Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зырян ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының елді мекендері аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зырян ауданы елді мекендерінің аумағында мына орындар көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан 1-қосымшаға сәйкес орындар;
Тармақша 2
2) Зырян ауданының елді мекендерінде арнайы мұздатқыш құралдарынан балмұздақ, салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін 2-қосымшаға сәйкес орындар;
Тармақша 3
3) Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және палаткалардан 3-қосымшаға сәйкес орындар.
Тармақ 2
2. «Зырян қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Зырян ауданының әділет басқармасында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Зырян ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар
Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 185 қаулысына 1-қосымша Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар
Тармақ 1
1. «Восток» шағын базарында, Бочарников – Стахановская көшелерінің қиылысында.
Тармақ 2
2. Солнечная көшесінің бойындағы шағын базарда.
Тармақ 3
3. Бочарников көшесінің бойындағы қалалық шағын базарда.
Тармақ 4
4. Панфилов – Бухтарминская көшелерінің қиылысында.
Басқа 16. Зырян ауданының елді мекендерінде арнайы тоңазытқыш құралдарынан балмұздақ және салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар
Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 185 қаулысына 2-қосымша Зырян ауданының елді мекендерінде арнайы тоңазытқыш құралдарынан балмұздақ және салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар
Тармақ 1
1. Автобекеттер ауданында.
Тармақ 2
2. Киоскілер, дүкендер мен сауда үйлерінің ауданында.
Тармақ 3
3. Ресторандар, кафелер, барлар және асханалар ауданында.
Тармақ 4
4. Теміржол вокзалдары мен станцияларының ауданында.
Тармақ 5
5. Саябақтарда, скверлерде, аллеяларда және алаңдарда.
Басқа 22. Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар
Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 185 қаулысына 3-қосымша Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар
Тармақ 1
1. Серебрянск қаласында:
Тармақша 1
1) Тохтаров көшесінің бойындағы Орталық базардың ауданында жаяу жүргіншілер жолында;
Тармақша 2
2) Некрасов көшесінің бойында «Снежинка» дүкенінің алдында;
Тармақша 3
3) Комсомольская көшесінің бойындағы № 80, № 82, № 84 үйлердің ауданындағы алаңда;
Тармақша 4
4) теміржол вокзалы.
Тармақ 2
2. Прибрежный кентінде наубайхана ауданындағы алаңда.
Тармақ 3
3. Зубовск кентінде теміржол вокзалына іргелес аумақта.
Тармақ 4
4. Тұрғысын ауылында «Камилла» кафесінің алдында, «Қаратай» кафесінің алдында, орталық алаңда.
Тармақ 5
5. Феклистовка ауылында «Достық» дүкенінің жанында.
Тармақ 6
6. Северное ауылында «Радуга» дүкенінің жанында.
Тармақ 7
7. Малеевск ауылында Бухтарминская көшесі бойынша және Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпір жанында.
Тармақ 8
8. Первороссийское ауылында автобус аялдамасының жанында.
Тармақ 9
9. Васильевка ауылында автобус аялдамасының жанында.
Тармақ 10
10. Жаңа Бұқтырма кентінде жеке кәсіпкер «Литвиновтың», жеке кәсіпкер «Жигловтың» базарында.
Тармақ 11
11. Жаңа Бұқтырма кентінде «Бұқтырма» жай бақшашылық серіктестігіне іргелес аумақта.