О ставках земельного налога Күшін жойған
Басқа 0
Жер салығынының мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандығы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы «Жер салығының базалық мөлшерлемелері туралы» №74 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5775 нөмерімен тіркелген, 2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ.Сүлейменов ________________
"10" шілде 2018 жыл