Об утверждении Положения об апелляционном совете Қолданыста
Басқа 0
Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Апелляциялық кеңес туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1320 бұйрығымен бекітілген
Апелляциялық кеңес туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Апелляциялық кеңес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы (бұдан әрі - Министрлік), өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөнiндегi алқалы орган болып табылады
Тармақ 3
3. Апелляциялық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Мадрид келісімі - 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
Тармақша 2
2) Мадрид келісіміне хаттама - 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;
Тармақша 3
3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 4
4) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 5
5) тараптар – Апелляциялық кеңесте қарсылықтарды қарауға қатысатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкілдер, заң консультанттары, адвокаттар немесе сенімхат бойынша өзге де өкілдер.
Тарау 2. 2-тарау. Апелляциялық кеңестің негізгі құқықтары
2-тарау. Апелляциялық кеңестің негізгі құқықтары
Тармақ 5
5. Апелляциялық кеңес өз құзыретінің шегінде:
Тармақша 1
1) тараптардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) дауларды қарау үшін мемлекеттік органдардың және сараптама ұйымдарының тиісті салалардағы мамандарын тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс кездесулерін ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Апелляциялық кеңес отырыстарына тартуға;
Тармақша 4
4) алқа отырыстарында тараптардың өкілдерін тыңдап, оларға сұрақтар қоюға құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Апелляциялық кеңестің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Апелляциялық кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Апелляциялық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оның орнын алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы, ғылым, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау саласындағы және тауар белгілерін, географилық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың өкілдерін қоса алғанда, тақ санды (кемінде бес) мүше кіреді.
Тармақ 7
7. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдер;
Тармақша 2
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
Тармақша 3
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
Тармақ 8
8. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 7-тармағының негізінде Апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
Тармақша 2
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Апелляциялық кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Апелляциялық кеңестің төрағасы:
Тармақша 1
1) оның қызметін басқарады;
Тармақша 2
2) Апелляциялық кеңес отырысының кестесін, сондай-ақ Апелляциялық кеңес отырыстары өткізілетін орны мен уақытын белгілейді;
Тармақша 3
3) Апелляциялық кеңес отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.
Тармақ 11
11. Апелляциялық кеңес отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін бес жұмыс күннен кешіктірілмей Апелляциялық кеңес алқасының әрбір мүшесіне хабарланады.
Тармақ 12
12. Апелляциялық кеңестің жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы дауларды сотқа дейін қарастыру басқармасына жүктеледі.
Тармақ 13
13. Апелляциялық кеңестің функциялары:
Тармақша 1
1) Министрлікке келіп түсетін қарсылықтарды қабылдауды жүргізу, Апелляциялық кеңесте қарауға қарсылық материалдарын қалыптастыру:
сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге;
сараптама ұйымының өнеркәсіптік меншік объектісіне патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруге арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылықтар беріледі;
Тармақша 2
2) Апелляциялық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, тараптарға хабарлау, Апелляциялық кеңестің шешімдерін жасау;
Тармақша 3
3) қарсылық берілген сараптама ұйымының шешімдерін қайта қарау;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің қарсылықтарын қарау нәтижесі бойынша осы Ереженің 14-тармағында қарастырылған шешімнің бірін шығару болып табылады.
Тармақ 14
14. Апелляциялық кеңес мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
Тармақша 1
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
Тармақша 3
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
Тармақша 4
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негiзiн өз бастамасы бойынша өзгертпейді.
Тармақ 15
15. Апелляциялық кеңестің жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Апелляциялық кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 2
2) қарсылық материалдарын жинау мен талдауды қамтамасыз етеді және бақылайды.
Тармақ 16
16. Апелляциялық кеңестің хатшысы Апелляциялық кеңестің мүшесі болып табылмайды және Апелляциялық кеңестің алқа отырыстарының кестесі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыс өткізілгеннен кейін хаттаманың жобасын және шешім жобаларын ресімдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Апелляциялық кеңес отырыстарды төраға бекiткен отырыстардың кестесiне сәйкес өткiзедi.
Тармақ 18
Тармақ 19
19. Апелляциялық кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы егер оған отырысқа қатысушы Апелляциялық кеңестiң алқа мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 20
20. Қарсылықты қарау кезінде Апелляциялық кеңестің барлық мүшелері тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен қабылданады.
Төрағалық етуші қарсылықты қарауға қатысушы тұлғаларға қабылданған шешімнің қарарлық бөлiгiн жариялайды.
Тармақ 21
21. Қабылданған шешім қарсылықты қарауға қатысушы тұлғаларға ол шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі. Апелляциялық кеңестің шешімі жазбаша түрде рәсімделеді және кіріспе сипаттама, дәлелді және қарар бөліктерінен тұрады. Шешімге Апелляциялық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 22
22. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлiмдеушiнiң өтiнiшхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешiм апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресiмделедi.
Тармақ 23
23. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 24
24. Апелляциялық кеңес, егер:
Тармақша 1
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабар берiлген, қарсылықты өзi болмағанда қарау туралы мәлiмдемеген тұлға апелляциялық кеңестiң отырысына екiншi рет шақырғанда келмесе;
Тармақша 2
2) қарсылық берген тұлғаның өзiнiң қарсылығын керi қайтарып алу туралы өтiнiшхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
Тармақ 25
25. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешiм апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсiрiледi.