Об утверждении Правил об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек –балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 29 Қаулысымен "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 23 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi үйде тәрбиеленетiн мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек тағайындауды қамтамасыз етсiн. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Ескерту. 3 тармақ алынып тасталды - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Ы.Омаровқа жүктелсiн. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Басқа 5
Облыс әкімінің 2002 жылғы 7 мамырдағы №79 қаулысымен бекітілді Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Ереже Осы ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиелеу және оқыту, жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарында мүгедек балаларды тәрбиелеу және оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда және ата-аналары, қамқоршылар (қорғаншылар) тілектері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекке үйде тәрбиеленіп және оқылатын мүгедек-балалары бар отбасылардың құқығы бар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек облыстық бюджет қаржысы есебінен ақшалай беріледі. 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО Әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 4
4. Мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек бала жасынан 18 жасқа дейін төленеді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек мүгедек-балаларға әлеуметтік көмектердің басқа түрлерінен немесе алименттен тәуелсіз тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беру
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беру
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтар аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне (басқармаларына) тұратын жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органына мына құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) форма бойынша арыз;
Тармақша 2
2) тұлғаны куәлендіретін құжат;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жеке код беруі туралы куәлік;
Тармақша 4
4) тұрақты тұратын орнын растайтын тұрғындарды тіркеу кітабы;
Тармақша 5
5) мүгедектікті беру туралы медициналық-сараптама комиссиясының анықтамасы (белгіленген үлгіде);
Тармақша 6
6) аудандық (қалалық) білім бөлімдері (басқармалар) жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативті комиссия берген мүгедек-баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы анықтама;
Тармақша 7
7) тууы туралы куәліктің көшірмесі; Қамқоршының (қорғаншының) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішіне қамқорлық (қорғаныш) тағайындау туралы қамқорлық және қорғаныш органының шешімінің көшірмесі қоса беріледі. 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқасы, сондай-ақ белгіленген тәртіпте куәлендірген көшірмесі ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк көмек алушының жеке iсi аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен қалыптастырылады және өтiнiш берген күннен он күндiк мерзiмде жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) тапсырылады. 📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек алу құқығы пайда болғаннан кейін әлеуметтік көмек тағайындау үшін арыз берген айдан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады. Арыз берген күні болып қажетті барлық құжаттармен өтініш берген күн есептеледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау уәкілетті органға бір ата-анасының немесе оны ауыстыратын тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі. 📌 Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек аудандық (қалалық) білім бөлімдері (басқармалары) жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық- педагогикалық консультативті комиссия берген мүгедек-баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы анықтамада көрсетілген кезеңге тағайындалады. 📌 Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган құжат түскен күннен 10 күндік мерзімде облыстық бюджеттен жәрдемақыны тағайындау не болмаса себебін жазбаша дәлелдеп, тағайындамау туралы шешім шығарады және арыз берушіге құжаттарын қайтарып береді. 📌 Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 14
14. Тағайындамау туралы шешім соттық тәртіпте арыздалуы мүмкін. 📌 Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді тоқтататын немесе қайтадан жалғастыратын жағдай (асырап алу, баланың қайтыс болуы, т.б.) пайда болғанда, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тоқтатылады немесе тиісті жағдайлар пайда болған айдан кейінгі келесі айдан бастап қайта төленеді.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек сәйкес жылға бюджет туралы заңмен белгіленген 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсанына бір рет тағайындалады және айсайын төленеді.
Тармақ 17
17. Тоқсанда өзгерістер болған жағдайда, әлеуметтік көмек алу құқығы келесі тоқсанда қарастырылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек төлеу
4. Әлеуметтік көмек төлеу
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмектерді төлеу азаматтардың жеке шоттарына енгізу жолымен лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк филиалдары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Уәкiлеттi орган тоқсан сайынғы жиынтық тiзiмдердi қалыптастырады және банк филиалдарына жiбередi. 📌 Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмектерді есепке қосу біткен тоқсанға жүргізіледі. 📌 Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімиятының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысымен
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмек тағайындайтын немесе төлейтін уәкілетті орган кінәсі бойынша уақытында есепке қосылмаса әлеуметтік көмектер сомалары өткен уақыт үшін қандайда бір шектеу мерзімінсіз бірмезгілде енгізіледі.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмектер төлеу жөнінде тіркеу жүргізу тәртібі және есеп беруді құру қолданылып жүрген заңнамалармен анықталады.