Об утверждении Правил формирования списков избирателей для голосования, а также их представления в избирательные комиссии Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 26-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында ресми орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысымен бекітілген Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 14-бабы 4-1) тармақшасына, 24, 25, 26 және 26-1-баптарына сәйкес әзірленді және сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыруды жүзеге асыратын:
Тармақша 1
1) сайлаушылардың тiзiмiн жасайтын және оны тиiстi сайлау комиссияларына беретін жергiлiктi атқарушы орган;
Тармақша 2
2) аумақтық сайлау комиссиясы - астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның сайлаушылар туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайтын сайлау комиссиясы;
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиясы – қажет болса, сайлаушыларға тізім танысу үшін берілгеннен кейін жоғары тұрған сайлау комиссиясын хабардар ете отырып, сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізетін сайлау комиссиясы.
Тарау 2. 2-тарау. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру және оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібі
2-тарау. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру және оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Президенттi, Құрылтай мен мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде сайлаушылар тiзiмi жасалады.
Тармақ 4
4. Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар тізімін жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.
Тармақ 5
5. Нақтылы сайлау учаскесінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастала отырып, сайлаушылар тізімдеріне өздерінің жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде енгізіледі.
Тармақ 7
7. Әрбір сайлаушы Конституциялық заңның 24-бабы 5-тармағына сәйкес сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Тармақ 8
8. Егер сайлаушыға сайлауға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өзінің тіркелген орны бойынша сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайға келе алмайтыны белгілі болса, ол Конституциялық заңның 24-бабы 5-тармағына сәйкес өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы. Азамат осы тармаққа сәйкес өтініш берген кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Сайлаушылардың тізімдері әліпби немесе өзге тәртіппен жасалады. Тізімде сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы (он сегіз жастағылар үшін – қосымша күні мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Сайлаушылар тізімдеріне:
Тармақша 1
1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары енгізіледі;
Тармақша 2
2) азаматтар тиiстi сайлау учаскелерiнің аумағындағы тұрғылықты жерi бойынша енгізіледі;
Тармақша 3
3) демалыс үйлерiнде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болатын азаматтардың бәрi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер мен кеме капитандары берген деректер негiздерде енгізіледі;
Тармақша 4
4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар, әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi.
Тармақша 5
5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Қазақстан Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға келген Қазақстан Республикасы азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасының азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi. Жатақханаларда тұратын, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндiзгi оқу нысанында оқитындар сайлаушылардың тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.
Тармақ 11
11. Азамат сайлаушылардың бiр ғана тiзiмiне ене алады.
Тармақ 12
12. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына – электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште, аумақтық және округтік комиссияларға электрондық түрде ұсынады.
Тармақ 13
13. Сайлаушылар тізімдері жергілікті атқарушы органдардан алынған күннен бастап екі күн мерзімде төмен тұрған аумақтық сайлау комиссиясы оларды Қазақстан Республикасы сайлаушы азаматтарының электрондық тізіліміне енгізу үшін электрондық түрде жоғары тұрған комиссияға ұсынады.
Тармақ 14
14. Сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлайды.
Тармақ 15
15. Жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімдерін сайлау комиссияларына ұсынуы дербес деректер және оларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.