Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Атырауской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 569-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихат кезектен тыс XXIV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаттың экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Ихсанов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Атырау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 27 тамыздағы №242-VI шешіміне қосымша Каспий теңізінің және Жайық, Қиғаш, Ойыл, Сағыз, Ембі өзендерінің бассейндерінің жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері №п/п Арнаулы су пайдаланудың түрі Өлшем бірлігі Төлем ставкалары 1 Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер теңге/1000 текше метрі 143 2 Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп (өндірістік қажеттіліктер) теңге/1000 текше метрі 817,0 3 Ауыл шаруашылығы теңге/1000 текше метрі 115,1 4 Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары теңге/1000 текше метрі 111,3 5 Су көлігі теңге/1000 текше километрі 27,8