Об утверждении Временного положения о предоставлении жилища работникам государственных органов и организаций, подлежащих передислокации в город Акмолу на первом этапе переноса столицы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астананы көшiрудiң бiрiншi кезеңiнде Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне тұрғын үй беру туралы уақытша ереженi бекiту туралы Астананы көшiрудiң бiрiншi кезеңiнде Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне тұрғын үй беру мәселелерiн тәртiпке келтiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған астананы көшiрудiң бiрiншi кезеңiнде Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне тұрғын үй беру туралы уақытша ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша бiр ай мерзiм iшiнде бұл органдар мен ұйымдардың көшiрiлетiн қызметкерлерi санының лимитiн көрсете отырып, астананы Ақмола қаласына көшiрудiң бiрiншi кезеңiнде көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың тiзбесiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс Басқармасымен бiрлесiп (келiсiм бойынша), мүдделi мемлекеттiк органдарды тарта отырып, бiр ай мерзiм iшiнде бiрiншi кезеңде Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне тұрғын үй беру туралы Үлгi шарттың нысанын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын.
Басқа 4. Астананы көшiрудiң бiрiншi кезеңiнде Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне тұрғын үй беру туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 наурыздағы N 418 қаулысымен бекiтiлген Астананы көшiрудiң бiрiншi кезеңiнде Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне тұрғын үй беру туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Тұрғын үй берудiң принциптi қадамдары
I. Тұрғын үй берудiң принциптi қадамдары
Тармақ 1
1. Осы Уақытша ереже Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне тұрғын үй беру мәселелерiн реттейдi. Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ осы органдар мен ұйымдардың Ақмола қаласына ауыстырылатын қызметкерлерi санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың нақты қызметкерлерiн жеке iрiктеудi олардың санының белгiленген лимитiнiң шегiнде осы органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды көшiрудiң бiрiншi кезеңiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне берiлетiн тұрғын үй екi санатқа бөлiнедi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк қызметтiк тұрғын үй - мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезеңiне сатып алу құқығынсыз берiлетiн тұрғын үй;
Тармақша 2
2) қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үй - мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне осы Уақытша ережеде және меншiк иесi мен тұрғын үйдi жалға алушының арасындағы шартта белгiленген шарттар мен тәртiп бойынша сатып алу құқығымен берiлетiн тұрғын үй.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдардың Ақмола қаласында қалыптасуының одан кейiнгi кезеңдерiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тұрғын үй проблемаларын шешу "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау ii. II. Тұрғын үй беру ережелерi
II. Тұрғын үй беру ережелерi
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк органның және ұйымның қызметкерi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй беру тұрғын үй иесiмен немесе ол уәкiлеттiк берген заңды тұлғамен жасалған мерзiмдi немесе мерзiмсiз шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Үлгi шарттың нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Шартта көрсетiлген тұру мерзiмi, егер мемлекеттiк қызметшi соған байланысты өзiне тұрғын үй берiлген еңбек қатынасын жалғастырса, ұзартылуы тиiс.
Тарау iii. III. Мемлекеттiк тұрғын үйден шығару ережелерi
III. Мемлекеттiк тұрғын үйден шығару ережелерi
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк органның немесе ұйымның қызметкерiн және оның отбасы мүшелерiн соған байланысты аталған тұрғын үй берiлген еңбек қатынасын тоқтатқан кезде олар тұратын мемлекеттiк тұрғын үйден шығарудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен және тұрғын үй беру туралы шартпен реттеледi.
Тарау iv. IV. Мемлекеттiк тұрғын үйдi сатып алу кезiндегi негiзгi шарттар
IV. Мемлекеттiк тұрғын үйдi сатып алу кезiндегi негiзгi шарттар
Тармақ 7
7. Кемiнде 10 жыл мемлекеттiк қызмет стажы бар мемлекеттiк органның және ұйымның қызметкерi онымен бiрге тұратын барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен өзi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үйдi сатып алуға құқылы.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк тұрғын үйдi сатып алу оны сатып алу сәтiндегi амортизациялар ескерiле отырып, оның баланстық құны бойынша жүргiзiледi. Сатып алу бiр уақытта немесе 10 жылдың iшiнде бөлiп-бөлiп жүргiзiлуi мүмкiн.
Тарау v. V. Мемлекеттiк тұрғын үйдi сатып алудағы жеңiлдiктер
V. Мемлекеттiк тұрғын үйдi сатып алудағы жеңiлдiктер
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың сатып алуға жатпайтын мемлекеттiк қызметтiк тұрғын үй бөлiнетiн қызметкерлерiне қалауы бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншiк тұрғын үй салуға (сатып алуға) жеңiлдiктi несиенi кезектен тыс алу құқығы не қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үйге құқық берiледi.
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк органның және ұйымның қызметкерiнiң қалауы бойынша жеке меншiк тұрғын үй салу (сатып алу) үшiн берiлетiн жеңiлдiктi несие сатуға жатпайтын қызметтiк тұрғын үйдiң орнына 30 жылға дейiн мерзiмде өтеу шартымен жылына 2 процент өсiмге берiледi. Аталған тұрғын үй Қазақстан Республикасы аумағының айрықша режимдегi елдi мекендер санатына жатпайтын кез келген елдi мекенде сатып алынуы немесе салынуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үйдiң құны сатып алу кезiнде мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдарына (стажына) және мемлекеттiк қызметшi лауазымының жiктемесiне (санаты мен бiлiктiлiк сыныбына) қарай осы Уақытша ереженiң қосымшасына сәйкес сараланады.
Басқа 23. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызметтегi еңбек сiңiрген жылдарына және лауазымдарының жiктемесiне байланысты қызметтiкке теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үйлердiң жалпы құнының проценттерiндегi жекешелендiру құны
Қосымша Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызметтегi еңбек сiңiрген жылдарына және лауазымдарының жiктемесiне байланысты қызметтiкке теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үйлердiң жалпы құнының проценттерiндегi жекешелендiру құны _________________________________________________________________ Еңбек |     Мемлекеттiк қызметшiлердiң жiктемелiк сипаттамасы сiңiр.|_________________________________________________________ ген   |      Жоғарғы санат      | Бiрiншi санат |   Екiншi санат жылы  |_________________________|_______________|_______________        | Жоғарғы |   I   |   II  |  III  |   IV  |   V   |   VI  |        |  сынып  | сынып | сынып | сынып | сынып | сынып | сынып | _______|_________|_______|_______|_______|_______|_______|_______|   10        0        16     28       40     52      64       76   11        0        12     24       36     48      60       72   12        0         8     20       32     44      56       68   13        0         4     16       28     40      52       64   14        0         0     12       24     36      48       60   15        0         0      8       20     32      44       56   16        0         0      4       16     28      40       52   17        0         0      0       12     24      36       48   18        0         0      0        8     20      32       44   19        0         0      0        4     16      28       40   20        0         0      0        0     12      24       36   21        0         0      0        0      8      20       32   22        0         0      0        0      4      16       28   23        0         0      0        0      0      12       24   24        0         0      0        0      0       8       20   25        0         0      0        0      0       4       16 _________________________________________________    Үшiншi санат  |Төртiншi санат |  Бесiншi санат| _________________|_______________|_______________|    VII   |  VIII |  IX   |   X   |   ХI  |  ХII  |   сынып  | сынып | сынып | сынып | сынып | сынып | _________|_______|_______|_______|_______|_______| 10. 88      100     100     100     100     100 11. 84       96     100     100     100     100 12. 80       92     100     100     100     100 13. 76       88     100     100     100     100 14. 72       84      96     100     100     100 15. 68       80      92     100     100     100 16. 64       76      88     100     100     100 17. 60       72      84      96     100     100 18. 56       68      80      92     100     100 19. 52       64      76      88     100     100 20. 48       60      72      84      96     100 21. 44       56      68      80      92     100 22. 40       52      64      76      88     100 23. 36       48      60      72      84      96 24. 32       44      56      68      80      92 25. 28       40      52      64      76      88