Об утверждении Требований к надлежащей проверке клиентов в случае дистанционного установления деловых отношений субъектами финансового мониторинга Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы 18 шілде
Басқа 0. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 5-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі – қаржы мониторингі субъектілері) қолданылады.
Тармақ 2
2. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттермен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату туралы шешімді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелі дәрежесінің бағасын клиенттердің типтері бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді, қызметтер (өнім) және (немесе) оны беру тәсілі тәуекелін ескере отырып, дербес қабылдайды.
Тармақ 3
3. Қаржы мониторингі субъектілері мынадай талаптарға сәйкес келетін клиенттермен ғана іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілімен орнатады:
Тармақша 1
1) сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға не заңды тұлғаға сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы шет мемлекетте тіркелген нөмір берілген жеке не заңды тұлға;
Тармақша 2
2) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылмайды;
Тармақша 3
3) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылмайды;
Тармақша 4
4) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану талап етілетін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылмайды.
Тармақ 4
4. Қаржы мониторингі субъектілері бірмезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатады:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтерді Талаптардың 9-тармағына сәйкес тіркеу;
Тармақша 2
2) жеке тұлға клиенттің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге, оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға беруге оның сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің болуы;
Тармақша 3
3) жеке тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иелерінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің болуы; 📌 Ескерту. 4-тармағы 3) тармақшасының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 № 74 қаулысымен.
Тармақша 4
4) қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың мақсаты операцияларды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында жасау болып табылатыны туралы күдіктің болмауы.
Тарау 2. 2-тарау. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу
2-тарау. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу
Тармақ 5
5. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді тіркеу іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатқанға дейін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнату үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
Тармақша 1
1) клиенттің қаржы мониторингі субъектісінің қашықтықтан қол жеткізу жүйесіне өзінің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізуі;
Тармақша 2
2) клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген клиент бойынша мәліметтерді тіркеу.
Тармақ 7
7. Клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
Тармақша 1
1) жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы;
Тармақша 2
2) немесе биометриялық аутентификациялау құралдары;
Тармақша 3
3) немесе егер жеке тұлғаны қаржы мониторингі субъектісі бұған дейін жеке қатыса отырып сәйкестендірген жағдайда, жеке тұлғаны сәйкестендіру және аутентификациялау кезінде қаржы мониторингі субъектісі ақпарат алмасу туралы келісім жасаған екінші деңгейдегі банк немесе Ұлттық пошта операторы шығарған төлем карточкасының деректемелері (төлем карточкасының нөмірі, қолданылу мерзімі, төлем карточкалары жүйесінің атауы);
Тармақша 4
4) немесе мемлекеттік дерекқорлармен салыстырып тексеру арқылы жеке тұлғаның жеке басын растау;
Тармақша 5
5) немесе әріптердің, цифрлардың немесе таңбалардың комбинациясын білдіретін бірегей сәйкестендіруші немесе клиентті сәйкестендіру үшін қаржы мониторингі субъектісі белгілеген және онымен келісілген өзге сәйкестендіруші. Осы тармақтың төртінші бөлігінде және Талаптардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілдерінің біреуін немесе жиынтығында бірнешеуін қолдануға жол беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілі банктік шот ашылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы пайдаланылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілі мына жағдайлардың бірінде: осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификация тәсілдерінің жиынтығында біреуімен немесе бірнешеуімен; өмірді сақтандыру шарттарын, аннуитеттік сақтандыру шарттарын және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру ұйымдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасқан кезде; КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдаған кезде пайдаланылады. Клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілін таңдауды қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатқан кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына сәйкес СДАО арқылы клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізумен клиентті екі факторлы сәйкестендіруді қолданады. Клиентті биометриялық аутентификациялаудан өткізген кезде екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын не қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиенттің алынған шынайы бейнесін, оның ішінде аутсорсинг негізінде клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл, сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Клиентті сәйкестендіруді растайтын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтерді тіркеу:
Тармақша 1
1) клиенттің оның Талаптардың 7-тармағында көрсетілген сәйкестендірудің расталған тәсілдерімен сәйкестендіру деректерін;
Тармақша 2
2) не қаржы мониторингі субъектісінің Талаптардың 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен клиентті аутентификациялау рәсімдерін кейін өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру
3-тарау. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру
Тармақ 10
10. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына және ішкі бақылау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеруді қолжетімді дереккөздерінен алынған деректермен салыстыру арқылы жүргізген кезде қолжетімді дереккөздерінен алынған мәліметтер бар дерекқорлардан алынған ақпарат, үзінді-көшірмелер де растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілімен орнатудан бас тарту, қашықтықтан орнату тәсілімен орнатылған іскерлік қатынастарды бұзу
4-тарау. Іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілімен орнатудан бас тарту, қашықтықтан орнату тәсілімен орнатылған іскерлік қатынастарды бұзу
Тармақ 12
12. Қаржылық мониторинг субъектiсі:
Тармақша 1
1) клиент Талаптардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;
Тармақша 2
2) клиент Талаптардың 4-тармағының 2) тармақшасында және 6-тармағында көрсетілген шарттарды орындалмаған;
Тармақша 3
3) қаржы мониторингi субъектiсінде клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында операция жүргізуі туралы күдік болған кезде;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша. Қаржылық мониторинг субъектiсі клиентке іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатудан бас тартқан кезде клиентті іскерлік қатынастарды келу тәртібімен орнату мүмкіндігі туралы хабардар етеді.