О делегировании права лицензирования деятельности по организации и проведению тотализаторов и казино Күшін жойған
Басқа 0
Тотализаторлардың және казинолардың қызметін ұйымдастыру және өткізуді лицензиялау құқын беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.04.2004 № 15 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2200 Заңын және 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1432 «Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындауда ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тотализаторлардың және казинолардың қызметін ұйымдастыру және өткізуге лицензия беру құқығы облыстың қалалар және аудандар әкімдеріне берілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша өтініш жасаушының қаржы жағдайын анықтау үшін қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізбесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері лицензия берген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1432 «Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы».
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 150 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын іске асыру туралы» Қостанай облысы әкімінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 45 шешіміне толықтырулар туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 6. Өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтау
үшін қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізбесі
Қосымша
Қостанай облысы әкімінің
2001 жылғы 18 сәуірдегі
№ 46 шешімімен Бекітілді
Өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтау
үшін қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізбесі
Өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Бухгалтерлік баланс.
Тармақ 2
2. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
Тармақ 3
3. Ақша қозғалысы туралы есеп.
(Жоғарыда айтылған құжаттар бухгалтерлік есеп стандарттарына және әдістемелік ұсыныстарға сәйкес орындалып, өтініш айдын 1 жұлдызына дайындалады).
Тармақ 4
4. Ұсынылған қаржылық есептің объективтілік растығы туралы аудиттік есеп.
Өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті көрсеткіштердің тізбесі:
__________________________________________________________________________
! ! ! Есеп !Көрсет. !
! Көрсеткіш ! Көрсеткішті тағайындау ! айырысу !оңтайлы !
! ! ! формуласы ! мәні !
!______________!____________________________________!____________!________!
1. Тәуелсіздік Кәсіпорын активтерін қалыптастыру Меншікті 0,5-0,6
коэффициенті көзінің жалпы көлемінде меншік капитал
(капиталдың, капиталының үлесін сипаттайды. Ол Жиынтық
автономияның бойынша кәсіпорын заем қаражатына капитал -
меншіктерін қаншалықты тәуелсіз және өз банкін
шоғырландыру) қаражатын реттеуге қаншалықты бейім валютасы
екендігін анықтайды.
2. Қаржыландыру Меншікті және тартылған (заем) Меншікті >1
коэффициенті капиталының ара салмағын сипаттайды. капитал
Ол кәсіпорын активтерінің қандай тартылған
бөлігі өз қаражаты есебінен, қайсысы (заем)
заем есебінен қаржыландырылатынын капитал (мін-
көрсетеді. деттемелер)
3. Абсолютті Ағымдағы берешектің қай бөлігі Ақшалай >0,2-0,5
өтімділік баланс жасалған күні немесе таяу қаражат -
коэффициенті уақытта өтелуі мүмкін екендігін Ағымдағы мін-
көрсетеді. деттемелер
4. Ағымдағы Ағымдағы активтер қандай еседе Ағымдағы >2
өтімділік міндеттемелерді өтейтінін және активтер -
жалпы өтеу) кәсіпорынның төлем қабілетінің тек Ағымдағы
коэффициенті дебиторлармен уақытылы есеп айырысу міндеттемелер
және дайын өнімдерді қолайлы сатумен
ғана емес, сондай-ақ материалдық ай-
налым қаражатының басқа да элемент-
тері қажет болған жағдайда сату
кезінде бағаланатын кәсіпорынның
төлеу мүмкіндіктерін көрсетеді. Ол
өтімді қаражаттар ағымдағы (мерзімді
және қысқа мерзімді) міндеттемелер
сомасын өтейтіндігін анықтауға
мүмкіндік береді және сол арқылы
бірге баланс құрылымының тұрақтылық
дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның
өзінің ағымдағы міндеттемелері
(борыштары) бойынша тез есептеу
қабілетін растайды.