О некоторых вопросах реализации и защиты прав лиц с инвалидностью Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласындағы инватакси қызметтерін алушылардың санаттарын және инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін қызметтерді алушылардың келесі санаттарымен және объектілер, межелі орындар тізбесімен кеңейту:
Тармақша 1
1) Инватакси қызметін алушылардың санаттары:
қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар;
аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедек балалар.
Тармақша 2
2) Объектілер мен межелі орындардың тізбесі:
«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Дәурен Жағыпарұлы Есімхановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.