Об утверждении Положения об аттестационной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Аттестаттау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аттестаттау комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аттестаттау комиссиясы туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1319 бұйрығымен бекітілген
Аттестаттау комиссиясы туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1.
Аттестаттау комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Селекциялық
жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –
Селекциялық жетістіктер туралы заң), «Қазақстан Республикасының Патент заңы»
Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Патент заңы), «Тауар белгілері,
қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған
жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тауар
таңбалары туралы заң) және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық
қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Интегралдық
микросхемалары туралы заң) сәйкес әзірленді және аттестация өткізу бойынша
комиссиясының қызметін айқындайды (бұдан әрі – Комиссия).
Тармақ 2
2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) аттестаттау комиссиясы - уәкілетті органның Аттестаттау комиссиясы;
Тармақша 2
2) сараптама ұйымы – «Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі
комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы
11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті
органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Тармақ 3
3. Комиссия мүшелерінің саны тақ саны болып табылады және кем дегенде бес қызметкерден және сараптама ұйымынан тұрады.
Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссияның отырыстары оның кемінде 2/3 мүшелері қатысса, заңды болып саналады.
Тармақ 4
4. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады.
Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Тармақ 5
5. Комиссияның міндеттері патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттаудан сапалы өткізу, сондай-ақ отырыстың ашықтығын және жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның өкілеттіктері
2-тарау. Комиссияның өкілеттіктері
Тармақ 6
6. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді.
Тармақ 7
7. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) аттестаттауға ұсынған құжаттармен және тестілеу нәтижесімен танысады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырысында зияткерлік меншік саласындағы шешілуі тиіс мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссияның мүшелеріне Комиссия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) Комиссия отырысын өткізу үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады, аттестацияның нәтижесі бойынша хаттаманы рәсімдейді;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 10
10. Аттестаттау комиссиясы хаттамалық шешімімен:
Тармақша 1
1) Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін:
патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне;
Селекциялық жетістіктер туралы заңның 22-6-бабының 1-тармағында, Патент заңының 36-2-бабының 1-тармағында, Тауар таңбалары туралы заңының 46-2-бабының 1-тармағында, Интегралдық микросхемалары туралы заңның 15-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.
Тармақша 2
2) патенттік сенiм білдірілген өкілді:
патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелерінің шешімі қатысып отырғандар мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және оны төрағалық етуші жариялайды.
Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссияның отырысы хаттамамен ресімделеді.
Комиссия отырысының хаттамасына аттестаттауды өткізу нәтижесі бойынша төрағалық етуші, Комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.