Об утверждении формы договора о предоставлении государственного гранта для реализации новых бизнес-идей Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы нысан бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарт
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген Нысан Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарт ____________ қаласы 20__ жылғы «___» __________ Халықты жұмыспен қамту орталығы ____________________________________ ____________________________________________________________________, (ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) атынан әрекет ететін ____________________________________________________________________ (қол қоятын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ____________________________________________________________________ негізінде (жарғысы, 20__жылғы «___» ________ сенімхат № __ ) бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ____________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі «Кәсіпкерлер палатасы» деп аталатын және бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын ______________________________________________ _____________________________________________________________________ (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) / заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке «Тарап» деп аталып, осы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасап, төмендегілер туралы келісті:
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген шарттар бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант береді. Бағдарламаға қатысушы өз кезегінде Қағидаларға сәйкес бөлінген мемлекеттік грантты старттық бизнесті (стартап-жоба) іске асыруға пайдалануға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Шартта ескерілген талаптар осы Шартты құрап, оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тарау 2. 2. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу шарттары
2. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу шарттары
Тармақ 3
3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың көлемі ______________________________________________________________ (сомасы жазбаша түрде) теңгені құрайды.
Тармақ 4
4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты (бұдан әрі – мемлекеттік грант) беру осы Шартта көзделген қаражат шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы Шарт жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Шартта көзделген мемлекеттік грант шеңберінде берілетін ақшалай қаражатты Бағдарламаға қатысушының ағымдағы банктік шотына аударады.
Тарау 3. 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6
6. Бағдарламаға қатысушы:
Тармақша 1
1) Халықты жұмыспен қату орталығынан Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік грант шеңберінде берілетін қаражатты ағымдағы шотқа уақтылы аударуды талап етуге құқылы.
Тармақ 7
7. Бағдарламаға қатысушы:
Тармақша 1
1) бизнес-жобаның іс-шараларын уақтылы және тиісінше жүргізуге;
Тармақша 2
2) Кәсіпкерлер палатасының талабы бойынша мемлекеттік грантты пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді дереу жоюға;
Тармақша 3
3) Кәсіпкерлер палатасының талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды және Кәсіпкерлер палатасының жазбаша талабын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түсініктемені ұсынуға;
Тармақша 4
4) Кәсіпкерлер палатасы сұратқан ақпаратты сұратқан кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік грантты тек мақсатты пайдалануға;
Тармақша 6
6) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң Халықты жұмыспен қамту орталығына мемлекеттік грант қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтаруға;
Тармақша 7
7) Кәсіпкерлер палатасына мониторинг жүргізу кезінде жәрдемдесуге, қажетті құжаттарды сұрауларда белгіленген мерзімде ұсынуға;
Тармақша 8
8) Кәсіпкерлер палатасына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде бизнес-жобаның іс-шараларын орындау туралы және қаржы қаражатын пайдалану туралы жазбаша есептерді, атап айтқанда ағымдағы және қорытынды есептерді ай сайын ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 8
8. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
Тармақша 1
1) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және мемлекеттік грантты пайдалануда анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге;
Тармақша 2
2) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды растайтын іс-шараларды орындау туралы есепті талап етуге құқылы.
Тармақ 9
9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
Тармақша 1
1) Бағдарламаға қатысушыға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты беруге;
Тармақша 2
2) осы Шартқа сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалардың іс-шараларын орындауы және қаржы қаражатын пайдалануы туралы Кәсіпкерлер палатасының тиісінше ресімделген жазбаша есебін қабылдауға;
Тармақша 3
3) осы Шартта көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыны және Кәсіпкерлер палатасын Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы хабардар етуге міндеттенеді.
Тармақ 10
10. Кәсіпкерлер палатасы:
Тармақша 1
1) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және мемлекеттік грантты пайдалануда анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге;
Тармақша 2
2) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды растайтын материалдарды талап етуге;
Тармақша 3
3) Бағдарламаға қатысушының қаражатты мақсатты пайдаланбауы туралы оны хабардар етуге құқылы.
Тармақ 11
11. Кәсіпкерлер палатасы:
Тармақша 1
1) Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік грантты игеруіне және мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;
Тармақша 2
2) Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік грант қаражатын мақсатты пайдаланбауы фактісі анықталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ондай жағдайлар туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етуге;
Тармақша 3
3) Халықты жұмыспен қамту орталығына Бағдарламаға қатысушының старттық бизнесті іске асыруы туралы есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ұсынуға;
Тармақша 4
4) Орындалған жұмыс актісін қабылдауға міндеттенеді.
Тарау 4. 4. Тараптардың жауапкершілігі
4. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікте болады.
Тармақ 13
13. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
Тармақ 14
14. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды оның мерзімі аяқталмай тұрып орын алған бұзушылығы үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Тарау 5. 5. Шартты өзгерту және бұзу
5. Шартты өзгерту және бұзу
Тармақ 15
15. Шартқа өзгерістер мынадай:
Тармақша 1
1) осы Шартта көзделген мемлекеттік гранттың көлемі өзгерген;
Тармақша 2
2) осы Шартты орындау мерзімі өзгерген; Бағдарламаға қатысушының старттық жобасының (стартап-жоба) мақсатты тағайындалуы өзгерген жағдайларда енгізіледі.
Тармақ 16
16. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда Тараптар үш жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тоқтатудың себебі, мерзімі көрсетілген жазбаша түрдегі хабарламалар жібереді.
Тармақ 17
17. Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы, уақтылы немесе тиісінше орындамауы оны бір жақты тәртіппен бұзуға негіз болып табылады.
Тармақ 18
18. Осы Шарт осы Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген фактілер анықталған күннен бастап Тараптардың ерікті нысанда хабарлама жіберуі арқылы бұзылады.
Тарау 6. 6. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
6. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
Тармақ 19
19. Осы Шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған немесе тиiсінше орындамаған Тараптар, егер тиісінше орындамағаны еңсерілмейтін күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және алдын алуға болмайтын жағдаяттардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары) салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауапкершілікте болады.
Тармақ 20
20. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары орын алған жағдайда Тараптар осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы ерікті нысандағы хабарлама жібереді. Қазақстан Республикасы уәкілетті органының еңсерілмейтін күш жағдаяттарының туындағанын растайтын ресми құжаттары еңсерілмейтін күш жағдаяттарына дәлел болады.
Тармақ 21
21. Уақтылы хабарламау Тараптарды осы Шарт бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде осы Шарттың 19-тармағында көзделген жағдаяттарға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 22
22. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары тоқтағаннан кейін Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын тез арада жалғастырады және осы Шарттың 19-тармағында көзделген жағдаяттар тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Тараптарды еркін нысанда хабардар етеді.
Тарау 7. 7. Дауларды шешу тәртібі
7. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 23
23. Тараптар арасында осы Шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
Тармақ 24
24. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өз міндеттмелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тарау 8. 8. Басқа да талаптар
8. Басқа да талаптар
Тармақ 25
25. Осы шарт бірдей заңды күші бар үш данада жасалды, бір данасы Халықты жұмыспен қамту орталығында, басқалары Кәсіпкерлер палатасында және Бағдарламаға қатысушыда болады.
Тармақ 26
26. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
Тармақ 27
27. Осы Шартқа сәйкес Тараптардың басқа Тарапқа жолдайтын хабарламалары кейіннен тұпнұсқаларын ұсынумен пошта байланысы, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы жіберіледі.
Тармақ 28
28. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ____________ дейін қолданылады.
Тармақ 29
29. Қажет болған жағдайда Шарт Тараптардың келісімі бойынша ұзартылады.
Тарау 9. 9. Тараптардың реквизиттері
9. Тараптардың реквизиттері Халықты жұмыспен қамту орталығы: Бағдарламаға қатысушы: ___________________________________ _____________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының (заңды тұлғаның толық атауы / жеке толық атауы) тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (барболса)) _______________________________ _____________________________________ (заңды мекенжайы) (мекенжайы) _______________________________ ____________________________ (телефон, факс) (телефон, факс) _______________________________ ____________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, (қолы) әкесінің аты (бар болса)) _______________________________ _________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ______________________________ _______________________________ (банктік сәйкестендіру коды) (банктік сәйкестендіру коды) ____________________________ ____________________________ (жеке сәйкестендіру коды) (жеке сәйкестендіру коды) _______________________________ ____________________________ (банктің атауы) (банктің атауы) _______________________________ ______________________________ (қолы) М.О. (қолы) М.О. (бар болса) Кәсіпкерлер палатасы: _____________________________________ (кәсіпкерлер палатасының толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _________________________________ (қолы) М.О.