Об утверждении типовых контрактов на недропользование Қолданыста
Басқа 0
Жер қойнауын пайдалануға арналған
үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін.
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерін барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Көмір, уран және көмірсутек шикізатын барлауға, өндіруге, бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 260 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11527 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бұл ретте 1-қосымшада келтірілген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 44-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 38-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 4-қосымшада келтірілген күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 43-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 5-қосымшада келтірілген күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 34-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 6-қосымшада келтірілген аз зерттелген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерін барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 51-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 6 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 13 маусым
Басқа 1. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУҒА ЖӘНЕ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 маусымдағы
№ 233 бұйрығына
1-қосымша
КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУҒА ЖӘНЕ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, құзыретті орган ретінде Қазақстан
Республикасының атынан әрекет ететін
_____________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
және
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы. Егер Келісімшарт бойынша
жер қойнауын пайдаланушылар екі немесе одан көп тұлғалар болса, онда әр
тұлғаның Т.А.Ә. (атауы) және осындай тұлғалардың әрқайсысына тиесілі жер
қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің мөлшері көрсетіледі)
(бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) арасындағы көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған келісімшарт.
Тараптар осы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа
______________________________________________________________________________
(келісімшартты жасасу үшін негіз болып табылатын көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізу жөніндегі
комиссияның хаттамасына немесе Құзыретті органның көмірсутектер саласындағы
ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешіміне)
сәйкес 20___ жылғы «____» ____________ қойылды.
Кіріспе
1-бөлім. Келісімшарттың мәні
2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы талаптар
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Салық салу
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
5-параграф. Есепке алу және есептілік
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
11-бөлім. Еңсерілмейтін күш
12-бөлім. Құпиялылық
13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
15-бөлім. Қорытынды ережелер
Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
2-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
3-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы жер қойнауы учаскесін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген негіздермен, талаптармен және шекте пайдалануға беретіндігін;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді ұтымды және тиімді барлауды және өндіруді жүргізу ниеті, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерінің болуын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметі құзыретті органды белгілегендігін және оған Келісімшартты жасасу және орындау құқығын бергендігін;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, орындалуы және тоқтатылуы Кодексте сәйкес айқындалатын шарт болып табылады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы уағдаласады:
Бөлім 1. 1-бөлім. Келісімшарттың мәні
1-бөлім. Келісімшарттың мәні
Тармақ 1
1. Құзыретті орган Қазақстан Республикасы атынан жер қойнауын пайдаланушыға Келісімшартта белгіленген мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын береді, ал жер қойнауын пайдаланушы өз есебінен және тәуекелімен Келісімшарттың талаптарына және Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы Келісімшарт күшіне енген күннен бастап туындайды.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ережелерді және Келісімшарттың ережелерін сақтаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде кез келген көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүзеге асыруға құқылы.
Бөлім 2. 2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 4
4. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі онда біртіндеп бекітілген барлау кезеңімен, дайындық кезеңімен (қажет болса) және өндіру кезеңімен айқындалады.
Тармақ 5
5. Келісімшарт ___ жылға тең мерзімге жасалған және _____ жылғы «___» __________ дейін қолданылады.
Ескертпе: Келісімшартты жасасу кезінде аукционды өткізу туралы хабарламаның немесе көмірсутектер саласындағы ұлттық компанимен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы Құзыретті органның шешімі негізінде барлау кезеңінің бастапқы ұзақтығы көрсетіледі.
Кейінгі ұзартулар кезінде Келісімшарттың 5-тармағында, Келісімшарттың қолданылу мерзімінен басқа, ұзартылатын барлау кезеңінің, сондай-ақ Келісімшартта көрсетілген жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша дайындық кезеңінің (бар болса) және өндіру кезеңінің ұзақтығы көрсетіледі.
Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күнін Құзыретті орган Келісімшартты (Келісімшартқа толықтыруды) тіркеу кезінде енгізеді.
Тармақ 6
6. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі Келісімшартты жасасу күніне Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен Тараптардың Келісімшартқа қосымшаларды жасасуы арқылы мына жағдайларда ұзартылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) барлау кезеңі ұзартылғанда;
Тармақша 2
2) дайындық кезеңі бекітілгенде;
Тармақша 3
3) өндіру кезеңі бекітілгенде.
Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш жағдайларына дәлелдерді ұсынса, құзыретті орган келісімшарттың қолданыс мерзімін осындай жағдайлардың қолданыс мерзіміне ұзартады
Тармақ 7
7. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған бір келісімшарттың шеңберінде бірнеше көмірсутек кен орындары ашылған болса, онда олардың әрқайсысы үшін келісімшартта жекелеген учаске және өндіру кезеңі және бекітіледі.
Бұл ретте жер қойнауының қандай да бір учаскесі бойынша өндіру кезеңі аяқталған жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт өз қолданысын жер қойнауының қалған учаскелеріне қатысты ғана жалғастырады.
Тармақ 8
8. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі Тараптардың Келісімшартқа толықтыру жасасуы немесе жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша өндіру кезеңі (кезеңдері) ұзартылған жағдайда оны жаңа редакцияда жазу арқылы Кодексте ұзарту күніне белгіленген тәртіппен және талаптармен ұзартылуы мүмкін.
Егер Келісімшарт үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін болса, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен Құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдың ішінде өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін Келісімшартқа толықтыру жасалады.
Егер Келісімшарт үлгілік келісімшартқа сәйкес келмейтін болса, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы және құзыретті органның арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі айдың ішінде көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
Тармақ 9
9. Егер Келісімшарттың шеңберінде көмірсутектерді өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленген жағдайда, онда өндіру кезеңін ұзарту кезінде Келісімшарттың талаптары осындай ұзарту күніне әрекет ететін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілуге тиіс.
Тармақ 10
10. Келісімшарт құзыретті органда тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Ұзарту мерзімі, егер тараптар өзге мерзімді келіспесе, тиісті қосымша тіркелген күннен бастап есептеледі.
Бөлім 3. 3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
Тармақ 12
12. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы болатын жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада белгіленеді.
Аталған қосымшаны дайындау мақсаттары үшін:
Тармақша 1
1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістікті шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдаламасына сәйкес айқындалады;
Тармақша 2
2) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау жөніндегі жұмыстарды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға сәйкес айқындалады;
Тармақша 3
3) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынамалап пайдалану мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, сынамалап пайдалану жобасымен айқындалады;
Тармақша 4
4) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту кезінде (жоғарғы шекараларын қоспағанда) көмірсутектерді өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, геологиялық қорларды есептеу бойынша есеппен айқындалады;
Тармақша 5
5) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының бастапқы учаскесін ұлғайту мақсатында сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу (сұралатын жер қойнауы учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) бойынша жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурын белгілейтін тиісті базалық жобалау құжатына толықтыруға сәйкес айқындалады;
Тармақша 5-1
5-1) жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын жер бетіндегі (жер қойнауы учаскесінің аумағында) тұйықталған контурларды (шекараларды) өзгертпей, жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын бес мың метрге дейін тереңдету арқылы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсатында сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша (сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бостандығына қатысты) бекітілген жер қойнауын пайдаланушыға және Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген сараптамалардан оң қорытынды алған кен орнын игеру жобасына (оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) сәйкес анықталады;
Тармақша 6
6) Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайтылғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістікті шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды;
Тармақша 7
7) барлау немесе өндіру учаскелерінің кеңістікті шекаралары Кодекстің 115-бабына сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының учаскесі бөлінген жағдайда (жер қойнауының негізгі және бөлінетін учаскесі):
барлау учаскесінің бір бөлігі бөлінген кезде – жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, жер қойнауының негізгі және бөлінетін учаскесінде табылған тиісті кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстар жүргізуді көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға сәйкес;
барлау учаскесі немесе өндіру учаскесі бөлінген кезде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген, одан бөліну жүргізілетін тиісті жер қойнауының учаскелері бойынша деректер негізінде айқындалады.
Тармақ 13
13. Кодекстің Ерекше бөлімінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартта өзгерістер және толықтырулар енгізу арқылы бірнеше жер қойнауы учаскесі бекітіліп берілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Жер қойнауы учаскесін түрлендіру Келісімшартқа қосымша жасасу арқылы Кодекстің 113, 114, 115 баптарында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Жер қойнауы учаскесін (егер Келісімшартта бірден артық жер қойнауы учаскесі бекітілсе) немесе оның бөлігін қайтару Кодексте белгіленген тәртіппен Келісімшартқа қосымша жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Бөлім 4. 4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
Тармақ 16
16. Құзыретті орган:
Тармақша 1
1) Кодекстің 3-параграфында көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарттың қолданысын мерзімнен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 2
2) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарт талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Құзыретті орган Кодекстің 149-бабында көзделген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары жоқ мемлекетпен келісімге қол жеткізілгенге дейін шекара маңындағы жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Бөлім 5. 5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
Тармақ 17
17. Жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді орындаған жағдайда, Құзыретті орган Келісімшарт жасасу күніне Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен:
Тармақша 1
1) барлау кезеңі ұзартылған, сондай-ақ дайындық кезеңі мен өндіру кезеңі бекітілген жағдайларда, Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға;
Тармақша 2
2) Келісімшартта өндіру учаскесін (учаскелерін) бекітуге;
Тармақша 3
3) жер қойнауы учаскесін түрлендіруді жүзеге асыруға міндеттенеді.
Бөлім 6. 6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;
Тармақша 2
2) өз қалауынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді пайдалануға, егер Кодексте немесе Келісімшартта басқасы көзделмесе;
Тармақша 3
3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әріоның шегінен тыс жердегібаршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға;
Тармақша 4
4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;
Тармақша 5
5) Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттармен барлауға немесе өндіруге арналған барлық учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімінен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 6
6) барлау кезеңі ішінде және Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, аумақта көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізуге;
Тармақша 7
7) дайындық кезеңі ішінде Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын игеру жобасы сараптамаларын әзірлеуді, бекітуді және жүргізуді, сондай-ақ (қажеттілік болса) көмірсутектер кен орнын жайластыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) өндіру кезеңі ішінде кез келген көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ көмірсутектер кен орнының геологиялық құрылымын және қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізуге;
Тармақша 9
9) барлау немесе өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кез келген уақытта құрылыстарды, жабдықтарды, ұңғымаларды және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге;
Тармақша 10
10) барлау кезеңін ұзартуға, сондай-ақ өндіру учаскесін және өндіру кезеңін не дайындық кезеңін бекітіп берууге өтініштер беруге;
Тармақша 11
11) өндіру кезеңін ұзартуға арналған өтініштер беруге;
Тармақша 12
12) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініштер беруге;
Тармақша 13
13) арнайы рұқсаттарды немесе лицензияларды алмай, көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты суларын ілеспе шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Ілеспе шығарылған жерасты суларды одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 14
14) Келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын ол тиісті хабарламаны алған күнінен бастап екі ай ішінде сотта даулауға;
Тармақша 15
15) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған көмірсутектер саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді ерікті негізде жасасуға;
Тармақша 16
16) Кодекстің 123-бабында көзделген шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда барлауға және өндіруге арналған жұмыс бағдарламасында көзделген ұңғыманы бұрғылаудан бас тарту.
Бөлім 7. 7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
Тармақ 19
19. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін Келісімшартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті.
Тармақ 19-1
19-1. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде барлау жұмыстарының жобасын жасайды.
Барлау жұмыстарының жобасы жасалғаннан кейін Кодекстің 140-бабына сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жасалуға тиіс.
Тармақ 19-2
19-2. Келісімшарттың 5-тармағында белгіленген келісімшартты қолданылу мерзімі аяқталған кезде, технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдаланудың салдарларына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде жұмыстарды дереу тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 21
21. Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипатын және орындау мерзімін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең аз талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасын әзірлейді және оны Келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса ұсынады.
Тармақ 21
21. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартқа 1-қосымшаға сәйкес барлау кезеңінде жылдар бойынша жұмыстарды орындау түрлерін, көлемдері мен мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасын орындауға міндетті.
Тармақ 21-1
21-1. Кодекстің 117-бабының 3-2-тармағына сәйкес барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Кодекстің 117-бабы 3-2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес екінші деңгейдегі банкте орналастырылған қаражатты Келісімшартқа 1-1-қосымшаға сәйкес барлау кезеңін ұзарту жағдайындағы жұмыс бағдарламасын орындауға ғана пайдалануға;
Тармақша 2
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қаражат Келісімшартқа 1-1-қосымшаға сәйкес барлау жұмыстарын орындауға арналған бағдарламада көзделген барлау жұмыстарын орындауға жатпайтын мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, құзыретті органның талабы бойынша мемлекеттік бюджетке тең соманы төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 21
Тармақ 22
22. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен бекітілген Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) «Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына» сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде Келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының сарқылып жатқан көмірсутектер кен орны бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру осындай сарқылып жатқан кен орнын игеруге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру үшін Келісімшарттың 23-1 тармағымен көзделген соманың пайдаланбаған қалдығы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу барысында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жер қойнауын пайдаланушы және оның мердігерлері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығы бар заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу барысында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 23-1
23-1. Сарқылып жатқан кен орнында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай сарқылып жатқан кен орнын игеру үшін инвестициялық міндеттемені және (немесе) Келісімшарттың 22-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуды Кодекстің 153-1 бабына сәйкес белгіленген инвестициялау коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем емес жәнеалдыңғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 757-бабына сәйкес салықтық есепті жүргізу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген осындай кен орны бойынша жылдық жиынтық табыс сомасының мөлшерінде қосымша қаржыландыруды орындауға міндетті.
Ескертпе: Кодекстің 153-1-бабына сәйкес кен орнын (кен орындарын) сарқылып жатқандар санатына жатқызуға байланысты Келісімшартқа өзгерістер енгізілген жағдайда, 23-1-тармақ Келісімшартқа енгізіледі.
Тармақ 24
24. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17016 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың, егер ол тартылған жағдайда, ақылы көрсетілетін қызметтерін жоспарлы сатып алуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тармақ 25
25. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 72-тармағында көзделген есептерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 26
26. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша _%, құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша _%, мамандар бойынша _%, білікті жұмысшылар бойынша _% құрауға тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Жер қойнауын пайдаланушы тартылған шетелдік персоналға қатысты тең еңбек жағдайларын, оның ішінде қазақстандық персонал үшін еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті ұйым жариялайтын инфляция деңгейінен төмен емес қазақстандық персонал үшін жыл сайынғы жалақыны индекстеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы негізделген нарықтық жағдайларға сәйкес олар көрсететін мұнай сервистік жұмыстарға/қызметтерге тартылған мердігер ұйымдар үшін әділ тарифтерді айқындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) бекітілген Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі күнтізбелік бір жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесі күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінің ________ пайызынан кем болмауға тиіс.
Ескертпе: егер аукцион жеңімпазы аукционға қатысуға өтініш беру кезеңінде жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша ең аз міндеттемелерді елу пайыздан астам ұсынған болса, осы тармақта ұсынылған міндеттемелер бекітіледі.
Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 30
30. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың өкілеттіктерінің тоқтатылғандығы туралы дереу хабарлауға міндетті.
Тармақ 31
31. Әрбір жаңа кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) ашқан кезде жер қойнауын пайдаланушы осындай ашылу болған күннен бастап бір айдың ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға табуды растау туралы өтініш жібереді.
Тармақ 32
32. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растаған күннен бастап бір айдың ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша түрде хабардар етуге және бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін барлау жұмыстары жобасына қосымшаны әзірлеуді бастауға міндетті.
Тармақ 33
33. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағындағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды теңгерімге қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
Тармақ 34
34. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) және Келісімшарттың 8 бөлімінің 4-параграфында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын өз қаражаты есебінен жоюға міндетті. Келісімшарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің тоқтатылуына әкелмейді.
Тармақ 35
35. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 36
36. Егер жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қамтамасыз ету онымен байланысты болмайтын себептермен Кодекстің талаптарына сәйкес келмей қалса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күннің ішінде мұндай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушы осындай ауыстыруды жүргізбеген болса, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тез арада тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен немесе ауыстырғаннан кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 37
37. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі ішінде техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша жойылуға тиіс және кен орнын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдалануға болмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.
Тармақ 38
38. Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы консервациялау жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесін консервациялауды аяқтауға міндетті.
Тармақ 39
39. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттемелер жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен орындалады. Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, міндеттемелер сомасы олар орындалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеледі.
Тармақ 40
40. Барлау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе Кодекстің талаптарына сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі барлау кезеңінде өндірілген көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті.
Тармақ 41
41. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мұнайды жеткізу графиктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына, ал авариялық жағдайдың салдарынан мұнай өңдеу зауыты тоқталған жағдайда, одан тыс жерге де қайта өңдеуге жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттеме Кодекстің 148-1-бабына сәйкес мұнай өндіруді арттырудың арнайы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектердің көлеміне қатысты өндіру кезеңінде қолданылмайды.
Тармақ 42
42. Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 146-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шикі газды жағуға жол бермеуге міндетті.
Тармақ 43
43. Егер есептеу жөніндегі есебі Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр газдан асатын болса, Келісімшартқа 3-қосымшада Келісімшарт бойынша Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген, Келісімшарттың осы бөлімінің міндеттемелеріне теңестірілетін міндеттемелердің бірі белгіленеді.
Тармақ 44
44. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері ретінде ол бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжаттарының мынадай көрсеткіштерін сақтау белгіленеді:
Тармақша 1
1) пайдалану ұңғымалары торының тығыздығы;
Тармақша 2
2) әрбір пайдалану обьектісі бойынша өндіруші және қысыммен айдау ұңғымаларының арақатынасы;
Тармақша 3
3) кенжатындар бойынша өтемақы коэффициенті;
Тармақша 4
4) қабат және кенжар қысымының қанығу қысымына немесе конденсация қысымына арақатынасы;
Тармақша 5
5) қабат қысымының кенжар қысымына арақатынасы;
Тармақша 6
6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шекті шамасы;
Тармақша 7
7) көмірсутектерді өндіру көлемдері;
Тармақша 8
8) қабат қысымын арттыру үшін кері айдалатын жұмыс агентінің көлемдері;
Тармақша 9
9) пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштері.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәндері Келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.
Тармақ 45
45. Егер жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде шекара маңындағы жер қойнауы учаскесінде бір бөлігі басқа іргелес немесе қарсы беттегі мемлекеттің заңды құзырындағы аумағында немесе теңізде орналасқан Қазақстан Республикасының аумағы немесе теңізі шегінде орналасқан кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан жағдайда, онда ол бұл туралы Құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.
Бөлім 8. 8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 46
46. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 47
47. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасына, кен орнын игеру жобасына, сынамалап пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 48
48. Жобалау құжаттарда көзделмеген, сондай-ақ жобалау құжаттар болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 49
49. Жобалау құжаттарында көзделген көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәсілдері жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 50
50. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
Тармақ 51
51. Барлауды және өндіруді жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.
Тармақ 52
52. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес базалық жобалау құжаттарда көзделмеген көмірсутектердің шығынын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.
Тармақ 53
53. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.
Тармақ 54
54. Келісімшарттың 55-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.
Тармақ 55
55. Қазақстан Республикасының үшінші тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі шикі газды, сондай-ақ өзі өндірген шикі газды қайта өңдеу барысында жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының үшінші тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі тауар газын сатып алуға басым құқығы бар.
Тармақ 56
56. Төтенше немесе әскери жағдай енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бөлігін немесе барлық көмірсутектерді өз меншігіне алуға құқылы. Өз меншігіне алу төтенше немесе әскери жағдайдың толық қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының қажеттіліктеріне қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 57
57. Қазақстан Республикасы өз меншігіне алған көмірсутектерді заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушы көлік шығыстары мен өткізуге жұмсалған шығындарды шегергенде, көмірсутектермен мәмілелер жасаған кезде қолданылатын бағалардан аспайтын бағалар бойынша теңгемен төлеу арқылы олардың құнын өтеуге кепілдік береді.
Тармақ 58
58. Кодекстің 77 - бабы 3-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік құқығын беру арқылы оны ашады.
Тармақ 59
59. Кодекстің 24-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде басқа адамдарға жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп-тұруға, егер қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, жалпы пайдаланудағы объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға кедергі келтірмеуге міндеттенеді.
Тармақ 60
60. Жер қойнауын пайдаланушы жеңіл көмірсутектердің өндірілген кең фракциясын иеліктен шығаруға не процессингке беруге ниеттенген жағдайда, мұндай иеліктен шығаруды немесе процессингке беруді тек қана өндірістік қуаты Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндірушілер жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 2. 2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
Тармақ 61
61. Көмірсутектерді, оның ішінде теңізде барлау мен өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:
Тармақша 1
1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесі негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;
Тармақша 4
4) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Тармақ 62
62. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг пен кен орнының игерілуіне бақылау жүргізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 63
63. Мыналарды:
Тармақша 1
1) Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттармен жағылатын;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген көлемде өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушы өзге тұлғаларға қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату мақсатында өткізетін шикі газ көлемдерін қоспағанда, өндірілетін шикі газдың толық көлемін қайта өңдемей, көмірсутектерді өндіруге тыйым салынады.
Тармақ 3. 3-параграф. Салық салу
3-параграф. Салық салу
Тармақ 64
64. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған сәтіне қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.
Тармақ 65
65. Келiсiмшарт жасалғанға дейін 20__ жылғы «___»__________ №___ төлем тапсырмасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы төлеген қол қойылатын бонустың мөлшері _____ (соманы теңгемен көрсету қажет) құрайды.
Тармақ 4. 4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау.
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау.
Тармақ 65-1
65-1. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою:
Тармақша 1
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің114-бабында көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде) жүргізіледі;
Тармақша 3
3) келісімшарттың 18-тармағының 16) тармақшасына сәйкес жер қойнауы учаскесінің барлығы қайтарылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.
Тармақ 66
66. Жер қойнауын пайдаланушының барлау кезеңінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) кепілдік;
Тармақша 2
2) сақтандыру;
Тармақша 3
3) банктік салым кепілімен.
Тармақ 67
67. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауы банк салымының кепілімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 67-1
67-1. Барлау және (немесе) өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Кодексте айқындалған мөлшерде, мерзімдер мен тәртіппен қалыптастырылады.
Тармақ 67-2
67-2. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етудің кез келген ұсынылатын тәсілі осындай қамтамасыз етуді беру күнінде қолданылатын Кодекстің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Егер жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша оларға берілген қамтамасыз ету Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күн ішінде осындай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушы жүргізбесе, соңғысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қалпына келтіргеннен немесе қамтамасыз етуді ауыстырғаннан кейін ғана қайта бастауға жол беріледі.
Тармақ 68
68. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кепілге қойылған банк салымы бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
Тармақ 69
69. Жер қойнауы учаскесін консервациялау Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Есепке алу және есептілік
5-параграф. Есепке алу және есептілік
Тармақ 70
70. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды есепке алуды жүргізуге және мынадай есептерді:
Тармақша 1
1) геологиялық есепті;
Тармақша 2
2) лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті;
Тармақша 3
3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;
Тармақша 4
4) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;
Тармақша 5
5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есепті;
Тармақша 7
7) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы есепті беруге міндеттенеді.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 3) – 7) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.
Тармақ 71
71. Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерді орындаған кезде қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша осындай сұрау салуды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, жүргізілген жұмыстарды және жер қойнауын пайдалану бойынша шығыстарды растайтын құжаттаманы тексеру үшін ұсынуға;
Тармақша 3
3) құзыретті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17009 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген және «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын тұлға растаған нысан бойынша Өндіруші салалар ашықтығының бастамалары стандартында көзделген есептілікті ұсынуға міндетті.
Тармақ 6. 6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
Тармақ 72
72. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы құзыретті органның рұқсатымен Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 73
73. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және тиісті толықтыру тіркелген күннен бастап жасалған деп саналады.
Тармақ 74
74. Қазақстан Республикасының заңдарында сенімгерлік басқаруға беру туралы талап белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынады.
Тармақ 75
75. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) ауыртпалық салу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және Кодексте тыйым салынбаған, жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу Кодекстің 121-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 76
76. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге алынған қарызды жер қойнауын пайдалану мақсатында не жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшартпен қарастырылған Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен қайта бөлуді ұйымдастыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыз қатысу үлесі бар еншілес ұйым пайдалануға тиіс.
Тармақ 7. 7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
Тармақ 77
77. Жер қойнауын пайдалнаушы өндірген көмірсутектер және оларды өндіру барысында шығарылатын құрамдастар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 78
78. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 79
79. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде мүлікке меншік құқығының ауысу жағдайлары мен тәртібі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінің аумағынан мүлікті шығару жөніндегі құқықтар мен міндеттер Кодексте белгіленген.
Тармақ 80
80. Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынған геологиялық ақпарат жеке меншікте болады (жеке геологиялық ақпарат).
Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын геологиялық есептілікте және өзге де құжаттамада қамтылатын жеке геологиялық ақпарат мемлекетке мерзімсіз иеленуге және пайдалануға беріледі.
Тармақ 81
81. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерінің бар болуын, оны есепке алу мен сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің зерттеу немесе тексеру үшін оған кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 82
82. Жер қойнауын пайдаланушының Кодекстің 75-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттың қолданылуы кезеңінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Тармақ 83
83. Жер қойнауын пайдаланушы керндер, жыныстар мен минералдардың үлгілері, сынамалар, тас материалының коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге Кодекстің 75-бабында белгіленген тәртіппен зерттеу және талдау мақсатында ғана шығаруға құқылы.
Тармақ 84
84. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 85
85. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне тиесілі керндерді иеліктен шығаруды немесе жоюды жүргізуге ниеттенген жағдайда, ол осындай ниеті туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға бір айдан кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндетті. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан көрсетілген керндерді талапта көзделген мерзімде өз меншігіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл мерзім бір айдан кем болмауға тиіс.
Тармақ 86
86. Жер қойнауының тиісті учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың болжалды аяқталуына дейін үш ай бұрын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өзінде бар далалық бақылау, сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық қадағалауларды тіркеу журналдары, геологиялық ақпараттың бастапқы далалық деректерінің қағаз және электрондық жеткізгіштері немесе бұрғылау ұңғымаларының керндері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Осындай хабарламаны алғаннан кейін бір айдың ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан аталған геологиялық ақпарат жеткізгіштерін оның меншігіне тегін беруді жазбаша түрде талап етуге құқылы. Осы талап оны алған күннен бастап бір айдың ішінде орындалуы тиіс.
Тармақ 8. 8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
Тармақ 87
87. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не кейіннен оны өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесіне консервациялау жүргізу шешімі туралы құзыретті органның хабарламасын алған жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен байланысты операциялары қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
Тармақша 2
2) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жою немесе консервациялау жобасы бекітілгеннен және олардың сараптамаларының оң қорытындылары алынғаннан кейін Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды дереу бастауға міндетті;
Тармақша 3
3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті аумақтан алып кетуге құқылы. Көрсетілген мерзімде шығарылмаған жабдық пен өзге де мүлік Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жойылуға немесе консервациялауға жатады.
Тармақ 88
88. Құзыретті органның көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға жер қойнауы учаскесін беру жөніндегі шешімі туралы хабарламаны алған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесіндегі технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықты және өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлікті бергенге дейінгі мерзімге көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге міндетті.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға мүлікті беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган мұндай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген тұлғасы ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбені қамтитын акт бойынша оны көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді.
Тармақша 2
2) хабарламаны алған күннен бастап алты айдың ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті аумақтан алып кетуге құқылы.
Бөлім 9. 9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
Тармақ 89
89. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) сәйкес Құзыретті орган жүзеге асырады.
Тармақ 90
90. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.
Бөлім 10. 10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
Тармақ 91
91. Кодекске сәйкес Келісімшарттың 8-бөлімінде көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарының, сондай-ақ өзге де Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке алып келеді.
Тармақ 92
92. Жер қойнауын пайдаланушы үлгілік Келісімшарттың 7-бөлімінде көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін, жауапкершіліктің келесі түрлері көзделеді:
Тармақша 1
1) тиісті мөлшерде тұрақсыздық айыбы;
«Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті жылдың 1 қаңтарына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгіленген мөлшеріне;
есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының пайыздарына;
бұзушылық сомасының пайыздарына;
Тармақша 2
2) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылатын құзыретті органның бір жақты тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімнен бұрын бұзуы.
Бұл ретте тұрақсыздық айыбын төлеу жер қойнауын пайдаланушыны тиісті міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 93
93. Құзыретті орган Келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы, сондай-ақ белгіленген мерзімде оның тұрақсыздық айыбын төлеу және (немесе) осындай бұзушылықты жою жөніндегі міндеттері туралы мынадай:
Тармақша 1
1) Келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушы есепті жыл үшін отыз пайыздан кем орындаған;
Тармақша 2
2) қамтамасыз ету мөлшерін қалыптастырудың белгіленген графигіне сәйкес не графикті бұза отырып, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етуді ұсынбай жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізген;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарттың 7-бөлімінде белгіленген міндеттемелерін бұзған өзге де жағдайларда жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 94
94. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша Келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі жазбаша хабарлама алынған күннен бастап – алты айдан, Келісімшарттың 93-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттемелер бойынша – үш айдан, Келісімшарттың 7-тарауында көзделген өзге де міндеттемелер бойынша бір айдан аспауға тиіс.
Тармақ 95
95. Жер қойнауын пайдаланушы жасаған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және бұл туралы Құзыретті органға жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 96
96. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға міндеттемелерді бұзуды жою мерзімін ұзартудың себептерін негіздей отырып, осындай ұзарту туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Жасаған бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша Құзыретті орган оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісетіні туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын ұсынады.
Тармақ 97
97. Келісімшартта көзделген міндеттемелердің бұзушылықтарын Келісімшарттың 94-тармағында айқындалған мерзімде жоюдың мүмкін еместігі анық болған жағдайда, Құзыретті орган осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы.
Тармақ 98
98. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған төмендегі міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:
Тармақша 1
1) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 2
2) тиісті жылдың кез келген есепті тоқсанында кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – 2000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;
Тармақша 3
3) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10 % мөлшерінде тұрақсыздық төлемі ретінде жауап береді;
Тармақша 3-1
3-1) Келісімшартқа жұмыс бағдарламасымен (қосымша жұмыстар) көзделген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыс көлемдері мен түрлерін орындамағаны үшін – міндеттеменің есепті кезеңінде орындалмаған жұмыс көлемдерінің және түрлері құнының 10 % мөлшерінде. Бұл ретте, егер нарықтағы қолданыстағы бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелсіз басқа да жағдайлардың себебінен жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары Келісімшартты жасау кезінде ескерілгеннен кем болып шықса, бірақ бұл ретте Келісімшарттың 21-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің физикалық көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының осылай азаюы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзу болып табылмайды;
Тармақша 4
4) Келісімшарттың 41-тармағына сәйкес графиктерде белгіленген көлемде мұнайды Қазақстан Республикасының аумағына және одан тыс жерге қайта өңдеу үшін жеткізу жөніндегі міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – 10 000 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібін сақтау жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін – мынадай түрде жасалған бұзушылық сомасының 5% мөлшерінде:
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген тәсілдермен, яғни сатып алу тәсілін таңдау тәртібінің талаптарын бұза отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
конкурстық құжаттаманы көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып жасау;
әлеуетті жеткізушілерге көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген талаптарды қою;
әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау және/немесе негізсіз түрде қатыстыру;
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып шарт жасасу;
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Ескертпе: дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғалармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарт жасасқан кезде осы тармақша қолданылмайды;
Тармақша 6
6) Келісімшарттың 24 және 70-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 7
7) төмендегі тармақтарға сәйкес хабарламаларды жолдамағаны немесе уақытылы жолдамағаны үшін:
Келісімшарттың 29 және 31-тармақтарына сәйкес – 5000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 20 және 30-тармақтарына сәйкес – 2000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 32-тармағына сәйкес – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 8
8) Келісімшарттың 44-тармағында көрсетілген жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бірін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін – егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан аспаса – 10 000 АЕК немесе егер келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асатын болса 20 000 АЕК.
Тармақ 99
99. Құзыретті орган Келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енген;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған тиісті жобалау құжаттарынсыз көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген;
Тармақша 3
3) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, Кодекстің 44-бабының 1-тармағының талаптары бұзылған жағдайларда.
Тармақ 100
100. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы белгіленген мерзімде:
Тармақша 1
1) Кодекстің 133-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтардың біреуін;
Тармақша 2
2) Келісімшарттың 7-тарауында белгіленген өзге де міндеттемелерді екіден артық бұзуын жоймаған кезде Келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Тармақ 101
101. Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісімшарт талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы талаптардың бұзылғандығын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы мерзімнің және оны есептеу тәртібінің өзгеруіне әкелмейді.
Бөлім 11. 11-бөлім. Еңсерілмейтін күш
11-бөлім. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 102
102. Келісімшарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса, Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
Тармақ 103
103. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғи апаттар, табиғи зілзалалар (өрт және т.б.). Келтірілген тізбе толық болып табылмайды.
Тармақ 104
104. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу арқылы екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
Тармақ 105
105. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 106
106. Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларының дәлелдерін ұсынса, Құзыретті орган Келісімшарттың қолданылу мерзімін еңсерілмейтін күш мән-жайларының мерзіміне ұзартады.
Бөлім 12. 12-бөлім. Құпиялылық
12-бөлім. Құпиялылық
Тармақ 107
107. Келісімшартты орындау процесінде Тараптар алған немесе иеленген ақпарат құпия болып табылады және Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қорғалуға тиіс. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін құпия ақпаратты пайдалана алады.
Тармақ 108
108. Тараптардың екінші тараптың келісімінсіз мынадай:
Тармақша 1
1) егер бұл ақпарат сот талқылауын жүргізу барысында пайдаланылған жағдайды;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін үшінші тұлға құпия ақпаратты құпия ретінде қарауға және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана және Тараптар белгіленген мерзімде қолдануға міндеттеме алған жағдайда, бұл ақпарат осындай үшінші тұлғаларға ұсынылған жағдайды;
Тармақша 3
3) ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайды;
Тармақша 4
4) ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілген жағдайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 109
109. Егер Кодексте немесе Тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, осы бөлімде көзделген құпиялылық туралы ережелер үлгілік Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қолданылады.
Тармақ 110
110. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы және Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар көлемдері туралы ақпарат құпия болып танылмайды.
Бөлім 13. 13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 111
111. Келісімшартты жүзеге асырумен, өзгертумен немесе тоқтатумен байланысты даулар келіссөздер жүргізу (дауларды сотқа дейін реттеу) арқылы шешіледі.
Тармақ 112
112. Құзыретті орган Кодекске және Келісімшартқа сәйкес жіберетін хабарламалар дауларды сотқа дейін реттеу ретінде танылады.
Тармақ 113
113. Егер жүзеге асырумен, өзгертумен немесе тоқтатумен байланысты даулар келіссөздер арқылы алты ай ішінде шешілмейтін болса, онда осындай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.
Бөлім 14. 14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
Тармақ 114
114. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар Кодекстің 37-бабында белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалатын Келісімшартқа толықтырумен ресімделеді.
Толықтыру Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа Толықтырулар құзыретті органда тіркелуге тиіс.
Тармақ 115
115. Өз қолданысын Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақтайтын Келісімшарттың 34, 38, 87 және 88-тармақтарында көзделген ережелерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы Келісімшартты жасасу күніне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылады.
Тармақ 116
116. Құзыретті орган Кодекстің 106-бабында көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Тармақ 117
117. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылады, ал Келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.
Бөлім 15. 15-бөлім. Қорытынды ережелер
15-бөлім. Қорытынды ережелер
Тармақ 118
118. Келісімшарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.
Тармақ 119
119. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы бойынша мәмілелерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Тармақ 120
120. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан жасалған. Барлық даналары бірдей.
Тармақ 121
121. Тараптардың келісімі бойынша Келісімшарт мәтіні басқа тілге аударылуы мүмкін.
Тармақ 122
122. Тараптар қазақ және (немесе) орыс тілдерінің қарым-қатынас тілдері ретінде қолданылатындығы туралы уағдаласады.
Тармақ 123
123. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады.
Тармақ 124
124. Тараптар жазбаша нысанда жасалатын хабарламалар және (немесе) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарияланымдар арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру арқылы хабардар етіледі.
Тармақ 125
125. Келісімшарт бойынша пошталық мекенжай өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа жеті күннің ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті. Осы тармақта көзделген талапты орындамаған Тарап басқа Тараптан хабарламаларды алмағандығына сілтеу құқығынан айырылады.
Тармақ 126
126. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады. Қосымшалардың ережелері мен Келісімшарттың арасында қандай да бір ауытқушылықтар болған жағдайда, Келісімшарттың ережелері басым күшке ие болады.
Тармақ 127
127. Келісімшартта пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер олар үшін Кодексте және (немесе) тиісті нормативтік құқықтық актілерде айқындалған мағыналарға ие.
Тармақ 128
128. Келісімшартта реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 129
129. Осы Келісімшартты 20___ жылғы ___ (айының) ________ күні ___________ қаласында (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері жасасты.
Тармақ 130
130. Тараптардың заңды мекенжайлары және қолдары:
Басқа 1.1. Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі
мен түрлері
Көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған үлгілік
келісімшартқа № 1-қосымша
Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі
мен түрлері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 0
Көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
№ 1-1-қосымша
Келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезіндегі жұмыс бағдарламасы
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 1.2. Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары
Көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған Үлгілік
келісімшартқа № 2-қосымша
Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары
Өңір атауы.
Жер қойнауы учаскесінің атауы.
Жер қойнауы учаскесінің бұрыштық координаттары (блоктардың атауы).
Басқа 1.3. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған үлгілік
келісімшартқа № 3-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 2. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 маусымдағы
№ 233 бұйрығына
2-қосымша
КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, құзыретті орган ретінде Қазақстан
Республикасының атынан әрекет ететін
_____________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
және
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы. Егер Келісімшарт бойынша
жер қойнауын пайдаланушылар екі немесе одан көп тұлғалар болса, онда әр тұлғаның
Т.А.Ә. (атауы) және осындай тұлғалардың әрқайсысына тиесілі жер қойнауын
пайдалану құқығындағы үлесінің мөлшері көрсетіледі)
(бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) арасындағы Көмірсутектерді өндіруге
арналған келісімшарт.
Тараптар осы Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа
_____________________________________________________________________________
(келісімшартты жасасу үшін негіз болып табылатын көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізу жөніндегі
комиссияның хаттамасына немесе Құзыретті органның көмірсутектер саласындағы
ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешіміне)
сәйкес 20___ жылғы «____» ____________ қойды.
Кіріспе
1-бөлім. Келісімшарттың мәні
2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы талаптар
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Салық салу
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
5-параграф. Есепке алу және есептілік
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
11-бөлім. Еңсерілмейтін күш
12-бөлім. Құпиялылық
13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
15-бөлім. Қорытынды ережелер
Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары
2-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы жер қойнауы учаскесін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген негіздермен, талаптармен және шекте пайдалануға беретіндігін;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді ұтымды және тиімді барлауды және өндіруді жүргізу ниеті, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерінің болуын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметі құзыретті органды белгілегендігін және оған Келісімшартты жасасу және орындау құқығын бергендігін;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, орындалуы және тоқтатылуы Кодексте сәйкес айқындалатын шарт болып табылады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы уағдаласады:
Бөлім 1. 1-бөлім. Келісімшарттың мәні
1-бөлім. Келісімшарттың мәні
Тармақ 1
1. Құзыретті орган Қазақстан Республикасы атынан жер қойнауын пайдаланушыға Келісімшартта белгіленген мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын береді, ал жер қойнауын пайдаланушы өз есебінен және тәуекелімен Келісімшарттың талаптарына және Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы Келісімшарт күшіне енген күннен бастап туындайды.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген ережелерді және Келісімшарттың ережелерін сақтаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде кез келген көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға құқылы.
Бөлім 2. 2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 4
4. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі онда біртіндеп бекітілген дайындық кезеңімен және өндіру кезеңімен белгіленеді.
Тармақ 5
5. Келісімшарт ___ жылға тең мерзімге жасалған және _____ жылғы «___» __________ дейін қолданылады.
Ескертпе: келісімшартты жасасу кезінде аукционды өткізу туралы хабарламаның немесе көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы Құзыретті органның шешімі негізінде дайындық кезеңінің ұзақтығы көрсетіледі.
Кейінгі ұзартулар кезінде Келісімшарттың 5-тармағында, Келісімшарттың қолданылу мерзімінен басқа, өндіру кезеңінің ұзақтығы көрсетіледі.
Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күнін Құзыретті орган Келісімшартты (Келісімшартқа толықтыруды) тіркеу кезінде енгізеді.
Тармақ 6
6. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі Келісімшартты жасасу күніне Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен Тараптардың Келісімшартқа толықтыруды жасасуы арқылы өндіру кезеңі бекітілген жағдайда ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі Тараптардың Келісімшартқа қосымшаны жасасуы немесе жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша өндіру кезеңі (кезеңдері) ұзартылған жағдайда оны жаңа редакцияда жазу арқылы Кодексте ұзарту күніне белгіленген тәртіппен және талаптармен ұзартылуы мүмкін.
Егер Келісімшарт үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін болса, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен Құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдың ішінде өндіру кезеңін ұзартуды және жер қойнауын пайдаланушының Кодекстің 120-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және Келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін жұмыс бағдарламасын орындау жөніндегі міндеттемесін көздейтін Келісімшартқа толықтыру жасалады.
Егер Келісімшарт үлгілік келісімшартқа сәйкес келмейтін болса, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы және құзыретті органның арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі айдың ішінде көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
Тармақ 8
8. Келісімшарттың шеңберінде көмірсутектерді өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленген жағдайда, онда өндіру кезеңін ұзарту кезінде Келісімшарттың талаптары осындай ұзарту күніне әрекет ететін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Келісімшарт құзыретті органда тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 10
10. Ұзарту мерзімі, егер тараптар өзге мерзімді келіспесе, тиісті қосымша тіркелген күннен бастап есептеледі.
Бөлім 3. 3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
Тармақ 11
11. Жер қойнауы учаскесін түрлендіру Келісімшартқа қосымша жасау арқылы Кодекстің 113, 114, 115 баптарында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Жер қойнауы учаскесін немесе оның бөлігін қайтару Кодексте белгіленген тәртіппен, Келісімшартқа толықтыру жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бөлім 4. 4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
Тармақ 13
13. Құзыретті орган:
Тармақша 1
1) Кодекстің 3-параграфында көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарттың қолданысын мерзімнен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 2
2) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарт талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Бөлім 5. 5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
Тармақ 14
14. Жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және Келісімшартта белгіленген ережелерді орындаған жағдайда, Құзыретті орган Келісімшарт жасасу күніне Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен:
Тармақша 1
1) Келісімшарттың қолданылу мерзімін өндіру кезеңі бекітілген жағдайда ұзартуға;
Тармақша 2
2) жер қойнауы учаскесін түрлендіруді жүзеге асыруға міндеттенеді.
Бөлім 6. 6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде, жер қойнауын пайдаланушы:
1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;
2) өз қалауынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді пайдалануға, егер Кодексте немесе Келісімшартта басқасы көзделмесе;
3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әрі оның шегінен тыс жердегі баршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға;
4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;
5) Кодексте белгіленген тәртіппен және талаптармен өндіруге арналған бүкіл учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімнен бұрын тоқтатуға;
6) дайындық кезеңі ішінде Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын игеру жобасы сараптамаларын әзірлеуді, бекітуді және жүргізуді, сондай-ақ (қажеттілік болса) көмірсутектер кен орнын жайластыруды жүзеге асыруға;
7) өндіру кезеңі ішінде кез келген көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ көмірсутектер кен орнының геологиялық құрылымын және қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізуге;
8) өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді, оның ішінде құрылыстарды, жабдықтарды, ұңғымаларды және басқа мүлікті консервациялауға немесе жоюға;
9) өндіру кезеңін бекітуге өтініштер беруге;
10) өндіру кезеңін ұзартуға өтініштер беруге;
11) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініштер беруге;
12) арнайы рұқсаттар мен лицензияларды алмай, көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты суларын ілеспе шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Ілеспе шығарылған жерасты суларды одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
13) Келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімнен бұрын тоқтатуының заңдылығын ол тиісті хабарламаны алған күнінен бастап екі ай ішінде сотта даулауға;
14) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған көмірсутектер саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді ерікті негізде жасауға құқылы.
Бөлім 7. 7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
Тармақ 16
16. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін Келісімшартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті.
Тармақ 16-1
16-1. Келісімшарттың 5-тармағында белгіленген келісімшартты қолданылу мерзімі аяқталған кезде, технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдаланудың салдарларына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде жұмыстарды дереу тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 18
18. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) бекітілген Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) «Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына» сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде Келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте сарқылып жатқан көмірсутектер кен орны бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру осындай сарқылып жатқан кен орнын игеруге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру үшін Келісімшарттың 18-1-тармағында көзделген соманың пайдаланылмаған қалдығы мөлшерінде жүзеге асыруға міндетті.
Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту және оның инфрақұрылымын дамыту шығыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарда оның мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.
Белгіленген минимумнан асатын, осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындауы есебіне келесі жылы ескеріледі.
Кодекстің 120-бабының 10-тармағына сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар үшін осы тармақта көзделген міндеттеме өндіру кезеңінің бірінші жылынан бастап қолданылады.
Тармақ 18-1
18-1. Сарқылып жатқан кен орнында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай сарқылып жатқан кен орнын игеру үшін инвестициялық міндеттемені және (немесе) Келісімшарттың 18-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуды Кодекстің 153-1 бабымен белгіленген инвестициялау коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем емес және алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 757-бабына сәйкес салықтық есепті жүргізу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген осындай кен орны бойынша жылдық жиынтық табыс сомасының мөлшерінде қосымша қаржыландыруға орындауға міндетті.
Ескертпе: егер Келісімшарт Кодекстің 153-1-бабында көзделген сарқылып жатқанкен орны (кен орындары) бойынша жасалса немесе Кодекстің 153-1 бабына сәйкес кен орнын (кен орындарын) сарқылып жатқандар санатына жатқызуға байланысты Келісімшартқа өзгерістер енгізілген жағдайда 18-1-тармақ Келісімшартқа енгізіледі.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығы бар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы және оның мердігерлері көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) бекітілген «Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17016 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі оператор тартылған жағдайда, оның ақылы көрсетілетін қызметтерін жоспарлы сатып алуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тармақ 21
21. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 63-тармағында көзделген есептерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 22
22. Көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша _%, құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша _%, мамандар бойынша _%, білікті жұмысшылар бойынша _% құрауға тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Жер қойнауын пайдаланушы тартылған шетелдік персоналға қатысты тең еңбек жағдайларын, оның ішінде қазақстандық персонал үшін еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті ұйым жариялайтын инфляция деңгейінен төмен емес қазақстандық персонал үшін жыл сайынғы жалақыны индекстеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы негізделген нарықтық жағдайларға сәйкес олар көрсететін мұнай сервистік жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге тартылған мердігер ұйымдар үшін әділ тарифтерді айқындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) бекітілген Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі күнтізбелік бір жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс.
Ескертпе: егер аукцион жеңімпазы аукционға қатысуға өтініш беру кезеңінде жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша ең аз міндеттемелерді елу пайыздан астам ұсынған болса, осы тармақта ұсынылған міндеттемелер бекітіледі.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесі күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінің ________ пайызынан кем болмауға тиіс.
Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Жер қойнауын пайдаланушы осындай жер қойнауын пайдалану құқығын берген мемлекеттік органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 26
26. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың өкілеттіктерінің тоқтатылғандығы туралы дереу хабарлауға міндетті.
Тармақ 27
27. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағындағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды теңгерімге қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
Тармақ 28
28. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында және Келісімшарттың 8-бөлімінің 4-параграфында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті. Келісімшарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің тоқтатылуына әкелмейді.
Тармақ 29
29. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 30
30. Егер жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қамтамасыз ету онымен байланысты болмайтын себептермен Кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін болып қалса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күннің ішінде мұндай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушы осындай ауыстыруды жүргізбеген болса, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тез арада тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен немесе ауыстырғаннан кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 31
31. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі ішінде техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша жойылуға тиіс және кен орнын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдалануға болмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.
Тармақ 32
32. Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы консервациялау жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесін консервациялауды аяқтауға міндетті.
Тармақ 33
33. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттемелер жер қойнауын пайдаланушының немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның қаражаты есебінен орындалады. Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, міндеттемелер сомасы олар орындалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеледі.
Тармақ 34
34. Дайындық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе Кодекстің талаптарына сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі, барлау кезеңінде өндірілген көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті.
Тармақ 35
35. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мұнайды жеткізу графиктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына, ал авариялық жағдайдың салдарынан мұнай өңдеу зауыты тоқталған жағдайда, одан тыс жерге де қайта өңдеуге жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттеме Кодекстің 148-1-бабына сәйкес мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлеміне қатысты өндіру кезеңінде қолданылмайды.
Тармақ 36
36. Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 146-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шикі газды жағуға жол бермеуге міндетті.
Тармақ 37
37. Егер есептеу жөніндегі есебі Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр газдан асатын болса, Келісімшартқа Қосымшада Келісімшарт бойынша Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген, Келісімшарттың осы бөлімінің міндеттемелеріне теңестірілетін қосымша міндеттемелердің бірі белгіленеді.
Тармақ 38
38. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері ретінде ол бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжаттарының мынадай көрсеткіштерін сақтау белгіленеді:
Тармақша 1
1) пайдалану ұңғымалары торының тығыздығы;
Тармақша 2
2) әрбір пайдалану обьектісі бойынша өндіруші және қысыммен айдау ұңғымаларының арақатынасы;
Тармақша 3
3) кенжатындар бойынша өтемақы коэффициенті;
Тармақша 4
4) қабат және кенжар қысымының қанығу қысымына немесе конденсация қысымына арақатынасы;
Тармақша 5
5) қабат қысымының кенжар қысымына арақатынасы;
Тармақша 6
6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шекті шамасы;
Тармақша 7
7) көмірсутектерді өндіру көлемдері;
Тармақша 8
8) қабат қысымын арттыру үшін кері айдалатын жұмыс агентінің көлемдері;
Тармақша 9
9) пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштері.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәндері жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.
Тармақ 39
Бөлім 8. 8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 39
39. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 40
40. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған көмірсутек кен орнын игеру жобасына, сынамалап пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 41
41. Жобалау құжаттарында көзделмеген, сондай-ақ жобалау құжаттары болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 42
42. Жобалау құжаттарында көзделген көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәсілдері жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 43
43. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
Тармақ 44
44. Өндіруді жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.
Тармақ 45
45. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес базалық жобалау құжаттарында көзделмеген көмірсутектердің ысырабын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.
Тармақ 46
46. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.
Тармақ 47
47. Келісімшарттың 48-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар өздері өндірген және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес оған тиесілі тауарлық газды сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.
Тармақ 49
49. Төтенше немесе әскери жағдай енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бір бөлігін немесе барлық көмірсутектерді өз меншігіне алуға құқылы. Өз меншігіне алу төтенше немесе әскери жағдайдың толық қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының қажеттіліктеріне қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 50
50. Қазақстан Республикасы өз меншігіне алған көмірсутектерді заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушы көлік шығыстары мен өткізуге жұмсалған шығындарды шегергенде, көмірсутектермен мәмілелер жасаған кезде қолданылатын бағалардан аспайтын бағалар бойынша теңгемен төлеу арқылы олардың құнын өтеуге кепілдік береді.
Тармақ 51
51. Кодекстің 77 - бабы 3-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган геологиялық ақпаратты оны жариялау немесе оған ашық қолжетімділік құқығын беру арқылы ашады.
Тармақ 52
52. Кодекстің 22-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде басқа адамдарға жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп-тұруға, егер қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, жалпы пайдаланудағы объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға кедергі келтірмеуге міндеттенеді.
Тармақ 53
53. Жер қойнауын пайдаланушы жеңіл көмірсутектердің өндірілген кең фракциясын иеліктен шығаруға не процессингке беруге ниеттенген жағдайда, мұндай иеліктен шығаруды немесе процессингке беруді тек қана өндірістік қуаты Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндірушілер жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 2. 2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
Тармақ 54
54. Көмірсутектерді, оның ішінде теңізде өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:
Тармақша 1
1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесі негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;
Тармақша 4
4) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Тармақ 55
55. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг пен кен орнының игерілуіне бақылау жүргізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 56
56. Мыналарды:
Тармақша 1
1) Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттармен жағылатын;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген көлемде өзінің технологиялық мұқтаждарына пайдаланатын;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушы өзге тұлғаларға қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату мақсатында өткізетін шикі газ көлемдерін қоспағанда, өндірілетін шикі газдың толық көлемін қайта өңдемей көмірсутектерді өндіруге тыйым салынады.
Тармақ 3. 3-параграф. Салық салу
3-параграф. Салық салу
Тармақ 57
57. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған сәтіне қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.
Тармақ 58
58. Келiсiмшарт жасалғанға дейін 20__ жылғы «___»__________ №___ төлем тапсырмасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы төлеген қол қойылатын бонустың мөлшері _____ (соманы теңгемен көрсету қажет) құрайды.
Тармақ 4. 4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою:
Тармақша 1
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде) жүргізіледі.
Тармақ 59
59. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауы банк салымының кепілімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 60
60. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Кодексте айқындалған мөлшерде, мерзімдер мен тәртіппен қалыптастырылады.
Егер жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша оларға берілген қамтамасыз ету Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күн ішінде осындай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушы жүргізбесе, соңғысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қалпына келтіргеннен немесе қамтамасыз етуді ауыстырғаннан кейін ғана қайта бастауға жол беріледі.
Тармақ 61
61. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кепілге қойылған банк салымы бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
Тармақ 62
62. Жер қойнауы учаскесін консервациялау Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және (немесе) Келісімшартта белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Есепке алу және есептілік
5-параграф. Есепке алу және есептілік
Тармақ 63
63. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды есепке алуды жүргізуге және мынадай есептерді:
Тармақша 1
1) геологиялық есепті;
Тармақша 2
2) лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті;
Тармақша 3
3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;
Тармақша 4
4) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;
Тармақша 5
5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есепті;
Тармақша 7
7) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы есепті беруге міндеттенеді.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 3) – 7) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.
Тармақ 64
64. Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерді орындаған кезде қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша осындай сұрау салуды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, жүргізілген жұмыстарды және жер қойнауын пайдалану бойынша шығыстарды растайтын құжаттаманы тексеру үшін ұсынуға;
Тармақша 3
3) құзыретті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17009 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген және «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын тұлға растаған нысан бойынша Өндіруші салалар ашықтығының бастамалары стандартында көзделген есептілікті ұсынуға міндетті.
Тармақ 6. 6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
Тармақ 65
65. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы құзыретті органның рұқсатымен Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 66
66. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және тиісті толықтыру тіркелген күннен бастап жүзеге асырылған деп саналады.
Тармақ 67
67. Қазақстан Республикасының заңдарында сенімгерлік басқаруға беру туралы талап белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынған.
Тармақ 68
68. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) ауыртпалық салу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және Кодексте тыйым салынбаған, жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу Кодекстің 121-бабында белгіленген тәртіппен құзыретті орган беретін рұқсатпен жүзеге асырылады.
Тармақ 69
69. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге алынған қарызды жер қойнауын пайдалану мақсатында не жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшартпен қарастырылған Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен қайта бөлуді ұйымдастыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыз қатысу үлесі бар еншілес ұйым пайдалануға тиіс.
Тармақ 7. 7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
Тармақ 70
70. Жер қойнауын пайдалнаушы өндірген көмірсутектер және оларды өндіру барысында шығарылатын құрамдастар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 71
71. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 72
72. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде мүлікке меншік құқығының ауысу жағдайлары мен тәртібі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінің аумағынан мүлікті шығару жөніндегі құқықтар мен міндеттер Кодексте белгіленген.
Тармақ 73
73. Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынған геологиялық ақпарат жеке меншікте болады (жеке геологиялық ақпарат).
Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын геологиялық есептілікте және өзге де құжаттамада қамтылатын жеке геологиялық ақпарат мемлекетке мерзімсіз иеленуге және пайдалануға беріледі.
Тармақ 74
74. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерінің бар болуын, оны есепке алу мен сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің зерттеу немесе тексеру үшін оған кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 75-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Келісімшарттың шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Тармақ 75
75. Жер қойнауын пайдаланушы керндер, жыныстар мен минералдардың үлгілері, сынамалар, тас материалының коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге Кодекстің 75-бабында белгіленген тәртіппен зерттеу және талдау мақсатында ғана шығаруға құқылы.
Тармақ 76
76. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығаруы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 77
77. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне тиесілі керндерді иеліктен шығаруды немесе жоюды жүргізуге ниеттенген жағдайда, ол осындай ниеті туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етуге міндетті. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан көрсетілген керндерді талапта көзделген мерзімде өз меншігіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл мерзім бір айдан кем болмауға тиіс.
Тармақ 78
78. Жер қойнауының тиісті учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың болжалды аяқталуына дейін үш ай бұрын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өзінде бар далалық бақылау, сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық қадағалауларды тіркеу журналдары, геологиялық ақпараттың бастапқы далалық деректерінің қағаз және электрондық жеткізгіштері немесе бұрғылау ұңғымаларының керндері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Осындай хабарламаны алғаннан кейін бір айдың ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан аталған геологиялық ақпарат жеткізгіштерін оның меншігіне тегін беруді жазбаша түрде талап етуге құқылы. Осы талап оны алған күннен бастап бір айдың ішінде орындалуы тиіс.
Тармақ 8. 8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
Тармақ 79
79. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не кейіннен оны өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесіне консервациялау жүргізу шешімі туралы құзыретті органның хабарламасын алған жер қойнауын пайдланушы:
Тармақша 1
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен байланысты операциялары қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
Тармақша 2
2) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жою немесе консервациялау жобасы бекітілгеннен және олардың сараптамаларының оң қорытындылары алынғаннан кейін Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды дереу бастауға міндетті;
Тармақша 3
3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті аумақтан алып кетуге құқылы. Көрсетілген мерзімде алып кетпеген жабдық пен өзге де мүлік Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жойылуға немесе консервациялауға жатады.
Тармақ 80
80. Құзыретті органның көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға жер қойнауы учаскесін беру жөніндегі шешімі туралы хабарламаны алған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесіндегі технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықты және өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлікті бергенге дейінгі мерзімге көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге міндетті.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға мүлікті беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган мұндай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген тұлғасы ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбені қамтитын акт бойынша оны көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді.
Тармақша 2
2) хабарламаны алған күннен бастап алты айдың ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмісутектерді, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті аумақтан алып кетуге құқылы.
Бөлім 9. 9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
Тармақ 81
81. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 82
82. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.
Бөлім 10. 10. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
10. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
Тармақ 83
83. Кодекске сәйкес Келісімшарттың 8-тарауында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарының,сондай-ақ өзге де Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке алып келеді.
Тармақ 84
84. Жер қойнауын пайдаланушы үлгілік Келісімшарттың 7-бөлімінде көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін, жауапкершіліктің келесі түрлері көзделеді:
Тармақша 1
1) тиісті мөлшерде тұрақсыздық айыбы:
«Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті жылдың 1 қаңтарына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгіленген мөлшеріне;
есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының пайыздарына;
бұзушылық сомасының пайыздарына;
Тармақша 2
2) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылатын құзыретті органның бір жақты тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімнен бұрын бұзуы.
Бұл ретте тұрақсыздық айыбын төлеу жер қойнауын пайдаланушыны тиісті міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 85
85. Құзыретті орган Келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы, сондай-ақ белгіленген мерзімде оның тұрақсыздық айыбын төлеу және (немесе) осындай бұзушылықты жою жөніндегі міндеттері туралы мынадай:
Тармақша 1
1) Келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушы есепті жыл үшін отыз пайыздан кем орындаған;
Тармақша 2
2) қамтамасыз ету мөлшерін қалыптастырудың белгіленген графигіне сәйкес не графикті бұза отырып, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етуді ұсынбай жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізген;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарттың 7-тарауында белгіленген міндеттемелерін бұзған өзге де жағдайларда жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 86
86. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша Келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі жазбаша хабарлама алынған күннен бастап – алты айдан, Келісімшарттың 85-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттемелер бойынша – үш айдан, Келісімшарттың 7-бөлімінде көзделген өзге де міндеттемелер бойынша бір айдан аспауға тиіс.
Тармақ 87
87. Жер қойнауын пайдаланушы жасаған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және бұл туралы Құзыретті органға жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 88
88. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзуды жою мерзімін ұзартудың себептерін негіздей отырып, осындай ұзарту туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Жасаған бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша Құзыретті орган оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісетіні туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын ұсынады.
Тармақ 89
89. Келісімшартта көзделген міндеттемелердің бұзушылықтарын Келісімшарттың 86-тармағында айқындалған мерзімде жоюдың мүмкін еместігі анық болған жағдайда, Құзыретті орган осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы.
Тармақ 90
90. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:
Тармақша 1
1) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 2
2) тиісті жылдың кез келген есепті тоқсанында кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – 2000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;
Тармақша 3
3) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10% мөлшерінде тұрақсыздық төлемі ретінде жауап береді;
Тармақша 4
4) Келісімшарттың 35-тармағына сәйкес графиктерде белгіленген көлемде мұнайды Қазақстан Республикасының аумағына және одан тыс жерге қайта өңдеу үшін жеткізу жөніндегі міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – 10 000 АЕК мөлшерінде.;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібін сақтау жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін – мынадай түрде жасалған бұзушылық сомасының 5% мөлшерінде:
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген тәсілдермен, яғни сатып алу тәсілін таңдау тәртібінің талаптарын бұза отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
конкурстық құжаттаманы көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып жасау;
әлеуетті жеткізушілерге көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген талаптарды белгілеу;
әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау және/немесе негізсіз түрде қатыстыру;
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып шарт жасасу;
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Ескертпе: Келісімшарт жасасу кезінде дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға осы тармақша қолданылмайды;
Тармақша 6
6) Келісімшарттың 20 және 63-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны үшін немесе уақытылы ұсынбағаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 7
7) төмендегі тармақтарға сәйкес хабарламаларды жолдамағаны немесе уақтылы жолдамағаны үшін:
Келісімшарттың 25-тармағына сәйкес – 5000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 17 және 26-тармақтарына сәйкес – 2000 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 8
8) Келісімшарттың 38-тармағында көрсетілген жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бірін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін – егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан аспаса – 10 000 АЕК немесе егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асатын болса 20 000 АЕК;
Тармақ 91
91. Құзыретті орган Келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енген;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған тиісті жобалау құжаттарынсыз көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген;
Тармақша 3
3) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, Кодекстің 44-бабының 1-тармағының талаптары бұзылған жағдайларда.
Тармақ 92
92. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы белгіленген мерзімде жоймаған кезде Келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы:
Тармақша 1
1) Кодекстің 133-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтардың біреуін;
Тармақша 2
2) Келісімшарттың 7-тарауында белгіленген өзге де міндеттемелерді екіден артық бұзу.
Тармақ 93
93. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы талаптардың бұзылғандығын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы мерзімнің және оны есептеу тәртібінің өзгеруіне әкелмейді.
Бөлім 11. 11. Еңсерілмейтін күш
11. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 94
94. Келісімшарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса, Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
Тармақ 95
95. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғи апаттар, табиғи зілзалалар (өрт және т.б.). Келтірілген тізбе толық болып табылмайды.
Тармақ 96
96. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу арқылы екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
Тармақ 97
97. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 98
98. Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларының дәлелдерін ұсынса, Құзыретті орган Келісімшарттың қолданылу мерзімін еңсерілмейтін күш мән-жайларының мерзіміне ұзартады.
Бөлім 12. 12-бөлім. Құпиялылық
12-бөлім. Құпиялылық
Тармақ 99
99. Келісімшартты орындау процесінде Тараптар алған немесе иеленген ақпарат құпия болып табылады және Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қорғалуға тиіс. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді құрастыру үшін құпия ақпаратты пайдалана алады.
Тармақ 100
100. Тараптардың екінші тараптың келісімінсіз мынадай:
Тармақша 1
1) егер бұл ақпарат сотта талқылауын жүргізу барысында пайдаланылған жағдайды;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін үшінші тұлға құпия ақпаратты құпия ретінде қарауға және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана және Тараптар белгіленген мерзімде қолдануға міндеттеме алған жағдайда, бұл ақпарат осындай үшінші тұлғаларға ұсынылған жағдайды;
Тармақша 3
3) ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайды;
Тармақша 4
4) ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілген жағдайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 101
101. Егер Кодексте немесе Тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, осы бөлімде көзделген құпиялылық туралы ережелер үлгілік Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қолданылады.
Тармақ 102
102. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы және Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар көлемдері туралы ақпарат құпия болып танылмайды.
Бөлім 13. 13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 103
103. Келісімшартты жүзеге асырумен, өзгертумен немесе тоқтатумен байланысты даулар келіссөздер жүргізу (дауларды сотқа дейін реттеу) арқылы шешіледі.
Тармақ 104
104. Құзыретті орган Кодекске және Келісімшартқа сәйкес жіберетін хабарламалар дауларды сотқа дейін реттеу ретінде танылады.
Тармақ 105
105. Егер жүзеге асырумен, өзгертумен немесе тоқтатумен байланысты даулар келіссөздер арқылы алты ай ішінде шешілмейтін болса, онда осындай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.
Бөлім 14. 14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
Тармақ 106
106. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар Кодекстің 37-бабында белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалатын Келісімшартқа толықтырумен мына жағдайларда ресімделеді:
Толықтыру Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа Толықтырулар құзыретті органда тіркелуге тиіс.
Тармақ 107
107. Өз қолданысын Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақтайтын Келісімшарттың 28, 32, 33, 79 және 80-тармақтарында көзделген ережелерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттың қолданысы Келісімшартты жасасу күніне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылады.
Тармақ 108
108. Құзыретті орган осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Тармақ 109
109. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылады, ал Келісімшартта бекітілген бекітілген жер қойнауы учаскесі мемлекетке қайтарылған болып табылады.
Бөлім 15. 15-бөлім. Қорытынды ережелер
15-бөлім. Қорытынды ережелер
Тармақ 110
110. Келісімшарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.
Тармақ 111
111. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы бойынша мәмілелерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Тармақ 112
112. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан жасалған. Барлық даналары бірдей.
Тармақ 113
113. Тараптардың келісімі бойынша Келісімшарт мәтіні басқа тілге аударылуы мүмкін.
Тармақ 114
114. Тараптар қазақ және (немесе) орыс тілдерінің қарым-қатынас тілдері ретінде қолданылатындығы туралы уағдаласады
Тармақ 115
115. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады.
Тармақ 116
116. Тараптар жазбаша нысанда жасалатын хабарламалар және (немесе) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарияланымдар арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында жариялау арқылы қазақ және орыс тілдерінде хабардар етіледі.
Тармақ 117
117. Келісімшарт бойынша пошталық мекенжай өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа жеті күннің ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті. Осы тармақта көзделген талапты орындамаған Тарап басқа Тараптан хабарламаларды алмағандығына сілтеу құқығынан айырылады.
Тармақ 118
118. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады. Қосымшалардың ережелері және Келісімшарттың арасында қандай да ауытқушылықтар болған жағдайда, Келісімшарттың ережелері басым күшке ие болады.
Тармақ 119
119. Келісімшартта пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер олар үшін Кодексте және (немесе) тиісті нормативтік құқықтық актілерде айқындалған мағыналарға ие.
Тармақ 120
120. Келісімшартта реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 121
121. Осы Келісімшартты 20___ жылғы ___ (айының) ________ күні ___________ қаласында (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері жасасты.
Тармақ 122
122. Тараптардың заңды мекенжайлары және қолдары:
Басқа 4. Қосымша міндеттемелер
Көмірсутектерді өндіруге
арналған үлгілік келісімшартқа
№ 1-қосымша
Қосымша міндеттемелер
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 4.2. Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары
Көмірсутектерді өндіруге
арналған Үлгілік келісімшартқа
№ 2-қосымша
Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары
Өңір атауы.
Жер қойнауы учаскесінің атауы.
Жер қойнауы учаскесінің бұрыштық координаттары.
Басқа 2.3. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Көмірсутектерді өндіруге
арналған үлгілік келісімшартқа
№ 3-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 3. УРАН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 маусымдағы
№ 233 бұйрығына
3-қосымша
УРАН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Бөлім 8
Басқа 3-1
Басқа 4. КҮРДЕЛІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ӨНДІРУ
ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2022 жылғы 11 маусымдағы
№ 233 бұйрығына
4-қосымша
КҮРДЕЛІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ӨНДІРУ
ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, құзыретті орган ретінде Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін («Құзыретті орган» деп аталады)
_____________________________________________________________________ мен
(мемлекеттік органның атауы)
Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланудың ____ үлесін иеленуші
___________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы), егер келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар екі және одан да көп тұлға болып табылған жағдайда, онда әрбір тұлғаның Т. А. Ә. (атауы) және осындай адамдардың әрқайсысына тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің мөлшері көрсетіледі) бұдан әрі бірлесіп «Жер қойнауын пайдаланушы» деп аталатындар)
арасындағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіру туралы келісімшарт.
Ескертпе: егер жер қойнауын пайдалану құқығы бір адамға берілген жағдайда, «бұдан әрі бірлесіп ...... аталатындар» деген сөздер «бұдан әрі ...... аталатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Келісімшартқа Тараптар мыналарға
______________________________________________________________________________________
(көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондар өткізу жөніндегі комиссияның хаттамасы немесе келісімшарт жасасу үшін негіз болып табылатын көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы Құзыретті органның шешімі) сәйкес «____» ____________ 20__ж. (бұдан әрі - «Қол қойылған күні») қол қойды.
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Келісімшарттың мәні
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы шарттар
2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
4-параграф. Салық салу және кедендік төлемдер
5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
7-параграф. Есепке алу және есеп беру
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және ауыртпалығы
9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалау
12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауапкершілігі
9-тарау. Еңсерілмейтін күш
10-тарау. Құпиялылық
11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
12-тарау. Келісімшартты өзгерту және тоқтату
13-тарау. Қорытынды ережелер
Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған Келісімшартқа қосымша
1-қосымша – Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
2-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
3-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Кіріспе
Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес жер қойнауы халыққа тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы жер қойнауы учаскесін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген негіздермен, талаптармен және шекте пайдалануға беретіндігін;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушыда жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді ұтымды және тиімді барлауды және өндіруді жүргізу ниеті, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерінің болуын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органды белгілегендігін және оған Келісімшартты жасасу және орындау құқығын бергендігін;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, орындалуы және тоқтатылуы Кодексте сәйкес айқындалатын шарт болып табылады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы құзыретті орган атынан және жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы уағдаласады:
Тарау 1. 1- тарау. Келісімшарттың мәні
1- тарау. Келісімшарттың мәні
Тармақ 1
1. Құзыретті орган Қазақстан Республикасы атынан Жер қойнауын пайдаланушыға Келісімшартта белгіленген мерзімге Келісімшартқа № 1 қосымшада айқындалған (айқындалған) жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану құқығын береді, ал Жер қойнауын пайдаланушы өз есебінен және тәуекелімен Келісімшарт талаптары мен Кодекске сәйкес Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы Келісімшарт күшіне енген күннен бастап – Келісімшарт Құзыретті органда тіркелген күннен бастап (бұдан әрі – «Күшіне енген күн») туындайды.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған жағдайда, Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 2. 2- тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
2- тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 4
4. Келісімшарттың қолданылу мерзімі біріктірілген болып табылады және ұзақтығы он сегіз (18) жыл барлау кезеңінен және ұзақтығы: ірі болып табылмайтын кен орны үшін жиырма бес (25) жыл; ірі болып табылатын кен орны үшін қырық бес (45) жыл өндіру кезеңінен тұрады. Келісімшарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы «___» ______________ бастап есептеледі.
Барлау кезеңі тоғыз (9) жылға тең бастапқы барлау кезеңінен, алты (6) жылға тең бағалау кезеңінен және үш (3) жылға тең сынақ пайдалану кезеңінен тұрады.
Тармақ 5
5. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша оның пікірінше бағалауды талап ететін кен орындарын (кен орындарын) барлаудың бастапқы кезеңі ішінде анықтаған және табылған кен орындарын (кен орындарын) бағалау бойынша мұндай жұмыстарды бастапқы барлау кезеңінде аяқтау мүмкін емес жағдайда Жер қойнауын пайдаланушы бастапқы барлау кезеңінің мерзімі өткенге дейін Құзыретті органға берілетін өтініш негізінде бағалау кезеңіне өтуге құқылы. Бағалау кезеңіне өту Кодекстің 116-бабында белгіленген тәртіппен Келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Егер Жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда Келісімшарт бойынша барлау кезеңі бағалау кезеңін және сынамалық пайдалану кезеңін қамтымайды және ұзақтығы тоғыз (9) жылдан аспайтын барлаудың бастапқы кезеңінен ғана тұрады. Бұл жағдайда барлау кезеңі Келісімшарт күшіне енген күннен бастап есептелетін Келісімшарттың қолданылу мерзімінің тоғызыншы жылдығында аяқталады.
Тармақ 6
6. Егер Жер қойнауын пайдаланушының пікірі бойынша анықталған тыңайған жерлерді (тыңайған жерлерді) бағалау мақсатында бағалау кезеңі ішінде аяқталуы мүмкін емес осындай тыңайған жерлерді (тыңайған жерлерді) сынамалық пайдалануды жүргізу талап етілсе, жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңінің мерзімі өткенге дейін құзыретті органға берілетін өтініш негізінде сынамалық пайдалану кезеңіне өтуге құқылы. Сынақтық пайдалану кезеңіне өту Кодекстің 116-бабында белгіленген тәртіппен Келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Егер Жер қойнауын пайдаланушы сынамалық пайдалану кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда Келісімшарт бойынша барлау кезеңі сынамалық пайдалану кезеңін қамтымайды және тек он бес (15) жылға тең сомада барлаудың бастапқы кезеңінен және бағалау кезеңінен тұрады. Бұл жағдайда барлау кезеңі Келісімшарт күшіне енген күннен бастап есептелетін Rелісімшарттың қолданылу мерзімінің он бес жылдығында аяқталады.
Сынақ пайдалану кезеңіне өткен жағдайда барлау кезеңі Келісімшарт күшіне енген күннен бастап есептелетін Rелісімшарттың қолданылу мерзімінің он сегізінші жылдығында аяқталады.
Тармақ 7
7. Егер барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы қорларды есептеу туралы есебі жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнын тапса, ол Кодекстің 119-бабында белгіленген тәртіппен Келісімшартқа қосымша келісім жасасу жолымен барлау кезеңі аяқталғанға дейін Құзыретті органға берілетін өтініш негізінде өндіру кезеңіне көшуге құқылы.
Өндіру кезеңіне көшкен кезде Келісімшарт бойынша өндіру кезеңінің мерзімі:
Тармақша 1
1) егер кен орны жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған өндіру учаскесіндегі геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сәйкес ірі кен орындары санатына жататын болса, қырық бес (45) жыл не болмаса
Тармақша 2
2) басқа кен орындары үшін жиырма бес (25) жыл.
Егер Rелісімшарт бойынша Кодекстің 110-бабына сәйкес бірнеше өндіру учаскелері қалыптастырылған жағдайда, өндіру кезеңі әрбір осындай учаске үшін жеке белгіленеді.
Тармақ 8
8. Егер Келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғанға дейін өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілмесе және Келісімшарттың 7-тармағына сәйкес Келісімшартқа толықтыру жасалмаса, ол мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 9
9. Келісімшарт бойынша өндіру кезеңі Тараптардың Кодекстің 120-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда Келісімшартқа толықтыру жасасуы арқылы ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Ұзарту мерзімі Келісімшартқа тиісті толықтыру жасалған күннен бастап есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
Тармақ 11
11. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары оның ажырамас бөлігі болып табылатын Келісімшартқа қосымшада белгіленеді.
Көрсетілген қосымшаны дайындау мақсатында барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістіктік шекаралары Кодекстің 110-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғаннан кейін, Келісімшарттың 5-тармағына сәйкес бағалау кезеңіне өткен жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бағалауды жүргізуге құқылы учаскені (учаскелерді) қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлаудың барлық учаскесін қайтаруға міндеттенеді.
Тармақ 13
13. Барлау кезеңі аяқталғаннан кейін, Келісімшарттың 7- тармағына сәйкес өндіру кезеңіне өткен жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесін (учаскелерін) қоспағанда, сынамалық пайдалануды қоса алғанда, ағалау жөніндегі жұмыстар жүргізілген барлау учаскесін толығымен қайтаруға міндеттенеді.
Жер қойнауы учаскесін түрлендіру келісімшартқа толықтыру жасасу арқылы Кодекстің 113, 114, 115-баптарында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) барлығын немесе бір бөлігін қайтару Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
Тармақ 15
15. Құзыретті орган:
Тармақша 1
1) Кодексте және (немесе) Келісімшартта көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 2
2) Кодексте және (немесе) Келісімшартта көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарт талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге;
Тармақша 3
3) Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасында тиісті халықаралық шарттар жоқ мемлекетпен келісімге қол жеткізгенге дейін жер қойнауының шекара маңындағы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
Тармақ 16
16. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған жағдайда, Құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен:
Тармақша 1
1) Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға;
Тармақша 2
2) Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауы учаскесін түрлендіруді жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді.
Тарау 6. 6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелер сақталған кезде, Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;
Тармақша 2
2) егер Кодексте және (немесе) Келісімшартта өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді өз қалауы бойынша пайдалануға;
Тармақша 3
3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болған жағдайда Жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салу, сондай-ақ шарттар негізінде жер қойнауы учаскесінің аумағында да, оның шегінен тыс жерлерде де ортақ пайдаланылатын объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
Тармақша 4
4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;
Тармақша 5
5) Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда барлаудың немесе өндірудің бүкіл учаскесін қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімінен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 6
6) барлау кезеңі ішінде және Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) аумағында көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге;
Тармақша 7
7) өндіру кезеңі ішінде жер қойнауы учаскесінің шекаралары шегінде көмірсутектер кен орнының геологиялық құрылымы мен қорларын нақтылау мақсатында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ өндіру учаскесін жете зерделеуді (жете барлауды) жүргізуге;
Тармақша 8
8) барлау кезеңі немесе өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта құрылыстарды, жабдықтарды, ұңғымаларды және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге;
Тармақша 9
9) бағалау кезеңіне, сынамалық пайдалану кезеңіне және өндіру кезеңіне өту туралы өтініш беруге;
Тармақша 10
10) өндіру кезеңін ұзартуға өтініш беруге;
Тармақша 11
11) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініш беруге;
Тармақша 12
12) арнайы рұқсаттар немесе лицензиялар алмай, көмірсутектерді өндіру кезінде жер асты суларын ілеспе алуды жүзеге асыруға құқылы. Ілеспе өндірілген жер асты суларын одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 13
13) Келісімшарттың 11-тарауында көзделген дауларды шешу тәртібіне сәйкес дауларды шешу рәсімін бастауға;
Тармақша 14
14) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған ерікті негізде көмірсутектер саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім жасасуға;
Тармақша 15
15) қажет болған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға;
Тармақша 16
16) Кодекске сәйкес құзыретті органның Келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуына дау айтуға;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 7. 7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
Тармақ 18
18. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін Келісімшартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті.
Тармақ 19
19. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартқа № 1 Қосымшаға сәйкес барлау кезеңінде жұмыстарды орындау түрлері, көлемі мен мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасын орындауға міндетті.
Тармақ 20
20. Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған кезде Жер қойнауын пайдаланушы технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдалану салдарына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.
Тармақ 21
21. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде жүзеге асыруға міндетті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылған, белгіленген минимумнан асатын қаржыландыру көлемі келесі жылы Жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындау есебіне ескеріледі.
Тармақ 22
22. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізу мақсатында кадрлардағы елішілік құндылықты айқындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы мыналарды басшылыққа алуға міндетті:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдаланушының басқарушылық және әкімшілік мұқтаждықтарына қарай шетелдік немесе қазақстандық кадрларға қажеттіліктері;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының нарығында жер қойнауын пайдаланушының қажеттіліктеріне сәйкес келетін белгілі бір санат бойынша білікті қазақстандық персоналдың болуы;
Тармақша 3
3) тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, қазақстандық кадрларды кезең-кезеңмен оқытуға және кейіннен шетелдік кадрларды басқарушы санаттар бойынша қазақстандық кадрлармен біртіндеп ауыстыру.
Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі: басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша___%, құрылымдық бөлімшелердің басшылары бойынша___%, ал мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша___%, бірақ 70% - дан кем болмауы тиіс
Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылар, менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылар, менеджерлер мен мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс.
Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескертпе: 22-тармақта аукционға қатысуға өтінімде немесе тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініште көрсетілген кадрлар бойынша басшылар мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша пайыздар көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Жер қойнауын пайдаланушы елішілік құндылық үлесін қамтамасыз етуге және Келісімшарттың 8-тарауының 5-параграфына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға міндетті.
Тармақ 24
24. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органмен Келісімшарттың 8-тарауының 5-параграфына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жергілікті жеткізушілердің дамыту бағдарламасын келісуге міндетті.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда Жер қойнауын пайдаланушы учаскедегі жұмыстарды дереу тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 26
26. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялардың есебін жүргізуге және Келісімшарттың 8-тарауының 7-параграфында көзделген есептерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 27
27. Жер қойнауын пайдаланушы тартылған шетелдік персоналға қатысты қазақстандық персонал үшін тең еңбек жағдайларын, оның ішінде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 28
28. Жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті ұйым жариялайтын инфляция деңгейінен төмен емес қазақстандық персонал үшін жыл сайынғы жалақыны индекстеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 29
29. Жер қойнауын пайдаланушы негізделген нарықтық жағдайларға сәйкес олар көрсететін мұнай сервистік жұмыстарға/қызметтерге тартылған мердігер ұйымдар үшін кемсітпейтін тарифтерді айқындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын берген мемлекеттік органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 31
31. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың өкілеттігін тоқтату туралы құзыретті органды дереу хабардар етуге міндетті.
Тармақ 32
32. Жер қойнауын пайдаланушы жаңа кен орны (кен орындарының жиынтығы) әрбір ашылған кезде осындай ашылу күнінен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға анықталғанын растау туралы өтініш жібереді.
Тармақ 33
33. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган анықтағанын растаған күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 34
34. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағында бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды теңгерімге қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
Тармақ 35
35. Жер қойнауын пайдаланушы заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін тоқтатуға әкеп соқпайды.
Тармақ 36
36. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 8-тарауының 6-параграфына сәйкес тарату жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 37
37. Өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша таратылуға жататын және кен орнын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдаланылмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.
Тармақ 38
38. Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасында белгіленген мерзімдерде консервациялауды аяқтауға міндетті.
Жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттемелер жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен орындалады. Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда міндеттемелердің сомалары орындалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеледі.
Тармақ 39
39. Барлау кезеңі ішінде Жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық мұқтаждарына тұтынылатын немесе Кодекс талаптарына сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, барлау кезеңінде өндірілген өзіне тиесілі көмірсутектерді Қазақстан Республикасының ішкі нарығына толық көлемде жеткізуге міндетті.
Тармақ 40
40. Егер есептеу бойынша есебі Кодекске сәйкес жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемі жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асса, Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартттың 8-тарауының 12-параграфына сәйкес қосымша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 41
41. Кодекстің 146-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы шикі газды жағуға жол бермеуге міндетті.
Тармақ 42
42. Ішкі нарықтың қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеу үшін мұнай жеткізуді жүзеге асыруға, ал мұнай өңдеу зауыты авариялық жағдайға байланысты тоқтаған жағдайда- Келісімшарттың 8-тарауының 2-параграфына сәйкес жеткізу графиктеріне сәйкес одан тыс жерлерде жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 43
43. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт бойынша міндеттемесі ретінде оның жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жобалық құжаттарға сараптамалардың оң қорытындыларын алған келесі ықтимал түзетулерді ескере отырып, мынадай көрсеткіштерді орындауы белгіленеді:
Тармақша 1
1) пайдалану ұңғымалары торының тығыздығы;
Тармақша 2
2) әрбір пайдалану объектісі бойынша өндіруші және айдау ұңғымаларының арақатынасы;
Тармақша 3
3) кенжатындар бойынша өтемақы коэффициенті;
Тармақша 4
4) қабаттық және кенжарлық қысымның қанығу қысымына немесе конденсация қысымына қатынасы;
Тармақша 5
5) қабат қысымының кенжар қысымына қатынасы;
Тармақша 6
6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шекті шамасы;
Тармақша 7
7) көмірсутектерді өндіру көлемдері;
Тармақша 8
8) қабат қысымын арттыру үшін кері айдалатын жұмыс агентінің көлемдері;
Тармақша 9
9) пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштері.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәні келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттары негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 44
44. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне көшкен күннен бастап екі жылдан кешіктірмей кен орнын (кен орындарын) игеру жобасын Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарын бекітуге және мемлекеттік сараптамадан өту үшін ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 44-1
44-1. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт жасалған күннен бастап он екі (12) айдан кешіктірілмейтін мерзімде шетелдік кадрларды қазақстандық кадрлармен алмастыру бағдарламасын әзірлеуге және құзыретті органмен келісуге міндеттенеді.
Тармақ 45
45. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы шарттар
1-параграф. Жалпы шарттар
Тармақ 46
46. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар өнеркәсіптік қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 47
47. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындыларды алған сараптамаларға сәйкес барлау жұмыстарының жобасына, көмірсутектер кен орнын игеру жобасына, сынамалық пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 48
48. Жобалау құжаттарында көзделмеген, сондай-ақ жобалау құжаттары болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 49
49. Жобалау құжаттарында көзделген көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәсілдері жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 50
50. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және мазмұнына қойылатын талаптар Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда айқындалады.
Тармақ 51
51. Барлау мен өндіруді жүзеге асыру кезінде Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.
Ескертпе: егер Келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесі Каспий немесе Арал теңізінің қазақстандық секторы шегінде толық немесе ішінара орналасса, Келісімшарттың 51-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
«51. Барлау мен өндіруді жүзеге асыру кезінде Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің ең үздік тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.».
Тармақ 52
52. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес базалық жобалау құжатында көзделмеген көмірсутектердің жоғалуын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуі тиіс.
Тармақ 53
53. Кодекстің 24-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, егер бұл ерекше қауіпсіздік жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі жасамаса, жер қойнауын пайдаланушы басқа тұлғалардың жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп-тұруына, ортақ пайдаланылатын объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға кедергі жасамауға міндеттенеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
Тармақ 54
54. Қазақстан Республикасының көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын, мәміле жасалған күні қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша көмірсутектерді сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде Жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектердің көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігін негізге ала отырып айқындалатын болады және өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен жер қойнауын пайдаланушының орналасқан өңірінің өндіру үлесіне барабар болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын көмірсутектердің бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, мемлекет көмірсутектерді сатып алу жөніндегі мәмілені жасау күніне әлемдік нарықтарда қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар қолданылады.
Тармақ 55
55. Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнамасына және Келісімшартқа сәйкес Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ Жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі газды қайта өңдеу процесінде өндірген және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және Келісімшартқа сәйкес оған тиесілі тауарлық газды басқа адамдар алдында басым құқыққа ие.
Тармақ 56
56. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқылы. Реквизициялау төтенше немесе соғыс жағдайының қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының мұқтажы үшін қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы реквизицияланған көмірсутектер үшін заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушымен жазбаша нысанда келісілген олардың құнын төлеу арқылы Жер қойнауын пайдаланушы реквизициялау күніне көмірсутектермен мәмілелер жасау кезінде қолданылатын бағадан аспайтын бағалар бойынша, көлік шығыстары мен өткізуге арналған шығындарды шегергенде өтемақыға кепілдік береді.
Тармақ 57
57. Жер қойнауын пайдаланушы жеткізу графиктеріне сәйкес ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында өңдеу үшін мұнай беруді, ал мұнай өңдеу зауыттары авариялық жағдайға байланысты тоқтап қалған жағдайда, оның шегінен тыс жерде жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттеме:
Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар бойынша;
Кодекстің 148-1-бабына сәйкес мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлеміне қатысты өндіру кезеңінде қолданылмайды.
Тармақ 57-1
57-1. Жер қойнауын пайдаланушы өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өңдеу үшін мұнай жеткізетін жағдайда, осы Келісімшарттың 57-тармағының екінші бөлігіндегі ережелері қолданылмайды.
Тармақ 58
58. Жер қойнауын пайдаланушы өзі өндірген жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын иеліктен шығаруды не процессингке беруді ниеттенген жағдайда мұндай иеліктен шығару немесе процессингке беру өндірістік қуаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндірушілерге ғана жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 3. 3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
Тармақ 59
59. Көмірсутектерді, оның ішінде теңізде барлау мен өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:
Тармақша 1
1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесі негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;
Тармақша 4
4) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 60
60. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орнын игеруді бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 61
61. Теңізде операциялар жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы оларды теңізде операциялар жүргізудің ең озық тәжірибесіне сәйкес жүргізуге міндетті.
Тармақ 62
62. Мынадай шикі газдың көлемін қоспағанда, өндірілетін шикі газдың барлық көлемін өңдеусіз көмірсутектерді өндіруге тыйым салынады:
Тармақша 1
1) Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалық құжатта көзделген көлемдерде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушы өзге тұлғаларға қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату мақсатында өткізетін.
Тармақ 4. 4-параграф. Салық салу және кедендік төлемдер
4-параграф. Салық салу және кедендік төлемдер
Тармақ 63
63. Осы Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау, Келісімшартқа қол қойылған күні қолданыста болатын Салық Кодексінің 756-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 64
64. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасасқанға дейін «__» ______ 20__ ж. № _____ банк тапсырмасына сәйкес төлеген, қол қойылған бонустың мөлшері ________ (сомасы теңгемен көрсетіледі) болды.
Тармақ 65
65. Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының күшіне енген күнгі қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісімшарт бойынша өндірілген шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден уақытша босату беріледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
Тармақ 66
66. Келісімшарт бойынша көмірсутекті барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай тәртіп мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 1
1) өндіру кезеңінде Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және құзыретті органмен келісілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламаларын орындау;
Тармақша 2
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді барлық мүдделі жеткізушілерге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған конкурсқа қатысу үшін толық және кемсітпейтін мүмкіндіктер беру;
Тармақша 3
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілерді алдын ала іріктеудің объективті өлшемшарттарын қолдану;
Тармақша 4
4) барлық мүдделі тұлғалар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратқа, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптарға, оның ішінде Жер қойнауын пайдаланушының ресми интернет-ресурстарында орналастыру арқылы ашық қолжетімділік.
Тармақ 67
67. Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Келісімшарт жасалған күннен бастап он екі (12) айдан кешіктірілмейтін мерзімде Келісімшарттың 66-тармағының ережелеріне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін әзірлесін;
Тармақша 2
2) Келісімшарттың 7-тармағына сәйкес өндіру кезеңіне көшу күніне дейін 12 айдан кешіктірмей өндіру кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жергілікті жеткізушілерді дамыту бағдарламасын құзыретті органмен келіседі;
Тармақ 68
68. Осы Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесі ___________% құрауға тиіс, бірақ күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің елу пайызынан (50%) кем емес. Осы тармақ Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күрделі жобаларға қатысты қолданылмайды.
Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 69
69. Жер қойнауын пайдаланушы осы тараудың -7-параграфына сәйкес Құзыретті органмен келісілген өндіру кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламасын орындау бойынша есептерді ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 6. 6-парагараф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
6-парагараф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
Тармақ 70
70. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою:
Тармақша 1
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
Тармақша 2
2) Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниеттенетін жер қойнауы учаскесінде (оның бір бөлігінде) жүргізіледі.
Тармақ 71
71. Жер қойнауын пайдаланушының барлау кезеңінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) кепілдік;
Тармақша 2
2) сақтандыру;
Тармақша 3
3) банктік салымды кепілге қою арқылы.
Тармақ 72
72. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы банк салымының кепілімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 73
73. Барлау және (немесе) өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету Кодексте айқындалған мөлшерде, мерзімде және тәртіппен қалыптастырылады.
Тармақ 74
74. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етудің кез келген ұсынылатын тәсілі осындай қамтамасыз етуді беру күнінде қолданылатын Кодекстің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 75
75. Егер Жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша оларға берілген қамтамасыз ету Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе тоқтатылса, Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күн ішінде осындай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыруды Жер қойнауын пайдаланушы жүргізбесе, соңғысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қалпына келтіруге қамтамасыз ету қалпына келтірілгеннен немесе ауыстырылғаннан кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 76
76. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кепілге салынған банк салымы бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
Тармақ 77
77. Жер қойнауы учаскесін консервациялау Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және (немесе) Келісімшартта белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 7. 7-параграф. Есепке алу және есеп беру
7-параграф. Есепке алу және есеп беру
Тармақ 78
78. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялардың есебін жүргізуге және мынадай есептерді:
Тармақша 1
1) геологиялық есепті;
Тармақша 2
2) лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есепті;
Тармақша 3
3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;
Тармақша 4
4) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;
Тармақша 5
5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы есепті;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есепті;
Тармақша 7
7) Жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті беруге міндеттенеді.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың 3) – 7) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.
Тармақ 79
79. Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша тексеру үшін жүргізілген жұмыстар мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі шығыстарды растайтын құжаттаманы осындай сұрау салуды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудитор болып табылатын тұлға растаған өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандартында көзделген есептілікті Құзыретті органға ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 8. 8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және
жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің
ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және
жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің
ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
Тармақ 80
80. Келісімшарт негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Кодексте белгіленген тәртіппен құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 81
81. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы келісімшартқа өзгеріс енгізу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 82
82. Жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге, сенімгерлік басқаруға беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
Тармақ 83
83. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.
Тармақ 84
84. Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге) ауыртпалық салу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу Кодексте белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 85
85. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге алған қарыз жер қойнауын пайдалану мақсатына не келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағында Жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталына қатысуының жүз пайыз үлесі бар еншілес ұйым кейіннен қайта бөлуді ұйымдастыру үшін пайдаланылуға тиіс.
Тармақ 9. 9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
Тармақ 86
86. Жер қойнауын пайдаланушы өндірген көмірсутектер және оларды өндіру барысында алынатын компоненттер Жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 87
87. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Жер қойнауын пайдаланушы сатып алған мүлік Жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 88
88. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде мүлікке меншік құқығының ауысу жағдайлары мен тәртібі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінің аумағынан мүлікті әкету жөніндегі құқықтар мен міндеттер Кодексте белгіленеді.
Тармақ 89
89. Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынған геологиялық ақпарат жеке меншікте (жеке геологиялық ақпарат) болады.
Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын геологиялық есептілікте және өзге де құжаттамада қамтылған жеке геологиялық ақпарат мемлекетке мерзімсіз иеленуге және пайдалануға беріледі.
Тармақ 90
90. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерінің болуын, есепке алынуын және сақталуын, сондай-ақ зерттеу немесе тексеру үшін жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның өкілдеріне оларға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тармақ 91
91. Кодекстің 75-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруға құқылы емес.
Тармақ 92
92. Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 75-бабында белгіленген тәртіппен зерттеу және талдау мақсатында ғана жынысөзектер, тау жыныстары мен минералдардың үлгілері, сынамалар, тас материалдарының, шлифтердің, аншлифтердің, минералды ерітінділер мен ұнтақтардың коллекциялары түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге құқылы.
Тармақ 93
93. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін сынамалар түрінде иеліктен шығаруы және (немесе) олардың сынамаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуі Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 94
94. Жер қойнауын пайдаланушының өзіне тиесілі жынысөзектерді иеліктен шығаруды немесе жоюды жүргізу ниеті болған жағдайда, ол бір айдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды осындай ниет туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан аталған жынысөзектерді талапта көзделген мерзімде оның меншігіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл мерзім бір айдан кем болмауы керек.
Тармақ 95
95. Тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар болжамды тоқтатылғанға дейін үш ай бұрын Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды өзінің бар далалық байқаулар, сынамаларды сынау, сынамаларды талдау журналдары, геофизикалық байқауларды тіркеу, геологиялық ақпараттың бастапқы далалық деректерінің қағаз және электрондық жеткізгіштері немесе бұрғылау ұңғымаларының жынысөзектері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Осындай хабарламаны алғаннан кейін бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган Жер қойнауын пайдаланушыдан геологиялық ақпаратты көрсетілген жеткізгіштердің меншігіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл талап оны алған күннен бастап бір ай ішінде орындалуы тиіс.
Тармақ 96
96. Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі және мемлекет жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшартқа және (немесе) Кодекске сәйкес алған геологиялық ақпарат оны жариялау немесе оған ашық қолжетімділік беру жолымен мынадай жағдайларда ашылуға тиіс:
Келісімшарт тоқтатылғаннан кейін;
Жер қойнауын пайдаланушының жазбаша келісімімен;
басқа мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша олар алынатын мәліметтердің құпиялылығын қорғауға шаралар қабылдаған жағдайда;
бұрын осындай мәліметтер алынған жер қойнауының тиісті учаскесі қайтарылған күннен бастап үш ай өткен соң;
егер мәліметтер жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижесінде алынған болса.
Тармақ 10. 10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
Тармақ 97
97. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою не кейіннен өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесін консервациялауды жүргізу шешімі туралы Құзыретті органның хабарламасын алған Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарлама алынған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
Тармақша 2
2) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындылар бекітілгеннен және алынғаннан кейін Жою немесе консервациялау жобасының сараптамалары Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау салдарын жою жөніндегі жұмыстарды дереу бастауға міндетті;
Тармақша 3
3) хабарламаны алған күннен бастап алты (6) ай ішінде жер қойнауы учаскесінің аумағынан өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ оның меншігі болып табылатын жабдықтар мен өзге де мүлікті әкетуге құқылы. Көрсетілген мерзімде әкетілмеген жабдық пен өзге де мүлік Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес таратылуға немесе консервациялауға жатады.
Тармақ 98
98. Жер қойнауы учаскесін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім туралы Құзыретті органның хабарламасын алған жағдайда Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға бергенге дейінгі мерзімге беруге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға мүлікті беруден жалтарған жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбесі бар акт бойынша оны көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, хабарламаны алған күннен бастап алты (6) ай ішінде жер қойнауы учаскесінің аумағынан өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті әкетуге құқылы.
Тармақ 11. 11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
Тармақ 99
99. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалауды Құзыретті орган Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 100
100. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті Құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын есептерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 12. 12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
Тармақ 101
101. Есептеу жөніндегі есеп Кодексте көзделген жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемі жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асақан кезде мұндай кен орнына қатысты Келісімшарт ережелері жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін қамтиды:
Тармақша 1
1) жаңа заңды тұлға құру арқылы дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп қайта өңдеу өндірістерін құру;
Тармақша 2
2) жұмыс істеп тұрған өндіру өндірістерін жаңғырту немесе реконструкциялау;
Тармақша 3
3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту немесе реконструкциялау;
Тармақша 4
4) өндірілетін көмірсутектерді қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) шарттық талаптармен беру;
Тармақша 5
5) жобаны жаңа заңды тұлға құру арқылы өзі дербес басқа тұлғалармен бірлесіп өзге инвестициялық жобаны немесе өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобаныіске асыру.
Ескертпе: егер Келісімшарт осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесіне қатысты жасалса, 101-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
Тармақ 101
«101. Есептеу жөніндегі есеп Кодексте көзделген жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемі жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асқан кезде, мұндай кен орнына қатысты Келісімшарт ережелері жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін қамтиды:»;
Тармақ 102
102. Өндіру кезеңіне өткенге дейін он екі айдан кешіктірмей Тараптар Келісімшарттың 101-тармағында аталған міндеттемелердің бірін айқындау мақсатында келіссөздер жүргізеді.
Бұл ретте Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға қажетті қаржылық есептер мен негіздемелерді қоса бере отырып, Келісімшарттың 101-тармағында аталған бір немесе бірнеше міндеттемелер бойынша ұсыныстар жіберуге міндеттенеді.
Бұл жағдайда өндіру кезеңіне көшу кезінде Келісімшарт талаптары Жер қойнауын пайдаланушының іске асыру мерзімдері мен оның болжамды құнын көрсете отырып, тиісті жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін болады.
Ескертпе: осы Кодекстің 36-бабының 1-2 тармағы 1) тармақшасына сәйкес күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесіне қатысты келісімшарт жасасқан кезде 102-тармақ мынадай редакцияда жазылады:
Тармақ 102
«102. Келісімшарттың 101-тармағында көрсетілген жиырма жылдық мерзім өткенге дейін он екі айдан кешіктірмей Тараптар Келісімшарттың101-тармағында санамаланған міндеттемелердің бірін айқындау мақсатында келіссөздер жүргізеді.
Бұл ретте Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға қажетті қаржылық есептер мен негіздемелерді қоса бере отырып, Келісімшарттың 101-тармағында санамаланған бір немесе бірнеше міндеттемелер бойынша ұсыныстар жіберуге міндеттенеді.
Келіссөздердің нәтижелері бойынша Тараптар жер қойнауын пайдаланушының іске асыру мерзімдері мен оның болжамды құнын көрсете отырып, тиісті жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелері көзделетін келісімшартқа толықтыруға қол қояды.
Тармақ 13. 13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
Тармақ 103
103. Келісімшартта және (немесе) Кодексте көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке алып келеді.
Тармақ 104
104. Құзыретті орган Келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы, сондай-ақ белгіленген мерзімде оның тұрақсыздық айыбын төлеу және (немесе) осындай бұзушылықты жою жөніндегі міндеттері туралы мынадай:
Тармақша 1
1) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді Жер қойнауын пайдаланушының есепті жылы отыз пайыздан кем орындаған;
Тармақша 2
2) қамтамасыз ету мөлшерін қалыптастырудың белгіленген графигіне сәйкес не графикті бұза отырып, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етуді ұсынбай, жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген;
Тармақша 3
3) Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартта белгіленген міндеттемелерді бұзған өзге де жағдайларда жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 105
105. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелердің нақты көлемі бойынша Келісімшарт талаптарын бұзуын жою мерзімі Келісімшарттың 104-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер бойынша – алты айдан, өзге міндеттемелер бойынша – жазбаша хабарлама алған күннен бастап бір айдан аспауға тиіс.
Тармақ 106
106. Жер қойнауын пайдаланушы жасаған бұзушылықты хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және бұл туралы жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Құзыретті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 107
107. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға осындай ұзартудың себептерін негіздей отырып, Келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзуды жою мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Жол берілген бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша Құзыретті орган оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісім туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын ұсынады.
Тармақ 108
108. Келісімшарттың 105-тармағында айқындалған мерзімде Келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзуды жою мүмкін болмаған жағдайда, Құзыретті орган мұндай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзім белгілеуге құқылы.
Тармақ 109
109. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:
Тармақша 1
1) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 2
2) кез келген есепті жылы кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – 2 000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;
Тармақша 3
3) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10% мөлшерінде;
Тармақша 4
4) жұмыс бағдарламасында (қосымша жұмыс) көзделген екі жылдық кезең ішінде жер қойнауы учаскесінде жылдық жұмыс көлемін, түрлерін және мерзімдерін орындамағаны үшін - міндеттеменің есепті кезеңіндегі орындалмаған жұмыс көлемі, түрлері және мерзімдері құнының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде қайта өңдеу үшін мұнай беру міндетін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Келісімшарттың 42-тармағына сәйкес графиктерде айқындалған көлемде – 10 000 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 6
6) Кодексте көзделген хабарламаларды, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жергілікті жеткізушілерді дамыту бағдарламасын құзыретті органға келісуге жібермегені немесе уақтылы жібермегені үшін – 2000 АЕК;
Тармақша 7
7) есепті жылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламасын орындамағаны үшін – орындалмаған міндеттеме сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 8
8) Келісімшарттың 26, 44-1, 67 және 69-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны немесе уақытылы ұсынбағаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 9
9) мыналарға сәйкес хабарламаларды жібермегені немесе уақтылы жібермегені үшін:
Келісімшарттың 30 және 30-тармақтары бойынша – 5 000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 25 және 31-тармақтары мен тармақтары бойынша – 2 000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 33-тармағы бойынша – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 10
10) Келісімшарттың 44-тармағында көрсетілген жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бірін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін – егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан аспаса – 10 000 АЕК немесе егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асатын болса20 000 АЕК;
Тармақша 11
11) Келісімшарттың 66-тармағына сәйкес белгіленген тәртіпті бұза отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алғаны үшін – осындай бұзушылықпен жүргізілген сатып алу сомасынан 30%.
Тармақ 110
110. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген мерзімде мыналарды:
Тармақша 1
1) Кодекстің 133-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтардың біреуін;
Тармақша 2
2) Келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді екіден көп бұзушылықтарын жоймаған кезде Құзыретті орган Келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Тармақ 111
111. Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісімшарт талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы талаптардың бұзылғандығын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жыл ішінде Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы оны есептеу мерзімі мен тәртібінің өзгеруіне әкелмейді.
Тарау 9. 9-тарау. Еңсерілмейтін күш
9-тарау. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 112
112. Келісімшарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса, Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
Тармақ 113
113. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: төтенше жағдай, әскери жанжалдар, табиғи апаттар, табиғи зілзалалар (өрт және т.б.). Келтірілген тізбе толық болып табылмайды.
Тармақ 114
114. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу арқылы екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
Тармақ 115
115. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 116
116. Келісімшарттың қолданылу мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, Тараптар келісімшарттың 114 және 115-тармақтарын сақтаған жағдайда, Келісімшартқа өзгерістер енгізу жолымен ұзартылады.
Тарау 10. 10-тарау. Құпиялылық
10-тарау. Құпиялылық
Тармақ 117
117. Келісімшартты орындау процесінде Тараптар алған немесе иеленген ақпарат құпия болып табылады және Кодексте және (немесе) Келісімшартта белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қорғалуға тиіс. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
Тармақ 118
118. Тараптардың екінші тараптың келісімінсіз мынадай:
Тармақша 1
1) егер бұл ақпарат сот немесе төрелік талқылауды жүргізу барысында пайдаланылған жағдайды;
Тармақша 2
2) мұндай үшінші тұлға мұндай ақпаратты құпия деп қарауға және оны тек жоғарыда көрсетілген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімге пайдалануға міндеттеме алған жағдайда, ақпарат Жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін, жұмыстарды орындайтын немесе жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні келісімшарт бойынша сатып алуды жоспарлайтын үшінші тұлғаларға ұсынылған жағдайды;
Тармақша 3
3) ақпарат Жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия ретінде қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарда пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайды;
Тармақша 4
4) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына берілген жағдайды;
Тармақша 5
5) Жер қойнауын пайдаланушының үлестес тұлғаларына немесе Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерді иеленушілерге құпия негізде берілген жағдайды;
Тармақша 6
6) ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілген жағдайды;
Тармақша 7
7) Тараптардың келісімі бойынша ақпаратты ашу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 119
119. Егер Кодексте немесе Тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, осы тарауда көзделген құпиялылық туралы ережелер Келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде қолданылады.
Тармақ 120
120. Осы тараудың ережелері Келісімшарттың 96-тармағына сәйкес ашылатын геологиялық ақпаратқа қатысты қолданылмайды.
Тармақ 121
121. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына қатысты, Жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар көлемдері туралы ақпарат құпия болып танылмайды.
Тарау 11. 11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 122
122. Тараптар арасында осы Келісімшарттың негізінде не оған байланысты туындаған дау, келіспеушілік немесе наразылық (бұдан әрі – «Дау») жағдайында дауды шешуге беруге ниет білдірген Тарап екінші Тарапқа даудың бар екендігі туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – «Дау туралы хабарлама») жібере отырып, дауды шешу процесін бастауы тиіс. Дау туралы хабарламада даудың тараптары көрсетілуі керек, сондай-ақ даудың сипатының қысқаша мазмұны болуы керек.
Егер дау дау туралы хабарланғаннан кейін күнтізбелік отыз (30) күн ішінде келіссөздер жолымен шешілмесе, онда Тараптардың кез келгені Келісімшарттың 123-тармағына сәйкес дауларды шешу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы. Көрсетілген мерзім Тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 123
123. Келіссөздер арқылы шешілмеген дау қарауға берілуі мүмкін __________________ [дауды шешу тәсілін көрсету: (А) Қазақстан Республикасының соттарында немесе (b) төрелікте].
Тармақ 124
124. Төрелік талқылаудың орны [төреліктің орнын көрсету: (a) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Қазақстан Республикасы; (b) Лондон қ., Ұлыбритания; (c) Женева қ., Швейцария; (d) Сингапур қ., Сингапур] болып табылады.
Төрелік құрамы ЮНСИТРАЛ регламентіне сәйкес тағайындалатын 3 (үш) төрешіден тұрады (бұдан әрі – «Төрелік құрамы»). Әрбір Тарап төрелік туралы хабарламада және Төрелік туралы хабарламаға жауапта тиісінше бір төрешіні тағайындайды және оның кандидатурасын көрсетеді. Осылайша тағайындалған екі төреші төреші-төрелік құрамының төрағасы ретінде қызмет ететін үшінші төрешіні сайлайды. ЮНСИТРАЛ регламентін орындау мақсатында _________________________________________________________________тағайындаушы орган болып табылады [(а) Лондон, Женева, Стокгольм немесе Сингапур қалаларының төрелік талқылау орны ретінде таңдалған жағдайда Гаагадағы аралық соттың Тұрақты палатасының Бас хатшысы; (b) төрелік талқылау орны ретінде АХҚО-ны таңдаған жағдайда АХҚО халықаралық төрелік орталығының төрағасы көрсетілсін] Төрелік құрамына тағайындалған әрбір төреші ағылшын тілін жетік білуі тиіс.
Егер Тараптар өзгеше келіспесе не төрелік құрамы басқа жерде тыңдаулар өткізуді талап етпесе, төрелік талқылаулар өткізілетін орын төрелік талқылаулар өткізілетін жеке орын болып табылады.
Ескертпе: 124-тармақ Келісімшартқа дауды шешу тәсілі ретінде төрелікті таңдаған жағдайда енгізіледі.
Тарау 12. 12-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
12-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
Тармақ 125
125. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар Кодекстің 37-бабында көзделген жағдайларда жасалатын Келісімшартқа толықтырумен ресімделеді. Көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар Келісімшарттың ережелерін ескере отырып, Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда енгізіледі.
Толықтыру Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа толықтырулар құзыретті органда тіркелуі тиіс.
Тармақ 126
126. Егер Келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде жер қойнауы учаскесінде бір немесе бірнеше кен орындары анықталса, олардың ешқайсысы Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көрсетілген өлшемшарттардың кез келгеніне сәйкес келмесе, өндіру кезеңіне көшу туралы өтініш берілген күні қолданыста болатын өндіру кезеңіне көшкен кезде өндіру кезеңіне жататын келісімшарт талаптары өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс.
Тармақ 127
127. Егер келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде бір бөлігі Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кем дегенде біреуіне сәйкес келетін, ал екінші бөлігі көрсетілген өлшемшарттардың ешқайсысына сәйкес келмейтін бірнеше кен орындары анықталса, Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың ешқайсысына сәйкес келмейтін кен орындарына қатысты өндіру кезеңіне өту кезінде, мұндай кен орындары тиісті кен орындары бойынша өндіру кезеңіне көшу туралы өтініш берген күні өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарында осындай кен орындарына қатысты өндіруге арналған келісімшарт (келісімшарттар) жасасу жолымен жеке келісімшартқа (жекелеген келісімшарттарға) бөлінуге тиіс. Осы тармақ Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың ешқайсысына сәйкес келмейтін кен орындарына қатысты, Кодекстің 36-бабының 1-4-тармағында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
Тармақ 128
128. Жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттың қолданылуы Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін өз қолданысын сақтайтын Келісімшарттың 6, 8 және 10-тарауының 8, 10 және 11-параграфтарында көзделген ережелерді қоспағанда, Кодекстің 38-бабында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 129
129. Келісімшарт жасалған күннен бастап үш жыл ішінде және Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы орындаған сейсмикалық жұмыстардың және (немесе) бұрғылау жұмыстарының нәтижелері бойынша геологиялық ақпарат алған жағдайда, Жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауын пайдаланушы осындай қайтару сәтіне жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша алған геологиялық ақпарат негізінде кейінгі бұрғылау жұмыстарын және олармен байланысты өзге де жұмыстарды қоса алғанда, көрсетілген жұмыстардың кез келген түрі аяқталғаннан кейін жер қойнауының барлық (барлық) учаскесін (учаскелерін) қайтаруға және жұмыс бағдарламасында көрсетілген (көрсетілген) жұмыстардың кейінгі (соңғы) түрін (түрлерін) орындаудан бас тартуға құқылы. Жер қойнауы учаскесі (учаскелері) осылай қайтарылған және Келісімшарт тоқтатылған жағдайда Келісімшарттың 8-тарауының 6-параграфына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын консервациялау және (немесе) жою жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы осындай жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды орындауды тоқтатуға және (немесе) келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты қандай да бір тұрақсыздық айыбын төлеуді қоса алғанда, жұмыс бағдарламасын орындау бойынша қандай да бір міндеттемелерді көтермейді.
Тармақ 130
130. Келісімшарт мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) егер Келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы қорларды есептеу жөніндегі есепті заңнамада көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын анықтамаса;
Тармақша 2
2) құзыретті орган Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен, Келісімшарттың 110 және (немесе) 131-тармақтарында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларда;
Тармақша 3
3) Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін жер қойнауының барлық учаскесін қайтарса;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 131
131. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енсе;
Тармақша 2
2) Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және заңнамада көзделген жобалау құжаттарына оң қорытындылар алған тиісті сараптамаларсыз жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізсе;
Тармақша 3
3) Кодекстің ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін салдарларға әкеп соқтырған, 44 - бабының 1-тармағының талаптары бұзылса;
4) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен Үкіметтің шешімі бойынша Келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Тармақ 132
132. Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылады, ал Келісімшартта бекітілген (бекітілген) жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.
Тарау 13. 13-тарау. Қорытынды ережелер
13-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 133
133. Келісімшарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.
Тармақ 134
134. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәмілелерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Тармақ 135
135. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде, заң күші бірдей Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде бір данадан жасалды.
Ескертпе: егер Келісімшарттың тарапы (Келісімшарттағы үлестің иесі) шетелдік заңды тұлға не шетелдік қатысуы бар заңды тұлға болып табылған жағдайда, Келісімшарттың 135-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
«135. Келісімшарт ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде бір данадан жасалды, Келісімшарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіні басым күшке ие.».
Тармақ 136
136. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады.
Ескертпе: егер Келісімшарттың тарабы (Келісімшарттағы үлестің иесі) шетелдік заңды тұлға не шетелдік қатысуы бар заңды тұлға болып табылған жағдайда, Келісімшарттың 136-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
«136. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады, техникалық құжаттама Жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша шет тілінде де жасалуы мүмкін.».
Тармақ 137
137. Келісімшарт бойынша пошталық мекенжайы өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы жеті (7) күн ішінде екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беруге міндетті. Осы тармақта көзделген талапты орындамаған тарап екінші Тараптан хабарламаларды алмағаны туралы сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Тармақ 138
138. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымшалардың ережелері мен Келісімшарттың өзі арасында қандай да бір алшақтықтар болған кезде Келісімшарттың ережелері басым күшке ие болады.
Тармақ 139
139. Келісімшартта пайдаланылатын анықтамалар мен терминдердің олар үшін Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған мағыналарға ие.
Тармақ 140
140. Келісімшартта реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 141
141. Осы Келісімшартты 20 ___ жылғы ________ (күні), _______ (айы) ___________ қ. (Қазақстан Республикасы, Тараптардың уәкілетті өкілдері жасасты.
Тармақ 142
142. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:
Басқа 4.1. Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі
мен түрлері
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған үлгілік
келісімшартқа
1-қосымша
Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі
мен түрлері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 4.2. Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған үлгілік
келісімшартқа
2-қосымша
Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
Өңір атауы.
Жер қойнауы учаскесінің атауы.
Жер қойнауы учаскесінің бұрыштық координаттары (блоктардың атауы).
Басқа 4.3. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған үлгілік
келісімшартқа
3-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 5. КҮРДЕЛІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ӨНДІРУ
ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2022 жылғы 11 маусымдағы
№ 233 бұйрығына
5-қосымша
КҮРДЕЛІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ӨНДІРУ
ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, құзыретті орган ретінде Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін («Құзыретті орган» деп аталады)
___________________________________________________________________________ мен
(мемлекеттік органның атауы)
Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланудың ____ үлесін иеленуші
____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы), егер келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар екі және одан да көп тұлға болып табылған жағдайда, онда әрбір тұлғаның Т. А. Ә. (атауы) және осындай адамдардың әрқайсысына тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің мөлшері көрсетіледі) бұдан әрі бірлесіп «Жер қойнауын пайдаланушы» деп аталатындар)
арасындағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіру туралы келісімшарт.
Ескертпе: егер жер қойнауын пайдалану құқығы бір адамға берілген жағдайда, «бұдан әрі бірлесіп аталатындар» деген сөздер «бұдан әрі аталатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Келісімшартқа Тараптар мыналарға ___________________________________________________________
(көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондар өткізу жөніндегі комиссияның хаттамасы немесе келісімшарт жасасу үшін негіз болып табылатын көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы Құзыретті органның шешімі) сәйкес «____» ____________ 20__ж. (бұдан әрі - «Қол қойылған күні») қол қойды.
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Келісімшарттың мәні
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының Құқықтары
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы шарттар
2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
4-параграф. Салық салу және кедендік төлемдер
5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
7-параграф. Есепке алу және есеп беру
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және ауыртпалығы
9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалау
12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауапкершілігі
9-тарау. Еңсерілмейтін күш
10-тарау. Құпиялылық
11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
12-тарау. Келісімшартты өзгерту және тоқтату
13-тарау. Қорытынды ережелер
Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
2-қосымша – жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Кіріспе
Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес жер қойнауы халыққа тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы жер қойнауы учаскесін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген негіздермен, талаптармен және шекте пайдалануға беретіндігін;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушыда жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді ұтымды және тиімді өндіруді жүргізу ниеті, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерінің болуын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органды белгілегендігін және оған Келісімшартты жасасу және орындау құқығын бергендігін;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, орындалуы және тоқтатылуы Кодексте сәйкес айқындалатын шарт болып табылады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы құзыретті орган атынан және жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт көмірсутектерді өндіру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы уағдаласады:
Тарау 1. 1-тарау. Келісімшарттың мәні
1-тарау. Келісімшарттың мәні
Тармақ 1
1. Құзыретті орган Қазақстан Республикасы атынан Жер қойнауын пайдаланушыға Келісімшартта белгіленген мерзімге Келісімшартқа 1-қосымшада айқындалған (айқындалған) жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану құқығын береді, ал Жер қойнауын пайдаланушы өз есебінен және тәуекелімен Келісімшарт талаптары мен Кодекске сәйкес Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы Келісімшарт күшіне енген күннен бастап – Келісімшарт Құзыретті органда тіркелген күннен бастап (бұдан әрі – «Күшіне енген күн») туындайды.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған жағдайда, Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 2. 2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 4
4. Келісімшарт _____ жылға тең мерзімге жасалған және «___» _______________ жылға дейін қолданыста болады
Ескерту: өндіру кезеңі жиырма бес жылды құрайды, егер кен орны ірі болса – қырық бес жыл.
Тармақ 5
5. Келісімшарт бойынша өндіру кезеңі Тараптардың Кодекстің 120-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда Келісімшартқа толықтыру жасасуы арқылы ұзартылуы мүмкін
Тармақ 6
6. Ұзарту мерзімі Келісімшартқа тиісті толықтырулар Құзыретті органда тіркелген күннен бастап есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
Тармақ 7
7. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары оның ажырамас бөлігі болып табылатын келісімшартқа қосымшада белгіленеді.
Көрсетілген қосымшаны дайындау мақсатында өндіру учаскесінің кеңістіктік шекаралары Кодекстің 110-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Жер қойнауы учаскесін түрлендіру келісімшартқа толықтыру жасасу арқылы Кодекстің 113, 114, 115-баптарында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) барлығын немесе бір бөлігін қайтару Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
Тармақ 10
10. Құзыретті орган:
Тармақша 1
1) Кодексте және (немесе) Келісімшартта көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 2
2) Кодексте және (немесе) Келісімшартта көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарт талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге;
Тармақша 3
3) Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасында тиісті халықаралық шарттар жоқ мемлекетпен келісімге қол жеткізгенге дейін жер қойнауының шекара маңындағы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
Тармақ 11
11. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған жағдайда, Құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен:
Тармақша 1
1) Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға;
Тармақша 2
2) Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауы учаскесін түрлендіруді жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді.
Тарау 6. 6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелер сақталған кезде, Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;
Тармақша 2
2) егер Кодексте және (немесе) Келісімшартта өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді өз қалауы бойынша пайдалануға;
Тармақша 3
3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болған жағдайда Жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салу, сондай-ақ шарттар негізінде жер қойнауы учаскесінің аумағында да, оның шегінен тыс жерлерде де ортақ пайдаланылатын объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
Тармақша 4
4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;
Тармақша 5
5) Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда өндірудің барлық учаскесін қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімінен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 6
6) өндіру кезеңі ішінде жер қойнауы учаскесінің шекаралары шегінде көмірсутектер кен орнының геологиялық құрылымы мен қорларын нақтылау мақсатында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ өндіру учаскесін жете зерделеуді (жете барлауды) жүргізуге;
Тармақша 7
7) өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта құрылыстарды, жабдықтарды, ұңғымаларды және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге;
Тармақша 8
8) өндіру кезеңін ұзартуға өтініш беруге;
Тармақша 9
9) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініш беруге;
Тармақша 10
10) арнайы рұқсаттар немесе лицензиялар алмай, көмірсутектерді өндіру кезінде жер асты суларын ілеспе алуды жүзеге асыруға құқылы. Ілеспе өндірілген жер асты суларын одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 11
11) Келісімшарттың 11-тарауында көзделген дауларды шешу тәртібіне сәйкес дауларды шешу рәсімін бастауға;
Тармақша 12
12) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған ерікті негізде көмірсутектер саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім жасасуға;
Тармақша 13
13) қажет болған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға;
Тармақша 14
14) Кодекске сәйкес құзыретті органның Келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуына дау айтуға;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 7. 7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
Тармақ 13
13. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін Келісімшартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті.
Тармақ 14
14. Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған кезде Жер қойнауын пайдаланушы технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдалану салдарына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.
Тармақ 15
15. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде жүзеге асыруға міндетті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылған, белгіленген минимумнан асатын қаржыландыру көлемі келесі жылы Жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындау есебіне ескеріледі.
Тармақ 16
16. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізу мақсатында кадрлардағы елішілік құндылықты айқындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы мыналарды басшылыққа алуға міндетті:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдаланушының басқарушылық және әкімшілік мұқтаждықтарына қарай шетелдік немесе қазақстандық кадрларға қажеттіліктері;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының нарығында жер қойнауын пайдаланушының қажеттіліктеріне сәйкес келетін белгілі бір санат бойынша білікті қазақстандық персоналдың болуы;
Тармақша 3
3) тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, қазақстандық кадрларды кезең-кезеңмен оқытуға және кейіннен шетелдік кадрларды басқарушы санаттар бойынша қазақстандық кадрлармен біртіндеп ауыстыру.
Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі: басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша___%, құрылымдық бөлімшелердің басшылары бойынша___%, ал мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша___%, бірақ 70% - дан кем болмауы тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылар, менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылар, менеджерлер мен мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс.
Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескертпе: 16-тармақта аукционға қатысуға өтінімде немесе тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініште көрсетілген кадрлар бойынша басшылар мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша пайыздар көрсетіледі.
Тармақ 16-1
16-1. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт жасалған күннен бастап он екі (12) айдан кешіктірілмейтін мерзімде шетелдік кадрларды қазақстандық кадрлармен алмастыру бағдарламасын әзірлеуге және құзыретті органмен келісуге міндеттенеді.
Тармақ 17
17. Жер қойнауын пайдаланушы елішілік құндылық үлесін қамтамасыз етуге және Келісімшарттың 8-тарауының 5-параграфында сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға міндетті.
Тармақ 18
18. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органмен Келісімшарттың 8-тарауының 5-параграфына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жергілікті жеткізушілердің дамыту бағдарламасын келісуге міндетті.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда Жер қойнауын пайдаланушы учаскедегі жұмыстарды дереу тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 20
20. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялардың есебін жүргізуге және Келісімшарттың 8-тарауының 7-параграфында көзделген есептерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 21
21. Жер қойнауын пайдаланушы тартылған шетелдік персоналға қатысты қазақстандық персонал үшін тең еңбек жағдайларын, оның ішінде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 22
22. Жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті ұйым жариялайтын инфляция деңгейінен төмен емес қазақстандық персонал үшін жыл сайынғы жалақыны индекстеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 23
23. Жер қойнауын пайдаланушы негізделген нарықтық жағдайларға сәйкес олар көрсететін мұнай сервистік жұмыстарға/қызметтерге тартылған мердігер ұйымдар үшін кемсітпейтін тарифтерді айқындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын берген мемлекеттік органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың өкілеттігін тоқтату туралы құзыретті органды дереу хабардар етуге міндетті.
Тармақ 26
26. Жер қойнауын пайдаланушы жаңа кен орны (кен орындарының жиынтығы) әрбір ашылған кезде осындай ашылу күнінен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға анықталғанын растау туралы өтініш жібереді.
Тармақ 27
27. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган анықтағанын растаған күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 28
28. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағында бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды теңгерімге қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
Тармақ 29
29. Жер қойнауын пайдаланушы заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін тоқтатуға әкеп соқпайды.
Тармақ 30
30. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 8-тарауының 6-параграфында сәйкес тарату жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 31
31. Өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша таратылуға жататын және кен орнын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдаланылмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.
Тармақ 32
32. Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасында белгіленген мерзімдерде консервациялауды аяқтауға міндетті.
Жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттемелер жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен орындалады. Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда міндеттемелердің сомалары орындалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеледі.
Тармақ 33
33. Кодекстің 146-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы шикі газды жағуға жол бермеуге міндетті.
Тармақ 34
34. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша міндеттемесі ретінде оның жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жобалау құжаттарына оң қорытындылар алған мынадай көрсеткіштерді орындауы белгіленеді:
Тармақша 1
1) пайдалану ұңғымалары торының тығыздығы;
Тармақша 2
2) әрбір пайдалану объектісі бойынша өндіруші және айдау ұңғымаларының арақатынасы;
Тармақша 3
3) кенжатындар бойынша өтемақы коэффициенті;
Тармақша 4
4) қабаттық және кенжарлық қысымның қанығу қысымына немесе конденсация қысымына қатынасы;
Тармақша 5
5) қабат қысымының кенжар қысымына қатынасы;
Тармақша 6
6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шекті шамасы;
Тармақша 7
7) көмірсутектерді өндіру көлемдері;
Тармақша 8
8) қабат қысымын арттыру үшін кері айдалатын жұмыс агентінің көлемдері;
Тармақша 9
9) пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштері.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәні келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттары негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 35
35. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 8-тарауының 12-параграфына сәйкес қосымша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескертпе: егер көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемі жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асатын болса, 35-тармақ Келісімшартқа енгізіледі.
Тармақ 36
36. Ішкі нарықтың қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеу үшін мұнай жеткізуді жүзеге асыруға, ал мұнай өңдеу зауыты авариялық жағдайға байланысты тоқтаған жағдайда Келісімшарттың 8-тарауының 2-параграфына сәйкес жеткізу графиктеріне сәйкес одан тыс жерлерде жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 37
37. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей кен орнын (кен орындарын) игеру жобасын Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарын әзірлеуге, бекітуге және мемлекеттік сараптамадан өту үшін ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 38
38. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы шарттар
1-параграф. Жалпы шарттар
Тармақ 39
39. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар өнеркәсіптік қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 40
40. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындылар алған көмірсутектер кен орнын игеру жобасына, сынамалық пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 41
41. Жобалау құжаттарында көзделмеген, сондай-ақ жобалау құжаттары болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 42
42. Жобалау құжаттарында көзделген көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәсілдері жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 43
43. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және мазмұнына қойылатын талаптар Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай Қағидаларда айқындалады.
Тармақ 44
44. Өндіруді жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.
Ескертпе: егер Келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесі Каспий немесе Арал теңізінің қазақстандық секторы шегінде толық немесе ішінара орналасса, Келісімшарттың 44-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
«44. Өндіруді жүзеге асыру кезінде Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің ең үздік тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.».
Тармақ 45
45. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес базалық жобалау құжатында көзделмеген көмірсутектердің жоғалуын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуі тиіс.
Тармақ 46
46. Кодекстің 24-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, егер бұл ерекше қауіпсіздік жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі жасамаса, жер қойнауын пайдаланушы басқа тұлғалардың жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп-тұруына, ортақ пайдаланылатын объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға кедергі жасамауға міндеттенеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
Тармақ 47
47. Қазақстан Республикасының көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын, мәміле жасалған күні қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша көмірсутектерді сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде Жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектердің көлемі мемлекеттің жалпы қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігін негізге ала отырып айқындалатын болады және өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен жер қойнауын пайдаланушының орналасқан өңірінің өндіру үлесіне барабар болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын көмірсутектердің бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, мемлекет көмірсутектерді сатып алу жөніндегі мәмілені жасау күніне әлемдік нарықтарда қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар қолданылады.
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнамасына және Келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ Жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі газды қайта өңдеу процесінде өндірген және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және Келісімшартқа сәйкес оған тиесілі тауарлық газды басқа адамдар алдында басым құқыққа ие.
Тармақ 49
49. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқылы. Реквизициялау төтенше немесе соғыс жағдайының қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының мұқтажы үшін қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы реквизицияланған көмірсутектер үшін заттай нысанда немесе олардың құнын теңгемен төлеу арқылы реквизициялау күніне көмірсутектермен мәмілелер жасау кезінде Жер қойнауын пайдаланушы қолданатын бағадан аспайтын бағалар бойынша, көлік шығыстары мен өткізуге арналған шығындарды шегергенде өтемақыға кепілдік береді.
Тармақ 50
50. Жер қойнауын пайдаланушы жеткізу графиктеріне сәйкес ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында өңдеу үшін мұнай беруді, ал мұнай өңдеу зауыттары авариялық жағдайға байланысты тоқтап қалған жағдайда, оның шегінен тыс жерде жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттеме:
Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар бойынша;
Кодекстің 148-1-бабына сәйкес мұнай алуды ұлғайтудың арнайы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлеміне қатысты өндіру кезеңінде қолданылмайды.
Осы тармақтың талаптары Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген, күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндіру кезеңінде қолданылмайды.
Тармақ 50-1
50-1. Жер қойнауын пайдаланушы өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өңдеу үшін мұнай жеткізетін жағдайда, осы Келісімшарттың 50-тармағының екінші бөлігіндегі ережелері қолданылмайды.
Тармақ 51
51. Жер қойнауын пайдаланушы өзі өндірген жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын иеліктен шығаруды не процессингке беруді ниеттенген жағдайда мұндай иеліктен шығару немесе процессингке беру өндірістік қуаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндірушілерге ғана жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 3. 3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
Тармақ 52
52. Көмірсутектерді, оның ішінде теңізде өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:
1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;
2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесі негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық тиімді пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;
4) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 53
53. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орнын игеруді бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 54
54. Теңізде операциялар жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы оларды теңізде операциялар жүргізудің ең озық тәжірибесіне сәйкес жүргізуге міндетті.
Тармақ 55
55. Мынадай шикі газдың көлемін қоспағанда, өндірілетін шикі газдың барлық көлемін өңдеусіз көмірсутектерді өндіруге тыйым салынады:
1) Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын;
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалық құжатта көзделген көлемдерде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;
3) жер қойнауын пайдаланушы өзге тұлғаларға қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату мақсатында өткізетін.
Тармақ 4. 4-параграф. Салық салу және кедендік төлемдер
4-параграф. Салық салу және кедендік төлемдер
Тармақ 56
56. Осы Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау, Келісімшартқа қол қойылған күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 756-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт жасасқанға дейін «__» ______ 20__ ж. № _____ банк тапсырмасына сәйкес төлеген, қол қойылған бонустың мөлшері ________ (сомасы теңгемен көрсетіледі) болды.
Тармақ 58
58. Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының күшіне енген күнгі қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісімшарт бойынша өндірілген шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден уақытша босату беріледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алу
5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алу
Тармақ 59
59. Келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде Жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте мұндай тәртіп мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) өндіру кезеңінде Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және құзыретті органмен келісілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламаларын орындау;
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді барлық мүдделі жеткізушілерге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған конкурсқа қатысу үшін толық және кемсітпейтін мүмкіндіктер беру;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілерді алдын ала іріктеудің объективті өлшемшарттарын қолдану;
4) барлық мүдделі тұлғалар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратқа, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптарға, оның ішінде Жер қойнауын пайдаланушының ресми интернет-ресурстарында орналастыру арқылы ашық қолжетімділік.
Тармақ 60
60. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасалған күннен бастап он екі (12) айдан кешіктірілмейтін мерзімде:
Тармақша 1
1) Келісімшарттың 59-тармағының ережелеріне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін әзірлеуге;
Тармақша 2
2) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру кезеңінде жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламасын құзыретті органмен келісуге міндеттенеді.
Тармақ 61
61. Жер қойнауын пайдаланушы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру кезеңінде жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламасын Құзыретті органмен Келісімшарт жасалған күннен бастап алты ай ішінде келісуге міндеттенеді.
Тармақ 62
62. Осы Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесі ___________ құрауға тиіс, бірақ күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің елу пайызынан (50%) кем емес. Осы тармақ Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күрделі жобаларға қатысты қолданылмайды.
Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 63
63. Жер қойнауын пайдаланушы осы Тараудың 7-параграфына сәйкес Құзыретті органмен келісілген өндіру кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламасын орындау бойынша есептерді ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 6. 6-параграф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
Тармақ 64
64. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою:
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниеттенетін жер қойнауы учаскесінде (оның бір бөлігінде) жүргізіледі.
Тармақ 65
65. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы банк салымының кепілімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 66
66. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып табылатын банк салымы қамтамасыз етуді беру күніне Кодексте айқындалған мөлшерде, мерзімдер мен тәртіппен қалыптастырылады.
Тармақ 67
67. Егер Жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша оларға берілген қамтамасыз ету Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе тоқтатылса, Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күн ішінде осындай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыруды Жер қойнауын пайдаланушы жүргізбесе, соңғысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қалпына келтіруге қамтамасыз ету қалпына келтірілгеннен немесе ауыстырылғаннан кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 68
68. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кепілге салынған банк салымы бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
Тармақ 69
69. Жер қойнауы учаскесін консервациялау Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және (немесе) Келісімшартта белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 7. 7-параграф. Есепке алу және есеп беру
7-параграф. Есепке алу және есеп беру
Тармақ 70
70. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялардың есебін жүргізуге және мынадай есептерді:
Тармақша 1
1) геологиялық есепті;
Тармақша 2
2) лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есепті;
Тармақша 3
3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;
Тармақша 4
4) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;
Тармақша 5
5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы есепті;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есепті;
Тармақша 7
7) Жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті беруге міндеттенеді.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың 3) – 7) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.
Тармақ 71
71. Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша тексеру үшін жүргізілген жұмыстар мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі шығыстарды растайтын құжаттаманы осындай сұрау салуды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудитор болып табылатын тұлға растаған өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандартында көзделген есептілікті Құзыретті органға ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 8. 8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
Тармақ 72
72. Келісімшарт негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Кодексте белгіленген тәртіппен құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 73
73. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы келісімшартқа өзгеріс енгізу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 74
74. Жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге, сенімгерлік басқаруға беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
Тармақ 75
75. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.
Тармақ 76
76. Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге) ауыртпалық салу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу Кодексте белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 77
77. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге алған қарыз жер қойнауын пайдалану мақсатына не келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағында Жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталына қатысуының жүз пайыз үлесі бар еншілес ұйым кейіннен қайта бөлуді ұйымдастыру үшін пайдаланылуға тиіс.
Тармақ 9. 9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
Тармақ 78
78. Жер қойнауын пайдаланушы өндірген көмірсутектер және оларды өндіру барысында алынатын компоненттер Жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 79
79. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Жер қойнауын пайдаланушы сатып алған мүлік Жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 80
80. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде мүлікке меншік құқығының ауысу жағдайлары мен тәртібі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінің аумағынан мүлікті әкету жөніндегі құқықтар мен міндеттер Кодексте белгіленеді.
Тармақ 81
81. Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынған геологиялық ақпарат жеке меншікте (жеке геологиялық ақпарат) болады.
Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын геологиялық есептілікте және өзге де құжаттамада қамтылған жеке геологиялық ақпарат мемлекетке мерзімсіз иеленуге және пайдалануға беріледі.
Тармақ 82
82. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерінің болуын, есепке алынуын және сақталуын, сондай-ақ зерттеу немесе тексеру үшін жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның өкілдеріне оларға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тармақ 83
83. Кодекстің 75-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруға құқылы емес.
Тармақ 84
84. Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 75-бабында белгіленген тәртіппен зерттеу және талдау мақсатында ғана жынысөзектер, тау жыныстары мен минералдардың үлгілері, сынамалар, тас материалдарының, шлифтердің, аншлифтердің, минералды ерітінділер мен ұнтақтардың коллекциялары түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге құқылы.
Тармақ 85
85. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін сынамалар түрінде иеліктен шығаруы және (немесе) олардың сынамаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуі Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 86
86. Жер қойнауын пайдаланушының өзіне тиесілі жынысөзектерді иеліктен шығаруды немесе жоюды жүргізу ниеті болған жағдайда, ол бір айдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды осындай ниет туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан аталған жынысөзектерді талапта көзделген мерзімде оның меншігіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл мерзім бір айдан кем болмауы керек.
Тармақ 87
87. Тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар болжамды тоқтатылғанға дейін үш ай бұрын Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды өзінің бар далалық байқаулар, сынамаларды сынау, сынамаларды талдау журналдары, геофизикалық байқауларды тіркеу, геологиялық ақпараттың бастапқы далалық деректерінің қағаз және электрондық жеткізгіштері немесе бұрғылау ұңғымаларының жынысөзектері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Осындай хабарламаны алғаннан кейін бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган Жер қойнауын пайдаланушыдан геологиялық ақпаратты көрсетілген жеткізгіштердің меншігіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл талап оны алған күннен бастап бір ай ішінде орындалуы тиіс.
Тармақ 88
88. Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі және мемлекет жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшартқа және (немесе) Кодекске сәйкес алған геологиялық ақпарат оны жариялау немесе оған ашық қолжетімділік беру жолымен мынадай жағдайларда ашылуға тиіс:
Келісімшарт тоқтатылғаннан кейін;
Жер қойнауын пайдаланушының жазбаша келісімімен;
басқа мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша олар алынатын мәліметтердің құпиялылығын қорғауға шаралар қабылдаған жағдайда;
бұрын осындай мәліметтер алынған жер қойнауының тиісті учаскесі қайтарылған күннен бастап үш ай өткен соң;
егер мәліметтер жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижесінде алынған болса.
Тармақ 10. 10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
Тармақ 89
89. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою не кейіннен өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесін консервациялауды жүргізу шешімі туралы Құзыретті органның хабарламасын алған Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарлама алынған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
Тармақша 2
2) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындылар бекітілгеннен және алынғаннан кейін Жою немесе консервациялау жобасының сараптамалары Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау салдарын жою жөніндегі жұмыстарды дереу бастауға міндетті;
Тармақша 3
3) хабарламаны алған күннен бастап алты (6) ай ішінде жер қойнауы учаскесінің аумағынан өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ оның меншігі болып табылатын жабдықтар мен өзге де мүлікті әкетуге құқылы. Көрсетілген мерзімде әкетілмеген жабдық пен өзге де мүлік Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес таратылуға немесе консервациялауға жатады.
Тармақ 90
90. Жер қойнауы учаскесін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім туралы Құзыретті органның хабарламасын алған жағдайда Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға бергенге дейінгі мерзімге беруге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға мүлікті беруден жалтарған жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбесі бар акт бойынша оны көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде жер қойнауы учаскесінің аумағынан өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті әкетуге құқылы.
Тармақ 11. 11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
Тармақ 91
91. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалауды Құзыретті орган Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 92
92. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті Құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын есептерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 12. 12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
Тармақ 93
93. Есептеу жөніндегі есеп Кодексте көзделген жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемі жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асқан кезде, мұндай кен орнына қатысты Келісімшарт ережелері жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін қамтиды:
Тармақша 1
1) жаңа заңды тұлға құру арқылы дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп қайта өңдеу өндірістерін құру;
Тармақша 2
2) жұмыс істеп тұрған өндіруші өндірістерді жаңғырту немесе реконструкциялау;
Тармақша 3
3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту немесе реконструкциялау;
Тармақша 4
4) өндірілетін көмірсутектерді қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) ғышарттық талаптармен беру;
Тармақша 5
5) жобаны жаңа заңды тұлға құру арқылы өзі дербес басқа тұлғалармен бірлесіп өзге инвестициялық жобаны немесе өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобаны дербес іске асыру.
Ескертпе: егер Келісімшарт осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесіне қатысты жасалса, 93-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
Тармақ 93
«93. Есептеу бойынша есеп жер қойнауын мемлекеттік сараптау Кодексіе көзделген оң қорытындыны алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемі жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асқан кезде мұндай кен орнына қатысты Келісімшарт ережелері жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін қамтиды:»
Тармақ 94
94. Өндіру кезеңіне өткенге дейін он екі айдан кешіктірмей Тараптар Келісімшарттың 93-тармағында аталған міндеттемелердің бірін айқындау мақсатында келіссөздер жүргізеді.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға қажетті қаржылық есептер мен негіздемелерді қоса бере отырып, Келісімшарттың 93-тармағында аталған бір немесе бірнеше міндеттемелер бойынша ұсыныстар жіберуге міндеттенеді.
Бұл жағдайда өндіру кезеңіне көшу кезінде келісімшарт талаптары жер қойнауын пайдаланушының іске асыру мерзімдері мен оның болжамды құнын көрсете отырып, тиісті жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін болады.
Ескертпе: осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесіне қатысты келісімшарт жасалған кезде 94-тармақ мынадай редакцияда жазылады:
Тармақ 94
«94. Келісімшарттың 93-тармағында көрсетілген жиырма жылдық мерзім өткенге дейін он екі айдан кешіктірмей Тараптар Келісімшарттың 93-тармағында санамаланған міндеттемелердің бірін айқындау мақсатында келіссөздер жүргізеді.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға қажетті қаржылық есептер мен негіздемелерді қоса бере отырып, Келісімшарттың 93-тармағында аталған бір немесе бірнеше міндеттемелер бойынша ұсыныстар жіберуге міндеттенеді.
Келіссөздердің нәтижелері бойынша Тараптар жер қойнауын пайдаланушының іске асыру мерзімдері мен оның болжамды құнын көрсете отырып, тиісті жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемесі көзделетін келісімшартқа толықтыруға қол қояды.
Тармақ 13. 13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
Тармақ 95
95. Келісімшартта және (немесе) Кодексте көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке алып келеді.
Тармақ 96
96. Құзыретті орган Келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы, сондай-ақ белгіленген мерзімде оның тұрақсыздық айыбын төлеу және (немесе) осындай бұзушылықты жою жөніндегі міндеттері туралы мынадай:
Тармақша 1
1) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді Жер қойнауын пайдаланушының есепті жылы отыз пайыздан кем орындағаны;
Тармақша 2
2) қалыптастырудың белгіленген графигіне сәйкес не графикті бұза отырып, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етуді ұсынбай, жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген;
Тармақша 3
3) Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартта белгіленген міндеттемелерді бұзған өзге де жағдайларда жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 97
97. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелердің нақты көлемі бойынша Келісімшарт талаптарын бұзуын жою мерзімі Келісімшарттың 96-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер бойынша – алты айдан, өзге міндеттемелер бойынша – жазбаша хабарлама алған күннен бастап бір айдан аспауға тиіс.
Тармақ 98
98. Жер қойнауын пайдаланушы жасаған бұзушылықты хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және бұл туралы жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Құзыретті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 99
99. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға осындай ұзартудың себептерін негіздей отырып, Келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзуды жою мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Жол берілген бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша Құзыретті орган оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісім туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын ұсынады.
Тармақ 100
100. Келісімшарттың 97-тармағында айқындалған мерзімде Келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзуды жою мүмкін болмаған жағдайда, Құзыретті орган мұндай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзім белгілеуге құқылы.
Тармақ 101
101. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:
Тармақша 1
1) тауалардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 2
2) кез келген есепті жылы кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – 2 000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;
Тармақша 3
3) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде қайта өңдеу үшін мұнай беру міндетін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Келісімшарттың 36-тармағына сәйкес графиктерде айқындалған көлемде – 10 000 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 5
5) Кодексте көзделген хабарламаларды, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жергілікті жеткізушілерді дамыту бағдарламасын құзыретті органға келісуге жібермегені немесе уақтылы жібермегені үшін – 2000 АЕК;
Тармақша 6
6) есепті жылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жергілікті өнім берушілерді дамыту бағдарламасын орындамағаны үшін – орындалмаған міндеттеме сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 7
7) Келісімшарттың 16-1, 20, 60 және 63-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 8
8) мыналарға сәйкес хабарламаларды жібермегені немесе уақытылы жібермегені үшін:
Келісімшарттың 24 және 26-тармақтары бойынша – 5 000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 19 және 25-тармақтары бойынша – 2 000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 27-тармағы бойынша – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 9
9) Келісімшарттың 34-тармағында көрсетілген жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бірін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін – егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан аспаса – 10 000 АЕК немесе егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асатын болса 20 000 АЕК;
Тармақша 10
10) Келісімшарттың 59-тармағына сәйкес белгіленген тәртіпті бұза отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алғаны үшін – осындай бұзушылықпен жүргізілген сатып алу сомасының 30%.
Тармақ 102
102. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген мерзімде мыналарды:
1) Кодекстің 133-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтардың біреуін;
2) Келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді екіден көп бұзушылықтарын жоймаған кезде Құзыретті орган Келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
102. Құзыретті орган белгіленген мерзімде жер қойнауын пайдаланушы мыналарды жоймаған кезде:
Тармақша 1
1) Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтардың бірі;
Тармақша 2
2) келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді екі реттен артық бұзылған жағдайларда келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Тармақ 103
103. Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісімшарт талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы талаптардың бұзылғандығын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жыл ішінде Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы оны есептеу мерзімі мен тәртібінің өзгеруіне әкелмейді.
Тарау 9. 9-тарау. Еңсерілмейтін күш
9-тарау. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 104
104. Келісімшарт бойынша қандай да бір болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса, Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
Тармақ 105
105. Еңсерілмейтін күштің жағдайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: төтенше жағдай, әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, табиғи зілзалалар (өрт және т.б.). Келтірілген тізбе толық болып табылмайды.
Тармақ 106
106. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу арқылы екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
Тармақ 107
107. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 108
108. Келісімшарттың қолданылу мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, Тараптар келісімшарттың 106 және 107-тармақтарын сақтаған жағдайда, Келісімшартқа өзгерістер енгізу жолымен ұзартылады.
Тарау 10. 10-тарау. Құпиялылық
10-тарау. Құпиялылық
Тармақ 109
109. Келісімшартты орындау процесінде Тараптар алған немесе иеленген ақпарат құпия болып табылады және Кодексте және (немесе) Келісімшартта белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қорғалуға тиіс. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
Тармақ 110
110. Тараптардың екінші тараптың келісімінсіз мынадай:
1) егер бұл ақпарат сот немесе төрелік талқылауды жүргізу барысында пайдаланылған жағдайды;
2) мұндай үшінші тұлға мұндай ақпаратты құпия деп қарауға және оны тек жоғарыда көрсетілген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімге пайдалануға міндеттеме алған жағдайда, ақпарат Жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін, жұмыстарды орындайтын немесе жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні келісімшарт бойынша сатып алуды жоспарлайтын үшінші тұлғаларға ұсынылған жағдайды;
3) ақпарат Жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия ретінде қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарда пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайды;
4) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына берілген жағдайды;
5) ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілген жағдайды;
6) Жер қойнауын пайдаланушының үлестес тұлғаларына немесе Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерді иеленушілерге құпия негізде берілген жағдайды;
7) Тараптардың келісімі бойынша ақпаратты ашу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 111
111. Егер Кодексте немесе Тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, осы тарауда көзделген құпиялылық туралы ережелер Келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде қолданылады.
Тармақ 112
112. Осы тараудың ережелері Келісімшарттың 88-тармағына сәйкес ашылатын геологиялық ақпаратқа қатысты қолданылмайды.
Тармақ 113
113. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына қатысты, Жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар көлемдері туралы ақпарат құпия болып танылмайды.
Тарау 11. 11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 114
114. Тараптар арасында осы Келісімшарттың негізінде не оған байланысты туындаған дау, келіспеушілік немесе наразылық (бұдан әрі – «Дау») жағдайында дауды шешуге беруге ниет білдірген Тарап екінші Тарапқа даудың бар екендігі туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – «Дау туралы хабарлама») жібере отырып, дауды шешу процесін бастауы тиіс. Дау туралы хабарламада даудың тараптары көрсетілуі керек, сондай-ақ даудың сипатының қысқаша мазмұны болуы керек.
Егер дау дау туралы хабарланғаннан кейін күнтізбелік отыз (30) күн ішінде келіссөздер жолымен шешілмесе, онда Тараптардың кез келгені Келісімшарттың 115-тармағына сәйкес дауларды шешу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы. Көрсетілген мерзім Тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 115
115. Келіссөздер арқылы шешілмеген дау қарауға берілуі мүмкін __________________ [дауды шешу тәсілін көрсету: (А) Қазақстан Республикасының соттарында немесе (b) төрелікте].
Тармақ 116
116. Төрелік талқылаудың орны [төреліктің орнын көрсету: (a) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Қазақстан Республикасы; (b) Лондон қ., Ұлыбритания; (c) Женева қ., Швейцария; (d) Сингапур қ., Сингапур] болып табылады.
Төрелік құрамы ЮНСИТРАЛ регламентіне сәйкес тағайындалатын 3 (үш) төрешіден тұрады (бұдан әрі – «Төрелік құрамы»). Әрбір Тарап төрелік туралы хабарламада және Төрелік туралы хабарламаға жауапта тиісінше бір төрешіні тағайындайды және оның кандидатурасын көрсетеді. Осылайша тағайындалған екі төреші төреші-төрелік құрамының төрағасы ретінде қызмет ететін үшінші төрешіні сайлайды. ЮНСИТРАЛ регламентін орындау мақсатында _________________________________________________________ тағайындаушы орган болып табылады[(а) Лондон, Женева, Стокгольм немесе Сингапур қалаларының төрелік талқылау орны ретінде таңдалған жағдайда Гаагадағы аралық соттың Тұрақты палатасының Бас хатшысы; (b) төрелік талқылау орны ретінде АХҚО-ны таңдаған жағдайда АХҚО халықаралық төрелік орталығының төрағасы көрсетілсін] Төрелік құрамына тағайындалған әрбір төреші ағылшын тілін жетік білуі тиіс.
Егер Тараптар өзгеше келіспесе не төрелік құрамы басқа жерде тыңдаулар өткізуді талап етпесе, төрелік талқылаулар өткізілетін орын төрелік талқылаулар өткізілетін жеке орын болып табылады.
Ескертпе: 116-тармақ Келісімшартқа дауды шешу тәсілі ретінде төрелікті таңдаған жағдайда енгізіледі.
Тарау 12. 12-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
12-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
Тармақ 117
117. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар Кодекстің 37-бабында көзделген жағдайларда жасалатын Келісімшартқа толықтырумен ресімделеді. Көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар Келісімшарттың ережелерін ескере отырып, Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда енгізіледі.
Толықтыру Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа толықтырулар құзыретті органда тіркелуі тиіс.
Тармақ 118
118. Жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттың қолданылуы Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін өз қолданысын сақтайтын Келісімшарттың 8-тарауының, 10-тарауының, 11-тарауының 6, 8 және 10-параграфтарында көзделген ережелерді қоспағанда, Кодекстің 38-бабында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 119
119. Келісімшарт мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен, Келісімшарттың 102 және (немесе) 120-тармақтарында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларда;
Тармақша 2
2) Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін жер қойнауының барлық учаскесін қайтарса;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 120
120. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енсе;
Тармақша 2
2) Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және заңнамада көзделген жобалау құжаттарына оң қорытындылар алған тиісті сараптамаларсыз жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізсе;
Тармақша 3
3) Кодекстің ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін салдарларға әкеп соқтырған, 44- бабының 1-тармағының талаптары бұзылса;
Тармақша 4
4) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен Үкіметтің шешімі бойынша Келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Тармақ 121
121. Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылады, ал Келісімшартта бекітілген (бекітілген) жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.
Тарау 13. 13-тарау. Қорытынды ережелер
13-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 122
122. Келісімшарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.
Тармақ 123
123. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәмілелерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Тармақ 124
124. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде, заң күші бірдей Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде бір данадан жасалды.
Ескертпе: егер Келісімшарттың тарапы (Келісімшарттағы үлестің иесі) шетелдік заңды тұлға не шетелдік қатысуы бар заңды тұлға болып табылған жағдайда, Келісімшарттың 124-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
«124. Келісімшарт ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде бір данадан жасалды, Келісімшарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіні басым күшке ие.».
Тармақ 125
125. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады.
Ескертпе: егер Келісімшарттың тарабы (Келісімшарттағы үлестің иесі) шетелдік заңды тұлға не шетелдік қатысуы бар заңды тұлға болып табылған жағдайда, Келісімшарттың 125-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
«125. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады, техникалық құжаттама Жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша шет тілінде де жасалуы мүмкін.».
Тармақ 126
126. Келісімшарт бойынша пошталық мекенжайы өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы жеті (7) күн ішінде екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беруге міндетті. Осы тармақта көзделген талапты орындамаған тарап екінші Тараптан хабарламаларды алмағаны туралы сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Тармақ 127
127. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымшалардың ережелері мен Келісімшарттың өзі арасында қандай да бір алшақтықтар болған кезде Келісімшарттың ережелері басым күшке ие болады.
Тармақ 128
128. Келісімшартта пайдаланылатын анықтамалар мен терминдердің олар үшін Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған мағыналарға ие.
Тармақ 129
129. Келісімшартта реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 130
130. Осы Келісімшартты 20 ___ жылғы ________ (күні), _______ (айы) ___________ қ. (Қазақстан Республикасы, Тараптардың уәкілетті өкілдері жасасты.
Тармақ 131
131. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:
Басқа 5.1. Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
1-қосымша
Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
Өңір атауы.
Жер қойнауы учаскесінің атауы.
Жер қойнауы учаскесінің бұрыштық координаттары.
Басқа 5.2. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
2-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 0. АЗ ЗЕРТТЕЛГЕН АУМАҚТАР ШЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕР
ҚОЙНАУЫ УЧАСКЕСІНДЕ КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУҒА ЖӘНЕ
ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 маусымдағы
№ 233 бұйрығына
6-қосымша
АЗ ЗЕРТТЕЛГЕН АУМАҚТАР ШЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕР
ҚОЙНАУЫ УЧАСКЕСІНДЕ КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУҒА ЖӘНЕ
ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, құзыретті орган ретінде
Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін
________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы) және
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы.
Егер Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар екі немесе одан көп тұлғалар болса, онда әр тұлғаның
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және осындай тұлғалардың әрқайсысына тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің мөлшері көрсетіледі) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы).
Осы келісімшартқа Тараптар көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукционның ___________________________________________________________________нәтижелеріне сәйкес 20____ жылғы «____» ____________ қол қойды.
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Келісімшарттың мәні
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-тару. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы талаптар
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Салық салу
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
5-параграф. Есепке алу және есептілік
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
9-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
10-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
11-тарау. Еңсерілмейтін күш
12-тарау. Құпиялылық
13-тарау. Дауларды шешу тәртібі
14-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
15-тарау. Қорытынды ережелер
Келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары;
2-қосымша – Барлау кезеңінің алғашқы үш жылының жұмыс бағдарламасы;
3-қосымша – Ұзарту кезеңіне жұмыстардың ең аз көлемі мен түрлері;
4-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері.
Кіріспе
Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы жер қойнауы учаскесін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген негіздерде, талаптарда және шегінде пайдалануға беретіндігін;
Тармақша 3
3) Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді ұтымды және тиімді барлауды және өндіруді жүргізу ниеті, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерінің болуын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметі құзыретті органды белгілегендігін және оған Келісімшартты жасасу және орындау құқығын бергендігін;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, орындалуы және тоқтатылуы Кодексте сәйкес айқындалатын шарт болып табылады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы атынан құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы уағдаласады:
Тарау 1. 1-тарау. Келісімшарттың мәні
1-тарау. Келісімшарттың мәні
Тармақ 1
1. Құзыретті орган Қазақстан Республикасы атынан жер қойнауын пайдаланушыға Келісімшартта белгіленген мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын береді, ал жер қойнауын пайдаланушы өз есебінен және тәуекелімен Келісімшарттың талаптарына және Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы Келісімшарт күшіне енген күннен бастап туындайды.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ережелерді және Келісімшарттың ережелерін сақтаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде кез келген көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 2. 2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 4
4. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі онда біртіндеп бекітілген барлау кезеңімен, дайындық кезеңімен (қажет болса) және өндіру кезеңімен айқындалады.
Тармақ 5
5. Келісімшарт ___ жылға тең мерзімге жасалған және _____ жылғы «___» __________ дейін қолданылады.
Ескертпе: Келісімшарт жасасқан кезде үш жылды құрайтын барлау кезеңінің бастапқы ұзақтығы көрсетіледі.
Кейінгі ұзартулар кезінде Келісімшарттың 5-тармағында, Келісімшарттың қолданылу мерзімінен басқа, ұзартылатын барлау кезеңінің, сондай-ақ Келісімшартта көрсетілген жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша дайындық кезеңінің (бар болса) және өндіру кезеңінің ұзақтығы көрсетіледі.
Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күнін Құзыретті орган Келісімшартты (Келісімшартқа толықтыруды) тіркеу кезінде енгізеді.
Тармақ 6
6. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі Келісімшартты жасасу күніне Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен Тараптардың Келісімшартқа қосымшаларды жасасуы арқылы мына жағдайларда ұзартылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) барлау кезеңі ұзартылғанда;
Тармақша 2
2) дайындық кезеңі бекітілгенде;
Тармақша 3
3) өндіру кезеңі бекітілгенде.
Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш жағдайларына дәлелдерді ұсынса, құзыретті орган келісімшарттың қолданыс мерзімін осындай жағдайлардың қолданыс мерзіміне ұзартады
Тармақ 7
7. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған бір келісімшарттың шеңберінде аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде бірнеше көмірсутек кен орындары ашылған болса, онда олардың әрқайсысы үшін келісімшартта жекелеген учаске және өндіру кезеңі бекітіледі.
Бұл ретте жер қойнауының қандай да бір учаскесі бойынша өндіру кезеңі аяқталған жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт өз қолданысын жер қойнауының қалған учаскелеріне қатысты ғана жалғастырады.
Тармақ 8
8. Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген Келісімшарттың қолданылу мерзімі Тараптардың Келісімшартқа толықтыру жасасуы немесе жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша өндіру кезеңі (кезеңдері) ұзартылған жағдайда оны жаңа редакцияда жазу арқылы Кодексте ұзарту күніне белгіленген тәртіппен және талаптармен ұзартылуы мүмкін.
Егер Келісімшарт үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін болса, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен Құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдың ішінде өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін Келісімшартқа толықтыру жасалады.
Егер Келісімшарт үлгілік келісімшартқа сәйкес келмейтін болса, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы және құзыретті органның арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі айдың ішінде көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
Тармақ 9
9. Егер Келісімшарттың шеңберінде көмірсутектерді өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленген жағдайда, онда өндіру кезеңін ұзарту кезінде Келісімшарттың талаптары осындай ұзарту күніне әрекет ететін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілуге тиіс.
Тармақ 10
10. Келісімшарт құзыретті органда тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Ұзарту мерзімі, егер тараптар өзге мерзімді келіспесе, Келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
Тармақ 12
12. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы болатын жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада белгіленеді.
Аталған қосымшаны дайындау мақсаттары үшін:
Тармақша 1
1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістікті шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдаламасына сәйкес айқындалады;
Тармақша 2
2) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау жөніндегі жұмыстарды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға сәйкес айқындалады;
Тармақша 3
3) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынамалап пайдалану мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, сынамалап пайдалану жобасымен айқындалады;
Тармақша 4
4) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту кезінде (жоғарғы шекараларын қоспағанда) көмірсутектерді өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, геологиялық қорларды есептеу бойынша есеппен айқындалады;
Тармақша 5
5) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының бастапқы учаскесін ұлғайту мақсатында сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу (сұралатын жер қойнауы учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) бойынша жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурын белгілейтін тиісті базалық жобалау құжатына толықтыруға сәйкес айқындалады;
6) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер бетіндегі (жер қойнауы учаскесінің аумағындағы) тұйық контурларды (шекараларды) өзгертпей, жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын бес мың метрге дейін тереңдету мақсатында сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу (сұралатын жер қойнауы учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) бойынша жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасымен (оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар) сәйкес айқындалады;
Тармақша 7
7) Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайтылғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістікті шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды;
Тармақша 8
8) барлау немесе өндіру учаскелерінің кеңістікті шекаралары Кодекстің 115-бабына сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының учаскесі бөлінген жағдайда (жер қойнауының негізгі және бөлінетін учаскесі):
барлау учаскесінің бір бөлігі бөлінген кезде – жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, жер қойнауының негізгі және бөлінетін учаскесінде табылған тиісті кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстар жүргізуді көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға сәйкес;
барлау учаскесі немесе өндіру учаскесі бөлінген кезде Келісімшартта көрсетілген, одан бөліну жүргізілетін тиісті жер қойнауының учаскелері бойынша деректер негізінде айқындалады.
Тармақ 13
13. Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартта өзгерістер және толықтырулар енгізу арқылы бірнеше жер қойнауы учаскесі бекітіліп берілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Жер қойнауы учаскесін түрлендіру Келісімшартқа қосымша жасасу арқылы Кодекстің 113, 114, 115-баптарында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Жер қойнауы учаскесін (егер Келісімшартта бірден артық жер қойнауы учаскесі бекітілсе) немесе оның бөлігін қайтару Кодексте белгіленген тәртіппен Келісімшартқа қосымша жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
Тармақ 16
16. Құзыретті орган:
Тармақша 1
1) Кодекстің 15-бөлімінің 3-параграфында көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарттың қолданысын мерзімнен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 2
2) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен Келісімшарт талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Құзыретті орган Кодекстің 149-бабында көзделген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары жоқ мемлекетпен келісімге қол жеткізілгенге дейін шекара маңындағы жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
Тармақ 17
17. Жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді орындаған жағдайда, Құзыретті орган Келісімшарт жасасу күніне Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тәртіппен және талаптармен:
Тармақша 1
1) барлау кезеңі ұзартылған, сондай-ақ дайындық кезеңі мен өндіру кезеңі бекітілген жағдайларда, Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға;
Тармақша 2
2) Келісімшартта өндіру учаскесін (учаскелерін) бекітуге;
Тармақша 3
3) жер қойнауы учаскесін түрлендіруді жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тарау 6. 6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде жер қойнауын пайдаланушы мыналарға:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;
Тармақша 2
2) егер Кодексте немесе Келісімшартта басқасы көзделмесе, өз қалауынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді пайдалануға;
Тармақша 3
3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әріоның шегінен тыс жердегібаршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға;
Тармақша 4
4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;
Тармақша 5
5) Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттармен барлауға немесе өндіруге арналған барлық учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімінен бұрын тоқтатуға;
Тармақша 6
6) барлау кезеңі ішінде және Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, аумақта көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізуге;
Тармақша 7
7) дайындық кезеңі ішінде Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын игеру жобасы сараптамаларын әзірлеуді, бекітуді және жүргізуді, сондай-ақ (қажеттілік болса) көмірсутектер кен орнын жайластыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) өндіру кезеңі ішінде кез келген көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ көмірсутектер кен орнының геологиялық құрылымын және қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізуге;
Тармақша 9
9) барлау немесе өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кез келген уақытта құрылыстарды, жабдықтарды, ұңғымаларды және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге;
Тармақша 10
10) барлау кезеңін ұзартуға, сондай-ақ өндіру учаскесін және өндіру кезеңін не дайындық кезеңін бекітіп беруге өтініштер беруге;
Тармақша 11
11) өндіру кезеңін ұзартуға арналған өтініштер беруге;
Тармақша 12
12) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініштер беруге;
Тармақша 13
13) арнайы рұқсаттарды немесе лицензияларды алмай, көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты суларын ілеспе шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Ілеспе шығарылған жерасты суларды одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 14
14) Келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын ол тиісті хабарламаны алған күнінен бастап екі ай ішінде сотта даулауға;
Тармақша 15
15) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған көмірсутектер саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді ерікті негізде жасасуға құқылы.
Тарау 7. 7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
Тармақ 19
19. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін Келісімшартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті.
Тармақ 20
20. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде барлау жұмыстарының жобасын жасайды.
Барлау жұмыстарының жобасы жасалғаннан кейін Кодекстің 140-бабына сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жасалуға тиіс.
Тармақ 21
21. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау түрлері, көлемі мен мерзімдерін қамтитын барлау кезеңінің алғашқы үш жылының жұмыстар бағдарламасын орындауға міндетті.
Тармақ 22
22. Келісімшарттың 5-тармағында белгіленген Келісімшартты қолданылу мерзімі аяқталған кезде, технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдаланудың салдарларына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде жұмыстарды дереу тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 24
24. Жер қойнауын пайдаланушы барлаудың бастапқы мерзімін Кодекстің 117-бабының 6-1-тармағына сәйкес ұзарту кезінде 3-қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау түрлері, көлемі мен мерзімдерін қамтитын ұзартылатын кезеңге жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлерін орындауға міндетті.
Тармақ 25
25. Кодекстің 117-бабының 3-2-тармағына сәйкес барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Кодекстің 117-бабы 3-2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес екінші деңгейдегі банкте орналастырылған қаражатты Келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес барлау кезеңін ұзарту жағдайындағы жұмыс бағдарламасын орындауға ғана пайдалануға;
Тармақша 2
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қаражат Келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес барлау жұмыстарын орындауға арналған бағдарламада көзделген барлау жұмыстарын орындауға жатпайтын мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, құзыретті органның талабы бойынша мемлекеттік бюджетке тең соманы төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 26
26. Жер қойнауын пайдаланушы осы Келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес барлау кезеңінің алғашқы үш жыл үшін көзделген жұмыстар бағдарламасы толық көлемде орындалғанға дейін ұңғыманы бұрғылауды жүзеге асырмауға міндеттенеді.
Тармақ 27
27. Барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Кодекстің 132-бабына сәйкес геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп беруге міндеттенеді.
Тармақ 28
28. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде Келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының сарқылып жатқан көмірсутектер кен орны бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру осындай сарқылып жатқан кен орнын игеруге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру үшін Келісімшарттың 30-тармағымен көзделген соманың пайдаланбаған қалдығы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамыту шығыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарда оның мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.
Белгіленген минимумнан асатын, осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындауы есебіне келесі жылы ескеріледі.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығы бар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы және оның мердігерлері көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) бекітілген «Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Сарқылып жатқан кен орнында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай сарқылып жатқан кен орнын игеру үшін инвестициялық міндеттемені және (немесе) Келісімшарттың 22-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуды Кодекстің 153-1-бабына сәйкес белгіленген инвестициялау коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем емес жәнеалдыңғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 757-бабына сәйкес салықтық есепті жүргізу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген осындай кен орны бойынша жылдық жиынтық табыс сомасының мөлшерінде қосымша қаржыландыруды орындауға міндетті.
Ескертпе: Кодекстің 153-1-бабына сәйкес кен орнын (кен орындарын) сарқылып жатқандар санатына жатқызуға байланысты Келісімшартқа өзгерістер енгізілген жағдайда, 23-1-тармақ Келісімшартқа енгізіледі.
Тармақ 31
31. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17016 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың, егер ол тартылған жағдайда, ақылы көрсетілетін қызметтерін жоспарлы сатып алуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тармақ 32
32. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 78-тармағында көзделген есептерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 33
33. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша _%, құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша _%, мамандар бойынша _%, білікті жұмысшылар бойынша _% құрауға тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген «Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Жер қойнауын пайдаланушы тартылған шетелдік персоналға қатысты тең еңбек жағдайларын, оның ішінде қазақстандық персонал үшін еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті ұйым жариялайтын инфляция деңгейінен төмен емес қазақстандық персонал үшін жыл сайынғы жалақыны индекстеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы негізделген нарықтық жағдайларға сәйкес олар көрсететін мұнай сервистік жұмыстарға/қызметтерге тартылған мердігер ұйымдар үшін әділ тарифтерді айқындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) бекітілген «Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне» енгізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі күнтізбелік бір жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесі күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінің ________ пайызынан кем болмауға тиіс.
Ескертпе: егер аукцион жеңімпазы аукционға қатысуға өтініш беру кезеңінде жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша ең аз міндеттемелерді елу пайыздан астам ұсынған болса, осы тармақта ұсынылған міндеттемелер бекітіледі.
Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 37
37. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың өкілеттіктерінің тоқтатылғандығы туралы дереу хабарлауға міндетті.
Тармақ 38
38. Әрбір жаңа кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) ашқан кезде жер қойнауын пайдаланушы осындай ашылу болған күннен бастап бір айдың ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға табуды растау туралы өтініш жібереді.
Тармақ 39
39. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растаған күннен бастап бір айдың ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша түрде хабардар етуге және бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін барлау жұмыстары жобасына қосымшаны әзірлеуді бастауға міндетті.
Тармақ 40
40. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағындағы бұдан бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды теңгерімге қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
Тармақ 41
41. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) және Келісімшарттың 8-тараудың 4-параграфында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын өз қаражаты есебінен жоюға міндетті. Келісімшарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің тоқтатылуына әкелмейді.
Тармақ 42
42. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 43
43. Егер жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қамтамасыз ету онымен байланысты болмайтын себептермен Кодекстің талаптарына сәйкес келмей қалса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күннің ішінде мұндай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушы осындай ауыстыруды жүргізбеген болса, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тез арада тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен немесе ауыстырғаннан кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 44
44. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі ішінде техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша жойылуға тиіс және кен орнын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдалануға болмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.
Тармақ 45
45. Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы консервациялау жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесін консервациялауды аяқтауға міндетті.
Тармақ 46
46. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттемелер жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен орындалады. Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, міндеттемелер сомасы олар орындалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеледі.
Тармақ 47
47. Барлау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе Кодекстің талаптарына сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі барлау кезеңінде өндірілген көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті.
Тармақ 48
48. Ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандырумен қамтамасыз етк мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мұнайды өңдеу үшін жеткізу графиктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында , ал төтенше жағдайға байланысты мұнай өңдеу зауыты тоқтаған жағдайда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттеме өндіру кезеңінде:
Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар бойынша;
Кодекстің 148-1-бабына сәйкес мұнай өндіруді арттыру үшін арнайы әдістерді қолдана отырып өндірілген көмірсутек көлеміне қатысты қолданылмайды.
Тармақ 49
49. Егер есептеу жөніндегі есебі Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр газдан асатын болса, Келісімшартқа 4-қосымшада Келісімшарт бойынша Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген, Келісімшарттың осы тараудың міндеттемелеріне теңестірілетін міндеттемелердің бірі белгіленеді.
Тармақ 50
50. Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 146-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шикі газды жағуға жол бермеуге міндетті.
Тармақ 51
51. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері ретінде ол бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжаттарының мынадай көрсеткіштерін:
Тармақша 1
1) пайдалану ұңғымалары торының тығыздығын;
Тармақша 2
2) әрбір пайдалану обьектісі бойынша өндіруші және қысыммен айдау ұңғымаларының арақатынасын;
Тармақша 3
3) кенжатындар бойынша өтемақы коэффициентін;
Тармақша 4
4) қабат және кенжар қысымының қанығу қысымына немесе конденсация қысымына арақатынасын;
Тармақша 5
5) қабат қысымының кенжар қысымына арақатынасын;
Тармақша 6
6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шекті шамасын;
Тармақша 7
7) көмірсутектерді өндіру көлемдерін;
Тармақша 8
8) қабат қысымын арттыру үшін кері айдалатын жұмыс агентінің көлемдерін;
Тармақша 9
9) пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштерін сақтау белгіленеді.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәндері Келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.
Тармақ 52
52. Егер жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде шекара маңындағы жер қойнауы учаскесінде бір бөлігі басқа іргелес немесе қарсы беттегі мемлекеттің заңды құзырындағы аумағында немесе теңізде орналасқан Қазақстан Республикасының аумағы немесе теңізі шегінде орналасқан кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан жағдайда, онда ол бұл туралы Құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу шарттары
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу шарттары
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 53
53. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 54
54. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасына, кен орнын игеру жобасына, сынамалап пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 55
55. Жобалау құжаттарда көзделмеген, сондай-ақ жобалау құжаттар болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 56
56. Жобалау құжаттарында көзделген көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәсілдері жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 57
57. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бекітілген «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда» белгіленеді.
Тармақ 58
58. Барлауды және өндіруді жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.
Тармақ 59
59. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес базалық жобалау құжаттарда көзделмеген көмірсутектердің шығынын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.
Тармақ 60
60. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.
Тармақ 61
61. Келісімшарттың 60-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.
Тармақ 62
62. Қазақстан Республикасының үшінші тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі шикі газды, сондай-ақ өзі өндірген шикі газды қайта өңдеу барысында жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының үшінші тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі тауар газын сатып алуға басым құқығы бар.
Тармақ 63
63. Төтенше немесе әскери жағдай енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бөлігін немесе барлық көмірсутектерді өз меншігіне алуға құқылы. Өз меншігіне алу төтенше немесе әскери жағдайдың толық қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының қажеттіліктеріне қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 64
64. Қазақстан Республикасы өз меншігіне алған көмірсутектерді заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушы көлік шығыстары мен өткізуге жұмсалған шығындарды шегергенде, көмірсутектермен мәмілелер жасаған кезде қолданылатын бағалардан аспайтын бағалар бойынша теңгемен төлеу арқылы олардың құнын өтеуге кепілдік береді.
Тармақ 65
65. Кодекстің 77-бабы 3-тармағының 1), 2, 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік құқығын беру арқылы оны ашады.
Тармақ 66
66. Кодекстің 24-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде басқа адамдарға жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп-тұруға, егер қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, жалпы пайдаланудағы объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға кедергі келтірмеуге міндеттенеді.
Тармақ 67
67. Жер қойнауын пайдаланушы жеңіл көмірсутектердің өндірілген кең фракциясын иеліктен шығаруға не процессингке беруге ниеттенген жағдайда, мұндай иеліктен шығаруды немесе процессингке беруді тек қана өндірістік қуаты Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндірушілер жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 2. 2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
Тармақ 68
68. Көмірсутектерді, оның ішінде теңізде барлау мен өндіруді жүргізудің міндетті шарттары мыналар:
Тармақша 1
1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесі негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;
Тармақша 4
4) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 69
69. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг пен кен орнының игерілуіне бақылау жүргізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 70
70. Мыналарды:
Тармақша 1
1) Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттармен жағылатын;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген көлемде өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушы өзге тұлғаларға қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату мақсатында өткізетін шикі газ көлемдерін қоспағанда, өндірілетін шикі газдың толық көлемін қайта өңдемей, көмірсутектерді өндіруге тыйым салынады.
Тармақ 3. 3-параграф. Салық салу
3-параграф. Салық салу
Тармақ 71
71. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған сәтіне қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.
Тармақ 72
72. Келiсiмшарт жасалғанға дейін 20__ жылғы «___»__________ №___ төлем тапсырмасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы төлеген қол қойылатын бонустың мөлшері _____ (соманы теңгемен көрсету қажет) құрайды.
Тармақ 4. 4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау.
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау.
Тармақ 73
73. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою:
Тармақша 1
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде) жүргізіледі;
Тармақша 3
3) Келісімшарттың 12-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің барлығы қайтарылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.
Тармақ 74
74. Жер қойнауын пайдаланушының барлау кезеңінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) кепілдік берумен;
Тармақша 2
2) сақтандырумен;
Тармақша 3
3) банктік салым кепілімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 75
75. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауы банк салымының кепілімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 76
76. Барлау және (немесе) өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Кодексте айқындалған мөлшерде, мерзімдер мен тәртіппен қалыптастырылады.
Тармақ 77
77. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етудің кез келген ұсынылатын тәсілі осындай қамтамасыз етуді беру күнінде қолданылатын Кодекстің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Егер жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша оларға берілген қамтамасыз ету Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күн ішінде осындай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушы жүргізбесе, соңғысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қалпына келтіргеннен немесе қамтамасыз етуді ауыстырғаннан кейін ғана қайта бастауға жол беріледі.
Тармақ 78
78. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кепілге қойылған банк салымы бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
Тармақ 79
79. Жер қойнауы учаскесін консервациялау Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Есепке алу және есептілік
5-параграф. Есепке алу және есептілік
Тармақ 80
80. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды есепке алуды жүргізуге және мынадай есептерді:
Тармақша 1
1) геологиялық есепті;
Тармақша 2
2) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінің есебін;
Тармақша 3
3) лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті;
Тармақша 4
4) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;
Тармақша 5
5) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;
Тармақша 6
6) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті;
Тармақша 7
7) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есепті;
Тармақша 8
8) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы есепті беруге міндеттенеді.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 3) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.
Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 4) – 8) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.
Тармақ 81
81. Жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерді орындаған кезде қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша осындай сұрау салуды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, жүргізілген жұмыстарды және жер қойнауын пайдалану бойынша шығыстарды растайтын құжаттаманы тексеру үшін ұсынуға;
Тармақша 3
3) құзыретті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17009 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген және «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын тұлға растаған нысан бойынша Өндіруші салалар ашықтығының бастамалары стандартында көзделген есептілікті ұсынуға міндетті.
Тармақ 6. 6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
Тармақ 82
82. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы құзыретті органның рұқсатымен Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 83
83. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және тиісті толықтыру тіркелген күннен бастап жасалған деп саналады.
Тармақ 84
84. Қазақстан Республикасының заңдарында сенімгерлік басқаруға беру туралы талап белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынады.
Тармақ 85
85. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) ауыртпалық салу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және Кодексте тыйым салынбаған, жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу Кодекстің 121-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 86
86. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге алынған қарызды жер қойнауын пайдалану мақсатында не жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшартпен қарастырылған Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен қайта бөлуді ұйымдастыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыз қатысу үлесі бар еншілес ұйым пайдалануға тиіс.
Тармақ 7. 7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
Тармақ 87
87. Жер қойнауын пайдалнаушы өндірген көмірсутектер және оларды өндіру барысында шығарылатын құрамдастар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 88
88. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Тармақ 89
89. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде мүлікке меншік құқығының ауысу жағдайлары мен тәртібі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінің аумағынан мүлікті шығару жөніндегі құқықтар мен міндеттер Кодексте белгіленген.
Тармақ 90
90. Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынған геологиялық ақпарат жеке меншікте болады (жеке геологиялық ақпарат).
Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын геологиялық есептілікте және өзге де құжаттамада қамтылатын жеке геологиялық ақпарат мемлекетке мерзімсіз иеленуге және пайдалануға беріледі.
Тармақ 91
91. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерінің бар болуын, оны есепке алу мен сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің зерттеу немесе тексеру үшін оған кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 92
92. Жер қойнауын пайдаланушының Кодекстің 75-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттың қолданылуы кезеңінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Тармақ 93
93. Жер қойнауын пайдаланушы керндер, жыныстар мен минералдардың үлгілері, сынамалар, тас материалының коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге Кодекстің
75-бабында белгіленген тәртіппен зерттеу және талдау мақсатында ғана шығаруға құқылы.
Тармақ 94
94. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 95
95. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне тиесілі керндерді иеліктен шығаруды немесе жоюды жүргізуге ниеттенген жағдайда, ол осындай ниеті туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға бір айдан кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндетті. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан көрсетілген керндерді талапта көзделген мерзімде өз меншігіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл мерзім бір айдан кем болмауға тиіс.
Тармақ 96
96. Жер қойнауының тиісті учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың болжалды аяқталуына дейін үш ай бұрын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өзінде бар далалық бақылау, сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық қадағалауларды тіркеу журналдары, геологиялық ақпараттың бастапқы далалық деректерінің қағаз және электрондық жеткізгіштері немесе бұрғылау ұңғымаларының керндері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Осындай хабарламаны алғаннан кейін бір айдың ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан аталған геологиялық ақпарат жеткізгіштерін оның меншігіне тегін беруді жазбаша түрде талап етуге құқылы. Осы талап оны алған күннен бастап бір айдың ішінде орындалуы тиіс.
Тармақ 8. 8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
Тармақ 97
97. Жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не кейіннен оны өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесіне консервациялау жүргізу шешімі туралы құзыретті органның хабарламасын алған жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен байланысты операциялары қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
Тармақша 2
2) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жою немесе консервациялау жобасы бекітілгеннен және олардың сараптамаларының оң қорытындылары алынғаннан кейін Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды дереу бастауға міндетті;
Тармақша 3
3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті аумақтан алып кетуге құқылы. Көрсетілген мерзімде шығарылмаған жабдық пен өзге де мүлік Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жойылуға немесе консервациялауға жатады.
Тармақ 98
98. Құзыретті органның көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға жер қойнауы учаскесін беру жөніндегі шешімі туралы хабарламаны алған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы:
Тармақша 1
1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесіндегі технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықты және өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлікті бергенге дейінгі мерзімге көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге міндетті.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға мүлікті беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган мұндай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген тұлғасы ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбені қамтитын акт бойынша оны көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді.
Тармақша 2
2) хабарламаны алған күннен бастап алты айдың ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті аумақтан алып кетуге құқылы.
Тарау 9. 9-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
9-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
Тармақ 99
99. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) сәйкес Құзыретті орган жүзеге асырады.
Тармақ 100
100. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.
Тарау 10. 10-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
10-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
Тармақ 101
101. Кодекске сәйкес Келісімшарттың 8-таруында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарының, сондай-ақ өзге де Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке алып келеді.
Тармақ 102
102. Жер қойнауын пайдаланушы үлгілік Келісімшарттың 7-тарауында көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мынадай түрлері көзделеді:
Тармақша 1
1) тиісті мөлшерде тұрақсыздық айыбы:
«Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес тиісті жылдың 1 қаңтарына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгіленген мөлшеріне;
есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының пайыздарына;
бұзушылық сомасының пайыздарына;
Тармақша 2
2) Кодекстің 106-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылатын құзыретті органның бір жақты тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімнен бұрын бұзуы.
Бұл ретте тұрақсыздық айыбын төлеу жер қойнауын пайдаланушыны тиісті міндеттемені орындаудан босатпайды.
Тармақ 103
103. Құзыретті орган Келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы, сондай-ақ белгіленген мерзімде оның тұрақсыздық айыбын төлеу және (немесе) осындай бұзушылықты жою жөніндегі міндеттері туралы мынадай:
Тармақша 1
1) Келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушы есепті жыл үшін отыз пайыздан кем орындаған;
Тармақша 2
2) қамтамасыз ету мөлшерін қалыптастырудың белгіленген графигіне сәйкес не графикті бұза отырып, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етуді ұсынбай жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізген;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарттың 7-тарауында белгіленген міндеттемелерін бұзған өзге де жағдайларда жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 104
104. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша Келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі жазбаша хабарлама алынған күннен бастап – алты айдан, Келісімшарттың 101-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттемелер бойынша – үш айдан, Келісімшарттың 7-тарауында көзделген өзге де міндеттемелер бойынша бір айдан аспауға тиіс.
Тармақ 105
105. Жер қойнауын пайдаланушы жасаған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және бұл туралы Құзыретті органға жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 106
106. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға міндеттемелерді бұзуды жою мерзімін ұзартудың себептерін негіздей отырып, осындай ұзарту туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Жасаған бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша Құзыретті орган оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісетіні туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын ұсынады.
Тармақ 107
107. Келісімшартта көзделген міндеттемелердің бұзушылықтарын Келісімшарттың 104-тармағында айқындалған мерзімде жоюдың мүмкін еместігі анық болған жағдайда, Құзыретті орган осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы.
Тармақ 108
108. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған төмендегі міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:
Тармақша 1
1) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;
Тармақша 2
2) тиісті жылдың кез келген есепті тоқсанында кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – 2000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;
Тармақша 3
3) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10 % мөлшерінде тұрақсыздық төлемі ретінде жауап береді;
Тармақша 4
4) Келісімшартқа 2 және 3-қосымшаларда көзделген жұмыс көлемдерін және түрлерін орындамағаны үшін – міндеттеменің есепті кезеңінде орындалмаған жұмыс көлемдері құнының 10 % мөлшерінде. Бұл ретте, егер нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне байланысты емес басқа да мән-жайлар бойынша жер қойнауын пайдаланушының іс жүзіндегі шығыстары Келісімшартты жасасу кезінде ескерілгеннен аз болып шықса, бірақ бұл ретте Келісімшартта көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерінің нақты көлемі толық көлемде орындалса, іс жүзіндегі шығыстардың мұндай азаюы жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзу болып табылмайды
Тармақша 5
5) Келісімшарттың 48-тармағына сәйкес графиктерде белгіленген көлемде мұнайды Қазақстан Республикасының аумағына және одан тыс жерге қайта өңдеу үшін жеткізу жөніндегі міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – 10 000 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 6
6) жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібін сақтау жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін – мынадай түрде жасалған бұзушылық сомасының 5 % мөлшерінде:
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген тәсілдермен, яғни сатып алу тәсілін таңдау тәртібінің талаптарын бұза отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып конкурстық құжаттаманы жасау;
әлеуетті жеткізушілерге көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген талаптарды қою;
әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау және/немесе негізсіз түрде қатыстыру;
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып шарт жасасу;
көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Ескертпе: дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғалармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарт жасасқан кезде осы тармақша қолданылмайды;
Тармақша 7
7) Келісімшарттың 32 және 80-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны немесе уақытылы ұсынбағаны үшін –
Тармақша 8
8) төмендегі тармақтарға сәйкес хабарламаларды жолдамағаны немесе уақтылы жолдамағаны үшін:
Келісімшарттың 36 және 68-тармақтарына сәйкес – 5000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 24 және 37-тармақтарына сәйкес – 2000 АЕК мөлшерінде;
Келісімшарттың 39-тармағына сәйкес – 100 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 9
9) Келісімшарттың 51-тармағында көрсетілген жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бірін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін – егер Келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан аспаса – 10 000 АЕК немесе егер келісімшарт бойынша бастапқы геологиялық қорлар жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр табиғи газдан асатын болса 20 000 АЕК.
Тармақ 109
109. Құзыретті орган Келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мынандай:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енген;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған тиісті жобалау құжаттарынсыз көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген;
Тармақша 3
3) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, Кодекстің 44-бабы 1-тармағының талаптары бұзылған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатады.
Тармақ 110
110. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы белгіленген мерзімде:
Тармақша 1
1) Кодекстің 133-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтардың біреуін;
Тармақша 2
2) Келісімшарттың 7-тарауында белгіленген өзге де міндеттемелерді екіден артық бұзуын жоймаған кезде Келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Тармақ 111
111. Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісімшарт талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы талаптардың бұзылғандығын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы мерзімнің және оны есептеу тәртібінің өзгеруіне әкелмейді.
Тарау 11. 11-тарау. Еңсерілмейтін күш
11-тарау. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 112
112. Келісімшарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса, Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
Тармақ 113
113. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғи апаттар, табиғи зілзалалар (өрт және т.б.). Келтірілген тізбе толық болып табылмайды.
Тармақ 114
114. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу арқылы екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
Тармақ 115
115. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 116
116. Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларының дәлелдерін ұсынса, Құзыретті орган Келісімшарттың қолданылу мерзімін еңсерілмейтін күш мән-жайларының мерзіміне ұзартады.
Тарау 12. 12-тарау. Құпиялылық
12-тарау. Құпиялылық
Тармақ 117
117. Келісімшартты орындау процесінде Тараптар алған немесе иеленген ақпарат құпия болып табылады және Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қорғалуға тиіс. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін құпия ақпаратты пайдалана алады.
Тармақ 118
118. Тараптар екінші Тараптың келісімінсіз мынадай:
Тармақша 1
1) егер бұл ақпарат сот талқылауын жүргізу барысында пайдаланылатын болса;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін үшінші тұлға құпия ақпаратты құпия ретінде қарауға және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана және Тараптар белгіленген мерзімде қолдануға міндеттеме алған жағдайда, бұл ақпарат осындай үшінші тұлғаларға ұсынылған жағдайды;
Тармақша 3
3) ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайда;
Тармақша 4
4) ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілген жағдайда;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 119
119. Егер Кодексте немесе Тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, осы тарауда көзделген құпиялылық туралы ережелер үлгілік Келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қолданылады.
Тармақ 120
120. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы және Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар көлемдері туралы ақпарат құпия болып танылмайды.
Тарау 13. 13-тарау. Дауларды шешу тәртібі
13-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 121
121. Келісімшартты жүзеге асырумен, өзгертумен немесе тоқтатумен байланысты даулар келіссөздер жүргізу (дауларды сотқа дейін реттеу) арқылы шешіледі.
Тармақ 122
122. Құзыретті орган Кодекске және Келісімшартқа сәйкес жіберетін хабарламалар дауларды сотқа дейін реттеу ретінде танылады.
Тармақ 123
123. Егер жүзеге асырумен, өзгертумен немесе тоқтатумен байланысты даулар келіссөздер арқылы алты ай ішінде шешілмейтін болса, онда осындай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.
Тарау 14. 14-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
14-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
Тармақ 124
124. Келісімшартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Кодекстің 37-бабында белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалатын Келісімшартқа толықтырумен ресімделеді.
Толықтыру Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа Толықтырулар құзыретті органда тіркелуге тиіс.
Тармақ 125
125. Өз қолданысын Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақтайтын Келісімшарттың 41, 46, 97 және 98-тармақтарында көзделген ережелерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы Келісімшартты жасасу күніне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылады.
Тармақ 126
126. Құзыретті орган Кодекстің 106-бабында көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Тармақ 127
127. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылады, ал Келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.
Тарау 15. 15-тарау. Қорытынды ережелер
15-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 128
128. Келісімшарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.
Тармақ 129
129. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы бойынша мәмілелерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Тармақ 130
130. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан жасалған. Барлық даналары бірдей.
Тармақ 131
131. Тараптардың келісімі бойынша Келісімшарт мәтіні басқа тілге аударылуы мүмкін.
Тармақ 132
132. Тараптар қазақ және (немесе) орыс тілдерінің қарым-қатынас тілдері ретінде қолданылатындығы туралы уағдаласады.
Тармақ 133
133. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады.
Тармақ 134
134. Тараптар жазбаша нысанда жасалатын хабарламалар және (немесе) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарияланымдар арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру арқылы хабардар етіледі.
Тармақ 135
135. Келісімшарт бойынша пошталық мекенжай өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа жеті күннің ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті. Осы тармақта көзделген талапты орындамаған Тарап басқа Тараптан хабарламаларды алмағандығына сілтеу құқығынан айырылады.
Тармақ 136
136. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады. Қосымшалардың ережелері мен Келісімшарттың арасында қандай да бір ауытқушылықтар болған жағдайда, Келісімшарттың ережелері басым күшке ие болады.
Тармақ 137
137. Келісімшартта пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер олар үшін Кодексте және (немесе) тиісті нормативтік құқықтық актілерде айқындалған мағыналарға ие.
Тармақ 138
138. Келісімшартта реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 139
139. Осы Келісімшартты 20___ жылғы ___ (айының) ________ күні ___________ қаласында (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері жасасты.
Тармақ 140
140. Тараптардың заңды мекенжайлары және қолдары:
Басқа 1
Аз зерттелген аумақтар
шегінде орналасқан жер қойнауы
учаскесінде көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
1-қосымша
Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары
Өңірдің атауы.
Жер қойнауы учаскесінің атауы
Жер қойнауы учаскесінің бұрыштық координаттары (блоктардың атауы).
Басқа 2. Барлау кезеңінің алғашқы үш жылының жұмыс бағдарламасы
Аз зерттелген аумақтар
шегінде орналасқан жер қойнауы
учаскесінде көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
2-қосымша
Барлау кезеңінің алғашқы үш жылының жұмыс бағдарламасы
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімдері
Құны, теңге
Басқа 3. Ұзартылатын кезеңге жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
Аз зерттелген аумақтар
шегінде орналасқан жер қойнауы
учаскесінде көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
3-қосымша
Ұзартылатын кезеңге жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімдері
Құны, теңге
Басқа 4. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері