Об утверждении Правил рассмотрения апелляционным советом возражений Қолданыста
Басқа 0
Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау
қағидаларын бекіту туралы
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1317 бұйрығымен бекітілген
Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктер туралы заң), «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Патент заңы), «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Интегралдық микросхемалары туралы заң) сәйкес әзірленді және қарсылықтарды апелляциялық кеңесте қараудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Апелляциялық кеңес – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы алқалы орган;
Тармақша 2
2) қорғау құжаттары – Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңдарына сәйкес берілетін құжаттар (өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге патенттер, селекциялық жетістіктерге патенттер, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне куәліктер, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын пайдалану құқығына куәліктер);
Тармақша 3
3) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
Тармақша 4
4) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік меншік объектілері – өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары, селекциялық жетістіктер;
Тармақша 6
6) өтініш беруші - Апелляциялық кеңес қарсылық берген тұлға;
Тармақша 7
7) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 8
8) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 9
9) тараптар – Апелляциялық кеңесте қарсылықтарды қарауға қатысатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкілдер, заң консультанттары, адвокаттар немесе сенімхат бойынша өзге де өкілдер;
Тармақша 10
10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Тарау 2. 2-тарау. Қарсылықтарды апелляциялық кеңесте қарау тәртiбi
2-тарау. Қарсылықтарды апелляциялық кеңесте қарау тәртiбi
Тармақ 1. 1-параграф. Қарсылықтарды беру
1-параграф. Қарсылықтарды беру
Тармақ 3
3. Апелляциялық кеңеске мынадай:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
Тармақша 2
2) сараптама ұйымының тауар шығарылған жердің атауын және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) табыстаудан бас тарту туралы шешімдеріне;
Тармақша 3
3) тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
Тармақша 4
4) тауар шығарылған жердің атауын және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) табыстауға;
Тармақша 5
5) сараптама ұйымының өнертабысқа патент беруден бас тарту туралы шешіміне;
Тармақша 6
6) сараптама ұйымының селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы шешімдеріне;
Тармақша 7
7) сараптама ұйымының селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылықтар беріледі;
Тармақша 8
8) сараптама ұйымының пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы шешіміне;
Тармақша 9
9) сараптама ұйымының өнеркәсіп үлгісіне патент беруден бас тарту туралы шешіміне.
Тармақ 4
4. Тауар белгісін тiркеуге, егер ол Тауар таңбалары туралы Заңының 7-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 6 және 7-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде немесе, егер ол Тауар таңбалары туралы Заңының 7-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, тауар белгісі тiркелген күннен бастап бес жыл iшiнде дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты Апелляциялық кеңеске кез келген мүдделі тұлға береді.
Тауар белгісін тiркеуге, егер ол Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісінің иесі болып табылатын өкілдің атына жүргізілсе, қатысушы елдердің рұқсатынсыз бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде тіркелген тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) береді.
Тармақ 5
5. Тауар белгісін тiркеуге, егер тауар белгісі біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқығы Қазақстан Республикасында тауар белгісінің басымдығы күнінен ерте туындаған басқа тұлғаның фирмалық атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылса, дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты Апелляциялық кеңеске фирмалық атауы біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тіркелген тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылатын заңды тұлға береді.
Тармақ 6
6. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және оның ұйымдарында өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.
Тармақ 7
7. Қарсылық және оған қоса берілетін материалдар Апелляциялық кеңеске уәкілетті органның кеңсесі арқылы қазақ немесе орыс тілдерінде қағаз немесе электрондық форматта еркін жазбаша нысанда ұсынылады. Қарсылық әрбір өнеркәсіптік меншік объектісі бойынша жеке беріледі.
Тармақ 8
8. Қарсылықта қарсылық берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және заңды тұлғаның атауы, олардың тұратын немесе орналасқан жерi, байланыс телефоны, электрондық мекен-жайы, сондай-ақ хат алысу үшiн мекен-жайы көрсетiледi.
Тармақ 9
9. Берiлетiн қарсылыққа:
Тармақша 1
1) қарсылықтың мәтiнiнде сiлтеме жасалатын материалдар қоса беріледі;
Тармақша 2
2) қарсылық патенттік сенім білдірілген өкіл, заң консультанты, адвокат немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен берілген сенімхат. Сенімхатта қарсылықты, толықтыруларды, оның ішінде қарсылықты қарау мерзімін ұзарту, Апелляциялық кеңестің отырыс өткізу күнін ауыстыру және қарсылықты кері қайтарып алу туралы өтінішхаттар мен өтініштерді беру, сондай-ақ Апелляциялық кеңестің отырысына қатысу өкілеттіктері көрсетіледі. Сенімхат қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады, ал сенімхат шет ел тілінде берілген жағдайда, оның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариаттық куәландырылған аудармасы ұсынылады. Сенімхаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда, өтініш беруші Апелляциялық кеңеске келген кезде сенімхаттың түпнұсқасын ұсынады (түпнұсқалық расталғаннан кейін сенімхаттың түпнұсқасы қайтарылуға жатады);
Тармақша 3
3) иесі (құқық иеленуші) үшін құжаттармен қарсылықтың көшірмесі қоса берілген қоса тіркеледі.
Тармақ 10
10. Қарсылыққа қарсылық білдірген тұлға қол қояды және қол қойылған күні көрсетіледі. Заңды тұлға атынан қарсылыққа лауазымын көрсете отырып ұйымның басшысы немесе уәкілетті тұлға қол қояды. Қарсылыққа мұндай тұлғаның лауазымы мен өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері де қоса беріледі.
Қарсылық патенттік сенім білдірілген өкіл, заң консультанты, адвокат немесе сенімхат бойынша өзге де өкіл арқылы берілсе қарсылыққа тиісінше патенттік сенім білдірілген өкіл, заң консультанты, адвокат немесе сенімхат бойынша өзге де өкіл қол қояды.
Тармақ 2. 2-параграф. Қарсылықтарды тiркеу және қабылдау
2-параграф. Қарсылықтарды тiркеу және қабылдау
Тармақ 11
11. Келiп түскен қарсылық тiркеледi және оған кiрiс нөмiрi берiледi. Қарсылық түскен күннен бастап он жұмыс күні iшiнде Патент заңымен, Тауар таңбалары туралы заңымен, Селекциялық жетістіктер туралы заңымен, Интегралдық микросхемалары туралы заңымен және осы Қағидалармен қойылатын қарсылықты берудi ресiмдеу, мазмұндау және рәсiмдеу талаптарының сақталуын тексеру жүзеге асырылады.
Егер қажетті материалдар жоқ болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаның мекен-жайына, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жiберiледi.
Қайтаруға негіз болған мән-жайларды жойғаннан кейін қайтадан жолдаған жағдайда мүдделі тұлғаның қарсылығы жалпы тәртіпте қаралады.
Тармақ 12
12. Егер:
Тармақша 1
1) қарсылық апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;
Тармақша 2
2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса;
Тармақша 3
3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және көрсетілген мерзiмдi ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушi қарсылық берудi ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама жiберiледi.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген қарсылықты қарауға қабылдағаннан кейiн қорғау құжатының иесiне қорғау құжаттарының дау тудырған себептерi бойынша өздерiнiң өтініштерін ұсыну үшiн қарсылықтың көшiрмесiмен қоса қарсылықтың түскенi туралы хабарлама жiберiледi.
Дау тудырған туралы өтініштер Апелляциялық кеңеске бес жұмыс күн бұрын Апелляциялық кеңестің алқа отырысы жоспарланған күнге дейiн ұсынылады.
Мадрид келiсiмiне сәйкес тiркелген тауар таңбасының иесiне, аталған хабарлама, егер осыған дейiн иеленушi осы тауар таңбасын тiркеуге байланысты iс жүргiзудi Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілге тапсырмаған болса, оның мекен-жайына тiкелей жiберiледi. Бұл орайда хабарламада қарсылыққа пiкiр бiлдiру, сондай-ақ апелляциялық кеңесте қарсылықты қарауға қатысу Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілі арқылы жүзеге асырылатын екендiгi хабарланады.
Тармақ 14
14. Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты, апелляциялық кеңес алқасының шешiмi жарияланғанға дейiн керi қайтарып ала алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Қарсылықты қарау мерзiмдерi
3-параграф. Қарсылықты қарау мерзiмдерi
Тармақ 15
15. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап төрт ай ішінде қаралады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап алты ай ішінде қаралады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап төрт ай ішінде қаралады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қаралады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшада көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қаралады;
Осы Қағидалардың 3-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде қаралады.
Тармақ 16
16. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде Апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдайды.
Тармақ 17
17. Селекциялық жетістіктер туралы заңның 22-3-бабының 3-тармағына, Патент заңының 32-2-бабының 3-тармағына және Тауар таңбалары туралы заңның 41-2-бабының 3-тармағына сәйкес қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Апелляциялық кеңестің отырыстары күндізгі (немесе) және қашықтық форматта өткізіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Қарсылықты апелляциялық кеңес отырысында қарау
4-параграф. Қарсылықты апелляциялық кеңес отырысында қарау
Тармақ 18
18. Өтініш беруші, иесі (құқық иеленуші) және өнеркәсiптiк меншiктiң тиiстi объектiсiне сараптама жүргiзген сараптама жасау ұйымының өкiлi қарсылықты қарауға қатысады.
Өтініш беруші, иесі (құқық иеленуші) осы Қағидалардың 6-тармағының ережелерiн ескере отырып, қарсылықты қарауға тiкелей, сондай-ақ өз өкiлi арқылы қатыса алады. Өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен расталады.
Уәкілетті органның және сараптама жасау ұйымының қызметкерлерi аталған тұлғалардың өкiлдерi бола алмайды.
Тармақ 19
19. Апелляциялық кеңес отырыс өткізілетін күнді:
Тармақша 1
1) қарсылықты өздерінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхаттарды берген жағдайды қоспағанда тараптар келмеген;
Тармақша 2
2) тараптардың қосымша дәлелдемелерді ұсынуы қажет екені туралы өтінішхат берген;
Тармақша 3
3) тараптардың дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайларда ауыстырады.
Тармақ 20
20. Қарсылықты мәнi бойынша қарау iстi төрағалық етушiмен басталады.
Iстi одан әрi қарау мынадай тiзбекпен жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) қарсылықты қарау туралы ъатшысының сөз сөйлеуi;
Тармақша 2
2) қарсылық берген тұлғаның және (немесе) оның өкiлiнiң сөз сөйлеуi;
Тармақша 3
3) қорғау құжаты (тауар таңбасын тiркеу) иесiнiң және (немесе) оның өкiлiнiң сөз сөйлеуi;
Тармақша 4
4) сараптама жасау ұйымы өкiлiнiң сөз сөйлеуi;
Тармақша 5
5) тараптардың Апелляциялық кеңес мүшелерiнiң сұрақтарына жауап беруi.
Тармақ 21
21. Қарсылықты қарауға қатысушы тұлғалар:
Тармақша 1
1) iс материалдарымен танысуға, олардан көшiрме жасауға, олардың көшiрмесiне тапсырыс береді және алады;
Тармақша 2
2) дәлелдемелерді береді;
Тармақша 3
3) дәлелдемелердi зерттеуге қатысады;
Тармақша 4
4) Апелляциялық кеңеске қатысушыларға сұрақтар қояды;
Тармақша 5
5) өтiнiш айтады;
Тармақша 6
6) алқа мүшелеріне ауызша және жазбаша түсiнiк береді;
Тармақша 7
7) қарсылықты қарау барысында туындаған барлық мәселелер бойынша өзiнiң дәлелдерi мен пайымдауларын ұсынады;
Тармақша 8
8) iске қатысушы басқа тұлғалардың өтiнiштерiне, дәлелдерi мен пайымдауларына қарсылық бiлдiреді.
Тармақ 22
22. Iске қатысушы тұлғалар өздерiне тиесiлi құқықтардың барлығын адал пайдаланады.
Тармақ 5. 5-параграф. Қарсылықтарды қараудың нәтижелерi бойынша
Апелляциялық кеңеспен шығаратын шешiмдер
5-параграф. Қарсылықтарды қараудың нәтижелерi бойынша
Апелляциялық кеңеспен шығаратын шешiмдер
Тармақ 23
23. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
Тармақша 1
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
Тармақша 3
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
Тармақша 4
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертпейді.
Тармақ 24
24. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Қабылдаған шешiмнiң қарарлық бөлiгiн төрағалық етушi қарсылықты қарауға қатысушы тұлғаларға жария етедi.
Тармақ 25
25. Қабылданған шешім қарсылықты қарауға қатысқан адамдарға ол шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі. Апелляциялық кеңестің шешімі жазбаша нысанда баяндалады және ол кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
Шешімге апелляциялық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 26
26. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдырады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 27
27. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 28
28. Апелляциялық кеңес, егер:
Тармақша 1
1) қарсылық берген, Апелляциялық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабар берілген, қарсылықты өзі болмағанда қарау туралы мәлімдемеген тұлға Апелляциялық кеңестің отырысына екінші рет шақырғанда келмесе;
Тармақша 2
2) қарсылық берген тұлғаның өзінің қарсылығын кері қайтарып алу туралы өтінішхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
Тармақ 29
29. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім Апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсіріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Бейнетүсіруді қолдану тәртібі
3-тарау. Бейнетүсіруді қолдану тәртібі
Тармақ 30
30. Техникалық себептерге байланысты қолдану мүмкін болмаған жағдайды қоспағанда, Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы барысында бейнетүсіру жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Апелляциялық кеңес отырысының барысында бейнетүсіру құралдары үздіксіз пайдаланылады. Отырыста қатысып отырғандарға үзіліс туралы немесе тараптардың кетуі туралы хабарлаған сәттен бастап және оны хабарлаған сәтке дейінгі бейнетүсіру құралдарының тоқтап тұруы үзіліс болып табылмайды.
Тармақ 32
32. Апелляциялық кеңес отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін бейнетүсіру құралдарын пайдалануды отырысының хатшысы іске асырады.
Тармақ 33
33. Апелляциялық кеңес отырысының хатшысы отырыс басталғанға дейін отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін бейнетүсіру құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексереді.
Тармақ 34
34. Бейнетүсіру құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда бейнетүсіруді қолданбау себебін хаттамада міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы төрағалық етушіге баяндайды.
Тармақ 35
35. Бейнетүсіру құралдарын қолдануға мүмкіндіктің болмауы Апелляциялық кеңес отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Тармақ 36
36. Хатшы бейнежазу құралдары жүйесінде отырыстың бейнетүсіруінің жазылуын, сондай-ақ қысқаша хаттамасынан кейін тізбеде көрсете отырып, іске қоса тіркелген материалдық (электрондық) жеткізгіштің бір дана көшірмесін жазуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 37
37. Отырыста бейнетүсіру құралдарын пайдаланғаны туралы Апелляциялық кеңестің хаттамасында бейнежазба жазылған файлдың атауы көрсетіледі.
Тармақ 38
Тармақ 39
39. Бейнежазба бар материалдық (электрондық) жеткізгіштер орамада хаттаманың номері, Апелляциялық кеңес отырысының күні көрсетіліп, оралған күйінде (конвертте) іс материалдарына қоса тіркеледі, сондай-ақ хатшының қолы қойылады.
Тармақ 40
40. Отырыс барысының бейнежазбасын одан әрі жазу мүмкін болмаған жағдайда, бұл туралы Апелляциялық кеңестің қатысушыларына хабарланады.
Тармақ 41
41. Егер техникалық ақаулықтар салдарынан бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы хаттамалау мүмкін болмағаны немесе Апелляциялық кеңес отырысының бейнежазбасы жүргізілмегені анықталса, акт жасалады.
Тармақ 42
42. Актіге хатшы, төрағалық етуші және Апелляциялық кеңес мүшелері қол қояды және Апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Тармақ 43
43. Бейнежазбаны техникалық фрагменттеу немесе оның форматын өзгерту жағдайларын қоспағанда, отырыстың бейнежазбасын тоқтата тұруға немесе түзетуге жол берілмейді.
Тармақ 44
Тармақ 45
45. Іске қоса тіркелген Апелляциялық кеңес отырысының бейнежазба көшірмелерінің сақталуына, істі мұрағатқа өткізгенге дейін хатшысымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 46
46. Мұрағатшы істі қабылдаған кезінде іс материалдарына қоса тіркелген материалдық (электрондық) жеткізгіште отырыстың бейнежазба көшірмелерінің болуын тексереді.
Тармақ 47
47. Апелляциялық кеңес отырыстарының бейнежазбалары 1 (бір) жылдан кем емес уақыт сақталады.