Об утверждении формы декларации об активах и обязательствах физического лица и Правил ее составления Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысаны (250.00-нысан);
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 322 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13940 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 322 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 87 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14883 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21маусымдағы № 617-бұйрығына 1-қосымша
Басқа 2. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидалары (250.00-нысан)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына 2-қосымша Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидалары (250.00-нысан)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Декларация).
Тармақ 2
2. Декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына мыналар:
Тармақша 1
1) 2021 жылдан бастап: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) және «Банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Бағалы қағаздар нарығы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар;
Тармақша 2
2) 2023 жылдан бастап: мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары;
Тармақша 3
3) 2024 жылдан бастап: заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) мен олардың жұбайлары; жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары болып табылатын жеке тұлғалар ұсынады.
Тармақ 3
3. Декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына мыналар: 2025 жылдан бастап:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншік (талап ету) құқығында мынадай мүлік: құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі; шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы; инвестициялық алтын; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері; тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдарын, базалық активтерді қоспағанда, эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар; шетелдік брокерлік шоттардағы ақша; Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері; басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде Салық кодексінің 631-бабының 5-тармағында көрсетілген жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек); Салық Кодексінің 631-бабының 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
Тармақша 3
3)цифрлық активтері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
Тармақша 4
4) жеке практикамен айналысатын адамдар. Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларының ережелері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
Тармақ 6
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.
Тармақ 7
7. Декларация:
Тармақша 1
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып;
Тармақша 2
2) электрондық жеткізгіште – салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы жасалады.
Тармақ 8
8. Қағаз тасығышта жасалған Декларацияға жеке тұлға не оның өкілі қол қояды. Электрондық тасымалдағышта жасалған Декларация:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы;
Тармақша 2
2) бір реттік парольді пайдалана отырып куәландырылады.
Тармақ 9
9. Декларацияны тапсыру кезінде:
Тармақша 1
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алады;
Тармақша 2
2) электрондық түрде – салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады;
Тармақша 3
3) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық төлеушіге қайтарылады.
Тарау 2. 2-тарау. Декларацияны жасау (250.00-нысан)
2-тарау. Декларацияны жасау (250.00-нысан)
Тармақ 10
10. «Салық төлеушінің санатын таңдаңыз» бөлімінде салық төлеушінің санатын ескере отырып, A немесе B торкөзі белгіленеді: А торкөзі: сайланбалы лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне Декларация жасайды; мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға тілек білдірген адамдар Декларация табыс етілген айдың бірінші күніне Декларация жасайды; B торкөзі: «А» санатына жатпайтын тұлғалар Декларация табыс етілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Декларация жасайды. «Салық төлеуші туралы жалпы мәліметтер» А бөлімінде:
Тармақша 1
1) 2-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 3-жолда –Декларацияны жасайтын жеке түлға, заңды өкіл болып табылған жағдайда торкөз белгіленеді және ұсынылатын (кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілет етуі шектелген) адамның ЖСН көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 4-жолда – жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон нөмірі және электрондық мекенжайы көрсетіледі (қалауы бойынша);
Тармақша 4
4) 5-жолда – Декларацияның түрі көрсетіледі. Тиісті торкөздер Декларацияны салық есептілігінің мынадай: бастапқы – мұндай Декларацияны табыс ету бойынша белгіленген міндет алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға табыс ететін Декларация; кезекті – Конституциялық Заңға, Банктер туралы, сақтандыру қызметі туралы, Бағалы қағаздар нарығы туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарға сәйкес жеке тұлға бастапқы Декларацияны ұсынғаннан кейін осындай жеке тұлға ұсынатын Декларация; қосымша – оған осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған Декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын Декларация; хабарлама бойынша қосымша – мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған, бұрын ұсынылған Декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жеке тұлға ұсынатын Декларация түрлеріне жатқызуды ескере отырып белгіленеді. Хабарламаның нөмірі мен күні хабарлама бойынша қосымша Декларация табыс етілген жағдайда толтырылады.
Тармақша 5
5) 6-жолда – резиденттік белгісі көрсетіледі: А торкөзін Қазақстан Республикасының резиденті-салық төлеуші белгілейді; В торкөзін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-салық төлеуші белгілейді; «Кірістер мен міндеттемелердің бар-жоғы бойынша сауалнама» В бөлімінде мәліметтердің бар-жоғы бойынша ұсынылатын қосымшаларды ескере отырып, тиісті торкөздер (барлық көрсеткіштер есепті күнге болған кезде белгіленеді):
Тармақша 1
1) 01-жолда - шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік туралы;
Тармақша 2
2) 02-жолда - шет мемлекетте тіркелген көлік құралдары туралы;
Тармақша 3
3) 03-жолда - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар бойынша банктік салым сомасына қарамастан Қазақстан Республикасынан тыс жерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банк салымдары бойынша жиынтық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 1000-еселенген мөлшерінен асатын ақша туралы;
Тармақша 4
4) 04-жолда - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның (акционерлік қоғамдарды қоспағанда) жарғылық капиталына қатысу үлесі туралы;
Тармақша 5
5) 05-жолда - жылжымайтын мүлік құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде үлестік қатысу туралы;
Тармақша 6
6) 06-жолда - инвестициялық алтынның болуы туралы;
Тармақша 7
7) 07-жолда - туынды қаржы құралдары (ТҚҚ), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі бағалы қағаздар, цифрлық активтер туралы;
Тармақша 8
8) 08) жолында - инвестициялық пай қорларындағы (ИПҚ), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі пайлар туралы;
Тармақша 9
9) 09-жолда - зияткерлік меншік, авторлық құқық, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі объектілер туралы;
Тармақша 10
10) 10-жолда - бағаланатын бірлік құны айлық есептік көрсеткіштің мың есленген мөлшерінен асатын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басқа мүліктің болуы туралы;
Тармақша 11
11) 11-жолда - дебиторлық/кредиторлық, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі берешек туралы;
Тармақша 12
12) 12-жолда - сенімгерлік басқаруға берілген мүлік туралы көрсетіледі. «Айлық есептік көрсеткіштің 10000 - еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы қолма-қол ақша туралы мәліметтер» С бөлімінде:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – валюта коды, «Кедендік декларацияны толтыру үшін пайдаланатылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – КОК № 378 шешімі) бекітілген «Валюталар жіктеуіші» 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға (мысалы, KZT – Қазақстан теңгесі, EUR – Еуро, USD – АҚШ доллары, RUB – Ресей рублі, CNY– Қытай юаны) сәйкес көрсетіледі);
Тармақша 3
3) С бағанында – қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» D бөлімінде:
Тармақша 1
1) «салық төлеушінің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты» ашық жолында – жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 2
2) «Декларацияны берген күн» ашық жолында –Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына Декларацияның табыс етілген күні;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
Тармақша 4
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)» ашық жолында мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
Тармақша 5
5) Декларацияны қабылдау күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету күні;
Тармақша 6
6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы беретін Декларацияның тіркеу нөмірі;
Тармақша 7
7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7) тармақшаларын Декларацияны қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
Тарау 3. 3-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.01-нысанын (1-қосымша) жасау
3-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.01-нысанын (1-қосымша) жасау
Тармақ 11
11. Декларацияға 1-қосымша «Шет мемелекетте тіркелеген жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер» бөлімінен және «Шет мемелекетте тіркелеген көлік құралдарының болуы туралы мәліметтер» бөлімінен тұрады.
Тармақ 12
12. «Шет мемелекетте тіркелеген жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер» бөлімі Декларацияда 01 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 01-жолда:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын немесе мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын (жер учаскесі, ғимарат, үй, гараж, саяжай, коммерциялық ғимарат, ғимараттың бір бөлігі, пәтер, кеңсе, жабық паркингтегі тұрақ орны, құрылыс, әуе кемесі, теңіз кемесі, ішкі суда жүзетін кеме, «өзен-теңіз» суда жүзетін кеме) меншік құқығындағы (оның ішінде үлестік немесе бірлескен меншік) жылжымайтын мүліктің түрі;
Тармақша 3
3) С бағанында – жылжымайтын мүлікті тіркеу елінің коды. Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген «Әлем елдерінің жіктеуіші» 22-қосымшада белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі (мысалы, KZ – Қазақстан Республикасы, DE – Германия Федеративтік Республикасы, GB – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі);
Тармақша 4
4) D бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру (кадастрлық) нөмірі;
Тармақша 5
5) Е бағанында – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген немесе сәйкестендіру нөмірі жоқ жылжымайтын мүліктің, аталған мүлік орналасқан елдің, елді мекеннің және көшенің (даңғылдың, тұйық көшенің) атауын, үйдің (корпустың, құрылыстың) нөмірін, пәтердің (кеңсенің, бөлменің) нөмірін көрсету бөлігінде орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі. Жер учаскесіне, ғимаратқа (үйге, гаражға, саяжайға, коммерциялық ғимаратқа) қатысты. Ғимараттың бір бөлігіне (пәтерге, кеңсеге, жабық паркингтегі тұрақ орнына), құрылысқа қатысты орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі. Әуе кемесіне, теңіз кемесіне, ішкі суда жүзу кемесіне, «өзен-теңіз» жүзу кемесіне қатысты орналасқан жерінің немесе тіркеу портының мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Шет мемлекетте тіркелген көлік құралдарының болуы туралы мәліметтер» бөлімі Декларацияда 02 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 02-жолда:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – шет мемлекетте тіркелген көлік құралдарының түрі (мысалы, жеңіл автомобиль, мотоцикл, жүк машинасы). Бұл жолда әуе және теңіз кемелері, ішкі жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері көрсетілмейді;
Тармақша 3
3) С бағанында – меншік құқығындағы көлік құралының маркасы моделі;
Тармақша 4
4) D бағанында – көлік құралын тіркеу елінің коды көрсетіледі. Елдің коды КОК №378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 5
5) Е бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде С бағанында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру (мемлекеттік) нөмірі;
Тармақша 6
6) Ғ бағанында – автокөлік құралдары үшін автокөлік құралдарын тіркеу туралы куәлігінде (құқық белгілейтін өзге құжатта), теміржол көлігі үшін жылжымалы құрамның зауыт нөмірінде көрсетілген VIN-код (шанағының нөмірі), қозғалтқышының нөмірі көрсетіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.02-нысанын (2-қосымша) жасау
4-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.02-нысанын (2-қосымша) жасау
Тармақ 14
14. Декларацияға 2-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар бойыншабанктік салым сомасына қарамастан Қазақстан Республикасынан тыс жерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банк салымдары бойынша жиынтық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 1000-еселенген мөлшерінен асатын ақша туралы мәліметтер» және «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның (акционерлік қоғамдарды қоспағанда) жарғылық капиталына қатысу үлесі туралы мәліметтер» деген бөлімдерднен тұрады.
Тармақ 15
15. Егер Декларацияда 03-жол белгіленген кезде және шетелдік брокерлік шоттарда ақша қаражаты болған жағдайда «Қазақстан Республикасынан тыс жерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банк салымдары бойынша жиынтық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 1000-еселенген мөлшерінен асатын ақша туралы мәліметтер» бөлімі толтырылады. 03-жолда:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген банк мекемесінің немесе мұндай банк мекемесін жекелеген салық төлеуші ретінде айқындауға мүмкіндік беретін оған ұқсас сәйкестендіру нөмірі, брокерлік шот нөмірі;
Тармақша 3
3) С бағанында – банк мекемесінің атауы (мысалы Royal bank of Canada), қаржы мекемесінің атауы (брокердің аты);
Тармақша 4
4) D бағанында – банк мекемесін тіркеу елінің коды (валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі);
Тармақша 5
5) Е бағанында – банк шоттарында ақша бар валюта коды (валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі);
Тармақша 6
6) F бағанында – банктік және брокерлік шоттардағы ақшаның есепті жылдың соңындағы жалпы сомасы Е бағанында көрсетілген валютада көрсетіледі (мәліметтер тек Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктік және брокерлік шоттардағы ақша қаражаты бойынша толтырылады).
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның (акционерлік қоғамдарды қоспағанда) жарғылық капиталына қатысу үлесі туралы» бөлімі, егер Декларацияда 04 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 04 жолында:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – қатысу үлесі бар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) С бағанында – заңды тұлғаның атауы (мысалы, Profit Canada);
Тармақша 4
4) D бағанында – қатысу үлесі бар тұлға тіркелген елдің коды. Елдің коды КОК №378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 5
5) Е бағанында – жүзден бір бөлігіне дейін дөңгелектелген пайыздағы қатысу үлесінің мөлшері көрсетіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.03-нысанын (3-қосымша) жасау
5-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.03-нысанын (3-қосымша) жасау
Тармақ 17
17. Декларацияға 3-қосымша «Жылжымайтын мүлік құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде үлестік қатысу туралы мәліметтер» және «Инвестициялық алтынның болуы туралы мәліметтер» бөлімдерінен тұрады.
Тармақ 18
18. «Жылжымайтын мүлік құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде үлестік қатысу туралы мәліметтер» бөлімі, егер Декларацияда 05 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 05 жолында:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – тұрғын үйді немесе осындай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке беруге міндетті шарт бойынша тарап болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген тұлғаның (құрылыс салушының) сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) С бағанында – тұрғын үйді немесе осындай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке беруге міндетті шарт бойынша тарап болып табылатын тұлғаның (құрылыс салушының) немесе тұлғаның атауы;
Тармақша 4
4) D бағанында – құрылыс салушының тіркелген елінің коды. Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 5
5) E бағанында – жылжымайтын мүлік құрылысына қатысу туралы шарт бойынша объектінің орналасқан жері (мекенжайы);
Тармақша 6
6) F бағанында – шарт бойынша міндеттемелерді төлеу шотына ақша енгізілген валюта коды. Валюта коды КОК №378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 7
7) G бағанында – шарт бойынша міндеттемелерді төлеу шотына енгізілген ақшаның жалпы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. «Инвестициялық алтынның болуы туралы мәліметтер» бөлімі Декларацияда 06 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 06-жолында:
Тармақша 1
1) А бағанында - толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) С бағанында – инвестициялық алтынның салмағы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) D бағанында валюта коды Кок № 378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 4
4) E бағанында – инвестициялық алтынның құны көрсетіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.04-нысанын (4-қосымша) жасау
6-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.04-нысанын (4-қосымша) жасау
Тармақ 20
20. Декларацияға 4-қосымша «Бағалы қағаздардың, туынды қаржы құралдарының (ТҚҚ), цифрлық активтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы туралы мәліметтер» және «Инвестициялық пай қорларындағы (ИПҚ), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде пайлардың болуы туралы мәліметтер» деген бөлімдерден тұрады.
Тармақ 21
21. «Бағалы қағаздардың, туынды қаржы құралдарының (ТҚҚ), цифрлық активтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы туралы мәліметтер» бөлімі Декларацияда 07-жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 07-жолда:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – Декларация тапсырушыға тиесілі бағалы қағаздардың, туынды қаржы құралдарының (ТҚҚ), цифрлық активтердің саны;
Тармақша 3
3) С бағанында – бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (ТҚҚ), цифрлық активтер шығарылған елдің коды. Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 4
4) D бағанында – бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (ТҚҚ), цифрлық активтер сатып алынған валюта коды. Валюта коды КОК № 378 шешімінде белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 5
5) Е бағанында – бір бағалы қағазды, туынды қаржы құралын (ТҚҚ), цифрлық активті сатып алу бағасы көрсетіледі.
Тармақ 22
22. «Инвестициялық пай қорларындағы (ИПҚ), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде пайлардың болуы туралы мәліметтер» бөлімі Декларацияда 08 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 08 жолында:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – Декларация тапсырушыға тиесілі пайдың саны;
Тармақша 3
3) С бағанында – пай шығарылған елдің коды. Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 4
4) Е бағанында – пай шығарылған валюта коды. Валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 5
5) F бағанында – бір бірлігі үшін пайдың номиналды құны көрсетіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.05-нысанын (5-қосымша) жасау
7-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.05-нысанын (5-қосымша) жасау
Тармақ 23
23. Декларацияға 5-қосымша «Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде объектілердің болуы туралы мәліметтер» және «Бағаланатын бірлік құны айлық есептік көрсеткіштің мың есленген мөлшерінен асатын басқа мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы туралы мәліметтер. Жеке тұлғаның қалауы бойынша толтырылады» бөлімдерінен тұрады.
Тармақ 24
24. «Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде объектілердің болуы туралы мәліметтер» бөлімінде Декларацияда 09 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. 09 жолында:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – авторлық құқық болып табылатын зияткерлік меншік объектісінің түрі (мысалы, тауар белгілері, бағдарламалар, қосымшалар, кітаптар);
Тармақша 3
3) С бағанында – патент нөмірі – бұл патент органы немесе ұйымы (немесе ол шетелдегіге ұқсас) әрбір патент құжатына беретін сериялық нөмір;
Тармақша 4
4) D бағанында – зияткерлік меншік объектісі тіркелген елдің коды. Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 5
5) E бағанында – авторлық құқықтың зияткерлік меншік объектілерін тіркеу күні көрсетіледі.
Тармақ 25
25. «Бағаланатын бірлік құны айлық есептік көрсеткіштің мың есленген мөлшерінен асатын басқа мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы туралы мәліметтер. Жеке тұлғаның қалауы бойынша толтырылады» бөлімі, егер Декларацияда 10 жолы белгіленген жағдайда толтырылады. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүліктер көрсетіледі (мысалы, картина, теледидар, алмаз). 10 жолында:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында немесе осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің мемлекеттік органдарында тіркелген мүліктің атауын көрсетуге арналған;
Тармақша 3
3) С бағанында – мүліктің санын көрсетуге арналған;
Тармақша 4
4) D бағанында – В бағанында көрсетілген мүлік тіркелген елдің кодын көрсетуге арналған. Елдің коды КОК №378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі.
Тармақша 5
5) Е бағанында – валюта коды КОК №378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 6
6) F бағанында – объектінің жалпы құны көрсетіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.06-нысанын (6-қосымша) жасау
8-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.06-нысанын (6-қосымша) жасау
Тармақ 26
26. Декларацияға 6-қосымша «Дебиторлық/кредиторлық, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі берешек туралы мәліметтер» және «Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер» бөлімдерінен тұрады.
Тармақ 27
27. «Дебиторлық/кредиторлық, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі берешек туралы мәліметтер» бөлімі Декларацияда 11-жол белгіленген жағдайда толтырылады және Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (куәландырылған) өзге құжат болған кезде Декларацияны (дебиторлық берешекті) табыс ететін жеке тұлғаның алдындағы басқа тұлғалардың берешегін және (немесе) Декларацияны табыс ететін жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегін (кредиторлық берешекті) Декларациялауға арналған. 11-жолда:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек түрі. Бұл ретте дебиторлық берешек болған жағдайда «Д» әрпі, ал кредиторлық берешек кезінде «К» әрпі көрсетіледі;
Тармақша 3
3) С бағанында – шарт бойынша дебитор/кредитор болып табылатын тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4
4) D бағанында –дебитордың/кредитордың тегі, ата, әкесінің аты/атаулары;
Тармақша 5
5) Е бағанында – дебитордың/кредитордың тіркелген елінің коды. Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 6
6) F бағанында – шот ашылған валютаның коды; Валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 7
7) G бағанында – есептелген сыйақы (пайыздар) сомасын қоса алғанда, берешек сомасы көрсетіледі.
Тармақ 28
28. «Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер» бөлімі Декларацияда 12-жол белгіленген жағдайда. 12-жолда:
Тармақша 1
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – сенімгерлік басқаруға берілген мүліктің атауы;
Тармақша 3
3) С бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4
4) D бағанында – сенімгерлік басқарушының ЖСН немесе БСН сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 5
5) E бағанында – сенімгерлік басқарудың басталған күні;
Тармақша 6
6) F бағанында – сенімгерлік басқарудың аяқталған күні толтырылады.