 10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау
10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау Білікті заң көмегі жоғары кәсіптік және әдептік нормалар сақтала отырып көрсетіледі. Осы нормаларды қалыптастыруды білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық, адамгершілік нормалары және білікті заң көмегін көрсету стандарттары негізінде жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Білікті заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі
11-бап. Білікті заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, білікті заң көмегін шектері мен шаралары білікті заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.
Бап 12. 12-бап. Білікті заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау
12-бап. Білікті заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау Білікті заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде білікті заң көмегін көрсету сапасының үздік практикаларын ендіру арқылы қамтамасыз етіледі. Білікті заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүзеге асыруға тиісті кәсіптік даярлығы бар және өз біліктілігін кезең-кезеңімен арттырып отыратын адамдар жіберіледі.
Бап 13. 13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет
13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің кәсіп бойынша әріптестеріне құрмет, әділдік және ынтымақтастық рухында қарым-қатынас жасауға тиіс. Білікті заң көмегін көрсету сотқа және сот ісін жүргізу қағидаларына деген құрметке негізделуге тиіс.
Бап 14. 14-бап. Білікті заң көмегінің қолжетімділігі
14-бап. Білікті заң көмегінің қолжетімділігі Әр адамның білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда азаматтарға олар ақы төлемейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.
Бап 15. 15-бап. Білікті заң көмегінің түрлері
15-бап. Білікті заң көмегінің түрлері Білікті заң көмегі:
Тармақша 1
1) құқықтық ақпарат беру;
Тармақша 2
2) құқықтық консультация беру;
Тармақша 3
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
Тармақша 4
4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі. Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Бап 16. 16-бап. Білікті заң көмегінің нысандары
16-бап. Білікті заң көмегінің нысандары Мыналар білікті заң көмегінің нысандары болып табылады:
Тармақша 1
1) өтеулі негізде көрсетілетін білікті заң көмегі;
Тармақша 2
2) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі;
Тармақша 3
3) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі.
Бап 17. 17-бап. Өтеулі негізде білікті заң көмегін көрсету
17-бап. Өтеулі негізде білікті заң көмегін көрсету Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, білікті заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетілетін білікті заң көмегі өтеулі негіздегі білікті заң көмегі деп танылады.
Бап 18. 18-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі
18-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі Білікті заң көмегін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғалар ақы төлемейтін негізде оларға көрсетілетін білікті заң көмегі мемлекет кепілдік беретін білікті заң көмегі деп танылады.
Бап 19. 19-бап. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі
19-бап. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз білікті заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі болып табылады. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі мыналарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға;
Тармақша 2
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
Тармақша 3-1
3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 5
5) жасына байланысты зейнеткерлерге;
Тармақша 6
6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
Тармақ 3
3. Мемлекет кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды ынталандырады.
Бап 20. 20-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар
20-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар Білікті заң көмегін өз құзыреті шегінде мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар;
Тармақша 2
2) адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары;
Тармақша 3
3) білікті заң көмегін көрсетіп жүрген және білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.
Бап 21. 21-бап. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
21-бап. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
Тармақ 1
1. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат жеке және заңды тұлғалардың білікті заң көмегін алу құқықтарының кепілдіктерін іске асыру мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, ақпараттық, аккредиттеу, лицензиялау-бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Тармақ 3
3. Заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік адвокатура қызметінің негіздері, тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.
Бап 22. 22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
Бап 23. 23-бап. Уәкілетті органның құзыреті
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 3
3) білікті заң көмегін көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасына, білікті заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 5
5) білікті заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын келіседі;
Тармақша 7
7) білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келіседі;
Тармақша 8
8) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегінің барлық түрі бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;
Тармақша 10
10) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10-1
10-1) адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгілейді;
Тармақша 11
11) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 14
14) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін білікті заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) халыққа білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар, білікті заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 19
19) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 20
20) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 21
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 24. 24-бап. Білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі
24-бап. Білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі Адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі болып табылады. Білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі жұмыс істеген кезде құпиялылықты сақтау қамтамасыз етіледі. Білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінің цифрлық объектілері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Республикалық адвокаттар алқасына және Республикалық заң консультанттары алқасына сенімгерлік басқаруға беріледі.
Бөлім 2. 2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН білікті заң көмегі
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН білікті заң көмегі
Тарау 2. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН Білікті заң көмегінің ЖҮЙЕСІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН Білікті заң көмегінің ЖҮЙЕСІ
Бап 25. 25-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі
25-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру түрінде өтеусіз;
Тармақша 2
2) адвокаттар осы Заңда белгіленген тәртіппен;
Тармақша 2-1
2-1) заң консультанттары осы Заңда белгіленген тәртіппен;
Тармақша 3
3) нотариустар «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтеусіз;
Тармақша 4
4) жеке сот орындаушылары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, әлеуметтік маңызы бар істер санатын орындау кезінде өтеусіз көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін өзге тұлғалар өтеусіз көрсете алады.
Бап 26. 26-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар
26-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар
Тармақ 1
1. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар.
Тармақ 2
2. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі:
Тармақша 1
1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 2
2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;
Тармақша 3
3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
Тармақша 4
4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;
Тармақша 7
7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін тұрғылықты жеріне және тұрған жеріне қарамастан алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңдарда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
Бап 27. 27-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері
27-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның:
Тармақша 1
1) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне теңдей қол жеткізуге;
Тармақша 2
2) өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғаларға тегін білікті заң көмегін көрсету үшін өтініш жасауға;
Тармақша 4
4) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға немесе оны алудан бас тартуға;
Тармақша 5
5) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 6
6) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Өзіне осы Заңның 15-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы өтінішхатпен жүгінген тұлға:
Тармақша 1
1) өзінің мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығын растайтын, тізбесін уәкілетті орган бекітетін құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 2
2) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету шарттарына ықпал ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабарлауға;
Тармақша 3
3) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету қажеттігіне негіз болған ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 28. 28-бап. Адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін ұйымдастыру, оны көрсету тәртібі және есепке алу
28-бап. Адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін ұйымдастыру, оны көрсету тәртібі және есепке алу
Тармақ 1
1. Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысуын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың адвокаттар алқасы уәкілетті органмен келісу бойынша, Республикалық адвокаттар алқасы айқындаған тәртіппен білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ұйымдастырады. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың адвокаттар алқасы жыл сайын бірінші желтоқсаннан кешіктірмей аумақтық әділет органына мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін жібереді.
Тармақ 2
2. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеудің өлшемшарттарын Республикалық адвокаттар алқасы бекітеді.
Тармақ 3
3. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар тізіміне қосудың артықшылықты құқығы кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсететін адвокаттарға беріледі. Тізімде адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі мен берілген күні, адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысаны, адвокаттық қызметтің атауы және оны жүзеге асыру орны көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттардың тізімін кезең-кезеңімен жаңартып отырады және жаңартылған күйде ұстайды. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, соттардың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың (лауазымды адамдардың) тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін адвокатты таңдау заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Аумақтық әділет органы жыл сайын он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей, адвокаттармен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім жасасады. Уәкілетті орган Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып әзірлейтін және бекітетін келісімнің нысанында адвокаттардың астана, облыс, республикалық маңызы бар қала аумағында тұратын халықты білікті заң көмегімен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері және оның шарттары қамтылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Аумақтық әділет органы жыл сайын жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін өзінің интернет-ресурсына орналастырады. Республикалық адвокаттар алқасы жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін орналастырады.
Тармақ 7
7. Құқықтық консультация беру түріндегі, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету өтініш иесі өтініш жасаған кезде бірден адвокаттың қызметтік үй-жайында жүзеге асырылады. білікті заң көмегін өтініш иесі өтініш жасағаннан кейін бірден көрсету мүмкін болмаған кезде, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Адвокат өтініш иесіне қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді нысанда хабарлайды.
Тармақ 8
8. Егер өтініш иесі жүріп-тұруындағы қиындықтарға байланысты ауыр науқасы, мүгедектігі немесе өзге де мән-жайлар салдарынан адвокат белгілеген қабылдау орнына келе алмайтындай жағдайда болса, құқықтық консультация беру оның болатын жерінде жүргізіледі. Тұлға сол бір мәселе бойынша мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін бір рет ала алады.
Тармақ 9
9. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алуды осындай көмек ұсынған адвокат уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.
Тармақ 10
10. Адвокаттар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есепті білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырады. Есеп нысанын Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 11
11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы жыл сайын бесінші шілдеден және бесінші қаңтардан кешіктірмей, білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы аумақтық әділет органына уәкілетті орган Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып бекітетін нысан бойынша адвокаттар көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жиынтық есеп ұсынады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасының жиынтық есебінде ауылдық елді мекендердің мемлекет кепілдік берген білікті білікті заң көмегі мен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат қамтылады.
Бап 28-1. 28-1-бап. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету тәртібі
28-1-бап. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету тәртібі Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысуын заң консультанттарының палаталары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырады.
Бап 29. 29-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту
29-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту
Тармақ 1
1. Егер өтініш иесі жүгінімнің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
Тармақ 2
2. Мынадай негіздердің бірі болған кезде:
Тармақша 1
1) өтініш иесі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар, осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тұлғалар санатына жатпаса;
Тармақша 2
2) өтініш иесі жүгінімнің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
Тармақ 3
3. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Бап 30. 30-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін қаржыландыру
30-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін қаржыландыру Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бөлім 3. 3-БӨЛІМ. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
3-БӨЛІМ. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Тарау 3. 3-тарау. АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ
3-тарау. АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ
Бап 31. 31-бап. Адвокатураның мақсаты
31-бап. Адвокатураның мақсаты
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасы адвокаттардың қылмыстық iстер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қорғау, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және оларды iске асыруда жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Адвокаттар өздері жүзеге асыратын адвокаттық қызмет шеңберiнде көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
Бап 32. 32-бап. Адвокат
32-бап. Адвокат
Тармақ 1
1. Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде білікті заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.
Тармақ 2
2. Сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам адвокат бола алмайды. Мыналар: қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; теріс себептер бойынша мемлекеттік және әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам – шығарылған (босатылған) күннен бастап үш жыл бойы; әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; осы Заңның 44-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адам – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл бойы; теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам – шығарылған күннен бастап үш жыл бойы адвокат бола алмайды.
Бап 33. 33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Адвокат көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып тұрған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 63-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, адвокат өзiне өтініш жасаған тұлғамен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.
Тармақ 3
3. Адвокат қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет ете отырып:
Тармақша 1
1) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн барлық соттарда, мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда қорғауға және бiлдiруге;
Тармақша 2
2) барлық мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегiн көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға және оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
Тармақша 4
4) процестік құжаттарды, тергеу және сот iстерiн қоса алғанда, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен тіркеп алуға;
Тармақша 5
5) iске кіріскен кезден бастап жолығулардың санын, ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға ие болуға;
Тармақша 6
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
Тармақша 7
7) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;
Тармақша 8
8) егер бұл анықтау сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезiнде, сотта қорғауды немесе өкiлдiк етуді жүзеге асыру үшiн қажет болса, мемлекеттiк құпияларды құрайтын, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен танысуға;
Тармақша 9
9) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
Тармақша 10
10) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
Тармақша 11
11) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсетуге;
Тармақша 12
12) заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокаттың заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың әкімшілік ғимараттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, адвокат куәлігін көрсету арқылы еркін кіру құқығын пайдаланады. Адвокаттың ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды және жазасын өтеп жатқандарды ұстау орындарына кiруi белгiленген өткізу режиміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Адвокаттың мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғауға құқығы бар. Адвокаттар әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлейдi. Адвокаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Адвокаттар сот отырыстарына адвокаттық мантиялар киіп қатысуға құқылы. Адвокаттық мантиялардың нысаны мен сипаттамасын Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 7
7. Адвокат:
Тармақша 1
1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы адвокатының антын, Адвокаттардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтауға;
Тармақша 3
3) адвокаттар алқасының мүшесі болуға;
Тармақша 4
4) өзінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) клиентке адвокаттар алқасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
Тармақша 6
6) клиентке білікті заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің оны көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
Тармақша 7
7) клиенттің талап етуі бойынша адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
Тармақша 8
8) клиенттің талап етуі бойынша онымен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
Тармақша 9
9) білікті заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға және оларды көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария етпеуге;
Тармақша 10
10) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекетті орындауға;
Тармақша 11
11) клиенттің талап етуі бойынша білікті заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты орындау туралы есеп ұсынуға;
Тармақша 12
12) клиенттің талап етуі бойынша білікті заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін білікті заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық құжаттар нысанында сақтауға;
Тармақша 13
13) өзiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттырып отыруға;
Тармақша 14
14) адвокаттар алқасына мүше болып кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар пакетін) және пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландырылуға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдауға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңдарында және білікті заң көмегін көрсету туралы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 8
8. Адвокаттың: мүдделер қақтығысы болған кезде; процестік заңнамада көзделген, адвокаттың іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде білікті заң көмегін көрсетуіне тыйым салынады. Бұл жағдайларда адвокат білікті заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
Тармақ 9
9. Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн тұлғаға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Адвокат осы баптың 8-тармағында көзделген мән-жайлар болмаған кезде қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқылы емес және қорғалатын тұлғаның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
Тармақ 11
11. Адвокаттың Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларынан басқа ретте, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақы төленетін лауазымда болуына тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кірген жағдайда, адвокат осы ұйымға және онымен үлестес тұлғаларға білікті заң көмегін көмек көрсетуге құқылы емес. Адвокат адвокаттық қызметті адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында, адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы және тағайындалатын лауазымдардағы жұмыспен қоса атқаруға құқылы.
Бап 34. 34-бап. Адвокаттың кәсіптік мiнез-құлық нормалары
34-бап. Адвокаттың кәсіптік мiнез-құлық нормалары Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк қағидаларды сақтауға:
Тармақша 1
1) өзінің құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерін орындау кезінде адалдық бiлдiруге;
Тармақша 2
2) органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстауға;
Тармақша 3
3) өзінің кәсіптік мiнез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастырып және шектей отырып, iстi қасақана созуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеуге;
Тармақша 4
4) көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiне адалдық сақтауға және оның мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасамауға тиіс.
Бап 35. 35-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi
35-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттың құқықтары шектелуге жатпайды. Заңды адвокаттық қызметке араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған тұлғамен теңдестiруге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарға: адвокат өзінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде өзіне мәлім болған мән-жайлар туралы одан куә ретінде жауап алуға; адвокаттан, оның көмекшісінен, оның тағылымдамадан өтушісінен, адвокатпен, заң консультациясымен, адвокаттық кеңсемен еңбек қатынастарында тұрған тұлғадан, адвокаттар алқасы төралқасының басшылары мен жұмыскерлерiнен, сондай-ақ өзінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған адамнан заң көмегiн көрсетуге байланысты мәлiметтерді, материалдарды талап етіп алдыруға немесе талап етуге немесе оларды адвокаттың және оның клиентінің келісуінсіз, басқа тәсілмен алуға әрекеттенуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, осындай жолығулар беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығын шектеуге құқылы емес.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттық іс қағаздарын жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы жете тексерілуге, қарап-тексерілуге, алынуға, алып қойылуға және тексерілуге жатпайды.
Тармақ 6
6. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде адвокаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығына заңда белгіленген тәртіппен кепілдік беріледі.
Тармақ 7
7. Қылмыстық қудалау органдары, олардың лауазымды адамдары процестік заңда көзделген жағдайларда, адвокатты оның тергеу және өзге де процестік әрекеттерге адвокатпен келiсiлген мерзiмде қатысуы қажет екені туралы хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар адвокаттың заң көмегiн көрсетуiне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi. Егер ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған жағдайда, адвокатқа сұратылып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Адвокаттың қабылданған тапсырманы орындау кезінде сотта процестік заңнамада белгіленген тәртіппен адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті компьютерлерді, смартфондар мен өзге де техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар.
Бап 36. 36-бап. Адвокат қызметiн сақтандыру
36-бап. Адвокат қызметiн сақтандыру
Тармақ 1
1. Адвокат шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті. Адвокат кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болмаған кезде білікті заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес. Егер адвокат адвокаттық кеңсенің әріптесі болып табылса, онда оның кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуды адвокаттық кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 2
2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.
Тармақ 3
3. Шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне сақтандырылған тұлғаның білікті заң көмегін көрсетуі кезінде жол берген кәсіптік қателіктері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының (сақтандырылғанның) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады. Осы баптың мақсаттары үшін кәсіптік қателіктер деп мыналар:
Тармақша 1
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
Тармақша 2
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
Тармақша 3
3) шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;
Тармақша 4
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) білікті заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
Тармақша 5
5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі. Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне осындай көмек көрсетуі нәтижесінде зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Егер шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кәсіптік міндеттерді абайсыз бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы басталған болып есептеледі.
Тармақ 5
5. Адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның шарттарымен айқындалады және қызметін республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге асыратын адвокаттар үшін – адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір мың еселенген, өзге адвокаттар үшін кемінде бес жүз еселенген мөлшерін құрауға тиіс. Адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де шарттары адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
Бап 37. 37-бап. Адвокаттық құпия
37-бап. Адвокаттық құпия
Тармақ 1
1. Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
Тармақ 2
2. Адвокаттар, олардың көмекшілері, тағылымдамадан өтушілері, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің жұмыскерлерi, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысу құқығы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған адам заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған қандай да бір мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқылы емес.
Тармақ 3
3. Адвокаттық құпияға жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келiсуiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 4
4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпарат ұсыну адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды.
Тармақ 5
5. Адвокаттық құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
Тармақ 6
6. Адвокаттар, олардың көмекшілері, тағылымдамадан өтушілері, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің жұмыскерлерi адвокаттық құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Бап 37-1. 37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі
37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі
Тармақ 1
1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезеңінде адвокаттар мемлекеттік құпияларға рұқсат алуды ресімдеу үшін өздері мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының орналасқан жеріндегі аумақтық әділет органына жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алу мен қол жеткізу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалады.
Бап 38. 38-бап. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi
38-бап. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi
Тармақ 1
1. Адвокаттардың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шарты негiзiнде заң консультациясында, адвокаттық кеңседе немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокатта жұмыс iстей алады. Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқауы бойынша және жауапкершiлiгiмен оның тапсырмаларын орындауға құқылы.
Тармақ 3
3. Адвокаттық қызметтің кәсіптік білімдері мен практикалық дағдыларын меңгеру мақсатында адвокаттар алқасымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасқан, жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушісі болып табылады. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келетін және тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам адвокаттар алқасының төралқасына тізбесі уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейтін және бекітетін Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеде белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен жүгiнедi.
Тармақ 4
4. Адвокаттар алқасының төралқасы өтінішті қарау нәтижелері бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы;
Тармақша 2
2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiш бойынша шешім өтініш берушінің өтініші адвокаттар алқасының төралқасына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
Тармақ 5
5. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлер санының көп жинақталуы себепті тағылымдамадан өтуге жiберуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Тармақ 6
6. Тағылымдама кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бір жылға дейінді құрайды. Тағылымдама кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледi. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамадан өтуші еңбек шарты бойынша адвокаттың көмекшісі ретінде жұмысқа қабылдануы мүмкін.
Тармақ 7
7. Тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейтін және бекітетін Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады. Тағылымдаманың нәтижелері бойынша тағылымдамадан өтушінің жетекшісі қорытынды жасайды және оны бекіту үшін адвокаттар алқасының төралқасына береді. Адвокаттар алқасының төралқасы тағылымдама материалдарын қарау қорытындылары бойынша тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекіту не тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тағылымдамадан ойдағыдай өткені туралы қорытынды адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен күннен бастап үш жыл бойы жарамды болады. Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім уәжді болуға тиіс және оған Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Тағылымдамадан өтпеген адам тағылымдамаға жалпы негіздерде қайта жіберіледі.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейді.
Тармақ 9
9. Адвокаттың көмекшісі мен тағылымдамадан өтушісі адвокаттық қызметпен дербес айналысуға құқылы емес.
Тармақ 10
10. Адвокаттар алқасының Жарғысында тағылымдама барысында орындайтын жұмысы үшін тағылымдамадан өтушілерді материалдық көтермелеу шаралары көзделуі мүмкін.
Бап 39. 39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау
39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау
Тармақ 1
1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық әділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанындағы аттестаттаудан өтеді.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Тармақ 3
3. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 4
4. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мен байқау түрінде аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Егер адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады. Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың аумақтық әділет органы адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамның аттестаттаудан өту қорытындысы бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешім шығарады. Аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау туралы шешім шығарылған кезден бастап үш жыл ішінде жарамды болады.
Тармақ 8
8. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы.
Тармақ 9
9. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.
Бап 40. 40-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары
40-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары
Бап 41. 41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
Тармақ 1
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға берілген рұқсат болып табылады және оны үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және шарттарда тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензиар береді.
Тармақ 2
2. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиялардың тізілімін жүргізеді, тізілімнің мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімін жаңартылған күйде өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
Бап 42. 42-бап. Лицензия беруден бас тарту
42-бап. Лицензия беруден бас тарту Лицензия беруден «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiздер бойынша бас тартылады.
Бап 43. 43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Тармақ 2
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, мынадай:
Тармақша 1
1) адвокат мемлекеттік қызметте болған;
Тармақша 2
2) ол Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
Тармақша 3
3) адвокат мерзімді әскери қызметті өткерген;
Тармақша 4
4) адвокат өз қызметін адвокаттар алқасына берілген өзінің өтініші негізінде тоқтата тұрған кезеңде тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) адвокатты қылмыстық-процестік заңға сәйкес қылмыс жасауда айыпталушы деп танығанда – үкім заңды күшіне енгенге дейін;
Тармақша 3
3) біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
Тармақша 4
4) адвокат мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) көрсеткенде – алты айға;
Тармақша 5
5) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғанда – алты айға;
Тармақша 6
6) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетін қызметпен де айналысқанда – алты айға тоқтатыла тұрады.
Тармақ 4
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық әділет органдарының ұсынуы, Республикалық және аумақтық адвокаттар алқаларының өтінішхаты негізінде лицензиардың шешімімен жүзеге асырылады. Лицензиардың адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Адвокат лицензиясының қолданысын тоқтата тұру лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап адвокаттық қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау адвокаттың өтiнiшi бойынша күнтізбелік он күн iшiнде лицензиардың бұйрығы және оны тоқтата тұру үшiн негiздердiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының қайта басталғаны туралы адвокат, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.
Тармақ 6
6. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы адвокат, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.
Тармақ 7
7. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге адвокат сотқа шағым жасауға құқылы.
Тармақ 8
8. Қажет болған және клиент келіскен жағдайларда, адвокаттар алқасы адвокатының адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы тоқтатыла тұрған клиентті білікті заң көмегімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
Бап 44. 44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияың қолданысын тоқтату және одан айыру
44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияың қолданысын тоқтату және одан айыру
Тармақ 1
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды, осы баптың 1-тармағында көзделген негіздерден бөлек, мынадай:
Тармақша 1
1) адвокат заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабарсыз кетті деп танылған;
Тармақша 2
2) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
Тармақша 3
3) адвокат қайтыс болған;
Тармақша 4
4) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
Тармақша 5
5) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 6
6) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру, осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, мынадай:
Тармақша 1
1) адвокат кәсіптік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) осы Заңының 43-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған мән-жайлар жойылмаған;
Тармақша 4
4) лицензиаттың лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмалаған ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
Тармақша 5
5) қатарынан отыз алты ай ішінде лицензияның қолданысы осы Заңының 43-бабы 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша үш рет тоқтатыла тұрған жағдайларда, лицензиардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда, адвокаттар алқасы төралқасының өтінішхаты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап қою арызын дайындауға негіз болып табылады. Осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, аумақтық әділет органының ұсынуы да адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап қою арызын дайындауға негіз болып табылады. Лицензиар сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
Тармақ 6
6. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда, аумақтық әділет органының ұсынуы адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының тоқтатылғаны туралы соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
Бап 45. 45-бап. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің түрлері
45-бап. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің түрлері
Тармақ 1
1. Білікті заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
Тармақша 1
1) құқықтық мәселелер бойынша ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да консультациялар береді;
Тармақша 2
2) арыздар, шағымдар, өтінішхаттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасайды;
Тармақша 3
3) азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуге клиенттің өкілі ретінде қатысады;
Тармақша 4
4) қылмыстық сот ісін жүргізуге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысады;
Тармақша 5
5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға клиенттің өкілі ретінде қатысады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда клиенттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 7
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында клиенттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 8
8) атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде клиенттің өкілі ретінде қатысады;
Тармақша 9
9) татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
Тармақ 2
2. Адвокаттар Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге білікті заң көмегін де көрсетеді.
Тармақ 3
3. Көмек сұрап өтініш жасаған тұлға, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, адвокаттың қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша адвокат қорғаушы ретінде тағайындалған жағдайларды қоспағанда, адвокат таңдауда еркін болады.
Тармақ 4
4. Қылмыстық істер бойынша кәсіптік қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Бап 46. 46-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру
46-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру
Тармақ 1
1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.
Тармақ 2
2. Адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы әзірлейді және бекітеді. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылуына немесе оның қолданысының тоқтатылуына, сондай-ақ қолданысының тоқтатыла тұруына байланысты адвокаттар алқасына мүшеліктен шығарылған адам тиісті шешім қабылданғаннан кейін өзінің куәлігін өзі мүшесі болған адвокаттар алқасына тапсыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламада қорғалуға (өкілдік етілуге) жататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), өкілдік етілетін заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ білікті заң көмегін көрсетуге арналған шарттың күні мен тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға қорғауды (өкілдік етуді) жүзеге асыратын адвокат қол қояды.
Тармақ 4
4. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нысанын, оның ішінде оған енгізілетін мәліметтердің тізбесін Республикалық адвокаттар алқасы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Тармақ 5
5. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға анық емес мәліметтер енгізгені үшін адвокат осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 6
6. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттіктері оның жеке басын, адвокат мәртебесін және білікті заң көмегін көрсетуге өкілеттіктерін куәландыратын құжаттармен расталады.
Тармақ 7
7. Адвокаттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ егер бұл қабылданған тапсырманы орындауға қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңнамасы мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмесе, оның шегінен тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Бап 47. 47-бап. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегіне ақы төлеу
47-бап. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегіне ақы төлеу
Тармақ 1
1. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегіне ақы төлеу және татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері адвокаттың көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен жазбаша шартында белгіленеді. Шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Шарттың бір данасы осындай шарт жасасылған тұлғаға табыс етіледі.
Тармақ 2
2. Шарттың елеулі талаптары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырманы орындауды қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) не адвокаттық кеңсенің атауын көрсету. Адвокаттық кеңсе мен білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлға арасында жасалатын шарт бойынша қорғаушы не өкіл ретінде тапсырманы орындауды адвокаттық кеңсе тағайындаған адвокат қабылдайды;
Тармақша 2
2) адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысанын және тапсырманы қабылдаған адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
Тармақша 3
3) тапсырманың нысанасы;
Тармақша 4
4) көрсетілетін білікті заң көмегіне ақы төлеу және адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарын өтеу мөлшері мен тәртібі;
Тармақша 5
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары.
Тармақ 3
3. Тараптар шартта қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша білікті заң көмегін қоспағанда, адвокаттар көрсететін білікті заң көмегіне ақы төлеу мөлшері білікті заң көмегін көрсету нәтижесіне байланысты болатын талапты көздеуге құқылы. Адвокаттың немесе адвокаттық кеңсенің тиісті қаржы құжатын бермей, білікті заң көмегіне, оның ішінде ауызша заң консультацияларына ақы төлеу және тапсырманы орындауға байланысты шығыстар есебіне қолма-қол ақша алуына жол берілмейді.
Бап 48. 48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу
48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу
Тармақ 1
1. Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Адвокат көрсететін білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі уәкілетті орган айқындайтын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне, іссапарлық, көліктік шығыстарға ақы төлеу және оның құқықтық консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге байланысты басқа да шығыстарын өтеу қылмыстық қудалау органдарының қаулылары және соттардың ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
4-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 49. 49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары
49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары Адвокат өз қызметін адвокаттар алқасында құрылатын заң консультациясында не заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асыруға, сондай-ақ өзі дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп, адвокаттық кеңсе құруға құқылы. Кәсіптік қызметті заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың адамдарды қабылдауға, адвокаттық іс қағаздарын жүргізудің сақталуын және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдайларды сақтауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті.
Бап 50. 50-бап. Адвокаттар алқасы
50-бап. Адвокаттар алқасы
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасы адвокаттардың жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау, осы Заңда белгiленген өзге де функцияларды орындау үшiн адвокаттар құратын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
Тармақ 3
3. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуге тиіс, ол астананың, басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы емес. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамаcы бойынша құрылады. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi. Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс.
Тармақ 4
4. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi мыналар:
Тармақша 1
1) адвокаттар алқасының мүшелерi адвокаттық қызметтi жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдесу, кәсіптік көмек көрсету және оларды қорғау;
Тармақша 2
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) алдын ала тергеу органдары мен соттың тағайындауы бойынша мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегінің көрсетілуін және қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
Тармақ 5
5. Адвокаттар алқасы өзінің интернет-ресурсына:
Тармақша 1
1) адвокаттар алқасы мүшелерінің жаңартылған күйдегі тізімін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметке және білікті заң көмегіне қатысты нормативтік құқықтық актілерін;
Тармақша 3
3) Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін;
Тармақша 4
4) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын;
Тармақша 5
5) білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттарын;
Тармақша 6
6) біліктілікті арттыру стандарттарын;
Тармақша 7
7) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету туралы мәліметтерді;
Тармақша 8
8) адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы), адвокаттар алқасын басқарудың атқарушы органдары қабылдаған шешімдерді;
Тармақша 9
9) адвокаттардың тәртiптiк комиссиясы жұмысының нәтижелерiн;
Тармақша 10
10) алқаның қаржылық-шаруашылық қызметi туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;
Тармақша 11
11) адвокаттар алқасының қызметі және оның мүшелері туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады. Адвокаттар алқасы адвокаттар алқасы мүшелерінің ақпарат алу тәсілдерін көздеуге тиіс.
Тармақ 6
6. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады.
Тармақ 7
7. Адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасына бірігеді.
Бап 51. 51-бап. Адвокаттар алқасының мүлкі
51-бап. Адвокаттар алқасының мүлкі
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасының мүлкі адвокаттар алқасының мүшелері төлейтін жарналар, гранттар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан түсетін қайырымдылық көмек, қайырмалдықтар есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасының ортақ мұқтаждарға арналған шығындарына оны материалдық қамтамасыз етуге, адвокаттарға сыйақы беруге арналған шығыстар және олардың адвокаттар алқасының органдарында жұмыс істеуіне байланысты шығыстардың өтемақысы, адвокаттар алқасы аппараты жұмыскерлерінің жалақысына жұмсалатын шығыстар және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен адвокаттар алқасының сметасында көзделген өзге шығыстар жатады.
Бап 52. 52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасының жарғысында:
Тармақша 1
1) адвокаттар алқасының атауы, қызмет нысанасы мен мақсаттары;
Тармақша 2
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 3
3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбi;
Тармақша 4
4) адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарын қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыретi;
Тармақша 5
5) заң консультацияларын құру және олардың қызмет ету тәртiбi;
Тармақша 6
6) мүлiкті түзу көздерi мен оған билiк ету тәртiбi;
Тармақша 7
7) мүшелiк және нысаналы жарналарды төлеу тәртiбi;
Тармақша 8
8) адвокаттардың мемлекет кепiлдік берген заң көмегiн көрсету тәртібі және соттың, қылмыстық қудалау органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн адвокаттар арасында бөлу тәртiбi;
Тармақша 9
9) Адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі туралы ереже негізінде адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі;
Тармақша 10
10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінiң тәртiптiк жауаптылығы және оған тарту тәртiбi;
Тармақша 11
11) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтiнiшхат қозғау тәртiбi;
Тармақша 12
12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi;
Тармақша 13
13) адвокаттар алқасы таратылған кезде мүлiктiң тағдыры көзделуге тиiс.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасының жарғысында осы Заңның 1-бөлімінің және осы бөлімнің талаптарын көрсететін ережелер қамтылуға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
Бап 53. 53-бап. Адвокаттар алқасының органдары
53-бап. Адвокаттар алқасының органдары
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) жоғары орган – мүшелердің жалпы жиналысы (конференциясы);
Тармақша 2
2) атқарушы орган – төралқа;
Тармақша 3
3) бақылау органы – ревизиялық комиссия адвокаттар алқасының органдары болып табылады. Адвокаттар алқасында адвокаттардың тәртіптік комиссиясы құрылады.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасының жарғысында көзделген жағдайларда, адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн әдеп жөніндегі комиссия мен басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
Бап 54. 54-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)
54-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.
Тармақ 2
2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) айрықша құзыретiне:
Тармақша 1
1) адвокаттар алқасының жарғысын және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;
Тармақша 2
2) адвокаттар алқасының төралқасын, төралқа төрағасын, ревизиялық комиссиясын, ревизиялық комиссия төрағасын, тәртіптік комиссиясын, адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының төрағасын сайлау;
Тармақша 3
3) адвокаттар алқасының жарғысында көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;
Тармақша 4
4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасының басшылары мен жұмыскерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау және бекiту;
Тармақша 5
5) адвокаттар алқасының төралқа мүшелерін, төралқа төрағасын, басқа да сайланбалы органдарының мүшелері мен төрағаларын мерзiмiнен бұрын керi шақыртып алу;
Тармақша 6
6) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде есептелетін мүшелік және нысаналы жарналардың мөлшерлемелерін белгілеу жатады, бұл ретте кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын адвокаттар не бір жылдан аз адвокаттық қызмет өтілі бар жастар белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде мүшелік және нысаналы жарналарды төлейді;
Тармақша 7
7) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есепті бекіту жатады.
Тармақ 3
3. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) адвокаттар алқасы мүшелерi жалпы санының немесе тиiсінше, адвокаттар алқасы мүшелері конференциясының сайланған делегаттары құрамының үштен екiсi болған кезде шешiмдер қабылдауға құқықты.
Тармақ 4
4. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысын (конференциясын) адвокаттар алқасының төралқасы кемiнде жылына бiр рет шақырады. Ревизиялық комиссияның немесе адвокаттар алқасы мүшелерiнің жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы отыз күн iшiнде адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысын (конференциясын) шақыруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Адвокаттар алқасының жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) айрықша құзыретiне жататын өзге де мәселелер көзделуi мүмкiн.
Бап 55. 55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады. Дәл сол бір адамдар адвокаттар алқасының төралқасында қатарынан екі мерзімнен артық бола алмайды.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасының төралқасы:
Тармақша 1
1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, адвокаттар бюджет қаражаты есебінен көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысын (конференциясын) шақырады және оның шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) адвокаттардың кәсіптік және өзге де құқықтарын қорғайды;
Тармақша 4
4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнің тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) адвокаттардың қызметі туралы олардың қорытылған есептерін Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады;
Тармақша 6
6) жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды мүшелік және нысаналы жарналарды төлеуден босатады;
Тармақша 7
7) адвокаттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды (ұсынуларды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) адвокаттарға аттестаттау жүргізуді және олардың бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) осы Заңда көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтiнiшхат береді;
Тармақша 10
10) адвокаттардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) жыл сайын мониторинг нәтижелері бойынша алқа адвокаттары көрсететін қызметтердің орташа құнын (көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша) айқындайды және осы ақпараттың адвокаттар алқасының, Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;
Тармақша 13
13) кодификациялық-анықтамалық жұмыс жүргiзудi ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдарды әзiрлейдi және басып шығарады;
Тармақша 14
14) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 15
15) нысанын Республикалық адвокаттар алқасы бекітетін адвокат куәлігін береді;
Тармақша 16
16) адвокаттар алқасының қаражатына жарғыда айқындалған және адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) айқындаған тәртiппен билік етеді;
Тармақша 17
17) бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептілікті, іс қағаздарын жүргізуді және бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді;
Тармақша 19
19) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне жатқызылғандардан басқа, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.
Бап 56. 56-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
56-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
Тармақ 1
1. Сайланған күніне дейін кемiнде бес жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып сайлана алады. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Дәл сол бір адам қатарынан екі мерзімнен артық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы лауазымын атқара алмайды.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы алқаның жарғысына сәйкес:
Тармақша 1
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді және төралқа, адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) төралқа аппаратының жұмысына басшылық етеді, адвокаттар алқасы аппаратының жұмыскерлерiн жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасы атынан өкілдік етеді;
Тармақша 4
4) адвокаттық қызметті ұйымдастырудың адвокат таңдаған нысанын және заңды мекенжайын көрсетіп, адвокаттар алқасына мүше болып кірген, сондай-ақ шығарылу себептерін көрсете отырып, адвокаттар алқасына мүшеліктен шығарылған лицензиаттар туралы мәліметтердің лицензиарға, Республикалық адвокаттар алқасына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) адвокаттар көрсеткен білікті заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді қоса алғанда, адвокаттар алқасының қызметі туралы есептің Республикалық адвокаттар алқасына ұсынылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) адвокаттар көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу туралы жиынтық есептің аумақтық әділет органына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінің тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа да өкілеттіктері адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады.
Бап 57. 57-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
57-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы адвокаттар алқасы мен оның органдарының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын адвокаттар алқасының органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы адвокаттар алқасы мүшелерінің қатарынан құрылуы мүмкін. Ревизиялық комиссияның мүшелері адвокаттар алқасында өзге сайланбалы лауазымды атқаруға құқылы емес. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы бес адамнан аспайтын құрамда құрылады. Адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде, өтеусіз жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және алқаның жоғары басқару органына есеп береді. Дәл сол бір адам адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы құрамында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Тармақ 4
4. Адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының кез келген уақытта адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзуге құқығы бар. Адвокаттар алқасының органдары адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының талап етуі бойынша тексеруге қажетті құжаттарды ұсынуға және ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктер беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Ревизиялық комиссия адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметi туралы жылдық есепке міндетті түрде тексеру жүргізеді және оның нәтижелерін адвокаттар алқасының және Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында орналастырады.
Тармақ 6
6. Ревизиялық комиссия адвокаттар алқасы мүшелерінің кезекті жалпы жиналысына (конференциясына) есеп ұсынады.
Тармақ 7
7. Адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының жұмыс тәртібі, есеп ұсыну мерзімділігі адвокаттар алқасының жарғысында және ішкі құжаттарында айқындалады.
Бап 58. 58-бап. Адвокаттар алқасына мүшелiк
58-бап. Адвокаттар алқасына мүшелiк
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасына мүшелiк мiндеттi болып табылады. Кіру жарналарына тыйым салынады. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлардың бірінің анықталуы адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Адам адвокаттар алқасынан шығарылып, бiрақ адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясын сақтап қалған жағдайда, ол шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейiн адвокаттар алқасына қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Бап 58-1. 58-1-бап. Адвокаттар тізілімі
58-1-бап. Адвокаттар тізілімі
Тармақ 1
1. Республикалық адвокаттар алқасы білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде адвокаттар тізілімін қалыптастырады.
Тармақ 2
2. Адвокаттар тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні;
Тармақша 2
2) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі мен берілген күні;
Тармақша 3
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың адвокаттар алқасына мүше болу күні;
Тармақша 4
4) адвокаттық қызмет ұйымының адвокат таңдаған нысаны, заңды мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірлері;
Тармақша 5
5) адвокатқа қатысты тәртіптік жазалау шараларының болуы немесе болмауы;
Тармақша 6
6) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру күні мен негіздері;
Тармақша 7
7) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату күні мен негіздері;
Тармақша 8
8) адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтата тұру не тоқтату күні мен негіздері.
Тармақ 3
3. Адвокат Республикалық адвокаттар алқасын адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпаратты өзгертуге алып келетін кез келген оқиғалардың басталғаны туралы жазбаша нысанда немесе электрондық құжат жіберу арқылы осындай оқиғалар басталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында қол жеткізу шектелген мәліметтерді қоспағанда, адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.
Бап 59. 59-бап. Адвокаттың анты
59-бап. Адвокаттың анты
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасына мүшелікке кірген лицензиат Республикалық адвокаттар алқасы белгілеген тәртіппен мынадай мазмұнда ант береді: «Мен, (аты және тегі), білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексiн сақтауға, адам құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін адал және шынайы ниетпен қорғауға, білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелген міндеттерді орындауға салтанатты түрде ант етемін.».
Тармақ 2
2. Лицензиат ант мәтініне қол қояды, ол адвокаттың жеке ісінде сақталады.
Тармақ 3
3. Адвокаттар алқасы адвокаттар алқасы мүшелерінің тізімін жүргізеді және оны жаңартылған күйде адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырады. Адвокаттар алқасы адвокат мәртебесін алу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ақпаратты Республикалық адвокаттар алқасына жібереді.
Бап 60. 60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату
60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттың адвокаттар алқасына мүшелігін мынадай:
Тармақша 1
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған;
Тармақша 2
2) адвокат өз міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған;
Тармақша 3
3) осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы өткізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындай алмайтыны анықталған;
Тармақша 3-1
3-1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған осы Заңның 43-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген мән-жайлар жойылмаған;
Тармақша 4
4) мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлемеген;
Тармақша 5
5) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге ақы төленетін қызметпен де айналысқан;
Тармақша 6
6) өз еркі бойынша;
Тармақша 7
7) адвокат қайтыс болған жағдайларда;
Тармақша 8
8) алқаның жарғысында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатады.
Тармақ 2
2. Адвокатты адвокаттар алқасынан осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуға алып келеді.
Тармақ 3
3. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтатуға адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көшiрмесi адвокатқа табыс етілген күннен бастап бiр ай мерзiмде Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Бап 61. 61-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерi
61-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқасы мүшесiнің:
Тармақша 1
1) адвокаттар алқасы, оның органдары мен лауазымды адамдары тарапынан берілетін жәрдемді, кәсіптік көмек пен қорғауды пайдалануға;
Тармақша 2
2) адвокаттар алқасының және Республикалық адвокаттар алқасының органдарына сайлауға және сайлануға;
Тармақша 3
3) адвокаттар алқасы органдарының алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасының органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар ұсынуын талап етуге;
Тармақша 4
4) өзінің қызметiн немесе мiнез-құлқын адвокаттар алқасының органдары тексерген және талқылаған барлық жағдайларда оған жеке өзi қатысуға;
Тармақша 5
5) адвокаттар алқасының жарғысында айқындалған тәртiппен және шарттарда оның мүлкiн пайдалануға;
Тармақша 6
6) адвокаттар алқасының құрамынан өз еркімен шығуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқасының мүшесi:
Тармақша 1
1) адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) адвокаттар алқасы мүшелері жалпы жиналысының (конференциясының), Республикалық адвокаттар алқасының және олардың органдарының шешiмдерiн орындауға;
Тармақша 3
3) мүшелік және нысаналы жарналар төлеуге;
Тармақша 4
4) адвокаттар алқасының төралқасына көрсетілген білікті заң көмегі туралы статистикалық мәліметтер ұсынуға;
Тармақша 5
5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болған жағдайда) өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда лицензиарға адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге;
Тармақша 6
6) адвокаттар алқасының төралқасына өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы хабарлауға;
Тармақша 7
7) адвокаттар алқасының төралқасына жеке және заңды тұлғалардың өзі көрсеткен заң көмегiнiң сапасына берген жолданымдары бойынша тексеру үшiн қажетті материалдарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Адвокаттар алқасының мүшесі адвокаттар алқасының алдында, мүшелік және нысаналы жарналарды төлеу міндеттемесінен басқа, өзге біржақты мүліктік міндеттемелер жүктей алмайды.
Тармақ 4
4. Адвокаттар алқасының мүшелері өздерінің құқықтары мен міндеттері бойынша тең болады.
Бап 62. 62-бап. Заң консультациясы
62-бап. Заң консультациясы
Тармақ 1
1. Азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, оның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады.
Тармақ 2
2. Заң консультациясы адвокаттар алқасының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы және тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi көрсетілген мөрi, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыруға қажеттi өзге атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын Ереже негiзiнде жұмыс істейді.
Тармақ 3
3. Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы айқындайды.
Тармақ 4
4. Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.
Бап 63. 63-бап. Адвокаттық кеңсе
63-бап. Адвокаттық кеңсе
Тармақ 1
1. Адвокаттық кеңсе коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Адвокаттық кеңсе адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады (жасалады).
Тармақ 3
3. Адвокаттық кеңсені адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады (жасайды). Адвокат тек бiр ғана адвокаттық кеңсенiң әріптесі бола алады.
Тармақ 4
4. Адвокаттық кеңсенің әріптестері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал адвокаттық кеңсе өз әріптестерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Тармақ 5
5. Адвокаттық кеңсе клиенттермен және үшінші тұлғалармен есеп айырысу бойынша және адвокаттық кеңсенің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мәселелер бойынша адвокаттардың өкілдері болып әрекет ете алады.
Тармақ 6
6. Адвокаттық кеңсе құрған (жасаған) адвокаттар өздерінің арасында қарапайым жазбаша нысанда әріптестік шарт жасасады. Әріптестік шарт бойынша адвокаттар барлық әріптестердің атынан білікті заң көмегін көрсету үшін өз күш-жігерін біріктіруге міндеттенеді. Әріптестік шарт адвокаттық кеңсені мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылмайды.
Тармақ 7
7. Егер әріптестік шартта өзгеше белгіленбесе, адвокаттық кеңсенің жалпы істерін жүргізуді басқарушы әріптес жүзеге асырады. Білікті заң көмегін көрсету туралы шартты адвокаттық кеңсе өз атынан, соған кіретін барлық әріптестердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерінде жасасады.
Тармақ 8
8. Бiр адвокат құрған (жасаған) адвокаттық кеңсе өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Адвокаттық кеңсенiң адвокаты адвокаттық кеңсе мемлекеттiк тiркелгеннен және (немесе) оған қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокаттық кеңсенiң әріптестік құжаттарын оның иелігіне ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 10
10. Адвокаттық кеңселердің әріптестері салым ретінде енгізген мүлік адвокаттық кеңсеге меншік құқығында тиесілі болады.
Тармақ 11
11. Адвокаттық кеңсе әріптестерінің құрамын өзгерту:
Тармақша 1
1) әріптестің шығуы;
Тармақша 2
2) жаңа әріптесті қабылдау;
Тармақша 3
3) әріптестің адвокаттық қызметті осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатуы салдарынан жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Адвокаттық кеңсенің әріптестері:
Тармақша 1
1) егер адвокаттық кеңсенің жарғысында өзгеше көзделмесе, адвокаттық кеңседен шыққан не адвокаттық қызметті тоқтатқан кезде өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде адвокаттық кеңсе мүлкінің бір бөлігін немесе осы мүліктің құнын алуға;
Тармақша 2
2) адвокаттық кеңсе таратылған жағдайда, оның кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлкінің бір бөлігін өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде алуға құқылы.
Тармақ 13
13. Адвокаттық кеңселерді құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
Бап 64. 64-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
64-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Кәсіптік қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), оның тұрақты тұрған жері көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Кәсіптік қызметті заңды тұлға құрмастан, жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттарға, жеке мөрге, мөртабандарға, жеке бланкілерге ие болуға құқылы.
Бап 65. 65-бап. Республикалық адвокаттар алқасы
65-бап. Республикалық адвокаттар алқасы
Тармақ 1
1. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар алқаларының міндетті мүшелігіне негізделген, коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттық өзін-өзі басқару ұйымы ретінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адвокаттар алқалары мен адвокаттардың мүдделерін білдіру және қорғау, адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. Республикалық адвокаттар алқасын Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы құрады.
Тармақ 4
4. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы қабылдайды.
Тармақ 5
5. Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
Тармақ 6
6. Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Республикалық адвокаттар алқасы мен оның органдарының өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдері адвокаттар алқалары мен адвокаттар үшін міндетті.
Тармақ 8
8. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар тізілімін жаңартылған күйде жүргізеді.
Тармақ 9
9. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), адвокаттар алқаларының басқару органдарының шешімдеріне шағымдарды осы Заңға сәйкес қарайды.
Тармақ 10
10. Жарғыда көзделген жағдайларда, Республикалық адвокаттар алқасында Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн әдеп жөніндегі комиссия мен басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
Бап 66. 66-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы
66-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы
Тармақ 1
1. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында:
Тармақша 1
1) Республикалық адвокаттар алқасының атауы, қызмет нысанасы мен мақсаттары;
Тармақша 2
2) Республикалық адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 3
3) Республикалық адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарын қалыптастыру тәртібі мен олардың құзыреті;
Тармақша 4
4) мүлікті түзу көздері және оған билік ету тәртібі;
Тармақша 5
5) адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдардың мөлшері мен тәртібі;
Тармақша 6
6) Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі көзделуге тиіс.
Тармақ 2
2. Республикалық алқаның жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
Бап 67. 67-бап. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы
67-бап. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы Республикалық адвокаттар алқасының жоғары органы болып табылады, ол екі жылда кемінде бір рет шақырылады. Егер конференцияның жұмысына Республикалық адвокаттар алқасы мүшелерінің төрттен үшінен кем емес делегаттар қатысқан болса, ол құқықты болып есептеледі.
Тармақ 2
2. Конференция Республикалық адвокаттар алқасы қызметінің кез келген мәселелерін шешуге құқылы. Конференцияның айрықша құзыретіне:
Тармақша 1
1) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын қабылдау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
Тармақша 2
2) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының орналасатын жерін айқындау;
Тармақша 3
3) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшелерін лауазымға сайлау және одан босату;
Тармақша 4
4) Республикалық адвокаттар алқасының төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
Тармақша 5
5) Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
Тармақша 6
6) адвокатураның тәртіптік комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
Тармақша 7
7) Республикалық конференцияда адвокаттар алқаларынан делегаттардың өкілдік ету нормаларын бекіту;
Тармақша 8
8) Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 9
9) Адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту;
Тармақша 10
Тармақша 11
Тармақша 12
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 15
Тармақша 16
Тармақша 17
Тармақша 18
18) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібін бекіту;
Тармақша 19
19) адвокаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы мінез-құлық қағидаларын бекіту;
Тармақша 20
Тармақша 21
Тармақша 22
22) Республикалық адвокаттар алқасының ортақ мұқтаждарына адвокаттар алқалары жүзеге асыратын жарналардың мөлшері мен тәртібін айқындау;
Тармақша 23
23) Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту;
Тармақша 24
24) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының есебін, оның ішінде Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасының атқарылуы туралы есебін бекіту;
Тармақша 25
25) ревизиялық комиссияның Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту;
Тармақша 26
26) конференцияның регламентін бекіту;
Тармақша 27
27) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
Бап 68. 68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы
68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы
Тармақ 1
1. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Республикалық адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады және әрбір адвокаттар алқасынан адвокаттардың тең санынан тұрады. Сол бір адам Республикалық адвокаттар алқасының төралқасында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Тармақ 3
3. Төралқа:
Тармақша 1
1) Республикалық адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) конференциялардың арасындағы кезеңде төралқаның және ревизиялық комиссияның осы Заңда көзделген негіздер бойынша адвокаттар алқаларының мүшелігінен шығарылған мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 4
4) осы Заңның 67-бабына сәйкес Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясының бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;
Тармақша 5
5) адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша, адвокаттар көрсеткен білікті заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 7
7) адвокаттардың кәсіптік деңгейін көтеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды кәсіптік даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді;
Тармақша 8
8) адвокаттардың әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен адвокаттық қызметке қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысады;
Тармақша 10
10) адвокаттар алқаларының өз қызметі туралы есептерін тоқсан сайын қорытады;
Тармақша 11
11) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) адвокаттар алқаларын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) жыл сайын мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары көрсететін қызметтердің орташа құнын (көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша) айқындайды және осы ақпараттың Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында: жаңартылған күйде адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімін, сондай-ақ аумақтық адвокаттар алқалары адвокаттарының тізімін; Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметке және білікті заң көмегіне қатысты нормативтік құқықтық актілерін; Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін; білікті заң көмегін көрсету стандарттарын; білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттарын; біліктілікті арттыру стандарттарын; Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті; адвокаттар алқалары және Республикалық адвокаттар алқасы төралқаларының құрамдары туралы мәліметтерді; кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету туралы мәліметтерді; адвокатураның тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелерін; адвокатураның іс-шаралары мен оқиғаларын; және Республикалық адвокаттар алқасының қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар алқалары мүшелерінің ақпарат алу тәсілдерін көздеуге тиіс;
Тармақша 15
15) екі жылда кемінде бір рет Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясын шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 16
16) Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес өз құзыреті шегінде билік етеді;
Тармақша 17
17) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының регламентін бекітеді;
Тармақша 18
18) Республикалық адвокаттар алқасының эмблемасын бекітеді;
Тармақша 18-1
18-1) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 18-2
18-2) білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 18-3
18-3) адвокаттық мантияның нысаны мен сипаттамасын бекітеді;
Тармақша 18-4
18-4) адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-5
18-5) адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 18-6
18-6) адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 18-7
18-7) адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібін бекітеді;
Тармақша 18-8
18-8) адвокаттық сұрау салудың нысанын, оны ресімдеу және жіберу тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 18-9
18-9) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;
Тармақша 18-10
18-10) адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;
Тармақша 18-11
18-11) адвокаттар үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшілігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-12
18-12) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан адвокаттардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 19
19) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ревизиялық комиссияның немесе адвокаттар алқалары жалпы санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы екі ай ішінде кезектен тыс Республикалық конференцияны шақыруға міндетті.
Тармақ 5
5. Төралқаның шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Бап 69. 69-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
69-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
Тармақ 1
1. Кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокат Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы болып сайлана алады. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Дәл сол бір адам Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымын бір мерзімнен артық атқара алмайды.
Тармақ 2
2. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Республикалық адвокаттар алқасының атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) Республикалық адвокаттар алқасының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) Республикалық адвокаттар алқасының атынан мәмілелер жасасады және Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес билік етеді;
Тармақша 5
5) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының отырыстарын шақырады;
Тармақша 6
6) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының шешімдері мен Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Бап 70. 70-бап. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
70-бап. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
Тармақ 1
1. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын және Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясына есеп беретін органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы адвокаттар алқаларының мүшелері қатарынан құрылуы мүмкін. Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының мүшелері Республикалық адвокаттар алқасында өзге сайланбалы лауазымды атқаруға құқылы емес. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы бес адамнан аспайтын құрамда құрылады. Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде, өтеусіз жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясын Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы төрт жылдан аспайтын мерзімге сайлайды. Дәл сол бір адам Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясының құрамында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Тармақ 4
4. Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының кез келген уақытта Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқығы бар және осы мақсатта ол Республикалық адвокаттар алқасы органдарының бүкіл құжаттамасына қол жеткізу құқығына ие болады. Республикалық адвокаттар алқасы органдарының мүшелері Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының талап етуі бойынша ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктер беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепке міндетті түрде тексеру жүргізеді және оның нәтижелерін Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 6
6. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы Адвокаттар алқалары республикалық конференциясының кезекті жиналысына есеп ұсынады.
Тармақ 7
7. Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының жұмыс тәртібі, есеп ұсыну мерзімділігі Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында және ішкі құжаттарында айқындалады.
Бап 71. 71-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі
71-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі
Тармақ 1
1. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі адвокаттар алқалары жүзеге асыратын жарналар, гранттар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан түсетін қайырымдылық көмек, қайырмалдықтар есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Республикалық адвокаттар алқасының жалпы мұқтаждарына арналған шығындарға оны материалдық қамтамасыз етуге, адвокаттарға сыйақы беруге арналған шығыстар және олардың Республикалық адвокаттар алқасының органдарында жұмыс істеуіне байланысты шығыстардың өтемақысы, Республикалық адвокаттар алқасы аппараты жұмыскерлерінің жалақысына жұмсалатын шығыстар және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Республикалық адвокаттар алқасының сметасында көзделген өзге шығыстар жатады.
Бап 72. 72-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауаптылығы
72-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауаптылығы
Тармақ 1
1. Адвокатты тәртіптік жауаптылыққа тартуды адвокаттардың тәртіптік комиссиясы жүзеге асырады. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын және оған есеп беретін, адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрамына адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, отставкадағы екі судья енгізіледі. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат болып табылады. Дәл сол бір адам адвокаттардың тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені және тәртіптік жауаптылыққа тарту рәсімін Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Тармақ 2
2. Тәртіптік істі адвокаттардың тәртіптік комиссиясы бұзушылық анықталған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қарайды. Тәртіптік іс жүргізу адвокат еңбекке уақытша жарамсыз болған және ол іссапарда болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Тоқтата тұру мерзімі тәртіптік істі қараудың жалпы мерзіміне қосылмайды.
Тармақ 3
3. Тәртіптік істі қарау кезінде адвокаттардың тәртіптік комиссиясы өзінің отырыстарына шағымдар жолдаған тұлғаларды, сондай-ақ адвокаттар алқасының өздеріне қатысты шағымдар қаралатын мүшелерін шақыруға міндетті. Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оның міндетті түрде қаралуы әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген тұлғалардың келмеуі тәртіптік іс жүргізуді қарауға кедергі болмайды.
Тармақ 4
4. Адвокаттың осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексінің, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын, Республикалық адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқаларының шешімдерін бұзғанын көрсететін жеткілікті негіздердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокатқа мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдануға құқылы:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгіс;
Тармақша 3
3) қатаң сөгіс;
Тармақша 4
4) осы Заңның 60-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен адвокаттар алқасынан шығару.
Тармақ 6
6. Адвокаттың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тек бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Тәртіптік жаза ол анықталған күннен бастап бір айдан аспайтын, бірақ ол жасалған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін. Тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия адвокаттар алқасының мүшесін анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және оларды жою мерзімдерін белгілейтін нұсқама шығара алады.
Тармақ 7
7. Осы баптың 5-тармағында көзделген шешімдер адвокаттардың тәртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. Егер адвокаттардың тәртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса, ол құқықты болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқасының мүшесіне қатысты тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде адвокаттар алқасы осы шешімнің көшірмесін оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, адвокаттар алқасының мүшесіне, сондай-ақ шешім қабылданған шағымды жолдаған адамға жібереді.
Тармақ 9
9. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешіміне осы шешім жария етілген кезден бастап үш ай ішінде адвокатураның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелері адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылады.
Бап 73. 73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы
73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы
Тармақ 1
1. Адвокаттар алқалары басқару органдарының мүшелерін, Республикалық адвокаттар алқасы басқару органдарының мүшелерін тәртіптік жауаптылыққа тартуды адвокатураның тәртіптік комиссиясы жүзеге асырады. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды да қарайды, тәртіптік практиканы қорытады. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы сайлайтын және оған есеп беретін, Республикалық адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады. Адвокатураның тәртіптік комиссиясының құрамына Республикалық адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, уәкілетті орган ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, отставкадағы екі судья енгізіледі. Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат болып табылады. Дәл сол бір адам адвокатураның тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды. Адвокатураның тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Тармақ 2
2. Адвокаттар алқалары басқару органдарының мүшелерін, Республикалық адвокаттар алқасы басқару органдарының мүшелерін тәртіптік жауаптылыққа тарту осы Заңның 72-бабында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқалары басқару органдарының мүшелеріне, Республикалық адвокаттар алқасы басқару органдарының мүшелеріне мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдануға құқылы:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгіс;
Тармақша 3
3) қатаң сөгіс.
Тармақ 4
4. Егер істі қарау нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия жауаптылыққа тартылып жатқан адамды адвокаттар алқасынан шығаруға негіздер бар екенін анықтаған жағдайда, ол тиісті адвокаттар алқасына адвокаттың алқадағы мүшелігін тоқтату туралы мәселені қарауды тапсырады. Адвокаттар алқасының мүшені алқадан шығару туралы шешіміне адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көшірмесі адвокатқа табыс етілген күннен бастап бір ай мерзімде сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды қарау нәтижелері бойынша адвокатураның тәртіптік комиссиясының:
Тармақша 1
1) шағымды – қанағаттандырусыз, ал адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға;
Тармақша 2
2) адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімін өзгертуге;
Тармақша 3
3) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім қабылдауға;
Тармақша 4
4) істі адвокаттардың тиісті тәртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге және адвокаттардың тәртіптік комиссиясын белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар. Егер адвокатураның тәртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса, ол құқықты болып есептеледі. Адвокатураның тәртіптік комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Адвокатураның тәртіптік комиссиясының шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелері Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылады.
Бап 74. 74-бап. Адвокаттар алқасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
74-бап. Адвокаттар алқасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау Адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін адвокаттар алқасының әрекеттері (әрекетсіздігі) және (немесе) оның басқару органдарының шешімдері бұзған жағдайда, мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) және (немесе) шешімдерге Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта дау айтуға құқылы.
Бөлім 4. 4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ білікті заң көмегін КӨРСЕТУІ
4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ білікті заң көмегін КӨРСЕТУІ
Тарау 5. 5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
Бап 75. 75-бап. Заң консультанты
75-бап. Заң консультанты
Тармақ 1
1. Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және білікті заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады.
Тармақ 2
2. Заң консультанты білікті заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады.
Бап 76. 76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері
76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Заң консультанты көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып отырған кез келген білікті заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда көрсетуге құқылы.
Тармақ 2
2. Заң консультанты өзіне өтініш жасаған тұлғамен өзінің атынан білікті заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт жасасады. Заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін заң консультанты білікті заң көмегін көрсеткен жағдайда, клиентке білікті заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты заңды тұлға жасасады.
Тармақ 3
3. Заң консультанты өкіл ретінде әрекет ете отырып:
Тармақша 1
1) білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда білдіруге;
Тармақша 2
2) барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан білікті заң көмегін көрсетуге қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, білікті заң көмегін көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
Тармақша 4
4) процестік құжаттарды, сот істерін қоса алғанда, білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен тіркеп алуға;
Тармақша 5
5) білікті заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;
Тармақша 7
7) білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
Тармақша 8
8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
Тармақша 9
9) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсетуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға құқықты.
Тармақ 4
4. Заң консультанты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы белгілеген Кәсіптік әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жарналарды төлеуге;
Тармақша 3
3) кәсіптік қызметте білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;
Тармақша 4
4) соттарда тұлғалардың мүдделерін білдіру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға;
Тармақша 5
5) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің білікті заң көмегін көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
Тармақша 6
6) білікті заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) клиентке заң консультанттары палатасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
Тармақша 8
8) клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
Тармақша 9
9) клиенттің талап етуі бойынша, өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен үзінді-көшірме ұсынуға;
Тармақша 10
10) егер клиент бұған қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
Тармақша 11
11) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға;
Тармақша 12
12) білікті заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін білікті заң көмегін көрсету аяқталған күнінен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіште не электрондық құжаттар нысанында клиенттің талап етуі бойынша сақтауға;
Тармақша 13
13) өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға;
Тармақша 14
14) кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 5
5. Егер заң консультанты заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған жағдайда, осы баптың 4-тармағының 5), 6), 8), 10) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттер осы заңды тұлғаға жүктеледі.
Тармақ 6
6. Заң консультантының іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкілеттіктерін өзі мүддесін білдіретін тұлғаға нұқсан келтіре отырып пайдалануына тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, заң консультантының білікті заң көмегін көрсетуіне тыйым салынады. Заң консультанты, егер: клиент пен заң консультантының, оның жақын туыстарының мүдделер қақтығысы болса, сондай-ақ мүдделер қақтығысын құрайтын басқа да мән-жайлар болған кезде; Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген негіздер болса, білікті заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
Бап 76-1. 76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері
76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, заң консультантының құқықтары шектелмеуге тиіс. Заң консультантының заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар заң консультантының білікті заң көмегін көрсетуіне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге міндетті. Егер ақпарат қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылған жағдайда, заң консультантына сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Заң консультантының қабылданған тапсырманы орындау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдарда білікті заң көмегін көрсетуге қажетті компьютерлерді, смартфондарды және өзге де техникалық құралдарды Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға құқығы бар.
Бап 77. 77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру
77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру
Тармақ 1
1. Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Заң консультанты кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде білікті заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес. Егер заң консультанты заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған жағдайда, заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндет осы заңды тұлғаға жүктеледі.
Тармақ 2
2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға қызметті жүзеге асыру нәтижесінде келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.
Тармақ 3
3. Шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне сақтандырылған тұлғаның білікті заң көмегін көрсету кезінде жол берген кәсіптік қателіктері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады. Осы тараудың мақсаттары үшін кәсіптік қателіктер деп мыналар:
Тармақша 1
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
Тармақша 2
2) құжаттарды дұрыс рәсімдемеу;
Тармақша 3
3) шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін тұлғаға өзіне зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабарламау;
Тармақша 4
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) білікті заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
Тармақша 5
5) сақтандырылған тұлғаның білікті заң көмегін көрсету процесінде өзіне мәлім болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария етуі түсініледі. Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның осындай көмек көрсетуі нәтижесінде шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Егер шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кәсіптік міндеттерді абайсыз бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы басталған болып есептеледі.
Тармақ 5
5. Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметін жүзеге асыратын заң консультанттары үшін – заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір мың еселенген, өзге заң конультанттары үшін – кемінде бес жүз еселенген мөлшерін құрауға тиіс. Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де талаптары заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
Бап 77-1. 77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері
77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері
Тармақ 1
1. Заң консультанттарының көмекшілері болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Заң консультантының көмекшілері еңбек шарты негізінде жұмыс істей алады. Заң консультанттарының көмекшілері заң консультантының нұсқауы бойынша және жауапкершілігімен оның тапсырмаларын орындауға құқылы.
Бап 77-2. 77-2-бап. Заң консультантының құпиясы
77-2-бап. Заң консультантының құпиясы
Тармақ 1
1. Заң консультантына жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да адамдармен ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүддесінде қабылданатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер заң консультантының құпиясын құрайды.
Тармақ 2
2. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультантының мәртебесінен айырылған адам білікті заң көмегін көрсетуге байланысты және (немесе) өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған қандай да бір мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдалануға құқылы емес.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заң консультантының құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария еткені үшін осы баптың 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 4
4. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпарат ұсыну заң консультантының құпиясын жария ету болып табылмайды.
Тармақ 5
5. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
Тармақ 6
6. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультанты мәртебесінен айырылған адам кәсіптік құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
Тарау 6. 6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 78. 78-бап. Заң консультанттары палатасы
78-бап. Заң консультанттары палатасы
Тармақ 1
1. Білікті заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.
Тармақ 2
2. Заң консультанттары палатасының қызметі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі.
Бап 78-1. 78-1 бап. Республикалық заң консультанттары алқасы
78-1 бап. Республикалық заң консультанттары алқасы
Тармақ 1
1. Республикалық заң консультанттары алқасы – облыстардың (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделген, қызметі мен өкілеттіктері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында, алқа жарғысында айқындалатын және өзінің мүшелері болып табылатын заң консультанттары палаталарына қатысты және олардың мүдделерінде жүзеге асырылатын коммерциялық емес ұйым. Республикалық заң консультанттары алқасын облыстардың (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталары өкілдерінің құрылтай съезі құрады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) жоғары басқару органы – заң консультанттары палаталары өкілдерінің съезі;
Тармақша 2
2) тұрақты негізде жұмыс істейтін атқарушы басқару органы – төраға басқаратын басқарма;
Тармақша 3
3) қаржылық-шаруашылық қызметті ішкі бақылау органы – ревизиялық комиссия (ревизор) Республикалық заң консультанттары алқасының басқару органдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Республикалық заң консультанттары алқасы:
Тармақша 1
1) заң консультанттары палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда заң консультанттары палаталарының мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) білікті заң көмегі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және әдістемелік материалдар әзірлейді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл ретте дәл сол бір адам алқа төрағасының лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.
Тармақ 5
5. Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының өкілеттіктері алқаның жарғысында айқындалады.
Тармақ 6
6. Республикалық заң консультанттары алқасының съезі Республикалық заң консультанттары алқасының жалпы мұқтаждықтарына заң консультанттарының палаталары жүзеге асыратын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен тәртібін айқындайды.
Тармақ 7
7. Республикалық заң консультанттары алқасының басқармасы барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпаратты қамтитын, Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті жасайды және оны Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 8
8. Республикалық заң консультанттары алқасының ревизиялық комиссиясы (ревизоры) Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті тексеруді жүргізеді және оның нәтижелерін Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.
Бап 79. 79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы
79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы Заң консультанттары палатасының жарғысы палатаның уәкілетті орган бекітетін үлгілік жарғысы негізінде әзірленеді.
Бап 80. 80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары
80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары Заң консультанттары палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;
Тармақша 2
2) палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;
Тармақша 3
3) уәкілетті органмен келісу бойынша білікті заң көмегін көрсету стандарттарын, білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;
Тармақша 6
6) палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 7-1
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 9
9) заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9-1
9-1) заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;
Тармақша 11
11) орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 12
12) практиканы қорытады және білікті заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 13
13) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
Тармақша 13-1
13-1) заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13-2
13-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпаратты бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан заң консультанттарының қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 14
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, заң консультанттары палатасының жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 81. 81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері
81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. Заң консультанттары палатасы тоқсан сайын уәкілетті органға заң консультанттары палатасына мүшелерді енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы ақпарат беруге міндетті.
Бап 82. 82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік
82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде білікті заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.
Бап 83. 83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі
83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заңның 75-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, сондай-ақ аттестаттаудан өткен жеке тұлға заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады. Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін. Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі. Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және заң консультанттары палатасы белгілеген кешенді тестілеудің шекті балын жинаған үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар;
Тармақша 4
4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар адамдар;
Тармақша 5
5) теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Тармақ 2
2. Үміткер заң консультанттары палатасына кіру үшін:
Тармақша 1
1) жоғары заң білімі туралы құжатты;
Тармақша 2
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;
Тармақша 3
3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;
Тармақша 4
4) аттестаттау нәтижелерін ұсынады. Заң консультанты бір мезгілде осы Заңның талаптарына сәйкес келетін бір ғана заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.
Тармақ 3
3. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы адамның осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімді мұндай адамнан өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды. Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер мұндай адам заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі. Осындай адамға ол туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасына толық мүшелігін растайтын құжат беріледі.
Тармақ 4
4. Адамды заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартуға мыналар:
Тармақша 1
1) адамның осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) адамды Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығару, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, негіз болып табылады. Заң консультанттары палатасының заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешіміне уәкілетті органға шағым жасалуы мүмкін. Дау реттелмеген кезде, уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Заң консультанттары палатасына мүшелікті заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы:
Тармақша 1
1) заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығу туралы заң консультантының өтініші негізінде;
Тармақша 2
2) жарғыда көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
Тармақ 6
6. Адамның заң консультанттары палатасына мүшелігі көрсетілген палатаға оған қатысты шағым түскен жағдайда, егер заң консультанттары палатасының мүшесіне қатысты тексеру жүргізілсе немесе тәртіптік ықпал ету шарасын қолдану туралы іс қаралып жатса – тексеру аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік комиссия бұзушылық және тәртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарап біткенге дейін тоқтатылмайды.
Тармақ 7
7. Заң консультанттары палатасы мүшесінің қайтыс болғанын растайтын ақпарат заң консультанттары палатасына келіп түскен жағдайда, заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы жазба енгізіледі.
Тармақ 8
8. Өзіне қатысты заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адам өз клиенттерін заң консультанттары палатасына өз мүшелігінің тоқтатылу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 9
9. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы заң консультантының заң консультанттары палатасына мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, заң консультанттары палатасы осындай шешімді заң консультанттары палатасының интернет-ресурсында орналастыруға, сондай-ақ осындай шешімнің көшірмесін:
Тармақша 1
1) өзіне қатысты заң консультанттары палатасында мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адамға;
Тармақша 2
2) егер адамды заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығару оның Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегiн көрсету туралы заңнамасының, білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғанына байланысты болса, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген барлық өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға;
Тармақша 3
3) уәкілетті органға жіберуге міндетті.
Бап 84. 84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары
84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары Мыналар:
Тармақша 1
1) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы;
Тармақша 2
2) алқалы басқару органы;
Тармақша 3
3) атқарушы басқару органы;
Тармақша 4
4) бақылау органы (ревизиялық комиссия) заң консультанттары палатасының басқару органдары болып табылады. Заң консультанттары палатасында «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мамандандырылған органдар құрылуы мүмкін.
Бап 85. 85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы
85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы
Тармақ 1
1. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы заң консультанттары палатасының жоғары басқару органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Заң консультанттары палатасы мүшелері жалпы жиналысының құзыреті және оның қызмет ету тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. Заң консультанттары палатасының жарғысында заң консультанттары палатасы мүшелері жалпы жиналысының өзге өкілеттіктері де көзделуі мүмкін.
Бап 86. 86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы
86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органының құзыреті, құрылу және қызмет ету тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалады.
Бап 86-1. 86-1-бап. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу
86-1-бап. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу
Тармақ 1
1. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 3
3. Заң консультанты көрсететін білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі уәкілетті орган бекітетін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне, іссапар, көлік шығыстарына ақы төлеу және оның құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты басқа да шығыстарын өтеу соттардың ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.
Бап 87. 87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы
87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы
Тармақ 1
1. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы заң консультанттары палатасының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын заң консультанттары палатасының органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Ревизиялық комиссия заң консультанттары палатасының мүшелері қатарынан құрылуы мүмкін. Заң консультанттары палатасының алқалы және атқарушы басқару органдарының мүшелері ревизиялық комиссияның құрамына кіре алмайды. Ревизиялық комиссияның құзыреті және қызмет ету тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалады.
Бап 88. 88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары
88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары Заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді. Жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде заң консультанттары және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам кәсіптік қызметті жүзеге асырмаған заң консультанттары мүшелік жарна төлеуден босатылады. Кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аз кәсіптік қызмет өтілі бар заң консультанттары мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді. Кіру жарналарына тыйым салынады.
Бап 89. 89-бап. Заң консультанттары палатасының ақпаратқа қол жеткізуді және оны құқыққа сыйымсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етуі
89-бап. Заң консультанттары палатасының ақпаратқа қол жеткізуді және оны құқыққа сыйымсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етуі
Тармақ 1
1. Заң консультанттары палатасы мынадай:
Тармақша 1
1) өз мүшелерінің құрамы туралы;
Тармақша 2
2) палата мүшелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері мен тәртібі туралы;
Тармақша 3
3) заң консультанттары палатасына өз мүшелiгін тоқтатқан мүшелер және олардың мүшелiгiн тоқтату негiздері туралы;
Тармақша 4
4) заң консультанттары палатасына мүшелік шарттары туралы;
Тармақша 5
5) заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының мазмұны туралы;
Тармақша 6
6) білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттары туралы;
Тармақша 7
7) заң консультанттары палатасы басқару органдарының және мамандандырылған органдарының құрылымы мен құзыреті, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы, заң консультанттары палатасының жеке-дара атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға туралы;
Тармақша 8
8) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы және алқалы басқару органы қабылдаған шешімдер туралы;
Тармақша 9
9) заң консультанттары палатасының мүшелерін Қазақстан Республикасы адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, қағидалар мен стандарттардың, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту жағдайлары туралы;
Тармақша 10
10) соттарға заң консультанттары палатасы берген, сондай-ақ палатаға қатысты берілген кез келген талап қоюлар және арыздар туралы;
Тармақша 11
11) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есеп жөнінде ақпаратты;
Тармақша 12
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) заң консультанттары палатасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы оларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Палата жұмыскерлердің құқыққа сыйымсыз пайдалануы заң консультанттары палатасының мүшелеріне моральдық зиян және (немесе) мүліктік нұқсан келтіруі немесе осындай зиян және (немесе) нұқсан келтіруге алғышарттар жасауы мүмкін ақпаратты алу, пайдалану, өңдеу, сақтау және қорғау тәсілдерін көздеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Заң консультанттары палатасы өз жұмыскерлерінің қызметтік жағдайына орай өздеріне мәлім болған ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалануына байланысты әрекеттері үшін өз мүшелерінің алдында жауапты болады.
Тармақ 4
4. Заң консультанттары палатасы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі міндеттердің орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 90. 90-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімі
90-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімі
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган заң консультанттары палаталарының тізілімін электрондық форматта жүргізеді.
Тармақ 2
2. Заң консультанттары палаталарының тізілімінде қамтылған мәліметтер ашық болып табылады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жаңартылған күйде орналастырылады. Осы Заңның 78-бабының талаптарына сәйкес келетін коммерциялық емес ұйым туралы мәліметтер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама негізінде заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізіледі. Хабарламаны алғаннан кейін уәкілетті орган заң консультанттары палатасының осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын өзі дербес тексереді.
Бап 91. 91-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару
91-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығаруға:
Тармақша 1
1) заң консультанттары палатасының заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы өтініші;
Тармақша 2
2) коммерциялық емес ұйымды тарату немесе қайта ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы заңды күшіне енген сот шешімі негіз болып табылады.
Бап 92. 92-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімі
92-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімі
Тармақ 1
1. Заң консультанттары палатасы заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін электрондық форматта жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында жаңартылған күйде орналастырады.
Тармақ 2
2. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімі заң консультанттары палаталары тізілімінің осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және заң консультанттары палатасына мүшелік, оны тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтер қамтылатын құрамдасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Адам осы бапта көзделген өзі туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап заң консультанттары палатасы мүшесінің барлық құқықтарына ие болады.
Тармақ 4
4. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінде мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) заң консультанттары палатасы мүшесінің тіркеу нөмірі, оны тізілімде тіркеу күні;
Тармақша 2
2) заң консультанттары палатасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), байланыс телефондарының нөмірлері;
Тармақша 3
3) заң консультанттары палатасы мүшесінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) палата мүшесіне заң консультанттары палатасы жүргізген тексерулердің нәтижелері және оған тәртіптік және өзге де жазалар қолдану фактілері туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган, заң консультанттары палатасы көздеген өзге де мәліметтер.
Тармақ 5
5. Заң консультанттары палатасына өз мүшелігін тоқтатқан адамдарға қатысты заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген ақпаратпен қатар, заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату күні және мұндай тоқтатудың негіздері туралы, интернет-ресурста орналастырылуға жататын ақпарат қамтылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Тұрғылықты жері туралы мәліметтерді, жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін және егер қолжетімділігі Қазақстан Республикасының заңдарында шектелсе, өзге де мәліметтерді қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтер заң консультанттары палатасының интернет-ресурсында ашып көрсетілуге жатады.
Тармақ 7
7. Заң консультанттары палатасы осы Заңда және «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес, өзі туралы мәліметтер палаталар тізіліміне енгізілген күннен бастап заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді.
Тармақ 8
8. Заң консультанттары палатасының мүшесі заң консультанттары палатасын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінде қамтылған ақпараттың өзгеруіне алып келетін кез келген оқиғалар басталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, осындай оқиғалардың басталғаны туралы жазбаша нысанда немесе электрондық құжат жіберу арқылы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 9
9. Тұрғылықты жері туралы мәліметтерді, жеке басты куәландыратын құжат деректерін және егер қолжетімділігі Қазақстан Республикасының заңдарында шектелсе, өзге де мәліметтерді қоспағанда, заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінде қамтылған ақпарат заң консультанттары палатасы айқындаған тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша ұсынылады. Мұндай ақпаратты ұсыну мерзімі тиісті сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аса алмайды.
Бап 93. 93-бап. Заң консультанттары палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы
93-бап. Заң консультанттары палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы Заң консультанттары палатасының заң консультанттарының қызметіне олардың заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын, палатаға мүшелік шарттарын сақтауы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Бап 94. 94-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жауапкершілігі
94-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жауапкершілігі Заң консультанттары палатасының мүшесі Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, палата жарғысының, қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады. Заң консультанттары палатасының мүшелеріне жазалар қолдану, оларды алып тастау және шағым жасау тәртібі палатаның жарғысында және қағидаларында айқындалады.
Бап 95. 95-бап. Заң консультанттары палатасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
95-бап. Заң консультанттары палатасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау Заң консультанттары палатасының мүшесі өз құқықтары мен заңды мүдделерін заң консультанттары палатасының әрекеттері (әрекетсіздігі), оның басқару органдарының шешімдері бұзған жағдайда, мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке), шешімдерге уәкілетті органда немесе сотта дау айтуға, сондай-ақ өзіне келтірілген зиянды заң консультанттары палатасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуін талап етуге құқылы. Осы Заңда көзделген жағдайларда, заң консультанттары палатасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органының шешімдеріне, дауды міндетті түрде сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақтала отырып, сотта дау айтылуы мүмкін.
Бап 96. 96-бап. Заң консультанттары палаталарының жауапкершілігі
96-бап. Заң консультанттары палаталарының жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Заң консультанттары палатасы Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Заң консультанттарының палаталары, заң консультанттары палаталарының мүшелері, клиенттер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасын, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарын, Кәсіптік әдеп кодексін бұзушылықтар туралы жүгінуге құқылы.
Тармақ 3
3. Шағым түскен кезде, егер шағымды заң консультанттары палатасы бұрын қарамаған жағдайда, уәкілетті орган оны тиісті палатаға жібереді.
Тармақ 4
4. Егер шағым палатаның қарау нысанасы болған жағдайда, уәкілетті орган жолданымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қарайды. Шағымды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган заң консультанттары палатасына нұсқама, ескерту түрінде ықпал ету шараларын қолдануға, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге шаралар қабылдауға құқылы. Егер заң консультанттары палатасы уәкілетті органның нұсқамасы, ескертуі бойынша шараларды қабылдамаған немесе уақтылы қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган заң консультанттары палатасына заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару түрінде ықпал ету шарасын қолдану туралы мәселеге бастама жасайды.
Тармақ 5
5. Заң консультанттары палатасының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде), оның басқару органдарының шешімдерінде бұзушылықтар болған жағдайда, заң консультанттары палатасына қатысты, сот тәртібімен, заң консультанттары палаталарының тізілімнен шығару түрінде ықпал ету шарасы қолданылуы мүмкін.
Бап 97. 97-бап. Заң консультанттарының палаталарын мемлекеттік бақылау
97-бап. Заң консультанттарының палаталарын мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган заң консультанттары палаталарының Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын орындауына білікті заң көмегін көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Заң консультанттары палаталарының қызметіне білікті заң көмегін көрсету саласындағы бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 98. 98-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
98-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-баптың 3) тармақшасын, 19-бапты, 28-баптың 3-тармағының бірінші бөлігін, 33-баптың 3-тармағының 11) тармақшасын, 50-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын, 67-баптың 2-тармағының 18) тармақшасын, 68-баптың 3-тармағы 14) тармақшасының оныншы абзацын;
Тармақша 2
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 46-бап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай: «46-бап. Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру 1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе беретін, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асырған кезде – адвокаттар алқасының төралқасы беретін ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын уәкілетті орган бекітеді. Ордерлер беруді бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады. 2. Адвокат куәлiгiнің нысаны мен оны толтыру тәртібін Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекiтеді. Адвокат мәртебесі тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған адам тиісті шешім қабылданғаннан кейін өзінің куәлігін адвокаттар алқасына тапсыруға міндетті. 3. Өз қызметін Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттіктері жеке басын, адвокат мәртебесін және оның заң көмегін көрсетуге өкілеттіктерін куәландыратын құжаттармен расталады. 4. Адвокаттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ егер бұл қабылданған тапсырманы орындауға қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңнамасы мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмесе, оның шегінен тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бапты;
Тармақша 3
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 33-баптың 7-тармағының 4) және 7) тармақшаларын, 36-бапты, 76-баптың 4-тармағының 8) және 14) тармақшаларын, 77-бапты;
Тармақша 4
4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің бірінші сөйлемі 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай: «Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы сөйлемді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін білікті заң көмегін көрсететін жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіреді. 3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өз қызметін жүзеге асырып келген адвокаттар алқасы, Республикалық адвокаттар алқасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін адвокаттар алқаларының, Республикалық адвокаттар алқасының төрағаларын сайлау, олардың басқару органдарын қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс және әділет органдарында қайта тіркелуге жатады.
Тармақ 4
4. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат);
Тармақша 2
2) «Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 14, 73-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат) күші жойылды деп танылсын.