Об образовании Бюджетной комиссии области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың Бюджеттік
комиссиясын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімиятының 2003.01.23 N 01/23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі “Бюджет жүйесі туралы” №357-1 Заңының 14 бабына сәйкес облыс әкімияты
Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыстық Бюджеттік комиссиясы құрылсын (№1 қосымша);
Тармақ 2
2. Облыстық Бюджеттік комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (№2 қосымша);
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Өтешрвке жүктелсін.
Басқа 1. Облыстың Бюджеттік комиссиясының
ҚҰРАМЫ
«Облыстық Бюджеттік
Комиссиясын құру туралы»
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 04.08
№ 26.04 қаулысына
№ 1 қосымша
Облыстың Бюджеттік комиссиясының
ҚҰРАМЫ
1. Серік Балғатайұлы
Өтешев
- комиссия төрағасы,облыс әкімінің орынбасары
2. Серік Нөгербекұлы
Нөрбеков
- комиссия төрағасының орынбасары, облыстық
қаржы басқармасының бастығы
Тармақ 3
3. Аделаида Константиновна
Молотовник
-комиссия хатшысы, қаржы басқармасы
бастығының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Жомарт Секенұлы Таласпеков -облыс әкімінің орынбасары
Тармақ 5
5. Ислам Уахитұлы Тоғайбаев -облыс әкімінің орынбасары
Тармақ 6
6. Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов -облыс әкімінің орынбасары
Тармақ 7
7. Санат Тұңғышбекұлы
Тұңғышбеков
- облыс әкімінің орынбасары
Тармақ 8
8. Төлеуқұл Әбілқанұлы
Әбілқанов
- облыстық Мәслихаттың бюджет және
қаржы бойынша тұрақты комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Серғазы Мыңжасарұлы
Әдекенов
-облыстық Мәслихаттың әлеуметтік-
мәдени дамыту және халықты әлеуметтік
қорғау якомиссиясының
Тармақ 10
10. Мұрат Смағұлұлы
Әбілов
- облыстық әділет басқармасының бастығы
Тармақ 11
11. Елқайнар Қабылкәрімұлы
Сыздықов
- экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас
басқармасының бастығы
Тармақ 12
12. Шәкәрім Шәмілұлы
Тұрсымбеков
-Қарағанды облысы бойынша салық
комитеті төрағасы
Тармақ 13
13. Қайрат Ғалиұлы
Хасенов
қаржы басқармасы бастығының
орынбасары
Тармақ 14
14. Орынбике Рахымбекқызы
Абрахманова
қаржы басқармасының бюджет бөлімінің
бастығы
Тармақ 15
15. Мария Константиновна
Гонза
қаржы басқармасының кірістердің
түсімдерін болжамдау және
экономикалық талдау бөлімінің бастығы
Тармақ 16
16. Жанна Қабыкешқызы
Садықова қаржы басқармасының бюджеттік
әдістемелі процедура және бюджеттің
орындалуын талдау бөлімінің бастығы
Басқа 2. Облыстың Бюджеттік комиссиясы
туралы Ереже
Облыстық Бюджеттік
Комиссиясын құру туралы»
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 04.08
№ 26.04 қаулысына
№ 2 қосымша
Облыстың Бюджеттік комиссиясы
туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қолданылатын облыстың Бюджетік комиссиясының қызметін реттейді (әрі қарай Комиссия).
Тармақ 2
2. Комисси қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті актілері, сондай-ақ, осы Ереже Құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссиясының мақсаты
2. Комиссиясының мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты қаржы жылына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңдегі облыстық бюджет пен облыс бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін уақытында және сапалы жасауда қамтамасыз ету, облыстық бюджетті нақтылау және орындау бойынша ұсыныстарды жасау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның функциялары мен міндеттері
3. Комиссияның функциялары мен міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылатындар:
Тармақша 1
1) алдағы үш жылдық кезеңде облыс бюджеті мен облыстық бюджеттің болжамдық көрсеткіштерінің негізін аңыктайды;
Тармақша 2
2) қаржы жылына сәйкес облыстық бюджеттің жобасынанықтайды және қарайды;
Тармақша 3
3) қаржы жылына сәйкес облыстық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар жасайды;
Тармақша 4
4) облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысындағы мониторингті жүзеге асырады және ол бойынша ұсыныстар жасайды.
Тармақ 5
5. комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Коммисияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
алдағы үш жылдық кезеңдегі облыс бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін;
облыстық бюджеттің шағыстарының шегі енгізілген алдағы үш жылдық кезеңдегі облыс бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін, оның ішінде ағымдағы жылдың жобасында іске асатыны ескерілген инвестициялық жобалар бойынша;
қаржы жылына басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бадарламалар бойынша (кіші бағдарламалар) қаржы жылына жоспарланған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын кредиторлық қарыздарын өтеу ауқымын;
алдағы қаржы жылындағы облыстық бюджеттің жобасын;
«Бюджет жүйесі туралы» ҚРЗ 18-2 бабымен белгілеген басқа да көрсеткіштерін аңыктайды.
Тармақша 2
2) облыстық атқарушы органы енгізген экономикалық жоспарлау бойынша:
алдағы үш жылда ағымдағы жылдың жобасында іске асатын инвестициялық жобалардың облыстық бюджеттен қаржыландыру көлімі мен тізімдемелері ескерілуін қарайды және анықтайды, оның ішінде аудандарда және қалаларда іске асатын инвестициялық жобаларды қарайды және анықтайды.
Тармақша 3
3) шешім шығарады және қарайды:
Облыстың жергілікті өкілетті органдары мен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары арасындағы аудандардың (қалалардың) бюджеттерінің болжамдық көрсеткіштеріндегі қайшылықтарды реттеу бойынша;
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша.
Тармақша 4
4) ұсыныс жасайды және қарайды:
қаржы жылына сәйкес облыстық бюджетті нақтылау бойынша;
бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелері туралы ақпараттардың негізінде бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламаларды әрі қарай іске асыру бойынша.
Облыстықбюджеттік Комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдылықтарында қарастырылған басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқығы
4. Комиссияның құқығы
Тармақ 6
6. Комиссияның өз міндеттеріне сәйкес құқықтары:
Тармақша 1
1) басқармалармен, Департаменттермен, облыс әкімінің комитеттерімен және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ, Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартады;
Тармақша 2
2) өз құзырына енеиін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді және шешімдер қабылдайды;
Тармақша 3
3) Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қолданылатын заңдылықтар тәртібімен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан қажетті материалдарды сұрастырады және алады;
Тармақша 4
4) Комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша Комиссияның мәжілісіне бірінше жетекшілерді, олар болмаса, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші жетекшілерінің міндеттерін атқаратын тұлғаларды шақырады және тыңдайды.
Тарау 5. 5. Комиссияның қалыптасуы мен қызметінің тәртібі
5. Комиссияның қалыптасуы мен қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияның ққұрамы облыстың әкімиятымен құрылады және облыстық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның құрамына енетіндер:
Тармақша 1
1) Комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
Тармақша 3
3) Комисия хатшасы;
Тармақша 4
4) Комиссияның жұмыс органы.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілістерінің аралығындағы кезеңінде оңын қызметіндегі ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Оның қызметіне Комиссия төрағасы басшылық жасайды, Комиссияның мәжілісіндегі төрағалық етеді, жұмысын жоспарлацды, Комиссияның жүзеге асыратын шешімдерін іске асыру бойынша жалпы бақылауды жүзеге асырады және қызметіне жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның міндетін Комиссия төрағасы тағайындаған орынбасары атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды рәсімдейді.
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмысы Комиссияның мәжілісі бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Қажет жағдайда Комиссияның кезектен тыс мәжілісі шақырылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері өз өкілеттілігі бойынша мәжіліске қатысуға басқа тұлғаларды жіберуге құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілісі Комиссия бекіткен құрамның кемінде 2/3 қатысатын болса құқылы деп саналады.
Тармақ 15
15. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ,Комиссия мүшелеріне сауал беру арқылы қабылданады, егер де, оған Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе қабылданды деп есептеледі. Шешім қабылдарда Комиссия мүшелері тең дауыстарды иеленеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы берген дауыс шешумі болып табылады.
Тармақ 16
16. Комиссия мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселені қараудың нәтиже әрбір мәселе бойынша хаттамаға енгізіледі. Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда, Комиссия мүшелері өзінің пікірін жазбаша түрде мазмұндап, мәжілістің хаттамасына қосып тіркеуге құқылы.
Тармақ 17
17. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылдаған шешімін барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде көрсетілген мерзімде қарауға және орындауға тиісті.
Тармақ 18
18. Комиссияның жұмыс органының міндеттері облыс әкімінің қаржы басқармасына жүктеледі.
Тармақ 19
19. Жұмыс органының міндеттері болып табылатындар: Комиссия анықтайтын мәжілістің мерзімі мен күн тәртібіне сәйкес материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдарға жіберу, Комиссия мәжілісінің хаттамаларын дайындау, сондай-ақ, осы Ереже мен Қазақстан Республикасы Үкімет бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттердің жобасын жасау Ережесінен шығатын басқа да міндеттер.
Тармақ 20
20. Комиссияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша материалдар Комиссияның мәжілісі басталғанға дейін бір күн қалғаннан кешіктірмей Комиссия мүшелеріне беріледі.Бюджетті нақтылау мәселесі бойынша облыстық Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылған жағдайда Комиссия мәжілісі өтетін күні берілуі мүмкін.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 21
21. Комиссия қызметінің тоқтатылуы үшін облыс әкімінің Комиссияның қызметін тоқтау туралы шешімі негіздеме болып табылады.
Тармақ 22
22. Осы Ереженің 21-тармағында көрсетілгендей, Комиссияның қызметін тоқтатуға әкелетін жағдайлар туындағанда облыс әкімі мен облыстық әкімиятқа істелінген жұмыстар жөнінде есеп-хат жолданады.