Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жазғы каникул кезеңiнде облыс бойынша балалар мен жеткiншектердiң демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 10.01.2005 № 2/46 хатымен. Жазғы каникул кезеңiнде облыс бойынша балалар мен жеткiншектердi жазғы сауықтыру және тәрбиелеу жұмыстарын уақытылы дайындаудың және өткiзудiң, балалардың арасындағы бақылаусыздықтың, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу, балалардың денсаулығын, қауiпсiздiгiн, дене бiтiмi мен шығармашылығын дамытудың маңыздылығы мен қажеттiлiгiн ескере отырып, Маңғыстау облыс әкiмияты және Маңғыстау облыстық кәсiподақтар Кеңесiнiң атқару комитетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 2002 жылдың жазғы каникул кезеңiн дебалалар мен жеткiншектердiң демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнiндегi бiрлескен iс-шаралардың жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық қаржы басқармасы (Ж.С.Сәрсенқұлов), облыстық бiлiм басқармасы (Ж.Н.Сағымбаева) балалар мен жеткiншектердiң жазғы демалыс iс-шараларың қаржыландыруды қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, кәсiподақ комитеттерi барлық нысан меншiгiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бiрлесiп, барлық типтегi балалардың демалыс лагерлерiнiң уақтылы дайындығын және жұмысын қамтамасыз етсiн, ол үшiн: ағымдағы жылда балалар мен жеткiншектердiң демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту бағдарламасын әзiрлеп бекiтсiн; балалар мен жеткiншектердiң демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөнiндегi қалалық және аудандық комиссиялар құрсын және олардың құрамына кәсiподақ органдарының өкiлдерiн енгiзсiн; балалардың сауықтыру мекемелерiнде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды, өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз етсiн; жетiм балалардың, ата-аналардан қамқорсыз қалған балалардың, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес және жұмыссыздар отбасындағы балалардың демалысы мен оларды сауықтыруды ұйымдастыруды бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн; күндiзгi мектеп жанындағы, мектептен тыс ұйымдардағы лагерлердi, стационарлық, мектеп жанындағы еңбек және демалыс лагерiн ұйымдастырсын, заңнамаларға сәйкес жазғы демалыс кезеңiнде жеткiншектер үшiн жеңiл жұмыс iстеудiң уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiнде шараларды алсын; жазғы каникул кезеңiнде балалар мен жұмыс iстейтiн барлық мектептен тыс ұйымдардың жұмыстарын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушiлер мен кәсiподақ ұйымдарына балалар мен жеткiншектердiң жазғыдемалысы мен оларды сауықтыруды ұйымдастыру үшiн қаржылық қаражатын iздестiру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық бiлiм басқармасы (Ж.Н.Сағымбаева) сауықтыру лагерлерiнiң қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырсын және оған балалардың денсаулығын қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау жөнiндегiн ұсқаманы енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Төралиев С.К.): балалардың сауықтыру лагерлерiн медицина қызметкерлерiмен жасақтасын, қала сыртындағы сауықтыру лагерлерiнiң дәрi-дәрмек өнiмдерiн сатып алуына бақылауды қамтамасыз етсiн; балалардың сауықтыру мекемелерiнде жұмыс iстеу үшiн жiберiлген қызметшiлердi төлемақысыз бактериологиялық тексеру мен медициналық байқаудан өткiзудi ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Iшкi iстер басқармасы (Мұрзабаев Қ.Ж.) балаларды сауықтыру лагерлерiнде балаларды тасымалдау қауiпсiздiгiн және тәртiбiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында тұрған сауықтыру лагерлерiнiң тегiн немесе жеңiлдiкпен берiлетiн жолдамаларының санын анықтау кәсiподақ комитеттерiнiң құқығына берiлсiн. 9. Әлеуметтiк серiктестiк туралы үш жақты келiсiмдi орындау жөнiндегi комиссия (Е.Күмiсқали) осы қаулының iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
Басқа 9
Қосымша Бекiтiлдi Маңғыстау облысы әкiмияты мен Маңғыстау облыстық кәсiподақтар кеңесiнiң бiрлескен 29.04.2002ж. № 99 Жазғы каникул кезеңiнде балалар мен жеткiншектердiң демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнiндегi бiрлескен iс-шаралардың ЖОСПАРЫ Рет № Іс - шаралардың атауы Өткізу мерзімі Атқаруға жауаптылар 1. Әлеуметтік серіктестік туралы облыстық үшжақты Келісімнің мәтініне балалар мен жеткіншектердің жазғы демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнінде пункттер өнгізу. сәуір Облыс әкімінің аппараты, Облыстық кәсіподақтар Кеңесі 2. Балалар мен жеткіншектерді демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссиясын құру мамыр Облыстық білім басқармасы, Қалалар мен аудандардың әкімдері 3. Ұйымдасқан демлысты қажетсінетін жұмыссыз, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы балалардың шектелген құрамын анықтау мамыр Облыстық кәсіподақтар Кеңесі, Кәсіподақтардың облыстық комитеті Облыстық білім басқармасы 4. Балаларды сауықтыратын стационарлық сауықтыру лагерлерінің тізбесін жасау және олардың кәсіподақтық және ведомстволық шипажайын анықтау мамыр Облыстық кәсіподақтар Кеңесі, Кәсіпродақтардың облыстық комитеті және кәсіпдоқтар комитеттері 5. Қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінің білікті кадрлармен жасақталуына практикалық көмек көрсету мамыр Облыстық білім басқармасы, Қалалар мен аудандардың әкімдері 6. Ішкі істер органдарымен бірлесіп жазғы еңбек және демалыс лагерлеріндегі балалар арасында құқық бұзушылықты ескерту бойынша . алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру маусым, тамыз Облыстық білім басқармасы, Қалалар мен аудандардың әкімдері 7. Жазғы каникул кезеңінде мектептерде сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру, ауылдық мектептерде спорттық секциялардын үйірмелердің және бірлестіктердің жұмыстарын жандандырыру туристік жорықтар, экскурсиялар және жарыстар өткізу маусым, тамыз Облыстық білім басқармасы, Қалалар мен аудандардың әкімдері 8. Жазғы сауықтыру лагерлерінің қабылдануына, тамақтың сапасына, сумен қамтамасыз етілуіне, медициналық куәландырылуына және санитарлық- гигиеналық ережелері мен нормаларының сақталуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз ету маусым, тамыз Қалалар мен аудандардың әкімдері 9. Жорықтар мен саяхаттарды ұйымдастыру және оларды өткізу кезінде балалар мен жеткіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маусым, тамыз Облыстық білім басқармасы,қалалық және аудандық білім бөлімдері Қалалар мен аудандардың әкімдері 10. Облыстық, қалалық және аудандық газеттердің беттерінде, радио жәнө теледидар хабарларында балалар мен жеткіншектердің демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша іс тәжірибелерді жазып көрсету маусым, тамыз Облыстық білім басқармасы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Облыстық кәсіподақтар Кеңесі 11. 2002 жылғы балалар мен жеткіншектердің жазғы демалысы мен оларды ''сауықтардың ұйымдастырылуының қорытындысын қарау және 2003 жылға арналған міндеттер қараша Облыс әкімінің аппараты, Облыстық кәсіподақтар Кеңесі