О Бюджетной комиссин по формированию проекта областного бюджета на соответствующий финансовый год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тиісті қаржы жылындағы облыс бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.03.2003 № а-3/96 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қыркүйектегі №1169 "Республикалық және жергілікті бюджеттер жобасын қалыптастыру Ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы қабылдады:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес құрамда тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджет жобасын қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Тиісті қаржы жылындағы облыс бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік комиссия туралы Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енетін болсын.
Басқа 4. Комиссия мүшелері:
Ақмола облысы әкімінің 2002 жылғы 21.05. № а-5/64 қаулысына 1 қосымша 2003 жылға арналған облыстық бюджет жобасын қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік Комиссияның құрамы Әділбеков Дәурен Зикенұлы - Облыс әкімінің орынбасары Төраға Савицкий Дмитрий Емельянович - Облыстық қаржы басқармасының бастығы Төрағаның орынбасары Сахнова Валентина Ивановна - Облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Хатшы Комиссия мүшелері: Әлиев Жанабай Рақышұлы - Облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Куленюк Татьяна Григорьевна - Облыстық мәслихаттың тексеру Комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Құсайынова Гүлнәр Қабденқызы - Экономика басқармасының бастығы Райымбаев Асқар Хаметұлы - Салық комитетінің бастығы (келісім бойынша) Тақамбаев Мұратбек Шәмілұлы - Облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Трищ Павел Станиславович - Облыстық әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша) Ыбраев Серік Кәрібайұлы - Облыстық қаржы бақылау Комитеті басқармасының бастығы (келісім бойынша) Ысмайылов Зикен Алданбекұлы - Қазнашылық басқармасының бастығы (келісім бойынша) 2 қосымша Бекітілген Ақмола облысы әкімиятының 2002 жылғы 21.05 № а-5/64 қаулысы Тиісті қаржы жылындағы облыс бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылында облыс бюджетінің қалыптастырылуы, атқарылуы жөніндегі Бюджеттік комиссияның қызметін ретке келтіреді (әрі қарай Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссияның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері, онымен бірге осы Ережелер құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері.
2. Комиссияның міндеттері.
Тармақ 3
3. Облыс бюджетінің жобасын әзірлеу және 3 жылдық кезеңге облыс бюджетінің болжалды көрсеткішін анықтау, тиісті қаржы жылына облыс бюджетінің жобасын дайындау және облыс бюджетінің атқарылу үдерісінде бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру комиссияның негізгі міндеттері болып табылады. Облыс әкімиятымен көтерілген басқа да мәселерді шешеді.
Тармақ 4
4. Комиссия заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша жүктелген атқарымдық міндеттеріне сәйкес келесі міндеттерді атқарады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарап, анықтайды: алдағы 3 жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің болжалды көрсеткіштерін; ағымдағы жылда жүзеге асырылудағы жобаларды есепке ала отырып, облыс бюджеті шығысының лимиті енгізілген, оның ішінде инвестициялық жобалар бойынша да облыс бюджетінің болжолды көрсеткіштерін; ағымдағы жылда жүзеге асырылудағы жобаларды есепке алғандағы 3 жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды жергілікті бюджеттен қаржыландырудың көлемдері мен тізбесін; жоспарланған қаржы жылында облыс бюджетінен, аудандық (қалалық) бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (бағдарламашалар) бойынша несиегерлік берешектерінің өтелу көлемін; алдағы 3 жылдық кезеңге облыс бюджетіндегі қаржыны жұмсаудағы басым бағыттардың тізбесін; алдағы қаржы жылында секвестрленуге жатпайтын облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың тізбесін;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген облыс бюджетінің болжалды көрсеткіштерін есепке ала отырып, алдағы 3 жылдық кезеңге облыс бюджетінің келесі болжалды көрсеткіштерін қарап, анықтайды: облыс бюджетіне ішкі сыныптар бойынша түсетін түсімдерді, оның ішінде аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке деген алуларды; облыстық бюджет (профицит) тапшылығын; облыстық бюджеттен аудандық.(қалалық) бюджеттерге берілетін жәрдем қаржыларды; облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне облыстық бюджеттен бөлінетін несие мен шығыстардың лимитін; облыстық бюджеттің несие мен шығыстарының жиынтық лимитін;
Тармақша 3
3) келісімге ұсынылатын жергілікті бюджеттің болжалды көрсеткіштері бойынша аудан, қала әкімдері мен Комиссияның жұмысшы органының арасындағы келісе алмаушылықты реттеу мақсатында шешім шығарады;
Тармақша 4
4) облыстық бюджеттің жобасына енгізу үшін облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерімен ұсынылған бюджеттік бағдарламалар жөнінде белгіленген формада дайындалған дәйектемелер бойынша шешім шығарады;
Тармақша 5
5) облыстық бюджет жобасының болжалды көрсеткіштерін анықтайды: облыстық бюджетке түсетін түсімдер көлемін, оның ішінде облыстық бюджетке аудандық, (қалалық) бюджеттерден алуларды; бюджеттік бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттен бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне бөлінетін несиелендіру және шығыстар көлемін, оның ішінде облыстық бюджеттен аудандық, (қалалық) бюджеттерге бөлінетін жәрдем қаржыларды; облыстық бюджет (профицит) тапшылығының мөлшерін; тиісті қаржы жылының аяғындағы ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының берешегінің лимитін;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген облыс бюджетінің көрсеткіштерінің негізінде облыстық мәслихатта қаралуға Комиссияның жұмысшы органымен алдағы қаржы жылына арналған облыс бюджетінің жобасының ұсынылуы жөнінде ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 7
7) мына мәселелер бойынша ұсыныстарды қарап, қабылдайды: облыстың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, облыстық бағдарламалар; бюджеттің нақтылануы; бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарының нақтылануы және бюджеттік бағдарламалардың атқарылу нәтижелері туралы ақпараттың негізінде бюджеттік бағдарламалардың алдағы уақытта жүзеге асырылуы;
Тармақша 8
8) өз құзырының шегінде Комиссияның жұмысшы органымен ұсынылған басқа да мәселелерді қарайды.
Тарау 3. 3. Комиссия құқықтары
3. Комиссия құқықтары
Тармақ 5
5. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) аудандық (қалалық) әкімияттармен және басқа да облыстық басқармалармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға және Комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін мамандарды, сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өз құзырына енетін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар дайындауға және шешімдер қабылдауға;
Тармақша 3
3) заңдылықтармен белгіленген тәртіпте облыстық және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар сұратып алдыруға;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілістерінде комиссия міндеттерінің атқарылуына қатысты мәселелер бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің есебін тыңдауға;
Тарау 4. 4. Комиссияның құрылуы мен қызметінің реті
4. Комиссияның құрылуы мен қызметінің реті
Тармақ 6
6. Комиссия құрамы облыс әкімиятымен анықталады: Комиссия құрамына кіреді: облыстық мәслихаттың депутатары; облыстық басқармалардың бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары; Қажет болған жағдайда Комиссия құрамына басқа да тұлғалар енгізіледі
Тармақ 7
7. Комиссия органдары:
Тармақша 1
1) жұмысшы орган;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 4
4) хатшы:
Тармақ 8
8. Комиссияның мәжілістерінің аралығында ұйымдастыру мәселерін Комиссияның жұмысшы органы шешеді.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, Комиссияның атқаратын қызметі үшін жауапкершілікпен жауап береді, шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жасайды; Комиссия төрағасы болмаған кезде оның қызметін төрағамен тағайындалған орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде ұсыныстар жасап, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, ал өткізілгеннен кейін хаттамаларын ресімдейді.
Тармақ 11
11. Кесте-жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу Ережелерімен анықталған мерзімге сәйкес Комиссиямен белгіленеді.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелері мәжіліске қатысу жөніндегі өз өкілеттілігін басқа тұлғаларға табыстауға құқысы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімдері ашық дауыспен, сонымен бірге комиссия мүшелерінің пікірін сұрау арқылы да қабылданады және қабылданды деп есептеледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы құрамының көбі өз дауыстарын берсе. Комиссия мүшелері шешім қабылдағанда тең дауыстарға ие. Дауыстар тепе-тең болған болған жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі, егер Комиссия төрағасы дауыс берсе.
Тармақ 14
14. Комиссияның күн тәртібіндегі сұрақтардың қаралу нәтижесі әр мәселе бойынша дауыс беру қорытындысымен тиісті хаттамаға енгізіліп және төрағамен анықталған жағдайларда мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелерімен бұрыштама қойылады. Қабылданған шешім хаттамасы ресімделіп, Комиссия төрағасы мен хатшы қолдарын қояды. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспесе, өз пікірлерін жазбаша түрде тапсырып, оны мәжілістің хаттамасына қосады.
Тармақ 15
15. Жүктелген міндеттерді атқару мақсатында қабылданған шешімдер барлық мемлекеттік органдармен міндетті түрде қаралып, көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмысшы органының қызметтік міндеттері жергілікті өкілетті орган - облыс бюджетінің әзірленуін, қаралуын, бекітілуін, атқарылуын және облыстық бюджеттің атқарылуына бақылау жасауды бекітілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырушы, облыс бюджетінің қаржысын басқаруға облыс әкімі тарапынан өкілетті орган, облыстық қаржы басқармасына жүктеледі.
Тармақ 17
17. Комиссияның қызметтік міндеттері болып Комиссиямен анықталған күн тәртібі мен көрсетілген мерзімде мәжіліске қажетті материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелері мен атқарушы органдарға және облыстық бағдарламалар әкімгерлеріне тарату, Комиссия мәжілісінің хаттамаларын дайындау және Қазақстан республикасы Үкіметімен бекітілген, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу Ережелерінен туындайтын басқа да міндеттерді орындау болып табылады.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметін тоқтату
5. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 18
18. Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
Тармақша 2
2) комиссия қызметінің тоқтатылуы жөнінде облыс әкімиятымен қаулының қабылдануы;
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 18 тармағында айтылған жәйттер туындап, комиссия өз жұмысын тоқтатуға тиіс болған жағдайда, облыс әкімиятына және облыстық мәслихатқа атқарылған жұмыс жөнінде есеп-хат жіберіледі. Комиссияның есеп-хатында:
Тармақша 1
1) Комиссиямен дайындалған қорытынды құжат;
Тармақша 2
2) Комиссияның өз қызметінің тоқтатылуын қажет деп есептеу үшін алынған негіздемелер.