Об образовании военной кафедры в Казахском государственном юридическом университете Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құру туралы Қазақ мемлекеттiк заң университетiнiң студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жүйесiне запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп: әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн; әскери кафедраны профессор-оқытушылар құрамы мен қосымша-оқу қызметкерлерiмен толықтырылсын; әскери даярлық бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн; әскери кафедраның оқу-материалдық базасын жинақтасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлық бейiнiне және оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiктермен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi