Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к радиотехническим объектам» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10951болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________________ Т. Сүлейменов 20___ жылғы « » ____________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ___________________ Д. Абаев 20___ жылғы « » ___________
Басқа 0. «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 188 бұйрығымен бекітілген «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес әзірленген, радиотехникалық объектілерді жобалауға, орналастыруға, қайта жаңартуға, пайдалануға енгізуге, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, радиотехникалық объектілер (бұдан әрі – РТО) тудыратын электр магниттік өрістердің (бұдан әрі – ЭМӨ) адамға қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі іс-шараларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және РТО қызметі қоршаған ортаға, санитариялық-қорғаныш аймақтарға және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларын жобалаумен қызметі байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) антенналық-фидер тракті (бұдан әрі – АФТ) – радиосигналды таратқыштан (қабылдағыштан) антеннаның сәуле бөлетін (қабылдайтын) бөлігіне беруге арналған аралық құрылғылар (кабельдер, толқын тасымалдаушылар, қосылыстар);
Тармақша 2
2) антеннаның сәулелену қуаты – антенналық-фидер трактіндегі шығынды есепке ала отырып,антеннаға берілетін таратушы құралдардың жиынтық қуаты;
Тармақша 3
3) бағытталған сәулелену антенналары – тар секторда сәулеленуге арналған таратушы құралдар (спутниктік, радиорелелік байланыс антенналары);
Тармақша 4
4) биологиялық қауіпті аймақ (бұдан әрі – БҚА) – шекарасындағы электр магниттік өрістің деңгейі рұқсат етілетін шекті деңгейге (бұдан әрі – РШД) тең радиотаратқыш антенналардың айналасында пайда болатын аймақ;
Тармақша 5
5) жиынтық электр магниттік сәулелену – бұл бір аумақта орналасқан РТО-ның барлық таратушы антенналарынан шығатын электр магниттік толқындардың энергетикалық сәулелену жиынтығы;
Тармақша 6
6) қайталама сәулелену – ЭМӨ-нің әсер ету аймағында орналасқан әртүрлі металл және құрамында металл бар заттармен және конструкциялармен электр магниттік энергияны қайта сәулелеу;
Тармақша 7
7) құрылысты шектеу аймағы (бұдан әрі – ҚША) – жер бетінен 2 м-ден (бұдан әрі – м) жоғары биіктікте ЭМӨ деңгейлері РШД-ден асатын аумақ. ҚША-ның сыртқы шекарасы болашақтағы құрылыстың тұрғын ғимараттарының ең жоғары биіктігі бойынша, электр магниттік өрістің деңгейлері РШД-ден аспайтын жоғарғы қабат деңгейінде айқындалады;
Тармақша 8
8) радиотехникалық объект (РТО) – қоршаған ортаға 30 кГц-тен бастап 300 ГГц-ке дейінгі радиожиілік ауқымында қоршаған ортаға электр магниттік тербелістерді технологиялық шығаратын радиотехникалық бейіндегі объект;
Тармақша 9
9) радиоэлектрондық құралдар (РЭҚ) – радиотолқындарды беруге және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратқыш және (немесе) қабылдағыш құрылғылардан не қосалқы жабдықты қоса алғанда, олардың комбинацияларынан тұратын техникалық құралдар;
Тармақша 10
10) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) – сыртқы шекарасында ЭМӨ деңгейлері жер бетінен 2 м биіктікте РШД-ге тең радиотехникалық объектіге жапсарлас орналасқан аумақ;
Тармақша 11
11) секторлық (панельдік) антенналар – белгілі бір секторда радиотолқындардың сәулеленуіне арналған антенналар (ұялы радиобайланыс, сымсыз радиоқолжетімділік антенналары және басқалары);
Тармақша 12
12) селитебті аумақ – тұрғын үйлерді, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ орналастырылуы мен қызметі арнайы СҚА-ны талап ететін әсері болмайтын инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың жекелеген бөліктерін орналастыруға арналған елді мекен аумағының бір бөлігі;
Тармақша 13
13) таратқыштың ең жоғары жұмыс қуаты – АФТ-дағы шығынды есепке алмастан, осы жабдықта техникалық қол жетерлік немесе қандай да бір себептерге байланысты шектелген таратқыштың ең жоғары дамитын қуаты;
Тармақша 14
14) таратқыштың паспорттық қуаты – таратушы жабдыққа арналған техникалық құжаттамада көрсетілген ең жоғары ықтимал қуат;
Тармақша 15
15) шеңберлік сәулелену антенналары – барлық жаққа көлденең ось арқылы сәулеленуге арналған таратушы құралдар (ұйымның байланыс антенналары, қайта таратқыштар, телевизиялық, радиохабар тарату антенналары және басқалары);
Тармақша 16
16) электр магниттік сәулелену (бұдан әрі – ЭМС) – табиғи немесе жасанды көз тудыратын электр магниттік тербелістер;
Тармақша 17
17) электр магниттік өріс – электр магниттік тербелістердің көзіне жақын жерде және олардың таралу жолының бойында туындайтын өріс;
Тармақша 18
18) энергетикалық жүктеме (доза, экспозиция) – бір ауысымда электр магниттік энергияның әсер ету уақытындағы оның жиынтық энергетикалық экспозициясы;
Тармақша 19
19) жалпы білім беру ұйымдарының шаруашылық аймағы – бөлек кіретін (кіреберіс) жері бар және асхананың өндірістік үй-жайлары жағында және оқу-тәжірибелік аймағына жақын орналасқан аймақ.
Тармақ 3
3. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары 30 килоГерц (бұдан әрі – кГц)-300 ГигаГерц (бұдан әрі – ГГЦ) жиілігі аумағында жұмыс істейтін стационарлық таратушы РТО, радиобайланыс, радио хабарларын тарату, телевизия, радиолокация және радиобасудың РЭҚ, телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылар, эфирлік-кабельді телевизия станциялары, дыбыстық (радио) хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылар, ультрақысқа толқынды (бұдан әрі – УҚТ) және транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған қабылдау-таратушы РЭҚ, стационарлық (базалық) ұялы байланыс станциялары, қысқатолқынды (бұдан әрі – ҚТ) ауқымдағы РЭҚ, таратқышының қуаты 1 ваттан (бұдан әрі – Вт) жоғары радиорелелік станциялар, таратқышының қуаты 2 Вт қоса алғанда және жоғары базалық сымсыз радиоқолжетімділік (WLL) жүйелері, стационарлық (жердегі) спутниктік байланыс станциялары, теңіз, әуе және басқа да қызметтердің РЭҚ (жағалаудағы, радиолокациялық станциялар, радиошамшырақтар және басқалар), стационарлық ұзақ уақыт радиобасу жүйелері тудыратын 30 кГц-тен 300 ГГц-ке дейінгі радиожиілік ауқымындағы ЭМӨ-нің адамның денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алуға бағытталған.
Тармақ 4
4. Санитариялық қағидалардың талаптары жылжымалы УҚТ-радиобайланыс, ҚТ-ауқымдағы РТО, РЭҚ-қа, үй-жайдан тыс орналастырылған жағдайда таратқышының қоса алғанда қуаты 1 Вт дейінгі радиорелелік станцияларға, үй-жайдан тыс орналастырылған жағдайда таратқышының қуаты 2 Вт дейінгі стационарлық (базалық) сымсыз радиоқолжетімділік (WLL) жүйелеріне, тұрмыстық техника бұйымдарына, тұрмыстық радиоқабылдағыш құрылғыларға, тұрмыстық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларға, ұялы байланыстың абоненттік терминалдарына, DECT (Дэкт) (1880-1990 МГц) стандартының абоненттік терминалдарына, сымсыз радиоқолжетімжілік (WLL) жүйелерінің абоненттік терминалдарына, сөзді синхронды аудару аппаратурасына (индуктивті және синхронды), репортаж және концерт радиомикрофондарына, индуктивті телефон байланысы, телебақылау және сигнализацияқұралдарына, кабельдік хабар тарату және өнеркәсіптік жоғары жиілікті, оның ішінде шахтада пайдаланылатын телевизиялық жүйелерге, автокөліктердің күзет радиосигнализация құрылғыларына, күзет сигнализациясын және хабар таратуды қашықтықтан басқару құрылғыларына (433,075–434,79), үлгілерді (ұшақтар, катерлер және басқасын) радиобасқару аппаратурасына (28,0–28,2 МГц; 40,66–40,70 МГц), балалардың радио арқылы сөйлесу құрылғыларына және радиомен басқарылатын ойыншықтарға (26957-27283 кГц), штрихкодты заттаңбаларды өңдеу және осы зат таңбалардан алынған ақпаратты беруге арналған РЭҚ-қа (430 МГц), есту ақаулары бар адамдарға арналған есту-сөйлеу радио жаттықтырушыларына, беру ұзақтығы 100 метрге дейін «Bluetooth» (Блютуз), «Wi–Fi» (Вай-фай) сымсыз жалғау технологиялары бар үйішілік құрылғыларға, кеңсе, қойма үй-жайлары ішінде пайдаланылатын РЭҚ-қа (оқитын құралдар, өлшеуіштер, фемтосоттар және басқасы), есептеуіштердің көрсеткіштерін қашықтықтан алу үшін пайдаланылатын РЭҚ-қа қолданылмайды. Өзге мақсаттағы РЭҚ-қа егер басқа нормативтік құжаттарда өзгеше айқындалмаса, ЭМӨ әсерінің рұқсат етілетін деңгейлерінің нормативтік мәндері аясында қолданылады.
Тарау 2. 2 тарау. Радиотехникалық объектілерді жобалауға, орналастыруға, қайта құруға және пайдалануға енгізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2 тарау. Радиотехникалық объектілерді жобалауға, орналастыруға, қайта құруға және пайдалануға енгізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 5
5. ЭМӨ әсерінің шекараларын белгілеу және осы Санитариялық қағидалардың 3-тармағында көрсетілген РТО-ны орналастыру бойынша РТО (РЭҚ) жобаларына, оның ішінде іргелес аумақтағы электр магниттік жағдайға әсер ететін өзгерістерден (антеннаның орналасқан жерін, сәулелену режимдерін, антенналардың саны мен орналасу биіктігін өзгерту) кейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
Тармақ 6
6. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін жобалау құжаттамасын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне иелігінде РТО болатын заңды және жеке тұлғалар немесе жобалау ұйымдарымен ұсынылады. Әзірленген жобаның толықтығы, дұрыстығы мен сапасына тапсырыс беруші мен жобалау құжаттамасын әзірлеуші жауапты болады.
Тармақ 7
7. Жобалау құжаттамасын әзірлеушінің, ұйымның лауазымды тұлғалары не жеке кәсіпкер бекітеді және тапсырыс берушімен (РТО иесі) келісіледі.
Тармақ 8
8. Иелігінде РТО-да орналасқан РЭҚ болатын заңды және жеке тұлғалар объектінің меншік иесіне ЭМС есептеулерін жүргізу үшін қажетті деректерді береді, сондай-ақ осындай есептеулер жүргізу үшін қажетті деректермен өзара алмасуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Жобалау құжаттамасында жобалаушы негіздеген жағдайларды қоспағанда, объектіде орналасқан басқа операторлардың антенналарын ескере отырып, барлық шеңберлік және секторлық сәулеленудің таратушы антенналары шығаратын жиынтық ЭМС есептеулері беріледі (бар болғанда).
Тармақ 10
10. ЭМӨ әсерінің шекараларын белгілеу және осы Санитариялық қағидалардың 4-тармағында көрсетілген РТО-ны орналастыру бойынша РТО (РЭҚ) жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды талап етілмейді.
Тармақ 11
11. Бағытталған сәулелену РЭҚ үшін «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылы 30 мамырда № 415 бұйрығымен (бұдан әрі - № 415 Бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) формаға сәйкес жеке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
Тармақ 12
12. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға қажетті жобалау құжаттамасында мәліметтер мен материалдардың тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 13
13. Қабылдаушылар мен антенналарды демонтаж жасау мен толықтай жұмыстан шығарылуына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қажет етілмейді. РТО иесі бұл туралы ақпаратты санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жолдайды.
Тармақ 14
14. Объектіде (шатырда, антенна-мачта құрылысында, жер учаскесінде және басқасы) бір немесе әртүрлі заңды және жеке тұлғаларға тиесілі бір немесе бірнеше РТО (РЭҚ)таратушы антенналары орналасқан жағдайда жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны барлық таратушы антенналардан шығатын жиынтық ЭМС-ті есептей отырып (бар болған жағдайда, объектіде орналасқан басқа операторлардың антенналарын ескере отырып), әрбір РЭҚ иесіне жеке беріледі.
Тармақ 15
15. Мақсаты бойынша РТО (РЭҚ) орнатуға арналған радиотехникалық бейіндегі объектіде (шатырда, антенна-мачта құрылысында, жер учаскесінде және басқасы) иесі бір, бір немесе әртүрлі иелердің екі және одан көп РЭҚ орналасқан жағдайда объектінің меншік иесі объектідегі антенналардың түрлері мен қуатына қарамастан, барлық РЭҚ-ты есепке ала отырып, бір санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
Тармақ 16
16. Мақсаты бойынша РТО, РЭҚ орналастыруға арналмаған жер учаскелерінде, жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут шарт) жағдайларды қоспағанда, инфрақұрылымы бар қайта орнатылатын РТО-ны, РЭҚ-ды орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 17
17. Бір антеннаға жүргізілетін таратқыштардың жиынтық қуаты 1000 Вт-тан артық болатын көлденең жазықтықтағы шеңберлік және секторлық сәулеленудің РЭҚ таратушы антенналарын орналастыру (басты күлтесі тиісті жаққа бағытталғанда) тұрғын үй құрылысының, балалардың, оқу және денсаулық сақтау ұйымдарының аумағына дейін, СҚА мен ҚША өлшемдерін есептеу нәтижелері бойынша айқындалған қашықтықта, бірақ кемінде:
Тармақша 1
1) антеннаны жерден 100 м жоғары биіктікте орналастырған кезде – 100 м;
Тармақша 2
2) антеннаны 50-ден 100 м дейінгі биіктікте орналастырған кезде – 200 м;
Тармақша 3
3) антеннаны кемінде 50 м биіктікте орналастырған кезде – 300 м қашықтықта радиомачталарда жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Ауқымы 30 МГц тиімді сәулелену қуаты 100 Вт-тан артық РТО, РЭҚ антенналарды тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың шатырларында орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 19
19. Ауқымы 1,8-30 МГц радиоәуесқойлық радиостанциялардың, тиімді сәулелену қуаты 100 Вт-тан артық 26,5-27,5 МГц жиіліктегі азаматтық ауқымдағы радиостанциялардың антенналарын орналастыру кезінде антенналарды орнату аймағына оның кез келген нүктесінен кемінде 5 м қашықтықта адамдардың кіруінің мүмкін болмауы қамтамасыз етіледі. Таратқыштарының қуаты 1 килоВаттан (бұдан әрі – кВт) артық болатын ауқымы 3-30 МГц таратушы антенналарды тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың шатырларында орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 20
20. Тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың шатырларының ортасында орналастырылатын тік жазықтықтағы (төменге еңіспен) ең жоғары сәулелену орнының терісбұрышы 10 градустан артық және сәулелену қуаты 25 Вт-тан артық болатын секторлық сәулеленудің РЭҚ антенналары шатыр деңгейінен кемінде 5 м биіктікте орнатылады.
Тармақ 21
21. Сәулелену қуаты 25 Вт аспайтын секторлық сәулеленудің РЭҚ антенналарын ғимараттардың негізгі қабырғаларына (кірпіштен, темір-бетоннан жасалған) аталған ғимараттың терезелерінен, балкондарынан, лоджияларынан тікелей көрінбейтін жерде орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 22
22. Шеңберлік сәулеленудің РЭҚ антенналарын СҚА, ҚША және БҚА есептеу нәтижелеріне қарамастан, тұрғын үй, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың терезелері, балкондары, лоджиялары бар қабырғаларына орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Ғимараттардың негізгі қабырғаларына (кірпіштен, темір-бетоннан жасалған) немесе адамдар болатын үй-жайлармен шектеспейтін негізгі емес қабырғаларға сәулелену қуаты 10 Вт-тан аспайтын бағытталған сәулелену антенналарын орналастыруға жол беріледі. Антеннадан терезеге, балкондарға, лоджияға дейінгі қашықтық кемінде 3 м құрайды.
Тармақ 24
24. Шеңберлік және секторлық сәулеленудің РЭҚ антенналарын, сондай-ақ спутниктік байланыс станцияларының антенналарын адамдардың болуына арналған ғимараттардың (өндірістік, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар) шатырында, мынадай шарттардың біреуі сақталған жағдайда орналастыруға жол беріледі:
Тармақша 1
1) жоғарғы қабаттың темір-бетон жабынының болуы;
Тармақша 2
2) металл шатырдың болуы;
Тармақша 3
3) техникалық қабаттың болуы.
Тармақ 25
25. Құрылыстар мен ғимараттардың ішінде тек осыған арналған ішкі (indoor) (индор) антенналарды ғана орнатуға жол беріледі.
Тармақ 26
26. РТО (РЭҚ) жабдықтары бар контейнерлерді тұрғын үй, қоғамдық және жұмыс үй-жайларының ішіне орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 27
27. Жалпы білім беру ұйымдарының жер учаскелерінде жобаланатын РТО (РЭҚ) орналастыру шаруашылық аймақта жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. СҚА шекаралары жер бетінен 2 м биіктікте айқындалады. СҚА өлшемі РТО-ның болашақтағы дамуын ескере отырып, антеннаның негізінен бастап есептеледі.
Тармақ 29
29. СҚА және ҚША шекараларын ЭМӨ деңгейлеріне құрал-саймандық өлшеулер жүргізгеннен кейін иелігінде РТО, РЭҚ болатын заңды және жеке тұлғалар нақтылайды. Жобаланған РТО, РЭҚ үшін осындай нақтылауға негізделген қажеттілік болғанда № 415 Бұйрықпен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының «Ұсыныстар» деген бағанына тиісті жазба жасалады.
Тармақ 30
30. ҚША-ның сыртқы шекараларында бар құрылыстың биіктігінде ЭМӨ деңгейінің РШД-ден артуына жол берілмейді. ҚША-ның сыртқы шекарасы қалыптасқан және болашақтағы құрылыс ғимаратының ең жоғары биіктігі бойынша, жер деңгейінен РЭҚ антенналарын орнату биіктігінде болашақтағы құрылыс туралы мәліметтер жоқ болғанда айқындалады.
Тармақ 31
31. Шеңберлік сәулелену антенналарымен жабдықталған таратушы радиостанциялар, телевизиялық станциялар, сондай-ақ шеңберлік шолудың радиолокациялық станциялары үшін СҚА және ҚША РТО-ның, РЭҚ-дың айналасына орнатылады.
Тармақ 32
32. Бағытталған әрекеттегі антенналармен жабдықталған таратушы станциялар үшін, сондай-ақ антенналары белгілі бір секторда сканерлейтін немесе бір бағытта бекітілген радиолокациялық станциялар үшін СҚА және ҚША электр магниттік энергияның сәулелену бағытында, бүйірлік және артқы күлтелерді, антенналардың сәулелену бағыттылығының тік және көлденең диаграммаларын ескере отырып орнатылады.
Тармақ 33
33. Антенналары белгілі бір бұрышта көкжиекке электр магниттік энергияны сәулелейтін және ЭМӨ деңгейі биіктікке байланысты өзгеретін таратушы станциялар үшін ҚША іргелес тұрғын үй құрылысы ғимаратының биіктігі шегінде тігінен сәуленің төменгі көлбеуі бойынша дифференциялы орнатылады.
Тарау 3. 3 тарау. Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс жасау жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және электромагниттік өрістер деңгейің бақылау
3 тарау. Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс жасау жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және электромагниттік өрістер деңгейің бақылау
Тармақ 34
34. Селитебті аумақтағы, жаппай демалыс орындарындағы, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік үй-жайлардың ішіндегі РТО, РЭҚ тудыратын, сыртқы ЭМӨ РЖ-ның әсеріне ұшыраған ЭМӨ деңгейлері осы Санитариялық қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ұсынылған.
Тармақ 35
35. РТО, РЭҚ жабдығы персоналдың жұмыс орындарында кәсіптік әсері 30 кГц-300 ГГц диапазондағы жиілік электромагниттік өрісі РШД-ден аспайды және де ЭМӨ-нің әсерін гигиеналық бағалау осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес электр өрісінің энергетикалық жүктемесі, магниттік өріс, электр магниттік энергия ағынының тығыздығы бойынша жүзеге асырылады. Еңбек процесінде ЭМӨ-нің кез келген сипатында әртүрлі жиілік ауқымдарының ЭМӨ-нің кәсіптік әсеріне ұшырайтын жұмысшылардың еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар осы санитариялыққағидалардың талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 36
36. РШД бірдей белгіленген бірнеше көздерден бір мезгілде сәулеленген кезде электр өрісінің жиынтық кернеулігі(Е) немесе энергия ағынының жиынтық тығыздығы (бұдан әрі – ЭАТ) РШД мәнінен аспайды: Әртүрлі РШД белгіленген бірнеше көздерден бір мезгілде сәулеленген кезде электр өрісінің жиынтық кернеулігі(бұдан әрі – Е) және жиынтық ЭАТ 1,0-ден аспайды: мұнда: Е1,2,…,n– (1) формулада – әрбір ЭМӨ көзі жеке тудыратын электр өрісінің кернеулігі, метрге вольт (бұдан әрі – В/м); (3) формулада – (1) формула бойынша айқындалған әрбір нормаланған жиілік ауқымындағы электр өрісінің жиынтық кернеулігі, В/м; ЕРШД1,2,…,n – нормаланған ауқымдағы электр өрісінің шекті рұқсат етілетін кернеулігі, В/м; ЭАТ1,2,…,n– (2) формулада – әрбір ЭМӨ көзі жеке тудыратын энергия ағынының тығыздығы, шаршы сантиметрге микроватт (бұдан әрі – мкВт/см2); (3) формулада – (2) формула бойынша айқындалған әрбір нормаланған жиілік ауқымындағы энергия ағынының жиынтық тығыздығы, мкВт/см2; ЭАТРШД – нормаланған ауқымның энергия ағыны тығыздығының шекті рұқсат етілетін деңгейі, мкВт/см2.
Тармақ 37
37. РЭҚ тудыратын ЭМӨ деңгейлерін бақылау үшін есептеу және құрал-саймандық әдістер пайдаланылады.
Тармақ 38
38. Жобалау құжаттамасын сараптау кезеңінде таратушы құралдардың типтерін, жұмыс жиіліктерін, режимдер мен қуаттарды, параметрлер мен антенналардың кеңістікте орналасуын, жергілікті жердің бедерін, қайта шағылысатын беттердің болуын ескере отырып, РТО тудыратын ЭМӨ деңгейлерін анықтаудың есептеу әдістері ғана пайдаланылады. Таратушы антенналардың БҚА шекарасы қажет болған жағдайда – тікжәне көлденең жазықтықтардағы ұзындық көрсетіле отырып және антенналардың орналасқан жерлеріне қатысты жиынтық сәулеленудің БҚА шекарасы есептеледі. ЭМӨ деңгейлерін СҚА (жерден 2 м) және шеңберлік бағытта (шеңберлік сәулелену антенналары үшін) немесе азимуттық бағытта (секторлық және бағытталған антенналар үшін) ҚША (іргелес ғимарат терезесінің деңгейінде) биіктіктерінде есептеуге жол беріледі.
Тармақ 39
39. Құрал-саймандық әдістер РЭҚ тудыратын ЭМӨ-нің деңгейін бақылау үшін пайдаланылады. Бақылаудың құрал-саймандық әдістерін пайдалану кезінде сәулелеуші құралдардың режимдерінің және ең жоғары қуатының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 40
40. ЭМӨ деңгейлерін бақылаудың құрал-саймандық әдісі кезінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сейкес мемлекеттік тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар өлшеу құралдары пайдаланылады. Өлшеу құралдарының салыстырмалы қателік шектері ± 30 % аспайды. Өлшеу нәтижелерін гигиеналық бақылау өлшеу құралдарының қателігін ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. Электр (магниттік) өрісі кернеулігінің деңгейлерін және ЭМӨ энергиясы ағынының тығыздығын өлшеу Кодекстің 144 бабына сәйкес бекітілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес жабдықты сәулеленудің ең жоғары қуатына қосқан кезде жүргізіледі. РТО, РЭҚ ЭМӨдеңгейлерін құрал-саймандық бақылауды иелігінде РТО, РЭҚболатын заңды және жеке тұлғалар:
Тармақша 1
1) РТО, РЭҚ пайдалануға берілгенде;
Тармақша 2
2) пайдалануға енгізілетін және жұмыс істеп тұрған РТО, РЭҚ-тың СҚА, ҚША шекараларын нақтылау қажет болғанда;
Тармақша 3
3) ЭМӨ деңгейіне әсер ететін РТО, РЭҚ-тың жұмыс жағдайлары мен режимі өзгергенде(антенналар бағдарының өзгеруі, таратқыштар қуатының көбеюі);
Тармақша 4
4) РТО, РЭҚ-қаіргелес аумақта жағдайлық жоспар өзгергенде;
Тармақша 5
5) радиоәуесқойлық радиостанциялар антенналарын, азаматтық ауқымдағы радиостанцияларды орналастырғанда;
Тармақша 6
6) ЭМӨ деңгейлерін төмендету бойынша іс-шаралар өткізілгеннен кейін жүргізеді. Иелігінде РТО, РЭҚ болатын заңды және жеке тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне РТО, РЭҚ ЭМӨ деңгейлеріне жүргізілген құрал-саймандық өлшеулерхаттамаларының көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 42
42. РТО, РЭҚ ЭМӨ деңгейлерінқұрал-саймандық бақылауды РТО, РЭҚ операторларына тексеру жүргізу кезінде немесе селитебті аумақта Кодекстің 21-бабының 3 және 4 тармақтарына сәйкес халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Тармақ 43
43. Электр (магниттік) өріс кернеулігінің және ЭМӨ энергиясы ағыны тығыздығының деңгейлері РШД-ден артқан жағдайда РТО, РЭҚ болатын заңды және жеке тұлғалар РЭҚ санын азайту және селитебтік аумақта орналасқан демалыс орындарында, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік үй-жайларында электромагнитік өрісін РШД дейін келтіру рұқсат етілген көрсекішіне дейін осы Санитариялық ереженің 2-қосымшасында, электромагниттік энергия ағымының тығыздығы бойынша, белгіленген гигиеналық нормативтерге дейінгі көрсеткіштерге жеткізу бойынша осы Санитариялық ереженің 3-қосымшада көрсетілген шараларды қабылдайды.
Тарау 4. 4-тарау. ЭМӨ-нің адамға қолайсыз әсерінің алдын алу бойынша шаралар жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4-тарау. ЭМӨ-нің адамға қолайсыз әсерінің алдын алу бойынша шаралар жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 44
44. Жұмыскерлерді ЭМӨ-нің қолайсыз әсерінен қорғауды қамтамасыз етуді иелігінде РТО, РЭҚ болатын заңды және жеке тұлғалар ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және профилактикалық іс-шараларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 45
45. Ұйымдастырушылық іс-шаралары:
Тармақша 1
1) жұмыстың ұтымды режимдерін таңдауды;
Тармақша 2
2) ЭМӨ-нің әсер ету жағдайларында персоналдың болу ұзақтығын шектеуді;
Тармақша 3
3) ЭМӨ көздерінен қашықтықта, нормативтік талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын ұйымдастыруды көздейді.
Тармақ 46
46. Инженерлік-техникалық іс-шаралар қамтиды:
Тармақша 1
1) ЭМӨ көздерін ұтымды орналастыруды
Тармақша 2
2) ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарын қолдануды, оның ішінде ЭМӨ көздерін немесе жұмыс орындарын экрандауды қамтиды.
Тармақ 47
47. Алдын алу шараларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10987 болып тіркелген) бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес алдын ала (жұмысқа тұру алдында) және мерзімдік тексеріп-қараулардан өту жатады.
Тармақ 48
48. РЭҚ-тың антенна жабдығына қызмет көрсетуге тікелей байланысты емес адамдардың таратушы антенналар орналасқан жерлерге кіруіне шектеу қойылады.
Тармақ 49
49. Халық үшін ЭМӨ деңгейі РШД-ден асатын және РТО-ға қызмет көрсетуге тікелей байланысты емес адамдардың кіруі мүмкін аумақтар (шатырлардың учаскелері) қоршалады және ескерту белгілерімен белгіленеді. Осы учаскелерде қандай да бір жұмыс жүргізу кезінде РТО таратқыштары ажыратылады.
Тармақ 50
50. Радиожиіліктердің ЭМӨ шағылдыратын экрандар металл табақтардан, торлардан, өткізгіш үлдірлерден, шағын сымдары бар арқаулардан, синтетикалық талшықтар негізіндегі металл арқаулардан немесе электр өткізгіштігі жоғары кез келген басқа да материалдардан жасалады және жерге тұйықталады.
Тармақ 51
51. РТО-ны, РЭҚ-ды орналастырудың барлық жағдайларында оның иесі қоғамдық және өндірістік ғимараттарды жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану сатыларында ЭМӨ-ден қорғаудың әртүрлі әдістерін (белсенді емес және белсенді) қолдану мүмкіндігін қарайды.
Басқа 1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға қажетті мәліметтер мен материалдардың тізбесі
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға қажетті мәліметтер мен материалдардың тізбесі
Тарау 1. 1. Жалпы мәліметтер
1. Жалпы мәліметтер № Мәліметтер және материалдар ескертпе 1 РТО (РЭҚ) атауы 2 РТО-ны (РЭҚ) орналастыру мекенжайы 3 РТО (РЭҚ) иесі (А.Ж немесе ұймың атау) 4 Ведомстволық тиесілігі бар болған жағдайда 5 РТО (РЭҚ) иесінің мекенжайы 6 РТО (РЭҚ) иесінің БСН (ЖСН) 7 РТО (РЭС) иесінің телефоны 8 Жабдықтың пайдалануға берілген жылы 9 РТО (РЭҚ) мақсаты 10 РТО (РЭҚ) орналастыру (дислокация) орны 11 Іргелес құрылыстың ең жоғары биіктігі 12 РТО (РЭҚ) орналасатын ғимараттың мақсаты егер таратушы антенналар ғимараттың үстінде болса 13 Ғимарат шатырының типі (тегіс немесе еңіс/градуспен еңіс/, шатыр жабынының материалын көрсету) - « - 14 РЭҚ антеннасы орналасатын ғимаратта техникалық қабаттың болуы - « - 15 Жоғарғы жабынның түрі - « - 16 Ғимараттың төбесінде немесе радиомачтада басқа да таратушы құралдардың болуы
Тарау 2. 2. Антеннаның (антенналардың) техникалық сипаттамасы
2. Антеннаның (антенналардың) техникалық сипаттамасы 1 2 3 1 Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты Вт-пен 2 Таратуға арналған жұмысшы жиілілік (жиіліктердің ауқымы) 3 Антеннаны күшейту коэффициенті (дБ/рет) 4 Антенналық-фидер трактінде қуаттың таратуға арналған шығыны (дБ/рет) (егер деректер болмаса, онда фидердің ұзындығын көрсету керек (таратқыштан антеннаға дейін кабельдер), м және фидердегі қуаттың шығыны, (дБ/метр) 5 Антеннаның тік өлшемі немесе диаметрі 6 Негізгі күлте орнының бұрышы градуспен (яғни, антеннаның тік жазықтықтағы ең көп сәулелену бағытының бұрышы) 7 Сәулеленудің ең көп азимуты (шеңберлік жұмыс істейтін антенна үшін 0-3600) 8 РТО-ның сәулеленуге арналған жұмыс режимі (тұрақты, қайталама-қысқа мерзімді, импульстік) 9 Антеннаны орналастыру орны және типі (мысалы, «АБК» төбесінде, «техникалық қабаттың қабырғасындағы тіреуіште» және т.б.) 10 Антенна ілгішінің биіктігі метрмен, м: - жер деңгейінен (әрбір антеннаның фазалық орталығының орналасу биіктігі көрсетіледі) - шатыр деңгейінен (антенна орналасқан шатырдан немесе жақын орналасқан неғұрлым биік ғимараттың шатыры деңгейінен көрсетіледі) Спутниктік байланыс станциялары үшін қосымша: 11 Антенна айнасын ашу коэффициенті 12 Жердің жасанды серігі, тұрғын нүктесі 13 РТО (РЭҚ) орналасқан орнының географиялық координаттары ендігі және бойлығы Радиолокаторлар үшін қосымша: 14 Таратқыштың импульстік қуаты, Вт немесе кВт 15 Импульстердің қайталану жиілігі, Гц 16 Импульстің ұзақтығы, секунд 17 Антеннаның айналу жылдамдығы, минутына айналым (айн/мин) айналатын және сканерлейтін антенналар үшін 18 Айналу кезеңі, секунд 19 Сканерлеу секторы, о сканерлейтін антенналар үшін Ескертпелер:
Тармақ 1
1. 2-бөлімнің деректерін таратушы антенналардың (таратқыштар) әрқайсысы үшін көрсету керек;
Тармақ 2
2. Кейбір РЭҚ әсерін бағалау үшін қажетті қосымша деректерді енгізу көзделеді;
Тармақ 3
3. Антенналардың тік және көлденең жазықтықтағы сәулелену диаграммалары. Ескертпе: диаграммалардың орнына диаграммаларды сипаттайтын есептеу формулаларына нұсқаулар (сілтемелер) беріледі; бірқалыпты шеңберлік сәулелену антенналары үшін көлденең жазықтықтағы сәулелену диаграммасы талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Іргелес аумақтың жағдайлық жоспары. Ескертпе: антенналардың орналасу орнын, құрылыстың қабаттылығын, СҚА мен ҚША (қажеттілігіне қарай) және көшелерге, магистральдарға немесе басқа белгілі бағдарларға байланыстылығын көрсете отырып 1:500 – 1:2000 масштабында. Жағдайлық жоспарды құру үшін негіз ретінде спутниктік карталарды және интернет-сайттардың дұрыс карта-схемаларын қолдануға жол беріледі. Белгілі бағдарлар болмағанда жоспарда РТО (РЭҚ) тұрған жерінің географиялық координаттары көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Антенналарды тік жазықтықта орналастыру схемасы.
Тармақ 6
6. РТО (РЭҚ) орналастырудың фотоматериалдары (ұсынылады).
Тармақ 7
7. Іргелес аумақтағы ЭМӨ деңгейлерін бөлуді есептеу материалдары (таратушы антенналардан БҚА шекарасын); Ескертпе: есептеу материалдарына мыналар кіреді: есептеу тәртібі мен формулаларының сипаттамасы, есептеулері мен графиктері бар тікелей кестелер (БҚА, СҚА, ҚША өлшемдері), қолданылатын автоматтандырылған есептеу бағдарламаларына сілтеме (бар болған кезде), есептеулер нәтижелері және көзделген қорғау (қауіпсіздік) шаралары бойынша іргелес аумақтағы электр магниттік жағдай туралы қорытындылар, есептеу жүргізген ұйым маманының деректері мен қолы.
Басқа 2. Селитебті аумақтағы, демалыс орындарындағы, тұрғын, қоғамдық және өндірістік үй-жайлардың ішіндегі электр магниттік өрістің рұқсат етілетін шекті деңгейлері
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Селитебті аумақтағы, демалыс орындарындағы, тұрғын, қоғамдық және өндірістік үй-жайлардың ішіндегі электр магниттік өрістің рұқсат етілетін шекті деңгейлері Жиіліктер диапазоны 30 - 300 кГц 0,3 - 3 МГц 3 - 30 МГц 30 - 300 МГц 0,3 - 300 ГГц Нормаланатын параметр Электр өрісінің кернеулігі, Е (Вольт/метр. В/м) Энергия ағынының тығыздығы, ЭАТ (шаршы сантиметрге микроВатт, мкВт/см2) Рұқсат етілетін шекті деңгейлер 25 15 10 3 10 25* Ескертпе:* - айналатын және сканерлейтін антенналардан сәулелену жағдайлары үшін.
Басқа 3. Электр өрісінің, магниттік өрістің, электр магниттік энергия ағыны тығыздығының энергетикалық жүктемесі
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 3-қосымша Электр өрісінің, магниттік өрістің, электр магниттік энергия ағыны тығыздығының энергетикалық жүктемесі 30 кГц – 300 МГц жиіліктер ауқымындағы энергетикалық жүктеме мынадай формулалар бойынша есептеледі: мұнда: Е – электр өрісінің кернеулігі, Вольт/метр (бұдан әрі – В/м); Н – магнит өрісінің кернеулігі, Ампер/метр (бұдан әрі – А/м); Т – жұмыс ауысымы кезіндегі әсер ету уақыты, сағат. 0,03 – 3 МГц және 30 - 50 МГц жиіліктер ауқымындағы электр және магнит өрісінің бір уақыттағы әсерін мынадай жағдайда рұқсат етілген деп санау керек: мұнда: ЭЖЕрш, ЭЖНрш – энергетикалық жүктеменің рұқсат етілетін шекті мәндері (қосымшаның кестесі бойынша қабылданады). 300 МГц - 300 ГигаГерц (бұдан әрі – ГГц) жиіліктер ауқымындағы энергетикалық жүктеме мынадай формула бойынша есептеледі: мұнда: ЭАТ – өріс энергиясы ағынының үстіңгі қабатының тығыздығы, шаршы сантиметрге микроВатт (бұдан әрі – микроВатт/см2); Т – жұмыс ауысымы ішіндегі әсер ету уақыты, сағат. Жұмыс орындарындағы Е, К және ЭАТ рұқсат етілетін шекті мәндерді рұқсат етілетін энергетикалық жүктемеге және әсер ету уақытына қарай мынадай формула бойынша айқындау қажет: мұндағы: Ерш, Нрш, ЭАТрш – электр В/м, магниттік, А/м өрістердің және энергия ағыны тығыздығының, мкВт/см2 рұқсат етілетін шекті мәндері; ЭЖЕрш, ЭЖНрш, ЭЖэатрш – энергетикалық жүктеменің рұқсат етілетін шекті мәндері (1-кесте бойынша қабылданады); К – биологиялық тиімділіктің бәсеңдеу коэффициенті, мынаған тең: 10 – айналатын және сканерлейтін антенналардан сәулелену үшін және 1 – қалған жағдайларда. Ескертпе: егер алынған мәндер 1-кестеде көрсетілген Ерш, Нрш, ЭАТрш ең жоғарғы мәндерінен асатын болса, рұқсат етілетін шекті мән ретінде соңғылар қабылданады. ЭМС қарқындылығына байланысты рұқсат етілетін әсер ету уақыты мынадай формулалар бойынша айқындалады: мұнда: Ерш, Нрш, ЭАТрш – электр, В/м, магниттік, А/м және энергия ағыны тығыздығының мкВт/см2рұқсат етілетін шекті мәндері; ЭЖЕрш, ЭЖнрш ЭЖэатрш – энергетикалық жүктеменің рұқсат етілетін шекті мәндері (кесте бойынша қабылданады). Жұмыс орындарында 30 кГц – 300 ГГц жиіліктер ауқымында кәсіби әсер ету кезінде электр магниттік өрістердің рұқсат етілетін шекті деңгейлері Параметр Жиіліктер ауқымындағы шекті мәндер (МГц) 0,03 - 3 3 - 30 30 - 50 50 - 300 300 - 300000 Рұқсат етілетін шекті мән ЭЖЕрш, (В/м)2*сағ. 20000 7000 800 800 - Рұқсат етілетін шекті мән ЭЖНрш, (А/м)2 *сағ. 200 - 0,72 - - Рұқсат етілетін шекті мән ЭЖЭАТрш, (мкВт/см2)*сағ. - - - - 200 Ең жоғарғы Ерш РШД, В/м 500 300 80 80 - Ең жоғарғы Нрш РШД, А/м 50 - 3 - - Ең жоғарғы ЭАТрш РШД, мкВт/см2 - - - - 1000 Ескертпе:
Тармақша 1
1) кестеде көрсетілген диапазондарда жиіліктің төменгі шегі болмайды және жоғарғы шегі кіреді.
Тармақша 2
2) электр магниттік сәулеленуге кәсіби байланысы жоқ адамдардың болуы мүмкін жұмыс орындарында РШД мәндер кестесінде көрсетілген 0,5 мөлшерінде қабылданады.