Об утверждении типовой формы договора об аутсорсинге услуг в сфере занятости населения Күшін жойған
Басқа 0
Халықты жұмыспен қамту
саласында көрсетілетін қызметтердің
аутсорсингі туралы шарттың
үлгілік нысанын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
______________ Р. Дәленов
2018 жылғы 27 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы «___»________
Басқа 10. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы үлгілік шарт
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 256 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы үлгілік шарт
_______________ қаласы 20___ жылғы «_____» _________
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын_________________________
_____________________________________халықты жұмыспен қамту орталығы
(ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
атынан негізінде әрекет ететін__________________________________________
(жарғы, 20____жылғы «____»__________ №_______сенiмхат)
____________________________________________________________________
(қол қоятын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын __________________
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке тұлғаның тегі, аты,
атынан әкісінің аты (бар болса) жеке сәйкестендiру нөмiрі)
атынан әрекет ететін_____________________________________________________
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, осы халықты жұмыспен
қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шартты (бұдан әрі – Шарт)
жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Өнім беруші адам саны ___ құрайтын тіркелген жұмыссыздарға, оның ішінде бірінші санаттағы ___ адамға, екінші санаттағы ___ адамға, үшінші санаттағы ___ адамға қатысты еңбек делдалдығы бойынша, сондай-ақ Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға және Қызмет бағасына (тарифтерге) сәйкес әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша қызметттерді көрсетуге (бұдан әрі – Қызметтер) міндеттенеді, ал ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті қабылдауға және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда ол үшін ақы төлеуге мiндеттенедi:
«ерекшеліктің коды» ерекшелігі бойынша – «шарттың атауы».
Тармақ 2
2. Шартта ескертілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тарау 2. 2. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу тәртібі
2. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Осы Шарт бойынша жалпы сома________________________________
(сомасын жазу)
(бұдан әрі – Шарт сомасы) құрайды, соның ішінде Шарттың сомасы:
___ жылға ____ теңгені (сомасын жазу) құрайды;
___ жылға ____ теңгені (сомасын жазу) құрайды.
<соның ішінде, егер Өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, ҚҚС сомасын не Өнім беруші ҚҚС төлеуші болып табылмаған жағдайда ҚҚС болмауын көрсету>
Тіркелген жұмыссыздарға қатысты еңбек делдалдығы бойынша Қызмет көрсету бойынша бағасы:
бірінші санаттағы жұмыссызға _____ теңгені,
екінші санаттағы жұмыссызға _____ теңгені,
үшінші санаттағы жұмыссызға _____ теңгені құрайды.
Тармақ 4
4. Өнім берушінің Қызметтерін қаржыландыру осы Шартта көзделген қаражат шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтердің көлемін ескере отырып түзетілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Осы Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге ақы төлеу:
Тармақша 1
1) Қызметтің бірінші кезеңін орындағаны үшін – Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей Тапсырыс беруші алдын-ала төлемді Шарттың сомасынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын мөлшерде жүргізеді.
Осы Шарттың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмыссыздар жұмысқа орналастырылмаған жағдайда Өнім беруші алдын ала төлем сомасының бір бөлігін қайтаруды Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, Өнім берушінің ұсынған көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыздардың санына пропорционалды түрде жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қызметтің екінші кезеңін орындағаны үшін – Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмыссыз бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) 3 (үш) ай үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде Қызмет көрсету үшін бағаның 50 (елу) пайызы;
Тармақша 3
3) Қызметтің екінші кезеңін орындағаны үшін – Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмыссыз бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) 6 (алты) ай үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде Қызмет көрсету үшін бағаның 30 (отыз) пайызы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
Тарау 3. 3. Қызметтерді көрсету
3. Қызметтерді көрсету
Тармақ 8
8. Өнім беруші еңбек делдалдығын жүзеге асырады және Шарт бойынша бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) кемінде 6 (алты) ай үздіксіз жұмыспен қамту ұзақтығымен жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізеді қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жұмыссызды Шарт бойынша жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Осы Шарттың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыздарға еңбек делдалдығы және тұрақты жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуді Тапсырыс беруші жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 11
11. Өнім берушінің:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушіден осы Шарттың талаптары бойынша ақпарат сұратуға және оны уақтылы және толық көлемде алуға;
Тармақша 3
3) Қызметтерді көрсету кезінде «Еңбек биржасы» (www.enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсын пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 12
12. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсаттарға Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ақпаратты пайдаланбауға;
Тармақша 3
3) Тапсырыс берушінің талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
Тармақша 4
4) Өнім берушінің Шарт талаптарын тиісінше орындамауына және (немесе) өзге де заңсыз әрекеттеріне байланысты келтірілген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;
Тармақша 5
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болуға;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушіге шартты іске асыру туралы ақпаратты ай сайын беруге;
Тармақша 7
7) осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаржы қаражатының болмауы немесе жеткіліксіз болуы қатерлерін болдырмау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.
Тармақ 13
13. Тапсырыс берушінің:
Тармақша 1
1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсетумен байланысты ақпаратты сұратуға құқығы бар.
Тармақ 13
13. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) осы Шартта белгіленген тәртіп пен мерзімдерде Өнім берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге;
Тармақша 2
2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздігін анықтаған кезде кешіктірмей Өнім берушіні хабардар етуге;
Тармақша 3
3) Өнім берушінің сұрауы бойынша Шарт талаптарын түсіндіруге;
Тармақша 4
4) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) жұмыссыздар туралы дәйекті (өзекті) ақпарат ұсынуға;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болуға міндетті.
Тарау 5. 5. Тараптардың жауапкершілігі
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 14
14. Тараптар осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 15
15. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
Тармақ 16
16. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Тарау 6. 6. Шартты өзгерту және бұзу
6. Шартты өзгерту және бұзу
Тармақ 17
17. Шартқа өзгерістер мынадай:
Тармақша 1
1) Қызметтердің осы Шартта көзделген сомасы немесе көлемі өзгерген жағдайда;
Тармақша 2
2) Қызметтердің бағасын және тиісінше Шарт сомасын азайту бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;
Тармақша 3
3) егер Өнім беруші өзімен жасалған Шартты орындау процесінде Қызмет бірлігі үшін бағаны өзгертпей анағұрлым жақсы сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларды не өзімен жасалған Шарттың мәні болып табылатын Қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайларда енгізіледі.
Тармақ 18
18. Осы шарттың сомасы мына:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтер көлемін өзгерткен;
Тармақша 2
2) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған;
Тармақша 3
3) жұмыссыз Өнім беруші көрсететін еңбек делдалдығы қызметтерінен бас тартқан;
Тармақша 4
4) осы Шарттың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмыссыз өз бетінше жұмысқа орналасқан;
Тармақша 5
5) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындаудан бас тартқан жағдайларда өзгертілуге тиіс.
Тармақ 19
19. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда Тараптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде соманы, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тоқтату себебін, күнін көрсетіп, жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Тармақ 20
20. Тараптардың осы Шарт талаптарын орындамауы, уақтылы және тиісінше орындамауы оны біржақты тәртіппен бұзуға негіз болып табылады.
Тармақ 21
21. Осы Шарт Тараптардың еркін нысанда хабарлама жіберуі арқылы осы Шарттың 20-тармағында көзделген фактілер анықталған күннен бастап бұзылады.
Тарау 7. 7. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
7. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
Тармақ 22
22. Осы Шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған немесе тиiсінше түрде орындамаған Тараптар, егер тиісінше орындамағаны еңсерілмейтін күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және алдын алуға болмайтын жағдаяттардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары) салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауапкершілікте болады.
Тармақ 23
23. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары орын алған жағдайда Тараптар осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасы уәкілетті органының еңсерілмейтін күш жағдаяттарының туындағанын растайтын ресми құжаттары еңсерілмейтін күш жағдаяттарына дәлел болады.
Тармақ 24
24. Уақтылы хабарламау Тараптарды осы Шарт бойынша жауапкершіліктен босататын негіздеме ретінде осы Шарттың 22-тармағында көзделген жағдаяттарға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 25
25. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары тоқтағаннан кейін Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын тез арада жалғастырады және осы Шарттың 22-тармағында көзделген жағдаяттар тоқтағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тарау 8. 8. Дауларды шешу тәртібі
8. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 26
26. Тараптар арасында осы Шарт бойынша немесе онымен байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
Тармақ 27
27. Осы Шарт аясында Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйке шешіледі.
Тарау 9. 9. Өзге де талаптар
9. Өзге де талаптар
Тармақ 28
28. Осы Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, басқасы Өнім берушіде болады.
Тармақ 29
29. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
Тармақ 30
30. Осы Шартқа сәйкес басқа Тарапқа жіберілетін Тараптардың хабарламалары кейіннен түпнұсқалары беріліп, почта байланысы, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылады.
Тармақ 31
31. Осы Шарт <Қол қойылған күнінен> бастап күшіне енеді және _______ дейін қолданылады.
Тармақ 32
32. Қажет болған жағдайда Шарт мерзімі Тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Тарау 10. 10. Тараптардың деректемелері
10. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші
Өнім беруші
__________________________________
(толық атауы)
___________________________________
(заңды мекенжайы)
___________________________________
(телефон, факс)
___________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
______________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
___________________________________
(банк атауы)
___________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
(қолы)
__________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аті, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________
(мекенжайы)
___________________________________
(телефон, факс)
___________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
___________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
___________________________________
(банк атауы)
___________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
(қолы)
_____________/_________ ______________/___________
М.О. М.О. (бар болса)