О создании государственного учреждения "Республиканская школа-интернат для одаренных в спорте детей в городе Лениногорске" Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Спорттағы дарынды балалардың жеке ерекшелiктерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
Тармақша 1
1) қысқы спорт түрлерi бойынша спорттық резервтi және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын даярлау;
Тармақша 2
2) оқушылардың спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Лениногор қаласы, Лесное селосы мекен-жайы бойынша орналасқан "Лениногор" санаторийiн кейiннен Мекемеге беру үшiн Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiнен республикалық меншiкке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi:
Тармақша 1
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен "Лениногор" санаторийiн республикалық меншiкке қабылдауды және оны Мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы N 673 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 📌 Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130 қаулысымен .
Тармақ 2
2. 📌 Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысына .
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
Тармақ 4
4. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына : көрсетiлген қаулыға қосымшада: "IV. Шығындар" бөлiмiнде: 4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында: 2 "Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм беру" iшкi функциясында: 613 "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" әкiмшiсi бойынша: 031 "Дарынды балаларды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасында: 032 "Өскемен қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" кiшi бағдарламасында "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 қаңтардағы N 77 қаулысына : көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада: 2, 6-тармақтардағы "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.