Об утверждении перечня документов и показателей, необходимых для определения финансового состояния заявителя на осуществление деятельности по организации и проведению тотализаторов и казино Қолданыста
Басқа 0
Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу қызметiн жүзеге асыру үшiн өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi құжаттар мен көрсеткiштер тiзiмiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабы 1 тармағының 10 тармақшасы мен 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 қарашадағы "Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" № 1432 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу қызметiн жүзеге асыру үшiн өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi құжаттар мен көрсеткiштер тiзбесi бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерiне 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу үшiн лицензия беру өкiлеттiгi берiлсiн.
Тармақ 3
3. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу үшiн лицензия беруде және оның талаптарының орындалуын бақылауда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 қарашадағы "Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" № 1432 қаулысы басшылыққа алынсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Н. Громовқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Қаржы Вице-Министрі
КЕЛІСІЛДІ 2002 жыл 14 мамыр
Басқа 5
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
2002 жылғы 23 мамырдағы
№ 43 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу
қызметін жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық
жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштер
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Бухгалтерлік баланс*;
Тармақша 2
2) Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп*;
Тармақша 3
3) Ақша қозғалысы туралы есеп*;
Тармақша 4
4) Ұсынылған қаржылық есептің растығы мен объективтілігі туралы аудиттік есеп.
Ескерту:
* Бухгалтерлік есеп стандарттарына және оларға қатысты берілген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өтініш берілген айдың бірінші жұлдызындағы жағдай бойынша дайындалады.
Тармақ 2
2. Өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті
көрсеткіштердің тізбесі.
Көрсеткiш
Көрсеткiштi тағайындау
Есеп айырысу формуласы
Көрсеткiштiң оңтайлы мәнi
1.Тәуелсiздік коэффиценті(капиталдың, автономияның меншiктерi шоғырландыру
Кәсiпорын активтерiн қалыптастыру көзiнiң жалпы көлемiндегі меншiк
капиталының үлесiнсипаттайды. Ол бойынша
кәсiпорын заем қаражатына
қаншалықты тәуелсiз және
өз қаражатын реттеуге қаншалықты бейiм екендiгiн анықтайды.
Меншiктi капитал жиынтық капитал-баланс валютасы
>0,5
2.Қаржыландыру коэффиценті
Меншiктi және тартылған(заем) капиталының ара салмағын сипаттайды. Ол кәсiпорын активтерiнiң қандай бөлiгi өз аражаты есебiнен, қайсысы заем есебiнен қаржыландырылатынын көрсетедi.
Меншiктi капитал Тартылған (заем) капитал (мiндеттемелер)
>1
3.Абсолюттіөтiмдiлiк коэффициенті
Ағымдағы берешектiң қай бөлiгi баланс жасалған күнi немесе таяу уақытта
өтелуi мүмкiн екендiгiн көрсетедi.
Ақшалай қаражат Ағымдағы мiндеттемелер
>0,2
4.Ағымдағы өтiмдiлiк жалпы өтеу)коэффициенті
Ағымдағы активтер қандай еседе мiндеттемелердi өтейтiнiн
және кәсiпорынның төлем қабiлетiнiң тек дебиторлармен уақтылы есеп айырысу және дайын өнiмдердi қолайлы сатумен ғана емес, сондай-ақ материалдық
айналым қаражатының басқа да
элементтерi қажет болған жағдайда
сату кезiнде бағаланатын кәсiпорынның
төлеу мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол
өтiмдi қаражаттар ағымдағы (мерзiмдi
және қысқа мерзiмдi) мiндеттемелер
сомасын өтейтiндiгiн анықтауға
мүмкiндiк бередi және сол арқылы
баланс құрылымының тұрақтылық
дәрежесiн ғана емес, кәсiпорынның
өзiнiң ағымдағы мiндеттемелерi
(борыштары) бойынша тез есептесу
қабiлетiн растайды.
Ағымдағы активтер Ағымдағы мiндеттемелер.
>2