Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель населенных пунктов Кокпектинского района Күшін жойған
Басқа 0
Көкпекті ауданының елді мекен жерлерін
аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын)
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданының елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сызбасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Көкпекті аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 сәуірдегі «Көкпекті ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» № 22-6/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3288 тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырда «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған);
Тармақша 2
2) Көкпекті аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 8 сәуірдегі «Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 суірдегі № 22-6/4 «Көкпекті ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 34-3/1 шешімі (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3927 тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Көкпекті ауданының елді мекен
жерлерін аймақтарға бөлу
жобасы (сызбасы)
Көкпекті аудандық мәслихатының
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ 23-6/3 шешіміне
қосымша
Көкпекті ауданының елді мекен
жерлерін аймақтарға бөлу
жобасы (сызбасы)
№ 1 аймақ