Об утверждении Квалификационных требований к аттестации кандидатов в аудиторы Күшін жойған
Басқа 0
Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiліктілік талаптарын бекiту туралы
Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 273 (қолдансқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
2002 жылғы 30 мамырдағы
N 248 бұйрығымен
бекiтiлген
Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 1
1. Аттестацияға жоғары бiлімі және экономика, қаржы, есептеу-талдау, бақылау-тексеру немесе құқықтық салаларда соңғы жеті жылдың бес жыл ішінде жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылықпен айналысатын және көрсетілген салаларда соңғы бес жылдың кем дегенде екi жылдық тәжірибелiк жұмыс өтiлi бар тұлғалар жiберiледi, ол құжаттық түрде расталуы тиiс.
Тармақ 2
2. Аудиторлыққа кандидаттар бiлiмнiң мынадай салалары бойынша емтихан тапсыру арқылы өз бiлiктiлiк деңгейiн растауы тиiс:
- азаматтық заңнама;
- қаржылық есеп;
- басқарушылық есеп;
- салық салу;
- қаржылық менеджмент;
- аудит.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 17 қазандағы N 503 бұйрығымен .