Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, претендующих на занятие деятельностью патентного поверенного, регистрации в реестрах патентных поверенных и внесения в них изменений Қолданыста
Басқа 0
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1316 бұйрығына қосымша
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) кандидат – патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміттену құқығы бар тұлға;
Тармақша 2
2) Комиссия – Патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссия;
Тармақша 3
3) көрсетiлетiн қызметтi алушы – жеке тұлға, патенттік сенім білдірілген өкілге кандидат;
Тармақша 4
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 5
5) Тізілімдер – Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі және Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі.
«Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік қызметтері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетудің мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).
Тарау 2. 2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдеріне тіркеу және оларға өзгерістер енгізу тәртібі
2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдеріне тіркеу және оларға өзгерістер енгізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Құжаттарды қабылдау
1-параграф. Құжаттарды қабылдау
Тармақ 3
3. «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік қызметі.
Тармақ 4
4. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын және зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Патенттік сенім білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткізу және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша қызметін келесі саладағы мамандануына сәйкес жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
Тармақша 2
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер.
Тармақ 5
5. Аттестаттаудан өту үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 1, 1-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізуге арналған мәліметтер.»;
Осы Қағидалардың 2-қосымшадағы көрсетiлген мәлiметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
Тармақ 6
6. «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Тармақ 7
7. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе туралы ақпарат жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиiстi түрде ресiмделмеген немесе құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күн құрайды, егер хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімнің көрсетілетін қызметті берушімен қабылдау мерзімі бір жұмыс күн.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
Аттестаттауға рұқсат беруден бас тарту сот тәртібінде шағымдалады.
Тармақ 8
8. Аттестаттауға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;
Тармақша 2
2) қылмыс жасағаны үшiн заң тәртiбiнде белгiленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
Тармақша 3
3) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмдерінен шығарылған адамдар;
Тармақша 4
4) уәкiлеттi органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар жiберiлмейдi.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және туркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жүгiнген болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң нәтижесiн алу, келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 2. 2-параграф. Аттестаттауды өткізу
2-параграф. Аттестаттауды өткізу
Тармақ 10
10. Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидаттардың тiзiмi уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидат үш жұмыс күнi бұрын тестiлеуден өту орны, күнi, уақыты туралы «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда хабарланады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылады.
Кандидат жеке басын куәландыратын не «цифрлық құжат» жүйесі арқылы құжат ұсынған кезде бір жұмыс күні ішінде емтихан тапсырады.
Тармақ 11
11. Кандидат өз қалауы бойынша аттестатты қазақ немесе орыс тiлiнде өтедi. Аттестацияның басталуына дейiн кандидат өз тiл қалауын жазбаша түрде растайды.
Тармақ 12
12. Тестiлеуге енгiзiлуi тиiстi сұрақтар тiзбесiн аттестаттау комиссиясымен бекiтедi. Кандидаттардың бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына («Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент заңы», «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары), сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде төрт нұсқасын қамтиды.
Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi. Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минутты құрайды.
Тест құпия ақпарат болып табылады және еркiн жариялауға жатпайды.
Аттестаттауды өткiзер алдында көрсетілетін қызметті беруші кандидатты аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттау күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тестiлеу нәтижесi көрсетiлетiн хаттама жүргiзiледi.
Тармақ 14
14. Тестiлеуден шеттетiлген кандидат келесi аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi қайта беру құқығынан айырылмайды.
Тармақ 15
15. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бiрден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi көрсетілетін қызметті берушіге берiледi.
Тармақ 16
16. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % және одан жоғары құраса, кандидат тестiлеуден өттi деп саналады.
Жауапты орындаушы тестiлеу нәтижесi бойынша хаттама дайындайды және екі жұмыс күні ішінде оны құрылымдық бөлiмшенiң басшысы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасына қол қоюға жолдайды.
Хаттамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға тарапынан қол қойылады.
Хаттама көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ жолданады.
Тармақ 17
17. Аттестаттау аттестацияға жіберу туралы өтініш түскен күннен бастап атқарылатын қызмет көрсетушінің орналасқан жері бойынша 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Тармақ 18
18. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша мемлекеттік қызмет патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу туралы өтініш негізінде осы Қағидалардың 5, 5-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша «бір өтініш» қағидаты бойынша «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік қызметінің жиынтығымен көрсетіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн беру
3-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн беру
Тармақ 19
19. «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік қызметі.
Тармақ 20
20. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін алу үшін кандидат «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Қағидалардың 6 және 6-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде кандидаттың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін беру туралы өтініш жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтінішті «жеке кабинетiнде» берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгi үш жұмыс күнi iшiнде беріледі.
Тармақ 21
21. «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Тармақ 22
22. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш беруші жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің осы Қағидалардың 6, 6-1-тармақтарындағы насандағы сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтініш қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Өтінішті сәйкестендіру мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 8 және 8-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін ресімдейді және оны бір жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысына келісуге жібереді.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетiлетiн қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғаның қолы қойылғаннан кейін көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне бір жұмыс күні ішінде жолданады.
Тармақ 4. 4-тарау. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмдеріне және оларға өзгерiстер енгiзудi тiркеу
4-тарау. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмдеріне және оларға өзгерiстер енгiзудi тiркеу
Тармақ 24
24. Тiзiлiмдерге куәлiк алған патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң және олардың алдағы уақыттағы өзгерiстерi туралы мәлiметтерi енгiзiледi. Тiзiлiмдер уәкiлеттi органмен жүргiзiледi және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 25
25. Тiзiлiмдерге келесi мәлiметтер көрiнiс табады:
Тармақша 1
1) куәлiк нөмiрi болып табылатын реттiк тiркеу нөмiрi;
Тармақша 2
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу күнi;
Тармақша 3
3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
Тармақша 4
4) тұрақты тұрғылықты жерi;
Тармақша 5
5) хат алмасу үшiн мекенжайы, сондай-ақ телефон, электрондық почта мекенжайы;
Тармақша 6
6) жұмыс орны, лауазымы;
Тармақша 7
7) куәлiктi беру немесе жiберу туралы мәлiметтер;
Тармақша 8
8) тоқтата тұру туралы мәлiметтер;
Тармақша 9
9) Тiзiлiмдерден алып тастау жөнiндегi мәлiметтер
Тармақ 26
26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң мәлiметтерi өзгерген жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бiр ай мерзiмде осындай мәлiметтер өзгерген сәттен бастап ол туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
3-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Тармақ 27
27. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшенің қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) атына беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның мекенжайына келiп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Тармақ 28
28. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген
өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық
нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы
мамандандыру бойынша аттестаттауға жіберу туралы
өтініш
Патенттік сенім білдірілген
өкіл қызметімен айналысуға
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Зияткерлік
меншік құқығы комитетінің
төрағасына
____________________________
(Қазақстан Республикасы азаматының
тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекенжайы
____________________________
____________________________
(почталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекенi,
көше атауы, үй/ғимараттың
нөмiрi)
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген
өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық
нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы
мамандандыру бойынша аттестаттауға жіберу туралы
өтініш
Мені тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары салаласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 1-1. Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің
қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы модельдер,
өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру
бойынша аттестаттауға жіберу туралы
өтініш
Патенттік сенім білдірілген
өкіл қызметімен айналысуға
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларына
1-1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Зияткерлік
меншік құқығы комитетінің
төрағасына
____________________________
(Қазақстан Республикасы
азаматының тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы
____________________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы,
елдi мекенi, көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің
қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы модельдер,
өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру
бойынша аттестаттауға жіберу туралы
өтініш
Мені өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер салалары бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша ___ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 2
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларына 2-қосымша
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
1. Диплом туралы мәлімет:
1) жоғары оқу орнының атауы ___________________________________
2) дипломның нөмірі ___________________________________________
3) дипломның берілген күні _____________________________________
4) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
сериясы және нөмірі: _______________________________________
негіздеме: күні және нөмірі _________________________________
тіркеу нөмірі және күні _____________________________________
Жеке тұлға _____________________________________ күні:________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Басқа 3
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларына 3-қосымша
Басқа 4. «Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Патенттік сенім білдірілген өкіл
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу, патенттік сенім
білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларын
4-қосымша
Нысан
«Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
«Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Өтініш қабылданған бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім немесе осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны: электронды/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Жұмыс кестесі
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс істейді.
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) осы Қағидалардың 1, 1-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізуге арналған мәліметтер;
3) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді қызмет алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда жол берілмейді.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушы «Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметін алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis, а также
www.gov.kz/memleket/entities/adilet.
интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметтті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметтті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «жеке кабинет» порталда қашықтықтан қолжетімділік режим арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша мемлекеттік қызмет осы Қағидалардың 5, 5-1 қоысмшаларына сәйкес нысан бойынша бір өтініш негізінде «бір терезе» қағидаты бойынша «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік қызметінің жиынтығымен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-93, 74-76-85. Единый контакт-центр: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 5. Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің
қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық нұсқамалар,
тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша
аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген
өкіл куәлігін беру туралы
өтініш
Патенттік сенім білдірілген
өкіл қызметімен айналысуға
үміткер адамдарды аттестаттаудан
өткізу, патенттік сенім білдірілген
өкілдердің тізілімдеріне тіркеу және
оларға өзгерістер енгізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Зияткерлік
меншік құқығы комитетінің
төрағасына
__________________
(Қазақстан Республикасы азаматының
тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болған кезде),
жеке сәйкестендiру нөмiрi)
мекенжайы
_____________________
(почталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекенi,
көше атауы, үй/ғимараттың
нөмiрi)
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің
қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық нұсқамалар,
тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша
аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген
өкіл куәлігін беру туралы
өтініш
Мені тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 5-1. Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген
өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы
модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру
бойынша аттестаттауға рұқсат беру және патенттік
сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы
өтініш
Патенттік сенім білдірілген
өкіл қызметімен айналысуға
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларына
5-1 қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы
комитетінің төрағасына
____________________________
(Қазақстан Республикасы
азаматының тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi) мекенжайы
_____________________
(почталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекенi,
көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген
өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы
модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру
бойынша аттестаттауға рұқсат беру және патенттік
сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы
өтініш
Мені өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 6. Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған
жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының
патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы
өтініш
Патенттік сенім білдірілген
өкіл қызметімен айналысуға
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Зияткерлік
меншік құқығы комитетінің төрағасына
кiмнен _________________________
(Қазақстан Республикасы азаматының
тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде),
жеке сәйкестендiру нөмiрi) мекенжайы
____________________________
(почталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекенi,
көше атауы, үй/ғимараттың
нөмiрi)
Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған
жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының
патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы
өтініш
Маған тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: ___ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 6-1. Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік
үлгілер, селекциялық жетістіктер салсындағы мамандандыру бойынша
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл
куәлігін беру туралы
өтініш
Патенттік сенім білдірілген
өкіл қызметімен айналысуға
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларына
6-1 қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Зияткерлік
меншік құқығы комитетінің төрағасына
кiмнен _________________________
(Қазақстан Республикасы
азаматының тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi) мекен-жайы
__________________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекенi,
көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)
Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік
үлгілер, селекциялық жетістіктер салсындағы мамандандыру бойынша
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл
куәлігін беру туралы
өтініш
Маған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: ____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 7. «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Патенттік сенім білдірілген өкіл
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу, патенттік сенім
білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларын
7-қосымша
Нысан
«Патенттік сенім білдірілген
өкіл куәлігін беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесі
«Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті
2.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
«Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)
3.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі осы Қағидалардың 8-қосымшасына және 8-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны: электронды/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.
6.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7.
Жұмыс кестесі
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс істейді.
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш осы Қағидалардың 6, 6-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді қызмет алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9.
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің осы Қосымшаның 8-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтініш қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Өтінішті сәйкестендіру мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жолдайды.
2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім бермеген жағдайда.
10.
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушы «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis, а также
www.gov.kz/memleket/entities/adilet.
интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметтті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметтті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «жеке кабинет» порталда қашықтықтан қолжетімділік режим арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша мемлекеттік қызмет осы Қағидалардың 5, 5-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша бір өтініш негізінде «бір терезе» қағидаты бойынша «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік қызметінің жиынтығымен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-93, 74-76-85. Единый контакт-центр: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI
Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларына
8-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ
КОМИТЕТ ПО ПРАВАМ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI
Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлi ретiнде тiркелген [Тегi] [Аты] [Әкесiнiң аты (болған жағдайда)] берiлдi.
Тiркеу туралы жазба ___ жылғы «___» _______ №____ Қазақстан Республикасының тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізіліміне енгiзiлген.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)]
Басқа 8.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI
Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдеріне тіркеу және оларға
өзгерістер енгізу қағидаларына
8-1 қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ
КОМИТЕТ ПО ПРАВАМ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI
Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасның Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлi ретiнде тiркелген [Тегi] [Аты] [Әкесiнiң аты (болған жағдайда)] берiлдi.
Тiркеу туралы жазба ___ жылғы «___» _______ №____ Қазақстан Республикасының өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізіліміне енгiзiлген.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)]