О закреплении рыбохозяйственных водоемов Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының балық шаруашылық су айдындарын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 63 қаулысымен. Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 21 қарашадағы № 3300 «Жануар дүниесін қорғау, есімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 14-бабына сәйкес және балық шаруашылығы су айдындардың (учаскелерді) табиғат пайдаланушыларға бекіту жөніндегі облыстық тендерлік комиссияның 2002 жылғы 21 наурыздағы № 17 шешімінің негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балық қорын ұдайы өндіру және балық шаруашылығын жүргізу үшін Федоров ауданының аумағы 406 га Жар-Жалтыркөл көлі «Гиппократ» ЖШС бекітілсін. 📌 Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді- Қостанай облысы Әкiмиятының 04.11.2004 № 304 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Кешенді балық шаруашылығына пайдалану үшін: Алтынсарин ауданы Димитров селолық округінің, аумағы 19,6 га «Қалдыбай сайы», тоғаны, «Айдала» ЖШС; алынып тасталды - Қостанай облысы Әкiмиятының 08.06.2004 № 151 қаулысымен. Әулиекөл ауданының, аумағы 40 га Киров сайы (Теміржол су қоймасы) тоғаны, Қазақстан Республикасының азаматы В.В. Мызниковқа; «Әулиекөл ауданының, аумағы 150,4 га Обалкөл көлі, аумағы 142 га Шнет көлі, «Аманқарағай МТС» ЖШС; Қостанай ауданының, аумағы 8 га Песчаное көлі, аумағы 12 га Октябрьский көлі, аумағы 2 га Черновицкий жайылмасы «Надеждинка» ЖШС; Қостанай ауданының, аумағы 20,3 га Шаңсай» тоғаны, «Оразақов Х.К.» шаруа қожалығына; Әулиекөл ауданының, жалпы аумағы 74,9 га Кондратьевск көл тоғаны, «Кетебаева З.» шаруа қожалығына; алынып тасталды - Қостанай облысы Әкiмиятының 08.06.2004 № 151 қаулысымен. 📌 Ескерту. 2 тармақтың 2, 8 абзацтары алынып тасталды - Қостанай облысы Әкiмиятының 08.06.2004 № 151 қаулысымен.