Об утверждении Стандартов оказания услуг потребителям субъектами естественных монополий в области услуг аэропортов и аэронавигации Күшін жойған
Басқа 0
Әуежайлар және аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1- бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4)осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 19 шілде
Басқа 1. Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 515 бұйрығына
1-қосымша
Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарт (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуінің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.
Тарау 2. 2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 2
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтінішті, өтінімді, арызды (бұдан әрі - өтінім) қызметті көрсету мерзімін көрсете отырып жолдайды.
Тармақ 3
3. Субъекті тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінімін мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.
Тармақ 4
4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 5
5. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдап алған адамның атын, тегін және әкесінің атын (бар болған жағдайда) аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Тармақ 6
6. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.
Тармақ 7
7. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Тармақ 9
9. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы немесе құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Тұтынушылардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары), айқындалған шарттарды сақтауы субъекті мен тұтынушы арасында «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үлгі шарттар негізінде әзірленген көрсетілетін қызметтерді көрсетуге арналған шарттар жасасу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Алынған қызмет үшін есеп айырысуды тұтынушы шарт талаптарына сәйкес тұтыну есебі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған жағдайда, тұтынушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Шағым қабылдауды растау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаушының атын, тегін және әкесінің атын (бар болған жағдайда) аты-жөнін көрсетіп, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Шағымда:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарауға жатады.
Егер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметтер Қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 515 бұйрығына
2-қосымша
Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарт (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуінің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.
Тарау 2. 2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 2
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтінішті, өтінімді, арызды (бұдан әрі - өтінім) қызметті көрсету мерзімін көрсете отырып жолдайды.
Тармақ 3
3. Субъекті тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінімін мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.
Тармақ 4
4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 5
5. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдаған атын, тегін және әкесінің атын (бар болған жағдайда) аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Тармақ 6
6. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.
Тармақ 7
7. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Тармақ 9
9. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы немесе құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Тұтынушылардың, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары) айқындалған шарттарды сақтауы субъекті мен тұтынушы арасында «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үлгі шарттар негізінде әзірленген көрсетілетін қызметтерді көрсетуге арналған шарттар жасасу үшін негіз болып табылады.