О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Жанааркинскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XLVII сессиясының 2015 жылғы 20 қарашадағы №47/326 «Жаңаарқа ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3559 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №62 (9712) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.