Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Иргизскому району и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 «Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, «Ырғыз» аудандық газетінде 2016 жылы 16 тамызда № 33 жарияланған) қаулысы;
Тармақша 2
2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 23 «Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 «Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5310 болып тіркелген, 2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
Тармақ 3
3. «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы _______________ А. Османғалиев
Басқа 11
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 87 қаулысына қосымша Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері № Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ин­дек­сі Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ата­уы Жал­пы ұзынды­ғы, ша­қы­рым 1 KD-IR-1 Құм­то­ғай ауы­лы­на кі­ре бе­ріс 25,3 2 KD-IR-2 Құ­ры­лыс ауы­лы­на кі­ре бе­ріс 6,9 3 KD-IR-3 Құ­ти­көл-Жар­ма-Құй­лыс-Жай­саң­бай 160,0 4 KD-IR-4 Ыр­ғыз-Нұ­ра 87,970 Барлығы: 280,17