О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Каркаралинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қарағанды облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Қарқаралы ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Бейсенбаев
2018 жылғы 21 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарқаралы ауданының жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Наушабаев
2018 жылғы 21 маусым