О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Күшін жойған
Басқа 0
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге
салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі 509-бабының 3-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары көбейтілсін:
1 санат - жабық түрдегі жер үсті автотұрақтары, ашық түрдегі автотұрақтар. Ставка 10 есе ұлғайтылады;
2 санат - басқа мақсаттағы ғимараттарға қосылып салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар. Ставка 9 есе ұлғайтылады;
3 санат - ғимараттар астында жер асты шығыңқы ірге немесе жер үстіндегі, төменгі қабаттарында, жертөлелерде орналасқан автотұрақтар. Ставка 8 есе ұлғайтылады.
Тармақ 2
2. Теміртау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 шілдедегі 40-сессиясының № 40/17 «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-3-123 тіркелген, 2011 жылы 12 қыркүйекте «Второе счастье» газетінің № 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.