Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Бисеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Алға аудандық мәслихат
хатшысы Б. Жұмабаев
28 маусым 2018 жыл.
Басқа 4
Алға ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 274 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№
Лауазымдардың атауы
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары
1
ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
2
ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
3
ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
4
ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
5
ММ біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
6
ММ біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
7
ММ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары
1
Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшылары (директорлары)
2
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы мамандар:библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
3
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
4
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
5
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы- режиссер, хореограф
6
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
7
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
8
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
9
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, хореограф
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекемелер;
МҚК –мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар.