Об установлении зоны санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора подземных вод села Антоновка Денисовского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________ Г. Оспанбекова 2018 жылғы 4 шілде «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________ О. Бекмағамбетов 2018 жылғы 4 шілде
Басқа 8. Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағы
Әкімдіктің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 315 қаулысына қосымша Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағы Су тарту көзінің атауы Санитариялық қорғау аймағының көлемі I белдеу II белдеу III белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы Су тарту ұңғымалары № 7607, № 7607-1 Ұзындығы – 150 метр Ені – 100 метр 1,5 гектар Ұзындығы – 812 метр Ені – 762 метр 61,87 гектар Радиусы – 1904 метр 1138,32 гектар Ескерту: санитариялық қорғау аймағының шекарасы «Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймақтарының жобасы» картографиялық материалында көрсетілген.