Об утверждении Положения о комиссии по признанию товарного знака общеизвестным в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі
деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға
бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1318 бұйрығымен бекітілген
Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға
бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) 18-1-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы алқалы орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші – тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану туралы Комиссияға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 3
3) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 4
4) тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану туралы өтініштерді қарау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы алқалы орган;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия:
Тармақша 1
1) жеке немесе заңды тұлғалардың тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану туралы Министрлікке түсетін өтініштерін қарайды;
Тармақша 2
2) дауларды қарау үшін мемлекеттік органдардың тиісті бейіндегі мамандарын және сараптама ұйымның қызметкерлерін тартады, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс кездесулерін ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарында өтініш беруші және (немесе) оның өкілдерін тыңдайды, сондай-ақ оларға сұрақтар қояды;
Тармақша 4
4) тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы шешім немесе мұндай танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол өтініш берушіге мұндай шешім қабылданған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 6
6. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оның орнын алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен бекітіледі және Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің және сараптама ұйымының кемінде бес қызметкерлерінен тұрады.
Тармақ 7
7. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 8
8. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) оның қызметін басқарады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырысының кестесін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орны мен уақытын белгілейді;
Тармақша 3
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.
Тармақ 9
9. Отырыстардың материалдары Комиссия төрағасымен келісілгеннен кейін отырысты өткізген күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы дауларды сотқа дейін қарастыру басқармасына жүктеледі.
Тармақ 11
11. Комиссияның отырыстары оған оның кемінде 2/3 мүшелері қатысса, заңды болып саналады.
Тармақ 12
12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы басым дауыспен қабылданады және егер оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.