Об утверждении Инструкции по представлению банками второго уровня, Банком Развития Казахстана, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан и ипотечными организациями в Национальный Банк Республики Казахстан сведений для формирования обзора финансового сектора Күшін жойған
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржы секторының шолуын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкі» 2017 жылғы 2 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің төрағасы
________________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 23 шілде
Басқа 0. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 139 қаулысымен
бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарынан және ипотекалық ұйымдардан қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) түрінде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсыну тәртібі белгіленеді.
Тармақ 2
2. Мәліметтер Нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде жасалады.
Тармақ 3
3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар – халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында қазақстандық компаниялар шет елдерде құратын еншілес ұйымдар;
Тармақша 2
2) институционалдық бірліктер – активтерге иелік ететін, өздеріне міндеттемелер қабылдайтын, шаруашылық қызметпен және басқа институционалдық бірліктермен операциялармен айналысатын шаруашылық бірліктер;
Тармақша 3
3) халықаралық банкаралық үзіліссіз байланысқан есеп айырысулар жүйесі (бұдан әрі – CLS халықаралық банкаралық жүйесі) - валюталық операциялар бойынша есеп айырысуға маманданатын төлем жүйесі, оның көмегімен ірі әлем банктері халықаралық валюта нарығында нақты уақыт режимінде сауда жасайды және ол валюталық операциялар бойынша есеп айырысулар кезінде кредиттік тәуекелді болдырмауға мүмкіндік береді;
Тармақша 4
4) экономика секторы – айналысатын негізгі қызмет түрі бірдей институционалдық бірліктерді біріктіретін экономиканың негізгі бөлімшесі.
Тармақ 4
4. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым» деген ұғым «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәнінде қолданылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының резиденті және Қазақстан Республикасының бейрезиденті ұғымдары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді жасау тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді жасау тәртібі
Тармақ 6
6. Қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мына мәліметтер:
Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер ұсынылады.»;
Тармақ 7
7. Мәліметтер теңгемен жасалады.
Тармақ 8
8. Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер, Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер және Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары негізінде жасалады, оның 2-тарауының 1, 2 және 3-параграфтарының шоттары резиденттік белгілері, экономика секторы және валюталар тобы бойынша нақтыланады.
Тармақ 9
9. Резиденттік белгісі мынадай кодтарға сәйкес көрсетіледі:
«1» коды – Қазақстан Республикасының резиденті;
«2» коды – Қазақстан Республикасының бейрезиденті.
Тармақ 10
10. Экономика секторлары мынадай кодтарға сәйкес көрсетіледі:
1) мемлекеттік басқару органдары секторлары:
«1» коды – орталық басқару органдары;
«2» коды – жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
2) қаржы ұйымдары секторлары:
«3» коды – орталық (ұлттық) банктер;
«4» коды – басқа депозиттік ұйымдар;
«5» коды – басқа қаржы ұйымдары;
3) қаржылық емес ұйымдар секторлары:
«6» коды – мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
«7» коды – мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
4) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы:
«8» коды – үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;
5) үй шаруашылықтары секторы:
«9» коды – үй шаруашылықтары.
Тармақ 11
11. Әрбір жеке институционалдық бірлік өзінің негізгі қызметінің түріне сәйкес экономиканың тұтастай бір секторына жатады. Институционалдық бірліктерді жіктеу қағидаты олар жүзеге асыратын негізгі қызмет түріне сәйкес оларды экономика секторлары бойынша бөлу болып табылады.
Әрбір сектордың оны басқа секторлардан өзгеше ететін экономикалық сипаттары болады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік басқару органдары секторына ел аумағында орналасқан басқа институционалдық бірліктерге қолданылатын заң шығарушылық, сот немесе атқарушылық билігі бар институционалдық бірліктер кіреді. Мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары: тұтастай қоғамды және жеке үй шаруашылықтарын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жауапкершілігі; бұл үшін қажетті қаржы қаражатын салық салу арқылы немесе басқа кірістер есебінен жұмылдыру; трансферттер арқылы кірістерді мен байлықты қайта бөлу және нарықтық емес өндірісті жүзеге асыру болып табылады. Бұл секторға Орталық Үкімет («1» коды), өңірлік және жергілікті басқару органдары («2» коды) кіреді.
«1» кодына министрліктер, республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ведомстволар және агенттіктер, ғылыми-зерттеу институттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенттері – институционалдық бірліктер, мемлекеттік басқару органдардың бақылауындағы және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттің бақылауындағы және нарықтық өндіріспен айналыспайтын басқа ұйымдар жатады.
«2» кодына облыс, қала және аудан деңгейінде басқару функцияларын жүзеге асыратын институционалдық бірліктер және өңірлік (жергілікті) бюджеттер қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жатады.
Тармақ 13
13. Қаржы ұйымдары секторына негізгі функциялары қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдыққа тығыз байланысты қосалқы қаржы қызметі болып табылатын институционалдық бірліктер кіреді. Бұл секторға Орталық (ұлттық) банктер ( «3» коды), басқа да депозиттік ұйымдар («4» коды), басқа қаржы ұйымдары («5» коды) кіреді.
«3» кодына қаржы жүйесінің негізгі аспектілерін бақылауды жүзеге асыратын институционалдық бірліктер кіреді, олардың негізгі қызмет түрлері ұлттық валюталардың эмиссиясы, халықаралық резервтерді басқару, Халықаралық валюта қорымен және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен операцияларды жүзеге асыру, басқа депозиттік корпорацияларға кредит беру болып табылады.
«4» кодына негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және мiндеттемелерiнің депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (ауқымды ақшаның ұлттық анықтамасына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар институционалдық бiрлiктер кіреді. Осы топқа банктер, оның ішінде исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын банктер жатады.
«5» кодына түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық институционалдық бiрлiктері жатады. Бұл топқа кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ипотекалық компаниялар, брокерлік және дилерлік компаниялар, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, қаржылық лизингтік компаниялар, факторингтік компаниялар, сондай-ақ валюталық және қор биржалары, сақтандыру брокерлері, кепілдік беру қорлары және басқа да қаржы ұйымдары сияқты көптеген түрлі қаржы ұйымдары жатады.
Тармақ 14
14. Қаржылық емес ұйымдар секторына негiзгi қызмет түрi басым түрде нарық тауарларының және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын институционалдық бiрлiктер кіреді. Осы секторға мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар («6» коды) және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар («7» коды) жатады.
«6» кодына басым түрде нарықтық өндіріспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы институционалдық бiрлiктер кіреді.
Мемлекеттік басқару органдарының бақылауы:
дауыс беретін акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе акционерлер дауыстарының жартысынан көбін бақылаудың нысандарын белгілеу арқылы;
мемлекеттік басқару органдарына ұйымның саясатын айқындау немесе оның директорларын тағайындау құқығын беретін заңнаманы, жарлықты немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдау нәтижесінде жүзеге асырылады.
Осы шағын топқа мемлекеттік басқару органдары бақылайтын және қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымдар кірмейді, себебі олар мемлекеттік басқару органдары секторына жатады.
«7» кодына басым түрде нарықтық өндіріспен және (немесе) қаржылық емес нарықтық қызметтермен айналысатын және мемлекеттік басқару органдары бақыламайтын институционалдық бірліктер кіреді.
Тармақ 15
15. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы («8» коды) тауарларды немесе қызметтерді өндіретін, бірақ осындай ұйымдарды бақылайтын институционалдық бірліктерге кіріс немесе өзге қаржылық игіліктерді әкелмейтін институционалдық бірліктерді қамтиды және оған мынадай:
Тармақша 1
1) қауымдастықтары осы қауымдастықтардың мүшелерін тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету үшін тұлғалар құратын институционалдық бірліктер кіреді. Осындай қызметтер әдетте тегін көрсетіледі немесе жүйелі мүшелік жарналар есебінен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорт клубтары және басқалар жатады;
Тармақша 2
2) қызметінің негізгі түрі қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын институционалдық бірліктер кіреді. Оларға қоғам мүшелерінің мүдделеріне қызмет көрсету үшін қайырымдылық мақсаттарда құрылатын қайырымдылық ұйымдары мен зардап шеккен немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөніндегі агенттіктер жатады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін осы коммерциялық емес ұйымдар мұқтаж үй шаруашылықтарына нарықтық емес негізде тауарлар ұсынумен немесе қызмет көрсетумен айналысады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттік басқару органдарынан ақшалай немесе заттай нысанда келіп түсетін қайырмалдықтардың және бейрезиденттерден түсетін трансферттердің есебінен қалыптасады.
Тармақ 16
16. Үй шаруашылықтары секторы («9» коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкiн бiрiктiретiн (толық немесе iшiнара) және тауарлар мен қызметтердің белгiлi бір түрлерін (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқаларды) бiрлесiп тұтынатын жеке тұлғалардың шағын топтарынан (отбасылардан) құралған институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл топқа, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатқызылады.
Тармақ 17
17. Халықаралық ұйымдар мүше мемлекеттердің арасындағы саяси келісімнің негізінде құрылады. Осындай келісімнің халықаралық шарт мәртебесі болады. Халықаралық ұйымдарды құру мақсаты осы ұйымдар мүшелерінің ұжымдық тұтынуы үшін нарықтық емес қызметтер көрсету және (немесе) қаржылық делдалдықты жүзеге асыру не әртүрлі елдердің кредиторлары мен қарыз алушыларының арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгілі артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Осындай ұйымдарға олар аумағында орналасқан елдің заңнамасы қолданылмайды. Осындай ұйымдар олар аумағында орналасқан елді немесе олардың қызметі таралатын елді қоса алғанда қандай да бір елдің резиденттері болып саналмайды.
Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар экономиканың «Орталық (ұлттық) банктер» секторында есепке алынады. Барлық басқа халықаралық ұйымдар экономиканың «Орталық Үкімет» секторында есепке алынады.
Тармақ 18
18. Холдинг компаниялар немесе бас офистер – еншілес кәсіпорындардың топтарын бақылайтын компаниялар, олардың негізгі қызметі осындай топтарға иелік етуді немесе олардың қызметін басқаруды білдіреді. Холдинг компаниялар немесе бас офистер жүзеге асыратын қызметіне байланысты қаржылық немесе қаржылық емес ұйымдарға жатқызылады.
Бірліктердің холдинг компаниялар деп жиі аталатын екі түрі болады. Бірінші түрі – бас офис, ол еншілес кәсіпорындарды басқарушылық бақылаудың барлық аспектісін жүзеге асырады. Осы шағын топқа компаниялардың немесе кәсіпорындардың басқа бөлімшелерін қадағалау және оларды басқару, кәсіпорындардың олармен байланысты ағымдағы қызметін жедел бақылау және басқару кіреді. Еншілес ұйымдардың барлығы немесе көпшілігі қаржылық емес болып табылса, онда осы бас офис қаржылық емес корпорациялар секторына («6» коды) жатқызылады, егер қаржылық болып табылса, онда тиісінше қаржылық корпорациялар секторына («5» коды) жатқызылады.
Екінші түрге еншілес корпорациялардың активтеріне иелік ететін, бірақ басқа компанияларға әкімшілік немесе өзге де басқаруды жүзеге асырмайтын холдинг компаниялар жатады. Олардың негізгі қызметі үлестік қатысуы бар кәсіпорындарға басқа қызметтер көрсетпей-ақ, осындай компаниялар тобына иелік ету болып табылады. Егер осы компанияларда қаржылық қызмет басым болса не олар бақылайтын корпорациялардың қарапайым көпшілігі қаржылық корпорациялар болып табылса, онда мұндай бірліктер қаржылық корпорациялар секторына («5» коды) жатқызылады.
Тармақ 19
19. Валюта тобының коды мынадай кодтарға сәйкес көрсетіледі:
«1» коды – Қазақстан теңгесі, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (бұдан әрі – теңге);
«2» коды – еркін айырбасталатын валюта (бұдан әрі – ЕАВ);
«3» коды – басқа валюта түрлері (бұдан әрі – БВТ);
ЕАВ тобына CLS халықаралық банкаралық жүйесінде есеп айырысуларға қабылданған және осы валютадағы төлемдер бойынша шектеулер болмайтын шетел валютасының түрлері жатады. Осы топқа мыналар кіреді:
Австралия доллары (AUD)
АҚШ доллары (USD)
Біріккен Корольдіктің фунт стерлингтері (GBP)
Венгрия форинті (HUF)
Гонконг доллары (HKD)
Дат кронасы (DKK)
Еуро (EUR)
Жаңа Зеландия доллары (NZD)
Жаңа Израиль шекелі (ILS)
Жапон йенасы (JPY)
Канада доллары (CAD)
Корей Республикасының вонасы (KRW)
Қытай юані (CNY)
Мексика песосы (MXN)
Норвегия кронасы (NOK)
Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)
Сингапур доллары (SGD)
Швед кронасы (SEK)
Швейцария франкі (CHF);
БВТ тобына теңгені және ЕАВ тобының валюталарын қоспағанда, барлық басқа да валюталар кіреді.
Тармақ 20
Тармақ 21
21. Активтерді нақтылау дебитордың (эмитенттің) резиденттігі және экономика секторы бойынша, міндеттемелерді нақтылау – кредитордың резиденттігі және экономика секторы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Нұсқаулықта мерзімдері бойынша активтер мен міндеттемелерді мынадай сыныптау қабылданды:
1) қысқа мерзімді – қоса алғанда бір жылға дейін;
2) ұзақ мерзімді – бір жылдан астам.
Тарау 3. 3-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
3-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 23
23. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және ипотекалық ұйымдар мәліметтерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде береді.
Тармақ 24
24. Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтерді айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша ай сайын:
1) Қазақстанның Даму Банкі – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) ипотекалық ұйымдар – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қазақстанның Даму Банкі және ипотекалық ұйымдар жылдың соңғы жұмыс күні үшін қосымша есепті (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 25
25. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтерді ай сайын айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Деректер болмаған кезде мәліметтер берілмейді.
Тармақ 25-1
25-1. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары Нұсқаулыққа 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтерді жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың отыз бірінші наурызынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 26
26. Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктері
филиалдарының, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары филиалдарының және ипотекалық
ұйымдардың Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды
қалыптастыруға арналған мәліметтерді
ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 700-N(D)
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы «______» ____________
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстанның Даму Банкі, ипотекалық ұйымдар
Мыналардың әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
Тармақша 1
1) Қазақстанның Даму Банкі – айдың соңғы жұмыс күні үшін есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
жылдың соңғы жұмыс күні үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей;
Тармақша 2. Кесте. Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
2) ипотекалық ұйымдар – айдың соңғы жұмыс күні үшін есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
жылдың соңғы жұмыс күні үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей.
Нысан
Кесте. Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
№
Көрсеткіштер атауы
Мәні
1
2
3
1
Шоттың нөмірі
2
Резиденттік белгісі
3
Экономика секторының коды
4
Валюталар тобының коды
5
Сомасы
Атауы ______________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________
Орындаушы ______________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20___ жылғы «___» __________
Басқа 1.1. Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
(индексі – 700-N(D), кезеңділігі – ай сайын)
Баланстық және баланстан тыс
шоттардағы қалдықтар туралы
мәліметтер нысанына
қосымша
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
(индексі – 700-N(D), кезеңділігі – ай сайын)
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасымен сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан ай сайын жасалады, айдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
Қосымша есеп жыл сайын Нысан бойынша жасалады, банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып, жылдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанда және осы Түсіндірмеде шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 7
7. Нысанда респонденттің баланстық (активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кіріс, шығыс) және баланстан тыс (шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, балансқа меморандум шоттары) шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 1, 2, 3 және 4-жолдарда мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдап алынады.
Тармақ 9
9. 1-жолда Үлгі шот жоспарына сәйкес келетін шоттың төрт таңбалы нөмірі көрсетіледі
Тармақ 10
10. 2, 3 және 4-жолдарда резиденттік белгісінің, экономика секторы мен валюталар тобының кодтары осы Түсіндірменің 12, 13 және 15-тармақтарына сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, осындай нақтылау қолданылатын шоттар бойынша көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 2 және 3-жолдарда:
1405, 1406, 1425, 1752 және 1864-шоттар үшін вексель берушінің резиденттік белгісі мен экономика секторының коды көрсетіледі;
1201, 1202, 1205, 1206, 1208, 1209, 1452, 1453, 1454, 1456, 1457, 1459, 1481, 1482, 1483, 1485, 1486, 1491, 1492, 1494, 1495, 1744, 1745, 1746, 1750 және 1757-шоттар үшін эмитенттің резиденттік белгісі мен экономика секторы коды көрсетіледі;
2301, 2303, 2306, 2401, 2402, 2405 және 2406-шоттар үшін бағалы қағазды ұстаушының резиденттік белгісі мен экономика секторы коды көрсетіледі, бағалы қағазды ұстаушыны дәйекті анықтауға мүмкіндік болмаған кезде – бағалы қағазды номиналды ұстаушысының (сенім білдірілген меншік иесінің) резиденттік белгісі мен экономика секторы коды көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 3-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған және 1250тобының шоттарында көрсетілген салымдар бойынша «5» экономика секторы коды көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 1007, 1009, 1603 және 1604-шоттар үшін:
2-жолда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған бағалы металдардан жасалған монеталар мен ұлттық валютадағы коллекциялық монеталар үшін «1» коды, Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің бағалы металдардан жасалған монеталар мен коллекциялық монеталары үшін «2» коды көрсетіледі;
3 және 4-жолдарда көрсеткіштер толтырылмайды.
Тармақ 14
14. 3-жолда 1811, 1812, 1813, 1814, 1815, 1816, 1817, 1818, 1819, 1820, 1821, 1822, 1823, 1824, 1825, 1826, 1827, 1831, 1832, 1833, 1834, 1835, 1836, 1837, 1838, 1839, 1840, 1841, 1842, 1843, 1844, 1845, 1871, 1880, 2811, 2812, 2813, 2814, 2815, 2816, 2817, 2818, 2819, 2820, 2831, 2832, 2833, 2834, 2835, 2836, 2838, 2839, 2871, 2874, 2880, 3561, 3562, 3563 және 3564-шоттар бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 15
15. 4-жолда 1013, 1727, 2016, 2126, 2212, 2216, 2708 және 2717-шоттар бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 16
16. 2, 3 және 4-жолдарда 1011, 1012, 1601, 1602, 1610, 1651, 1652, 1653, 1654, 1655, 1656, 1657, 1658, 1659, 1660, 1661, 1662, 1691, 1692, 1693, 1694, 1695, 1696, 1697, 1698, 1699, 1854, 1857, 1858, 1859, 1873, 1874, 2854, 2857, 2858, 2859, 2861, 2872, 2873, 3001, 3003, 3025, 3027, 3101, 3200, 3400, 3510, 3540, 3580, 3589, 3599-шаттар және Үлгі шот жоспарының 4 (төртінші), 5 (бесінші), 6 (алтыншы) және 7 (жетінші) сыныптарының шоттары бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 17
17. 5-жолда үтірден кейін екі таңбалы сан форматында теңгедегі сома көрсетіледі.
Басқа 2
Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму Банкінің,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банктері
филиалдарының, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары филиалдарының
және ипотекалық ұйымдардың
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне қаржы
секторына шолуды қалыптастыруға
арналған мәліметтерді ұсынуы
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 700-DF
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан
№
Көрсеткіштер атауы
Мәні
1
2
3
1
Шоттың нөмірі
2
Резиденттік белгісі
3
Экономика секторының коды
4
Валюталар тобының коды
5
Сомасы
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы ______________________________________ _______________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20___ жылғы «___» __________
Басқа 2-1
Шетелдік компаниялардың
филиалдарымен және өкілдіктерімен
операциялар бойынша баланстық
шоттардағы қалдықтар туралы
мәліметтер нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан ай сайын жасалады, айдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) респондентте өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және мынадай экономика секторларында Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне жататын шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен қатынастар бойынша талаптардың немесе міндеттемелердің болуын көрсететін бірінші немесе екінші сыныпты шоттарының баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер көрсетіледі:
басқа қаржы ұйымдары – «5» коды;
мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – «6» коды;
мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – «7» коды;
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – «8» коды.
Тармақ 6
6. 1, 2, 3 және 4-жолдар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтарға сәйкес толтырылады:
1-жолда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесіндегі анықтамалықтан таңдалатын тізімнен Үлгі шот жоспарының төрт таңбалы шот нөмірі көрсетіледі;
2-жолда шетелдік компания филиалының немесе өкілдігінің резиденттік коды көрсетіледі;
3-жолда бас компанияның экономика секторына сәйкес келетін шетелдік компания филиалының немесе өкілдігінің экономика секторының коды көрсетіледі;
4-жолда валюталар тобының коды көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 5-жолда үтірден кейін екі таңбалы сан форматында теңгедегі сома көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 5-жолда нөлдік емес мән болған кезде 1-жолда көрсетілген әрбір шот үшін 2, 3 және 4-жолдарда мәндерді толтыру міндетті болып табылады.
Тармақ 9
9. Деректер болмағанда кезде мәліметтер ұсынылмайды.
Басқа 3
Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму
Банкінің, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банктері
филиалдарының, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары филиалдарының
және ипотекалық ұйымдардың
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне қаржы секторына
шолуды қалыптастыруға арналған
мәліметтерді ұсынуы
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының индексі: FA_INTFLOWS_11SB
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың отыз бірінші наурызынан кешіктірмей
Нысан
№
Көрсеткіштер атауы
Мәні
1
2
3
1
Шоттың нөмірі
2
Экономика секторының коды
3
Валюталар тобының коды
4
Операцияларды жүргізу нәтижесіндегі өзгерістер
5
Құнды қайта бағалау
6
Басқа өзгерістер
7
Басқа өзгерістердің түрін ашып жазу
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________
Орындаушы ______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20___ жылғы «___» __________
Басқа 3-1
Қаржы активтері мен
пассивтеріндегі өзгерістер
туралы мәліметтер нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтер» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан жыл сайын жасалады, есепті жыл үшін толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының респондентте Қазақстан Республикасының резиденттерімен қатынастар бойынша талаптардың немесе міндеттемелердің болуын көрсететін бірінші және екінші сыныпты шоттарының баланстық шоттарында есепті кезеңдегі өзгерістер туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 1, 2 және 3-жолдар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтарға сәйкес толтырылады.
Тармақ 7
7. 4, 5 және 6-жолдарда үтірден кейін екі таңбалы сан форматындағы сома теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 4-жолда операцияларды жүргізу нәтижесіндегі өзгерістер – қаржы активтеріне немесе пассивтеріне меншік құқығын құру, жою немесе ауыстыру нәтижесінде институционалдық бірліктердің өзара келісуі бойынша туындайтын қаржы ағындары көрсетіледі. Меншік құқығы қаржы активіне немесе пассивіне байланысты барлық құқықтан, міндеттемелерден және тәуекелдерден сату, беру немесе өзге нысанда босату жолымен ауысады.
Тармақ 9
9. 5-жолда құнды қайта бағалау – шетел валютасында көрсетілген активтер мен пассивтердің құнына әсер ететін ұлттық валютаның шетел валюталарына нарықтық құнының өзгерістері және (немесе) айырбастау бағамының өзгерістері нәтижесінде туындайтын қаржы ағындары көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 6-жолда басқа өзгерістер – 4 және 5-жолдарда көрсетілетін операцияларды жүргізу және құнды қайта бағалау нәтижесіндегі өзгерістерден басқа, активтер мен пассивтердегі өзгерістер салдарынан туындайтын қаржы ағындары көрсетіледі. Бұл санат талаптарды біржақты есептен шығаруды, активтер мен міндеттемелерді сыныптаудың өзгеруін қамтиды.
Тармақ 11
11. 4, 5 және 6-жолдардың сомасы есепті кезеңнің соңындағы және алдыңғы есепті кезеңнің соңындағы тиісті баланстық шоттағы қалдықтар арасындағы айырмаға тең.
Тармақ 12
12. 7-жол 6-жолда нөлдік емес мәні болған кезде толтырылады.
Басқа 4. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан
Республикасы бейрезидент- банктері
филиалдарының, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары филиалдарының және ипотекалық
ұйымдардың Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды
қалыптастыруға арналған мәліметтерді
ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: BS(FN)_4-I(R)O_Q
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы «______» ____________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
Нысан
Кесте. Баланстық шоттар бойынша қалдықтар
Баланстық шоттың нөмірі
Резиденттік белгісі
Экономика секторының коды
Валюта тобының коды
Сомасы
1
2
3
4
5
Активтер
….
Міндеттемелер
….
Атауы ___________________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы ______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20___ жылғы «___» __________
Басқа 4.1. Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Баланстық шоттардағы қалдықтар
туралы мәліметтер нысанына
қосымша
Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
(индексі – BS(FN)_4-I(R)O_Q, кезеңділігі – тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Нысанды есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 1-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Шоттар жоспары) 2тарауының 1, 2, 3 және 4-параграфтарында көзделген баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 2, 3 және 4-бағандарда резиденттік белгісіне, экономика секторына және валюталар тобына сәйкес келетін кодтар көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2 және 3-бағандарда активтер бойынша резиденттік белгісі және дебитордың (эмитенттің) экономика секторының коды, міндеттемелер бойынша резиденттік белгісі және кредитор экономикасы секторының коды көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 2 және 3-бағандарда:
1280 08-шот үшін резиденттік белгісі және вексель берушінің экономика секторының коды көрсетіледі;
1120, 1130, 1140, 1160, 1270 01, 1270 04, 1290 23, 2020, 2030, 2170 01 және 2170 03-шоттар үшін резиденттік белгісі және эмитент экономикасы секторының коды көрсетіледі;
4030 07 және 4030 10-шоттар үшін резиденттік белгісі және бағалы қағазды ұстаушының экономика секторының коды көрсетіледі, бағалы қағазды ұстаушыны дәйекті айқындау мүмкіндігі болмаған кезде – резиденттік белгісі және бағалы қағазды номиналды ұстаушының (сенімгерлік меншік иесінің) экономика секторының коды көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 1300, 2300, 2400, 2600, 2700, 2930-шоттар бойынша 2, 3 және 4-бағандарда «0» коды көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 1370, 1380, 1400, 1500, 1620, 2800, 2920, 3100, 3200, 3520, 3530, 3540, 4310, 4420, 4430 және 4440-шоттар бойынша 2 және 3-бағандарда «0» коды көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 5-бағанда үтірден кейін екі таңбалы сан форматында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша сома теңгемен көрсетіледі.