О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық жер салығының мөлшерлемелерін көтеру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексі 509-бабының 5-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық жер салығының мөлшерлемелері он есеге көтерілсін.
Тармақ 2
2. Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/6 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін көтеру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3513 тіркелген, 2015 жылы 30 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылы 2 желтоқсанда «Вечерняя Караганда» газетінің № 48 (344) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.