Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования по проведению профилактических прививок населению» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10740 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған) бұйрығының;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 677 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12333 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі _______________Е. Сағадиев 2018 жылғы 26 маусым
Басқа 0. «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) анатоксиндер – токсиннен дайындалған немесе рекомбинанттық технология бойынша алынған, айқын уытты қасиеттері жоқ, бірақ бұл ретте бастапқы токсинге антидене шығаруды индукциялауға қабілетті медициналық препараттар;
Тармақша 2
2) белсенділігі жойылған вакциналар – өлі микрорганизмдерден немесе микробтық жасушаның жекелеген компонеттерінен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерінен дайындалған, сондай-ақ басқа биотехнологиялық әдістермен алынған вакциналар;
Тармақша 3
3) вакциналар – иммундық жүйе арқылы профилактикалық әсерін тигізетін, инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасына арналған медициналық препараттар;
Тармақша 4
4) вакцинаның «ашылған құтысы» – тығыны алып тасталмай, вакцинаны алып, инъекциялық немесе пероральдық тәсілмен енгізілетін вакцинаның құтысы;
Тармақша 5
5) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК) иммундаудан кейін орын алатын, медицина қызметкерінің немесе халықтың алаңдаушылығын тудыратын және иммундаудан пайда болды деп болжанатын медициналық жағдай;
Тармақша 6
6) иммундық сарысулар – адамның немесе жануарлардың қанынан алынған, құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы антиденелері бар медициналық препараттар;
Тармақша 7
7) иммуноглобулиндер – адамның және жануарлардың қан сарысуынан дайындалған, инфекциялық аурулардың профилактикасы мен оларды емдеу мақсатында қолданылатын медициналық препараттар, сондай-ақ моноклоналдық антиденелер;
Тармақша 8
8) тірі вакциналар – әлсіздендірілген тірі микроорганизмдерден дайындалған вакциналар.
Тармақ 3
3. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін Кодекстің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат берілген иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсер ететін инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасына арналған профилактикалық әсері бар иммундық-биологиялық препараттар – анатоксиндер, вакциналар, иммуноглобулиндер, иммундық сарысулар (бұдан әрі – ПӘИБП) пайдаланылады. Халыққа эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егу жүргізу кезінде және ИКҚК пайда болған кезінде Кодекстің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.
Тармақ 4
4. Профилактикалық егулер медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, ересектерге және (немесе) балаларға консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдардың және (немесе) білім беру ұйымдарының арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде жүргізіледі. Егу кабинеттері оларды қолдануға арналған нұсқаулығы бар кезек күттірмейтін және шоққа қарсы терапия жиынтықтарымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Елді мекенде медициналық ұйым, медициналық ұйымда медицина қызметкері болмаған кезде профилактикалық егуді жылжымалы егу бригадасы жүргізеді. Автокөлікпен, термоконтейнермен, егу материалымен, бір рет қолданылатын және өздігінен блокталатын шприцтермен, шокқа қарсы препараттармен толықтырылған жылжымалы егу бригадасының құрамына профилактикалық егу жүргізуге рұқсаты бар білікті дәрігер және егу мейіргері кіреді.
Тармақ 6
6. Профилактикалық егулер «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен (бұдан әрі – № 2295 қаулы) бекітілген мерзімдерде жүргізіледі. Бұрын егілмеген бала немесе вакцинациялау туралы мәліметі жоқ бала жасына қарамастан, алғашқы вакциналық кешенмен - туберкулезге, полиомиелитке, пневмококқа, В вирустық гепатитіне (бұдан әрі – ВВГ), дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы егіледі. Диагностикалық препараттар болған жағдайда баланың немесе ересек адамның иммундық мәртебесі алдын ала зерделенеді.
Тармақ 7
7. № 2295 қаулымен бекітілген мерзімдерде балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық егумен қамтудың оңтайлы деңгейі 95%-дан кем болмайды.
Тармақ 8
8. Иммундалуға жататын контингентті профилактикалық егулермен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың (фельдшерлік акушерлік пункт, селолық дәрігерлік амбулатория, емхана) медицина қызметкерлерінің күшімен жылына екі рет (көктем-күз) балаларды қайта есепке алуға өзгерістер енгізе отырып, аумақта тұратын балаларды есепке алу жүргізіледі. Ересек тұрғындарды есепке алу жылына бір рет (тамыз-қыркүйек) медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың егу кабинеттерінде № 2295 қаулысына сәйкес жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың тобына кірмейтін адамдарды вакцинациялауға жол беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тарау. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша егу пункттеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша егу пункттеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 10
10. Егу кабинеттерінің ішін әрлеуге, жылытуға, желдетуге, табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15760 болып тіркелген) бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Егу кабинетінде басқа медициналық емшараларды (манипуляцияларды) жүргізуге жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Егу кабинеті мынадай жабдықпен жабдықталады:
Тармақша 1
1) қолайлы температуралық режимді қамтамасыз ететін, сыйымдылығы ПӘИБП-ны сақтау үшін жеткілікті тоңазытқыш;
Тармақша 2
2) жұмыс күні ішінде ПӘИБП-ны тасымалдауға және сақтауға арналған термоконтейнер немесе тоңазыту сөмкесі;
Тармақша 3
3) электр энергиясы апатты ажыраған жағдайда ПӘИБП-ны уақытша сақтауға арналған термоконтейнер;
Тармақша 4
4) жұмыс үстелі, орындықтар;
Тармақша 5
5) ПӘИБП-ны пайдалануға дайындауға арналған медициналық үстел;
Тармақша 6
6) аспаптар мен дәрілік заттарды сақтауға арналған медициналық шкаф;
Тармақша 7
7) жөргекке орау үстелі және (немесе) медициналық кушетка;
Тармақша 8
8) стерильді материалы бар бикс;
Тармақша 9
9) қолды өңдеуге арналған антисептигі бар шынтақтық дозатор;
Тармақша 10
10) тонометр, термометрлер, бір рет қолданылатын шприцтер, қалақшалар;
Тармақша 11
11) ПӘИБП-ның қалдықтарын зарарсыздандыруға арналған ыдыс;
Тармақша 12
12) пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтерді қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК).
Тармақ 2. 2-параграф. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-параграф. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 13
13. Профилактикалық егу жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмағанда – фельдшер егілетін адамға медициналық тексеріп-қарау жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпаратты береді. Профилактикалық егу жүргізу алдында егілетін адамды медициналық зерттеп-қарау ол денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған жағдайда және (немесе) аурудың объективті симптомдары бар болған кезде жүргізіледі. Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша түрде ресімделеді.
Тармақ 14
14. Профилактикалық егуді жүргізу алдында егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне сауал жүргізу медицина қызметкерлеріне арналған сауалнама бойынша осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 15
15. ИКҚК дамуының алдын алу үшін халыққа профилактикалық егу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген профилактикалық егу жүргізуге қарсы көрсетілімдерді ескере отырып жүргізіледі. Инфекциясы бар науқаспен қарым-қатынаста болу, шектеу іс-шаралары жоспарлы егу жүргізу үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Тармақ 16
16. Адамның иммун тапшылығы вирусымен (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы) өмір сүретін адамдарға профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 17
17. ПӘИБП-ны қолдану алдында оған қоса берілген нұсқаулықты, ампуланың (құтының, ПӘИБП бар шприцтің) жарамдылық мерзімін, таңбалануын және бүтіндігін, препараттың қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкестігін зерделеу қажет.
Тармақ 18
18. Мына вакциналар мен басқа да ПӘИБП-ны:
Тармақша 1
1) құрамында антиген азайтылған адсорбцияланған дифтерия-сіреспе анатоксинін (бұдан әрі – АДС-М), сіреспе анатоксинін (бұдан әрі – АС), бүтін жасушалы (бұдан әрі – АКДС) және жасушасыз көкжөтел компоненті бар (бұдан әрі – АбКДС) адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасынан тұратын вакциналарды, вирустық гепатиттерге, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналарды және белсенділігі жойылған полиомиелитке қарсы вакцинаны, сондай-ақ мұздатуға жатқызылған басқа да сұйық және адсорбацияланған вакциналарды;
Тармақша 2
2) құты индикаторының немесе басқа да термоиндикаторлардың көрсеткіштерінің негізінде жоғары температураның әсеріне ұшыраған вакциналарды;
Тармақша 3
3) вакциналарды сақтауға қойылатын тиісті талаптар сақталмаған жағдайда ашылған құтылардағы вакциналарды пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 19
19. Лиофилизацияланған вакциналарды (қызылшаға, паротитке, қызамыққа, гемофильдік инфекцияға, туберкулезге қарсы) асептика қағидаларын қатаң сақтай отырып вакцинаға қоса берілетін стандартты еріткішпен ерітеді.
Тармақ 20
20. ПӘИБП-ны еріту кезінде еріткіштің температурасы ПӘИБП-ның температурасына сәйкес келеді. Еріткіш мұздатылуға жатпайды.
Тармақ 21
21. Халыққа вакциналарды және басқа да ПӘИБП-ны енгізудің қауіпсіздігі мақсатында:
Тармақша 1
1) ПӘИБП-ты енгізу орнын өңдеу, егер вакцинаға қоса берілетін нұсқаулықтарда басқа нұсқаулар болмаса, 70 % спиртпен жүргізіледі;
Тармақша 2
2) ПӘИБП-ны енгізу үшін стерильді өздігінен блокталатын және өздігінен бұзылатын шприцтерді, скарификаторды пайдалану; қаптаманың бүтіндігі бұзылған, сақтау мерзімі аяқталған, көрінетін ластану белгілері бар шприцтер мен инелер жойылады;
Тармақша 3
3) қаптаманы тікелей шприцті пайдалану алдында ашу;
Тармақша 4
4) ПӘИБП-ның әрбір құтысын еріту үшін бір рет қолданылатын стерильді шприцті және инені пайдалану және ПӘИБП-ны еріткеннен кейін дереу құты тығынынан инені алу;
Тармақша 5
5) егер ПӘИБП-ның нұсқаулығында басқаша көзделмесе, еріту кезінде ПӘИБП-ға еріткіштің толық мөлшерін пайдалану;
Тармақша 6
6) ПӘИБП-ны енгізген кезде енгізу техникасын сақтау және дене аймағын дұрыс таңдау (1 жасқа дейінгі балалар үшін вакцина енгізу орны – санның алдыңғы латеральды аймағы, 1 жастан асқан балалар және ересектер үшін – иықтың дельта тәрізді бұлшық еті аймағы);
Тармақша 7
7) ПӘИБП-сы бар құты тығынын өңдеу және ПӘИБП енгізілетін дене аймағын өңдеу үшін бөлек стерильді мақта немесе дәке шариктерді немесе бір рет қолданылатын антисептикалық сулықтарды пайдалану;
Тармақша 8
8) дене аймағын өңдеуге арналған стерильді мақта немесе дәке шариктерді спиртте емес, құрғақ күйінде сақтау;
Тармақша 9
9) бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану;
Тармақша 10
10) шприц қаптамасын ашқаннан кейін ПӘИБП-ны енгізуге дейін мүмкіндігінше ең аз уақытты қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) ПӘИБП-ны енгізу кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған баланың дұрыс қалпын сақтау;
Тармақша 12
12) егу кабинеттерін ПӘИБП-мен, өздігінен блокталатын және өздігінен бұзылатын шприцтермен кешенді қамтамасыз ету қағидатын сақтау;
Тармақша 13
13) ҚЖКЖК-ны егу тікелей жүргізілетін орынның жанында орнықты бетке орналастыру;
Тармақша 14
14) пайдаланылған инесі бар шприцтерді инъекциядан кейін алдын ала жумай, дезинфекцияламай, бөлшектемей және қалпын өзгертпей дереу ҚЖКЖК-ға жинау;
Тармақша 15
15) ҚЖКЖК қақпағын төрттен үш бөлігі (немесе белгіге дейін) толған кезде жабу;
Тармақша 16
16) пайдаланылған шприцтермен толтырылған ҚЖКЖК-ны уақытша сақтау үшін арнайы орын бөлу;
Тармақша 17
17) толтырылған ҚЖКЖК-ны жою қажет етіледі.
Тармақ 22
22. Туберкулезге қарсы егуді қоспағанда, бір күнде профилактикалық егулердің әр түрлері қосылады. Вакциналар дененің әр бөлігіне әртүрлі шприцтермен салынады.
Тармақ 23
23. Егер ПӘИБП бір күнде енгізілмеген болса, тірі вакциналар арасында кемінде төрт апта аралық сақталады. Тірі және белсенділігі жойылған вакциналар енгізудің арасында аралық сақталмайды.
Тармақ 24
24. № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес ВВГ-ға қарсы егілмеген адамдар мынадай схема бойынша егіледі:
Тармақша 1
1) туған кезінде вакцинацияланбаған алты жасқа дейінгі балалар –егулердің арасы екі ай аралықпен 0-2-4;
Тармақша 2
2) бұрын вакцинацияланбаған алты жастан асқан балалар мен ересектер – бірінші мен екінші егулердің арасы бір ай, екінші мен үшіншінің арасы бес ай аралықпен 0-1-6.
Тармақ 25
25. Дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы иммундау құрамында АКДС бар және АбКДС бар вакциналармен, сондай-ақ АДС-М жүргізіледі. Көкжөтел компонентіне қарсы көрсетілімдер бар болған кезде иммундау АДС-М-мен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен бірінші вакцинациялауға дамыса, онда АДС-М-мен екінші егуді 3 айдан ерте жүзеге асырмайды;
Тармақша 2
2) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен екінші вакцинациялауға дамыса, онда дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинациялау курсы аяқталған болып саналады. Екі жағдайда да АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12 айдан кейін жүргізеді;
Тармақша 3
3) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен үшінші вакцинациялауға дамыса, АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12-18 айдан кейін жүргізеді.
Тармақ 26
26. Құрамында АбКДС бар вакциналармен алғашқы вакциналық кешен кеш аяқталған жағдайда бірінші ревакцинациялау кемінде 1 жыл аралықпен жүргізіледі, құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналар 7 жастан асқан балаларға қолданылмайды.
Тармақ 27
27. Бұрын егілмеген:
Тармақша 1
1) 7 жасқа дейінгі балалар құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналармен мынадай схема бойынша егіледі: 2 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін;
Тармақша 2
2) 7 жастан асқан балалар мен ересектер мынадай схема бойынша егіледі: құрамындағы дифтерия анатоксині азайтылған АбКДС 1 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін.
Тармақ 28
28. Пневмококк инфекциясына қарсы иммундау мерзімдері бұзылған балалар мынадай жолмен:
Тармақша 1
1) өмірінің 12 айына дейінгі балалар 2 ай аралықпен 2 дозаны және 12-15 айлығында үшінші дозасын алады, бірақ екінші дозадан кейін 4 айдан бұрын емес;
Тармақша 2
2) өмірінің бірінші жылында бір реттік вакцинация алған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен 2 доза алады; бұрын вакцинацияланбаған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен екі рет егіледі;
Тармақша 3
3) бұрын вакцинацияланбаған 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар бір рет егіледі.
Тармақ 29
29. Сіреспенің шұғыл профилактикасы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Қан ұюы бұзылған (гемофилия) пациенттерге барлық вакциналарды сақтық шараларын орындай отырып, тері астына немесе тері ішіне салады.
Тармақ 31
31. Иммуноглобулин немесе қан препараты енгізілгеннен кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналарды енгізу кемінде үш айға кейінге қалдырылады. Иммуноглобулиндерді немесе қан препараттарын енгізу аралығында аралық сақталмай, құрамында АбКДС бар вакцина, АДС-М, туберкулезге, пневмококк инфекциясына қарсы, ауыз арқылы қабылдайтын полиомиелит вакцинасы (бұдан әрі – АПВ) енгізіледі.
Тармақ 32
32. Халықты қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундау үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцина (бұдан әрі – ҚҚП) және қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакциналар пайдаланылады. Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялаудың арасындағы аралығы 6 айдан кем емес.
Тармақ 33
33. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, АПВ, туберкулезге қарсы вакциналарды енгізгеннен кейін иммуноглобулинді енгізу үшін кемінде екі апта аралық сақталады. Құрамында АбКДС бар вакцинаны, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны, АДС-М енгізгеннен кейін аралық сақталмайды.
Тармақ 34
34. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АПВ вакцинасымен иммундау кезінде ҚҚП-мен аралық сақталмайды.
Тармақ 35
35. Иммундау кезінде:
Тармақша 1
1) сары қызбаға қарсы вакцинаны тырысқаққа және А және В паратифтеріне қарсы вакцинамен;
Тармақша 2
2) іш сүзегіне қарсы тірі вакцинаны және обаға қарсы вакцинаны;
Тармақша 3
3) дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушасыз), ВВГ-ға, полиомиелитке (белсенділігі жойылған), В типті гемофильді инфекцияға қарсы құрамдастырылған вакцинаны және желшешекке қарсы вакцинаны қосуға болмайды.
Тармақ 36
36. Вакцина дозаларының арасындағы аралықтар вакциналар мен басқа да ПӘИБП қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталады.
Тармақ 37
37. «Ашылған құтыларды» пайдалануға мына:
Тармақша 1
1) препараттың жарамдылық мерзімі аяқталмаған;
Тармақша 2
2) сақтау температурасы сақталған;
Тармақша 3
3) стерильдігі сақталған;
Тармақша 4
4) вакцинаның көзге көрінетін өзгерістері болмаған жағдайларда пайдаланылады.
Тармақ 38
38. Құрамында АбКДС бар вакцинаның, АДС-М, АС, полиомиелитке, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналардың, А және В гепатитіне қарсы вакциналардың «ашылған құтыларын» осы Санитариялық қағидалардың 37-тармағында жазылған шарттар сақталған жағдайда үш тәулік ішінде пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 39
39. Вакциналардың «ашылған құтыларының» заттаңбасында құтылардың ашылған күні мен уақыты көрсетіледі.
Тармақ 40
40. «Ашылған құтылар» бір егу кабинетінен екіншісіне тасымалданбайды.
Тармақ 41
41. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, туберкулезге, сары қызбаға қарсы вакциналар еріткіштермен араластырылғаннан кейін дереу немесе егер, нұсқаулықта рұқсат етілген болса, кейіннен вакциналардың қалдықтары жойыла отырып, алты сағат ішінде қолданылады.
Тармақ 42
42. Ампулаларда шығарылатын ПӘИБП ашылғаннан кейін дереу қолданылады.
Тармақ 43
43. Халықты иммундау үшін пайдаланылған құтылар мен ампулалар, оның ішінде ПӘИБП қалдықтары бар құтылар мен ампулалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12122 болып тіркелген) бекітілген Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидаларына сәйкес жойылады.
Тармақ 44
44. ПӘИБП-ны сақтау мерзімдері:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының орталық қоймаларында – келіп түскен күнінен бастап алты айдан;
Тармақша 2
2) қаладағы аудандардың, аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың медициналық ұйымдарының қоймаларында – келіп түскен күнінен бастап үш айдан;
Тармақша 3
3) тікелей егу жүргізетін медициналық ұйымдарда – келіп түскен күнінен бастап бір айдан;
Тармақша 4
4) егу пункттерінде (мектептер, бала бақшалар және балаларға арналған басқа да ұйымдар) – келіп түскен күнінен бастап бір аптадан аспайды. Егу пункттерінде ПӘИБП-ны белгіленген сақтау мерзімінде пайдаланбаған жағдайда олардың қалдықтары 5 жұмыс күні ішінде жоғары тұрған деңгейдегі медициналық ұйымдарға тапсырылады.
Тармақ 45
45. Егуді алғаннан кейін егілген адамдар ИКҚК туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медицина қызметкерінің бақылауында болады. Кейіннен медицина қызметкері белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 3 күнде және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күнінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 46
46. Профилактикалық егулерді және ИКҚК есепке алу егу жүргізілген орындағы денсаулық сақтау объектілерінде, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, білім беру объектілерінде сақталатын есепке алу нысандарына: «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген профилактикалық егулерді есепке алу журналына (064/е нысаны), баланың даму тарихына (№ 112/е нысаны), жаңа туған нәрестенің даму тарихына (097/е нысаны), профилактикалық егулер картасына (№ 063/е нысаны), баланың медициналық картасына (№ 026/е нысаны), амбулаториялық пациенттің медициналық картасына (№ 025/е нысаны) тиісті жазбалармен жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. Құрамында АбКДС бар вакцинаны енгізгеннен кейін егілілген адамға егуден кейін 1 сағаттан соң және әрі қарай клиникалық көрсетімдері болған жағдайда әр 6 сағат сайын, бірақ жас ерекшелігіне сәйкес дозаларда 1-3 тәулік бойы тәулігіне 4 реттен көп емес парацетамол немесе ибупрофен бере отырып, ИКҚК профилактикасы жүргізіледі.
Тармақ 48
48. Егілген адамға шақыртылған медицина қызметкері осы шақыртуға тез арада қызмет көрсетеді, кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді және көрсетілімдер болған жағдайда оны емдеуге жатқызады. ИКҚКА-ға күдіктену кезінде медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жедел хабарлама жібереді.
Тармақ 49
49. Халыққа профилактикалық егулерді жүргізу толықтығын, халықты есепке алуды және жоспарлауды үйлестіру мен бақылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жүктелген:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары профилактикалық егулердің жылдық жоспарларын жасайды және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 2
2) балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге профилактикалық егулер жүргізетін медициналық ұйымдар, басқа да мемлекеттік органдардың ұйымдары (бөлімшелері) профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырады және Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес профилактикалық егулермен қамту туралы есептерді ай сайын тапсырады.
Тармақ 50
50. Профилактикалық егулердің жылдық жоспарын жасау кезінде келесі жылдың 1-ші тоқсанына вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттар қорының көлемі көзделеді.
Басқа 1. Профилактикалық егулер жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту
«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Профилактикалық егулер жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту Мен, төменде қол қоюшы ____________________________________________________________________________ (кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (өзге заңды өкілінің) Т.А.Ә. (бар болса))осы құжатпен дәрігердің мыналар туралы ақпарат бергенін растаймын: 1)профилактикалық егуді жүргізудің қажеттілігі туралы; 2)профилактикалық егуді жүргізер алдында медициналық тексеріп-қараудың қажеттілігі туралы; 3)профилактикалық егуді жүргізгеннен кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер туралы; 4)иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер дамыған кезде медициналық ұйымға уақтылы жүгіну қажеттілігі туралы; 5)профилактикалық егуден бас тартудың салдары туралы. Барлық туындаған сұрақтарға жауап алдым: _________________ (иә/жоқ) Толық ақпарат алып: профилактикалық егуді жүргізуге (-ден) келісемін / бас тартамын _______________________________________________________________________ (препараттың атауы) Бас тарту себебі:_______________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Т.А.Ә.(бар болса)_______________________________________________________________ (медицина қызметкерінің) Күні 20___ жылғы «____» _____________ Қолы _______________________
Басқа 2. Профилактикалық егуді жүргізу алдында егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне сауал жүргізу үшін медицина қызметкерлеріне арналған сауалнама
«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Профилактикалық егуді жүргізу алдында егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне сауал жүргізу үшін медицина қызметкерлеріне арналған сауалнама Санаттар Сұрақтар Иә / жоқ Міндетті сұрақтар Егілетін адамның (баланың) жалпы қандай? Жіті ауруы бар ма? Қандай да бір дәріге, тамақ өнімдеріне немесе вакциналарға аллергиясы бар ма? Бұрын қандай да бір вакцина салынғанда күрделі реакция болды ма? Ми мен жүйке жүйесінің тырысуы немесе патологиясы байқалды ма? Демікпе, өкпе, жүрек, бүйрек ауруларының, метаболизм аурлары (диабет) бар ма? Тірі вакциналар үшін қосымша Онкологиялық аурулар бар ма? АИТВ/ЖИТС, иммундық жүйе жағынан қандай да бір проблемалар бар ма? Соңғы 3 айда кортизонмен, преднизолонмен және басқа да стероидтермен, ісікке қарсы препараттармен емделді ме, сәулелік терапия өткізілді ме? Соңғы 4 аптада иммундау жүргізілді ме? Ересектерге арналған Жүктіліктің бар ма немесе келесі ай ішінде жүктіліктің болу ықтималдығы бар ма? Дәрігердің пікірінше қажетті болып табылатын қосымша мәліметтер
Басқа 3. Профилактикалық егулер жүргізуге қарсы көрсетілімдер
«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 3-қосымша Профилактикалық егулер жүргізуге қарсы көрсетілімдер
Тармақ 1
1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер:
Тармақша 1
1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа дейін және оданда жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникаялық-гипореактивті синдром);
Тармақша 2
2) осы вакцинаны бұрын салғанда болатын асқынулар – тез болатын аллергиялық реакциялар, оның ішінде егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок, вакцина салғаннан кейін жеті күн ішінде пайда болатын және бұл белгілерді түсіндірудің басқа себептері жоқ энцефалит немесе энцефалопатия (естің деңгейінің өзгеруімен, құрысу байқалатын).
Тармақ 2
2. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясын қоса алғандағы тұрақты иммун тапшылығы жағдайы;
Тармақша 2
2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік;
Тармақша 3
3) жүктілік.
Тармақ 3
3. Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер:
Тармақша 1
1) орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – вакцинациялау сауыққан күннен бір жылға дейінгі мерзімге қалдырылады;
Тармақша 2
2) жіті гломерулонефрит – вакцинациялау сауыққан соң 6 айға дейін кейінге қалдырылады; нефротиялық синдром – вакцинациялау кортикостероидтермен емделу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады;
Тармақша 3
3) температураға байланыссыз ауырлығы орта және ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар - вакцинациялау сауыққаннан кейін 2-4 аптадан соң рұқсат етіледі;
Тармақша 4
4) әртүрлі патология кезінде стероидтерді, сондай-ақ иммундық-супрессивті қасиеттерге ие басқа да препараттарды қолдану;
Тармақша 5
5) біртіндеп ұлғаятын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар вакцинациялауға жатқызылмайды; асқынатын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар ремиссия кезеңінде егіледі.
Тармақ 4
4. Вакциналардың жекелеген түрлеріне қосымша қарсы көрсетілімдер:
Тармақша 1
1) туберкулезге қарсы вакцинаға (БЦЖ): шала туғандық (сәби денесінің салмағы 2000 граммнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас); алғашқы туысқандық дәрежедегі адамдарда анықталған БЦЖ генерализацияланған инфекциясы (тұқым қуалаған иммун тапшылығының ықтималдығы); БЦЖ вакцинасын бұрын салғаннан кейін пайда болатын вакцинадан кейінгі кезеңнің асқынып өтуі; орталық жүйке жүйесінің зақымдануы – жүйке жүйесінің туа біткен аурулары және орталық жүйке жүйесінің неврологиялық симптомы бар перинаталдық зақымдануы (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі); жаңа туған сәбилердің гемолитикалық ауруы (ауырлығы орта және ауыр түрлері); құрсақ ішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердегі сепсис; туберкулездің микобактерияларын жұқтыру, анамнезінде туберкулездің болуы; оң немесе күмәнді Манту реакциясы;
Тармақша 2
2) ауыз арқылы қабылдайтын тірі полиомиелит вакцинасына (бұдан әрі – АПВ): иммундаудан кейін 30 күн ішінде АПВ бұрынғы дозасын салғанда параличтің немесе парездің дамуы; иммун тапшылығы бар адамдармен тұрмыстық жанасу. Осы жағдайларда вакцинациялау белсенділігі жойылған полиомиелиттік вакцинамен (бұдан әрі – БПВ) жүргізілуі мүмкін.
Тармақша 3
3) БПВ-ға: вакциналарды өндіруде қолданылатын неомицинге немесе стрептомицинге шұғыл аллергиялық реакциялар;
Тармақша 4
4) жасушасыз көкжөтел компоненті бар көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы адсорбцияланған вакцинаға (бұдан әрі – АбКДС) және құрамында АбКДС бар (бұдан әрі – құрамында АбКДС бар вакцина) құрамдастырылған вакциналарға: инфантильдік спазмдарды, бақыланбайтын эпилепсияны қоса алатын үдемелі орталық жүйке жүйесі аурулары, вакцинациялаудан кейін жеті күн ішінде пайда болатын үдемелі энцефалопатия (естің деңгейінің өзгеруі), сондай-ақ алдыңғы вакцинациялаудан кейін 3 күнге дейін дамыған афебрильді құрысулар; вакцина өндіруде қолданылатын вакцина ингредиентіне расталған жүйелі реакция (глютаральдегид, неомицин, стрептомицин, полимиксин В);
Тармақша 5
5) құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаға (АДС-М, АС): құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаны бұрын салғаннан кейін алты апта ішінде пайда болатын Гийен-Барре синдромы.
Тармақша 6
6) құрамында аттенуирленген тірі вирустар бар вакциналарға: тауық жұмыртқасының ақуызына (егер вакцина вирустары тауық эмбриондарында өсірілетін болса), вакцина өндіруде қолданылатын аминогликозидтер, неомицин және басқа да антибиотиктерге анафилактикалық реакциялар.
Тармақша 7
7) тауық эмбриондарында алынған тұмауға қарсы вакцинаға: тауық жұмыртқасының ақуызына, штаммдарды өсіруге арналған орта компоненттеріне (ақуыздар, антибиотиктер және басқа да заттар) аллергиялық реакциялар;
Тармақша 8
8) ВВГ-ге қарсы вакцинаға және құрамында жекелеген рекомбинантты иммуногендер бар басқа да рекомбинантты немесе кешенді вакциналарға: ашытқы тәрізді зең компоненттеріне, бактерияларға немесе вакциналар өндіруде қолданылатын басқа да жасушаларға шұғыл аллергиялық реакциялар.
Басқа 4. Адамның иммунитет тапшылығы вирусымен (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы) өмір сүретін адамдарға профилактикалық егуді жүргізу
«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 4-қосымша Адамның иммунитет тапшылығы вирусымен (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы) өмір сүретін адамдарға профилактикалық егуді жүргізу
Тармақ 1
1. АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға (бұдан әрі – АӨСА) профилактикалық егу жүргізуді ұйымдастырудың негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясы диагнозы бар адамдарға және АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балаларға жүргізілетін профилактикалық егулер ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігерінің консультациясынан кейін жүргізіледі;
Тармақша 2
2) белсенділігі жойылған вакциналар иммундық жүйесі бұзылған адамдар үшін қауіп тудырмайды және сау адамдарға арналған принциптерде қолданылады;
Тармақша 3
3) тірі вакциналар АИТВ инфекциясының клиникалық белгілері бар науқастарды қоса алғанда ауырлығы орта және ауыр иммундық-супрессия байқалатын АИТВ жұқтырғандарға қарсы көрсетілген;
Тармақша 4
4) иммундық-супрессия белгілері байқалмайтын немесе аз байқалатын АӨСА-ды тірі вакциналармен вакцинациялау АИТВ-ны жұқтырмағандарға сияқты жүргізіледі.
Тармақ 2
2. АӨСА-ды туберкулезге қарсы вакцинациялау:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған сәбилерге АИТВ инфекциясының клиникалық белгілері және осы вакцинаны енгізуге басқа да қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда бір рет егіледі; босандыру бөлімшелерінде белгіленген мерзімде егілмеген сәбилерге 4 апта ішінде егіледі; төртінші апта өткеннен кейін генерализацияланған БЦЖ-инфекциясының даму тәуекелі себебінен БЦЖ-ны енгізуге болмайды.
Тармақша 2
2) күнтізбелік мерзімдерде егілмеген және вакцинадан кейінгі белгілер дамымаған балаларға АИТВ-ны жұқтырғандығы туралы соңғы қорытынды шыққанға дейін БЦЖ-мен вакцинациялау жүргізілмейді;
Тармақша 3
3) АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған, бірақ АИТВ-ны жұқтырмаған балаға Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жағдайда БЦЖ вакцинациялауын белгіленген мерзімде қайтадан жүргізуге болады.
Тармақ 3
3. АӨСА-ды қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациялау: қызылшаның таралу қаупі кезінде 6-11 ай аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы бір рет екпе жасауға болады. Содан кейін 12-15 айларында қызылшаға қарсы жоспарлы иммундау жүргізіледі (вакциналарды енгізу арасындағы аралық кемінде 1 айды құрайды).
Тармақ 4
4. АӨСА-ды полиомиелитке қарсы вакцинациялау БПВ жүргізіледі. Иммунитет тапшылығының деңгейіне қарамастан, АӨСА-ға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне және жақын қарым-қатынастағы адамдарға АПВ-ны енгізуге болмайды.
Тармақ 5
5. АӨСА-ды іш сүзегіне қарсы вакцинациялау: иммунитет тапшылығының айқын көрінуіне қарамастан, АӨСА-ға іш сүзегінің тірі вакцинасын тағайындауға болмайды.
Тармақ 6
6. АӨСА-ды сары қызбаға қарсы вакцинациялау: вакцинациялаудан тиген пайда тәуекелден асқан жағдайда клиникалық сатыға және иммунитет тапшылығына байланыссыз жүргізіледі.
Тармақ 7
7. АӨСА-ды құрамдастырылған белсенділігі жойылған вакциналармен иммундау:
Тармақша 1
1) клиникалық сатысына және иммундық мәртебесіне қарамастан, құрамында АбКДС бар вакциналармен және пневмококк инфекциясына қарсы вакцинамен белгіленген мерзімде және ұсынылатын дозаларда егіледі;
Тармақша 2
2) 5 жасқа дейінгі балаларды гемофильді инфекцияның В типіне қарсы компоненті бар құрамдастырылған вакцинамен иммундау осы инфекцияның тәуекелін және иммундау артықшылығын бағалаумен жүргізіледі;
Тармақша 3
3) А вирустық гепатитіне қарсы вакцинациялау АИТВ инфекциясының және иммунитет тапшылығының болуына қарамастан А вирустық гепатитін жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін ұсынылады;
Тармақша 4
4) ВВГ-ға қарсы вакцинациялау ВВГ-ның серологиялық маркерлері болмайтын АӨСА үшін ұсынылады. Вакцинациялау схемасын CD4 лимфоциттердің болуына сәйкес қолданады: егер СD4 лимфоциттерінің саны бір микролитрге (бұдан әрі – мкл) 500-ден жоғары болса, вакцинациялауды стандартты дозамен – ересектер үшін 20 микрограммен (бұдан әрі - мкг), балалар үшін 10 мкг-мен жүргізеді; вакцинаны 0,1 және 6 ай мерзімдерде енгізеді; егер СD4 лимфоциттерінің саны бір мкл 200-500 болса, вакцинациялауды қарқынды схема (20 мкг) бойынша 0, 1, 2 және 12 ай мерзімдерде жүргізеді; бірінші вакцинациялау курсына жауап бермеген адамдарға вакцинаның қосымша дозаларын енгізеді немесе 40 мкг дозаны қолдана отырып, толық вакцинациялау курсын өткізеді; егер СD4 лимфоциттерінің саны бір мкл-де 200-ден кем болса және АӨСА-лар антиретровирусты терапия (бұдан әрі – АРТ) қабылдамаса, алдымен АРТ өткізеді. Вакцинациялауды СD4 лимфоциттерінің саны бір мкл-де 200-ден жоғары болғанға дейін кейінге қалдырады.
Тармақша 5
5) тұмауға қарсы белсенділігі жойылған вакциналармен вакцинациялауды эпидемиялық маусым басталғанға дейін жүргізеді;
Тармақша 6
6) менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды менингококкты инфекция бойынша эндемиялық елдерге баруды жоспарлайтын адамдарға олардың АИТВ-мәртебесіне қарамастан жүргізеді;
Тармақша 7
7) құтырмаға қарсы өмірлік көрсетілімдері бойынша (қарсы көрсетілмеген).