Об установлении границ охранной зоны и определения режима использования земель магистрального газопровода «Окарем-Бейнеу» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистралдық құбыр туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырының желілік бөлігін қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоюсыз, газ құбыры осінің әрбір жағынан 50 метр жерден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде газ құбыры осінің әрбір жағынан 25 метр жерден күзет аймағының шекарасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау және Бейнеу ауданы әкімдері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салсын.
Тармақ 4
4. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемелекекттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Маңғыстау облысының жер қатынастар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________ Е.Д. Дүзмағамбетов «2» шілде 2018 жыл
Басқа 7
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы «2» шілдедегі № 166 қаулысына 1-қосымша «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырының желілік бөлігінің күзет аймағына кіретін жерлері Р/ссс № Аудан дар дың атауы Газ құбы рының күзет айма ғының көлемі гектар Елді мекен дердің жер лері Оның ішінде: өнер кәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашы лығы на арналмаған өзге де жер Ауыл шаруа шы лығы алқап тары ның көле мі, гек тар Оның ішінде: басқа да алқап тар егістік көп жыл дық екпе лер ш а б ы н д ы қ т а р жайы лым дар б а р л ы ғ ы су ар ма лы егіс тік 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1 Маңғыстау ауданы 149,6149 10,3385 0,4398 - - - - - - 138, 8366 2 Бейнеу ауданы 932,9584 296,3703 0,1423 56,6317 - - - - 56, 6317 579, 8141 Барлығы 1082,5733 306,7088 0,5821 56,6317 - - - - 56, 6317 718, 6507
Басқа 8
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы «2» шілдедегі № 166 қаулысына 2-қосымша «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Газ құбырының күзет аймағында:
Тармақша 1
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін мангистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
Тармақша 2
2) бағбандыққа және орман өсіруе, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
Тармақша 3
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ мангистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
Тармақша 4
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
Тармақша 5
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
Тармақша 7
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
Тармақша 8
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.