Общие правила застройки районов индивидуального жилищного строительства Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұрғын үй аудандарының құрылысын салудың жалпы тәртiбi Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 400 Бұйрығымен.
Басқа 1. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ АУДАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ТӘРТIБI
Қазақстан Республикасының Құрылысминистрлiгi алқасының 28 12 1995 жылғы N 13-1 қаулысымен бекiтiлген ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ АУДАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ТӘРТIБI Осы тәртiп Қазақстан Республикасының қалалары мен басқа елдi мекендерiнде жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жобалау және салу, жер учаскесiн алуға және жеке тұрғын үй мен шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарын салуға рұқсат алуға хаттамаларды ресiмдеу, құрылыстың жүзеге асуын бақылау, аулалық құрылыстары бар жеке тұрғын үйлердi пайдалануға қабылдау, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1.1
1.1. Осы Жалпы тәртiп /бұдан әрi "Тәртiп"/ олардың ведомстволық және меншiктiлiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер және басқа заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елдi мекендерiндегi жеке тұрғын үй үшiн жаңадан игерiлген және қайта конструкцияланған аумақтарда құрылысты, жобалауды және тұрмысқа қолайландыруды жүзеге асырушы жеке тұлғалар үшiн мiндеттi.
Тармақ 1.2
1.2. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Заңының, басқа қолданылып жүрген заң актiлерiнiң, ережелерiнiң және нормативтiк талаптарының негiзiнде жасалған және жеке тұрғын үй құрылыстары аудандарын салу кезiнде бiрыңғай қала құрылысы саясатын жүргiзуге бағытталған.
Тармақ 1.3
1.3. Тәртiп нақты елдi мекен бойынша оның жергiлiктi жағдайына үйлесiмдi нормативтiк-реттеушi құжаттар жасау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 1.4
1.4. Жеке тұрғын үй аудандарын құру елдi мекендердi дамытудың бас жоспарлары, егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және бұл аудандардың құрылысын салудың жобалары бойынша жүзеге асуы керек.
Тармақ 1.5
1.5. Құрылыс салу жобасы аумақтарда инженерлiк дайындау, және құрылыс салушыларға жер учаскелерiн бөлу, қоғамдық орындарды таратып орналастыру, көшелердi жасандыру және инженерлiк желiлердi тарату жөнiндегi құрылыс жұмыстарын орындау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 1.6
1.6. Жобалау және зерттеу жұмыстары бұл жұмыстарды жүргiзуге тиiстi лицензиясы бар жобалау, зерттеу ұйымдары, кәсiпорындары немесе басқа заңды және жеке тұлғалар тарапынан орындалады.
Тармақ 1.7
1.7. Жеке тұрғын үй құрылыстарын салу аудандарында құрылыс жұмыстарын атқаруға тек сәулет және қала құрылыстарының жергiлiктi органының арнаулы рұқсаты болғанда ғана рұқсат етiледi. Құрылыс жұмыстарын орындауға тиiстi жұмыстарды атқаруға лицензиясы бар құрылыс ұйымдары мен кәсiпорындарына, сондай-ақ өз күштерiмен жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асырушы құрылыс салушыларға жол берiледi.
Тармақ 2. 2. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ АУДАНДАРЫН СӘУЛЕТТIК-ЖОСПАРЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ АУДАНДАРЫН СӘУЛЕТТIК-ЖОСПАРЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 2.1
2.1. Жеке тұрғын үй салу аудандарын жоспарлау ұйымы, географиялық жер жағдайын, табиғи ауа-райлық және инженерлiк-геологиялық жағдайды елдi мекеннiң дамуының ауқымы мен ерекшелiгiн, тұрғындардың әлеуметтiк-демографиялық ерекшелiгiн, аумақтық қорлардың көлемi мен инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымдармен қамтамасыз етiлуiн, аумақтың кешендi әлеуметтiк-экономикалық орынын ескеруi керек.
Тармақ 2.2
2.2. Елдi мекеннiң маңындағы аумақтардан жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын ұйымдастыру үшiн алаң таңдаған кезде елдi мекен мен оның төңiрегiндегi аймақтың алдағы уақыттағы аумақтық даму бағытын ескерген жөн.
Тармақ 2.3
2.3. Елдi мекен шекарасының шегiнде жеке тұрғын үй құрылысын бос аумақтарға орналастырған орынды. Бұрыннан бар жеке тұрғын құрылыстарды қайта конструкциялау және тығыздандыру есебiнен, сондай-ақ тарихи құнды аз қабатты құрылыстар аудандарынан жеке тұрғын үйлер құрылысын салу қалыптасқан кеңiстiк төңiрегiн және өртке қарсы, санитарлық-жұқпалы ауруларға қарсы талаптар мен қала құрылысы нормативтерiн сақтау жағдайында жүзеге асырылуы керек.
Тармақ 2.4
2.4. Жеке тұрғын үй құрылыстары аумақтарында сауда, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарын, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, спорт және балалар алаңдарын, контейнерлiк қоқыс жинау қондырғылары, инженерлiк жабдықтар, автомобиль қоятын орындар үшiн алаңдарды орналастыру, сондай-ақ аумақтарды тұрмысқа қолайландыру және көгалдандыру, қала құрылысы нормалары мен тәртiптерiнен, әлеуметтiк кепiлдендiру деңгейiнiң есептi көрсеткiштерiнен және жергiлiктi атқару орындарының тапсырмаларынан туындайтын басқа объектiлердi орналастыру үшiн учаскелер ескерiлуi керек.
Тармақ 2.5
2.5. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн мекендiк /жер/ учаскелерiнiң нормативтiк мөлшерi нақты қала құрылысы жағдайы мен тұрғын үй құрылысының қабылданған түрлерiне орай жергiлiктi өкiлдi орган тарапынан белгiленедi.
Тармақ 2.6
2.6. Жеке тұрғын үй құрылысы ауданы аумақтарының жоспарлық шешiмi елдi мекеннiң басқа аудандарымен қолайлы, функциялы және көлiктiк байланысты ескеруi және барлық мекендiк учаскелер мен әлеуметтiк-тұрмыстық тұрғыдағы объектiлерге автокөлiк жүруiн қамтамасыз етуi керек.
Тармақ 2.7
2.7. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында көшелердiң, жолдардың және өтетiн жерлердiң қызыл жолақтарының кендiгi олардың санаттары, көлiк пен жүргiншiлер қозғалысының қарқыны, елдi мекеннiң көлiк жол инфрақұрылымын алдағы уақыттағы дамуы, санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптар, сондай-ақ қолданылып жүрген қала құрылысы нормативтерi ескерiлiп қабылданады.
Тармақ 2.8
2.8. Мекендiк учаскелерде малдар, құстар және басқа жануарлар ұстау сол елдi мекеннiң санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайларына орай жергiлiктi атқару органы тарапынан шектеледi. Iрi қара мал ұстайтын үй иелерi басым тұратын жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында аумақтарды құру кезiнде жеке меншiк малды айдау, мекендiк учаскелерге жүк көлiгi мен тракторлар өтуi үшiн шаруашылықтық өту жолдары ескерiлуi қажет.
Тармақ 2.9
2.9. Жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарында жылыту, алаумен қамтамасыз ету, құбырлар жүйесiнiң дербестiгiн ескеру қажет. Сумен қамтамасыз ету көзi ретiнде сол жерде бар су қорғаны құрылыстары мен су ағыстарын пайдаланған жөн. Олар болмаған немесе оларды пайдалануға болмайтын жағдайда жеке құрылысты сумен қамтамасыз ету жүйесi санитарлық-жұқпалы ауруларға қарсы бақылаудың жергiлiктi органының келiсiмi бойынша жер асты суларын /жекелеме жағдайларда жер бетiндегi суларды/ пайдалануды ескеруi керек. Орталықтандырылған инженерлiк жабдық жүйесi құрылыс ауданына жақын болса жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық тұрғыдағы объектiлердi осы жерлерге немесе құрылыстарға қосуды ескерген жөн.
Тармақ 2.10
2.10. Магистральдық және жалғасушы инженерлiк желiлер көше мен өту жолдарының бойымен тартылуы керек. Инженерлiк құрылыстарды - су қорғаны құрылыстарын, электр таратушы пункттердi, трансформаторлық подстанцияларды кварталдық немесе топтық құбыр жүйелерiн, тазарту құрылыстарын, алаутарату станцияларын және басқа да инженерлiк құрылыстарды орналастыру санитарлық-қорғау аймақтары мен өртке қарсы талаптар сақталып осы мақсаттар үшiн арнайы бөлiнген немесе сақталған алаңдарда жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тармақ 2.11
2.11. Әлеуметтiк-тұрмыстық тұрғыдағы объектiлер, көшелер, жолдар мен өтетiн жерлер, магистральдық инженерлiк желiлер мен ғимараттар құрылыстарын тұрмысқа қолайландыруды және көгалдандыруды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 3. 3. МЕКЕНДIК /ЖЕР/ УЧАСКЕСIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ
3. МЕКЕНДIК /ЖЕР/ УЧАСКЕСIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ
Тармақ 3.1
3.1. Мекен /жер/ учаскесi құрылысын салу жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары жасаған және келiскен мекендiк учаскесiнiң жоспары /бас жоспары/ негiзiнде жүзеге асырылуы керек.
Тармақ 3.2
3.2. Мекен /жер/ учаскесiн функциональды аймақтандыру және жоспарлы ұйымдастыру жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын салу жобасы шешiмдерiмен сәйкес келуi керек. Мекендiк учаске аумағынан үй маңы, бау-бақша және шаруашылық аймақтарын бөлу орынды.
Тармақ 3.3
3.3. Аралас мекен учаскелерiн аймақтандыру жоспарлы өзара ұштасулы болып және санитарлық-жұқпалы ауруларға қарсы, өртке қарсы және басқа талаптарға жауап беруi керек.
Тармақ 3.4
3.4. Күрделi құрылысқа қатысы жоқ мекен маңындағы учаске аймағын функциональды пайдалануды өзгерту сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органдарының рұқсатынсыз, аралас мекендiк учаске иелерiнiң келiсiмiмен және 3.3. тармақтың талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШIН ЖЕР УЧАСКЕСIН БЕРУДIҢ ТӘРТIБI
4. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШIН ЖЕР УЧАСКЕСIН БЕРУДIҢ ТӘРТIБI
Тармақ 4.1
4.1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру елдi мекендi дамытудың бас жоспарында осы мақсаттар үшiн ескерiлген аумақтарда жүзеге асырылады. Жергiлiктi атқару органдары соның негiзiнде құрылыс салушыларға жер учаскелерi берiлетiн егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын және жаппай жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын салу жобаларын күнi бұрын жасауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 4.2
4.2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн алу үшiн азамат /құрылыс салушы/ құрылыс салынатын жердегi жергiлiктi атқару органына өтiнiш бередi. Өтiнiшпен қоса мынадай құжаттар берiледi: жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн меншiкке алу немесе пайдалану туралы анықтама /өтiнiштiң үлгi нұсқасы қосымшада қоса берiлiп отыр/.
Тармақ 4.3
4.3. Құрылыс салушыға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер бөлу жөнiндегi шешiмдi жергiлiктi атқару органы өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айға дейiнгi мерзiм iшiнде қабылдайды. Атқару органы шешiм қабылдау үшiн қажеттi материалдарды дайындауды сәулет және қала құрылысы органдары жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi органмен бiрлесiп жүзеге асырады.
Тармақ 4.4
4.4. Жергiлiктi атқару органы шешiмiнiң негiзiнде азаматқа /құрылыс салушыға/ жерге құқын куәлiктендiрiлетiн құжат берiледi.
Тармақ 5. 5. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСIМДЕУДIҢ ТӘРТIБI
5. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСIМДЕУДIҢ ТӘРТIБI
Тармақ 5.1
5.1. Меншiктiлiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәлiктендiретiн және сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органымен келiсiлген жобалау құжаттамаларынан тұратын құжаттар жеке тұрғын үй құрылысын бастау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 5.2
5.2. Жеке құрылыс салушы /серiктестiк/ тұрғын үй немесе шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салу үшiн кез келген, оның iшiнде нақты бiр жерге сәйкес орайластырылған, құрылыс және басқа мiндеттi нормалар мен ережелерге жауап беретiн өз бетiнше жасалған жобаны пайдалануға құқықты. Құрылыс салушы ұсынған тұрғын үйдiң және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың, мекендiк учаскенiң жоспарын қоса есептегендегi жобасын қарауды сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органы екi жұмалық мерзiм iшiнде жүзеге асырады.
Тармақ 5.3
5.3. Учаскенiң шекарасын, тұрғын үй мен шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың остерiн сыртқа шығаруды жеке құрылыс салушылардың тапсырысы бойынша сәулет пен қала құрылысы органы мен жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi орган қажеттiгiне қарай басқа қызметтердiң қатысуымен орындайды.
Тармақ 6. 6. ТҰРҒЫН ҮЙДЕГI ҚОСАЛҚЫ ҚҰРЫЛЫСТЫ, ҮЙ ҮСТIНЕ САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫСТЫ, ҚАЙТА ЖОБАЛАУДЫ РЕСIМДЕУ ТӘРТIБI
6. ТҰРҒЫН ҮЙДЕГI ҚОСАЛҚЫ ҚҰРЫЛЫСТЫ, ҮЙ ҮСТIНЕ САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫСТЫ, ҚАЙТА ЖОБАЛАУДЫ РЕСIМДЕУ ТӘРТIБI
Тармақ 6.1
6.1. Жеке тұрғын үйде қосалқы, үй үстiне құрылыс салу, қайта жобалау, сондай-ақ тұрғын үйдi пайдалануға қабылдап алғаннан кейiн шаруашылық және тұрмыстық тұрғыдағы қосымша құрылыстар көтеру жергiлiктi сәулет пен қала құрылысы органының рұқсатымен, келiсiлген жобаға сәйкес жүзеге асырылады. Үйдiң меншiк иесi ұсынған жобаны қарау екi жұмалық мерзiмде жүзеге асырылады. Жобаға келiсiммен бiр мезгiлде құрылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берiледi.
Тармақ 6.2
6.2. Жеке тұрғын үйдегi қосалқы, үй үстiне құрылыс салу және қайта жобалау жөнiндегi жұмыстарды қабылдау жергiлiктi атқару органы белгiлеген тәртiппен қабылдау комиссиясы тарапынан жүргiзiледi. Қабылдау комиссиясының құрамына сәулет пен қала құрылысы, санитарлық-жұқпалы ауруларға қарсы және өрттен қорғау органдарының өкiлдерi мен құрылыс салушы енедi.
Тармақ 7. 7. ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ҚОРА-ҚОПСЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫМЕН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ
7. ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ҚОРА-ҚОПСЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫМЕН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ
Тармақ 7.1
7.1. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдап алу кезiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 1018 Қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы Ереженi" басшылыққа алу қажет. Қабылдау комиссиясының құрамын жергiлiктi атқару органы белгiлейдi. Қабылдау комиссиясының құрамына әдеттегiдей жергiлiктi атқару органдарының, сәулет пен қала құрылысы, санитарлық-жұқпалы ауруларға қарсы және өрт қадағалау органдарының өкiлдерi, жобаны жасаушы, мердiгер /егер объект мердiгерлiк әдiспен салынған болса/және құрылыс салушы енедi. Қабылдау комиссиясының актiсiнiң негiзiнде жеке құрылыс салушыға үй салуға техникалық паспорт пен жылжымайтын мүлiкке меншiктiлiк құқын куәлiктендiрiлетiн құжат берiледi.
Тармақ 8. 8. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТЕРДI БАҒАЛАУ
8. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТЕРДI БАҒАЛАУ
Тармақ 8.1
8.1. Тұрғын үй мен аулалық /шаруашылық-тұрмыстық/ құрылыстарды, олардың жекелеме бөлiктерiн бағалауды пайдаланып жүрген Тәртiпке сәйкес бұл жұмысты жүргiзу құқына лицензиясы бар, кәсiпқой жылжымайтын мүлiктi бағалаушылар жүзеге асырады.
Тармақ 9. 9. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
9. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
Тармақ 9.1
9.1. Жалпы басшылық, жеке тұрғын үй құрылысының сапасы мен жеке тұрғын үй құрылыстары аудандарының құрылысын салу және жобалау нормалары мен тәртiптерiнiң сақталуын бақылау сәулет пен қала құрылысы жергiлiктi органдарының тарапынан жүзеге асырылады.
Тармақ 9.2
9.2. Сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органы: - тұрғын үйдiң, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың учаскеге орналасуының дұрыстығын және олардың бекiтiлген жобаға сәйкес келуiн; - құрылысты көтеруде техникалық шарттар мен құрылыс нормаларының сақталуын; - құрылыс жұмыстары мен пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасын; - бой көтерген құрылыстарды пайдалануға қабылдап алу тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 9.3
9.3. Қоршаған ортаның нашарлауына әкелiп соқтыратын бекiтiлген жобадан ауытқу, құрылыс нормалары мен ережелерiн бұзу анықталған кезде құрылыс салушыға жол берiлген кемшiлiктi жою қажеттiгi туралы орындалу мерзiмi көрсетiлген ресми бұйрық берiледi.
Тармақ 9.4
9.4. Сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органының тиiстi рұқсатынсыз жүргiзiлген құрылыс, қосалқы құрылыс, үй үстi құрылысы және тұрғын үйлер мен аулалық /шаруашылық-тұрмыстық/ құрылыстар, сондай-ақ жер учаскесiн таңдау және берудегi белгiлеген тәртiптi бұзып салынған құрылыстар өз бетiмен салынған құрылыс болып саналады.
Тармақ 9.5
9.5. Жобадан, қолданылып жүрген нормалар мен ережелерден ауытқуға жол берген құрылыс салушылар сәулет пен қала құрылысы, санитарлық-жұқпалы ауруларға қарсы қызмет және өрттен қорғау органдарының ескертуi бойынша белгiлеген мерзiм iшiнде жол берiлген ауытқушылықты жоюға мiндеттi.
Тармақ 9.6
9.6. Құрылыстың жүзеге асуын бақылау кезiнде анықталған өз бетiмен құрылыс салғаны және кемшiлiктi жою туралы ескертудi орындамағаны үшiн жеке құрылыс салушы заңға сәйкес жауапқа тартылады. Сәулет пен қала құрылысы органы кiнәлiлердi жауапқа тарту және оларға заңда белгiленген санкция қолдану туралы жергiлiктi атқару органының алдында ұсыныс жасауға құқықты.
Тармақ 9.7
9.7. Нормалар мен белгiленген тәртiптердi бұзу арқылы бой көтерген немесе салынып жатқан тұрғын үйлер мен аула құрылыстары немесе олардың бөлiктерi, олар қоршаған тұрғылықты ортаны нашарлатқан, тұрғындардың өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгiне қатер төндiрген жағдайда жол берiлген кемшiлiктi басқа жолмен жою мүмкiн болмаса жергiлiктi атқару органының немесе сот органының шешiмi бойынша өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған құрылыс салушының тарапынан немесе оның есебiнен бұзылуы керек.
Тармақ 10. 10. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ АУДАНДАРЫНЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН ЖАСАУ
10. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ АУДАНДАРЫНЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН ЖАСАУ
Тармақ 10.1
10.1. Елдi мекендер аумақтарын жеке тұрғын үй құрылыстарына игеру қала құрылысы жобаларының қабылданған шешiмдерiне - елдi мекендi дамытудың бас жоспарына, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына, құрылыс салу жобасына негiзделедi. Жеке тұрғын үй құрылысының түрi мен меншiктiлiк нысаны, конструкциялық шешiм бойынша көлемi, дифференциясы әр нақты елдi мекен үшiн жергiлiктi жағдайға, құрылыс базасының даму деңгейiне және тұрғындардың тұрғын үйге сұранысына қарай айқындалады.
Тармақ 10.2
10.2. Жеке тұрғын үй құрылысы ауданының егжей-тегжейлi жоспарының бекiтiлген жобасы қызыл желiлердi, құрылысты реттеу және жердi пайдалану шекарасын, мемлекеттiк муниципалдық және басқа меншiктiлiктегi құрылыстардың шекараларын белгiлейтiн, әлеуметтiк-тұрмыстық тұрғыдағы объектiлердiң құрамы мен орналасуын, көлiктi қызмет көрсетудi ұйымдастыруды, магистральдық инженерлiк коммуникациялар трассаларын және көшелердiң қиғаш профильдарын айқындайтын заңды құжат болып табылады. Егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының жеке тұрғын үй құрылысы ауданының көлемдiк-кеңiстiктiк шешiмi жөнiнде ұсыныс жасалады.
Тармақ 10.3
10.3. Егжей-тегжейлi жоспарлаудың бекiтiлген жобасы жеке тұрғын үй құрылысы ауданының құрылысын салу жобасын жасау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 10.4
10.4. Жеке тұрғын үй құрылысы ауданының құрылысын салудың жобасы /оның бөлiктерi/ баспаханалық негiзбен 1:500 - 1:1000 масштабта орындалады. Жобалау материалдарының құрамына мыналар енедi: - құрылыс салушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы, тұрғын үйлер мен шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы, қоғамдық тұрғыдағы үйлер, көшелер мен өтетiн жолдарды ұйымдастыру, тұрмысқа қолайландыру және көгалдандыру элементтерi көрсетiлген бас жоспар /негiзгi чертеж/; - көшелер мен өтетiн жолдар, жер жұмыстарының картограммалары бойынша жобалық белгiлерi бар тiгiнен жоспарлау сызбасы; - инженерлiк желiлер /сумен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, алаумен қамтамасыз ету және байланыс/ жоспары; - мәдени-тұрмыстық объектiлердiң, инженерлiк желiлер мен құрылыстардың құрылысын, сондай-ақ жергiлiктi атқару органы жүзеге асыратын аумақтарды тұрмысқа қолайландырудың, көгалдандырудың сметалық есебi; - техникалы-экономикалық көрсеткiштер. Нақты қала құрылысы жағдайына орай жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органы жеке тұрғын үй құрылысы ауданының құрылысын салу жобасы материалдарының құрамын анықтайды.
Тармақ 10.5
10.5. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының егжей-тегжейлi жоспарлаудың жобаларын және құрылысын салудың жобаларын жасау, келiсу, сараптау және бекiту Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгi алқасының 1994 жылғы 24 қарашадағы Қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1995 жылғы 21 ақпанда, тiркеу N 55, тiркелген Тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.