О создании государственных учреждений "Таможня "Семей" Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан", "Таможня "Кордай" Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан", "Таможня "Бейнеу" Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан", "Таможня "Оскемен" Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы 📌 Ескерту. Тақырыптағы, қаулы және ереже мәтініндегі сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен . "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi аумақтық органдарының штат саны лимитiнiң шектерiнде "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
Тармақ 2
2. 📌 Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi:
Тармақша 1
1) бір ай мерзімде кедендерді әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194 қаулысымен .
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194 қаулысымен .
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194 қаулысымен .
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi (бұдан әрi - Кеден) кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және өз құзыретiнiң шектерiнде Шығыс Қазақстан облысының аумағында кеден iсiне басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеден Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасына (бұдан әрi - Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ) есеп бередi және оның бақылауында болады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кедендi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен және шектерiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Кеденнiң құрылымын келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимиттерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң басшысы белгiлейдi. <*> 📌 Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Кеден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
Тармақ 6
6. Кеденнiң толық атауы - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 7
7. Кеденнiң орналасқан жерi: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Кеденнiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 2. 2. Кеденнiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Кеденнiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 9
9. Кеденнiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және экономикалық мүдделерiн қорғау;
Тармақша 2
2) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ның аумағында орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген бiрыңғай кеден саясатының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу болып табылады.
Тармақ 10
10. Кеденнiң негiзгi функциялары:
Тармақша 1
1) республикалық бюджетке алу кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының уақытылы және толық енгiзілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етілетін тәртiбiн жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) кеден iсiнiң жай-күйі мен дамуы жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу;
Тармақша 4
4) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылау мен ресiмдеудi жүзеге асыру, оларды жетілдiруге шаралар қабылдау;
Тармақша 5
5) кеден ережелерiнiң бұзылуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) дербес және өзге де құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кеден заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыру, бiрлескен операциялар жүргiзу, ынтымақтастық мәселелерi бойынша бiрлескен құжаттар дайындау;
Тармақша 7
7) мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны, жануарларды, өсiмдiктердi қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) өз құзыретiнiң шектерiнде және заңнамаға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) дербес және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, кеден инфрақұрылымы объектілерiнiң күзет жүйесiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы кеден шекарасын күзету;
Тармақша 10
10) сыртқы сауданың кеден статистикасын ұйымдастыру және жүргiзу, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру үшiн Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ға бастапқы деректердi ұсыну заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы кеден статистикасын жүргізу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiмен келiсiм бойынша шет мемлекеттердiң кеден iсi мәселелерiмен айналысатын кеден және өзге де құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) Кеденде кадрларды iрiктеу, орналастыру, олардың кәсiби даярлығы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;
Тармақша 13
13) кеден инфрақұрылымының құрылысын жобалау мен оны қайта жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 14
14) Кеден қызметкерлерi үшiн қажеттi еңбек жағдайларын жасау, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Кеденнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларды кеден iсi мәселелерi бойынша хабардар ету, өз құзыретiнiң шеңберiнде азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiн уақытылы және байыпты қарау, мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасауды туғызатын себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдау;
Тармақша 17
17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады.
Тармақ 11
11. Кеденнiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) өз құзыретiнiң шектерiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi қарауға және жүргiзуге қабылдауға не оларды қарау үшiн ведомстволық бағыныстылығы бойынша беруге;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң шектерiнде мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң лауазымды адамдарымен және азаматтарымен өзара iс-қимыл жасауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтық өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Кеденнiң қызметiн ұйымдастыру
3. Кеденнiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Кеден жұмысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ның құрылымдық бөлiмшелерiмен, Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен өзара iс-қимылда ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде ұйымдастырады.
Тармақ 13
13. Кеден өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.
Тармақ 14
14. Кедендi Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
Тармақ 15
15. Кеден бастығының Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 16
16. Кеден бастығы Кеденнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
Тармақ 17
17. Кеденнiң бастығы осы мақсаттарда:
Тармақша 1
1) Кеденнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Кедендi бiлдiредi;
Тармақша 3
3) өзiнiң орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкілеттiктерi мен мiндеттерiн белгілейдi;
Тармақша 4
4) заңнамаға және лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Кеденнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шектерiнде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 6
6) Кеденнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және лауазымды адамдардың функционалдық мiндеттерiн бекiтедi;
Тармақша 7
7) заңнамада белгiленген тәртiппен қызметкерлерге қатысты көтермелеу шараларын қолданады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады, Кеденнiң лауазымды адамдарына арнайы атақтар беру туралы Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне Кеденнiң құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгiзеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4. Кеденнің мүлкі
4. Кеденнің мүлкі
Тармақ 18
18. Кеденнiң өзiне жедел басқару құқығымен берiлген оқшауланған мүлкi болады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Кеденнiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 19
19. Кеденге бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 20
20. Кеденнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Кеденге заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртiппен мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 5. 5. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.