О создании государственного учреждения "Управление Командующего Сухопутными войсками Вооруженных Сил Республики Казахстан" Министерства обороны Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" (бұдан әрi - Мекеме) мемлекеттік мекемесi құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі Мекеменiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi штат санының лимиттi шегінде белгілесін.
Тармақ 3
3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылатын болып белгіленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Мекеменi ұстауға және жарақтандыруға арналған шығыстар сметасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 142-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия).
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.