О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Кокпектинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 503 бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есеге жоғарлатылсын.
Тармақ 2
2. Көкпекті аудандық маслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4590 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 24 шілдеде «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған) № 3-3/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.