О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций на химически опасных объектах области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың химиялық қауiптi объектiлерiнде төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының
12.03.2004 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ , "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi № 19-I Заңдарына сәйкес және облыстың химиялық қауiптi объектiлерiндегi күштi әсер ететiн улы заттардың (КӘУЗ) пайдалануына, сақталуына бақылау жасау мен есепке алынуын жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық химиялық қауiптi объектiлерiн тексеру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы қаперге алынсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысындағы химиялық қауiптi объектілердiң қоса берiлiп отырған тiзiмi бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың басшыларына облыстағы химиялық қауiптi объектiлерге тексеру жүргiзу кезiнде комиссияға ықпалды жәрдем көрсету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы (Қ.Хайрушев) тоқсан сайын:
облыстың химиялық қауiптi объектiлерiндегi тексерулер және кемшiлiктердiң түзетiлуiн бақылауды жүзеге асырудың кестесiн түзiп жасау;
химиялық қауiптi объектiлердi тексеру кесiмдерiн облыс әкiмiнiң бекiтуiне табыс ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Комиссия өз жұмысында химиялық қауiптi объектiлердi тексерудiң әдiстемесiн және басқа да нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiмде қалдырамын.
Басқа 7
Маңғыстау облысы әкімиятының
2002 жылғы 29 сәуiрдегi
№ 88 қаулысына
№ 1 қосымша
Облыстың химиялық қауiптi объектiлерiн
тексеру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы
📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - облыс әкімиятының 2003 жылғы 30 мамырдағы № 109 қаулысымен .
Керелбаев Сақып Бүркітбайұлы - Маңғыстау облысы әкімінің бірінші
орынбасары, комиссия төрағасы
Хайрушев Қажымұрат Сейлханұлы - облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқармасының бастығы,комиссия
төрағасының орынбасары, (келiсiм бойынша)
Комиссия мүшелерi:
Билашов Арман Мұғаллімұлы - облыс әкiмi аппараты жұмылдыру
жұмыстары және төтенше жағдайлар
жөнiндегi бас маманы
Магомедов Руслан Ильманович - төтенше жағдайлар жөнiндегi
Агенттiгi мемлекеттiк өртке қарсы
қызметiнiң әскери жұмылдыру жұмысы
және Азаматтық қорғаныс жөніндегі
бас маманы (келісім бойынша)
Молдабеков Сабытай Нұрғазыұлы -облыстық аумақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасының жетекшi маманы
(келісім бойынша)
Тәжiбаев Нұрлан Төлегенұлы - Ақтау қаласы әкiмi аппаратының
төтенше жағдайлар жөнiндегi
бас маманы
Темірғалиев Тельман Төлепбекұлы - облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқармасы халықты,
шаруашылық жүргізу объектілерін
және аумақты қорғау бөлімінің
бастығы, (келiсiм бойынша)
Темiрханов Әдiлхан Парсаханұлы - Ақтау қаласы Iшкi iстер
басқармасының лицензиялау-рұқсат
беру жүйесiнiң инспекторы
келісім бойынша)
Чопоров Юрий Анатольевич - "Межоблгосатоминспекция"
Мемлекеттік мекемесі Ақтау
филиалының мемлекеттік инспекторы
(келісім бойынша)
Басқа 8
Маңғыстау облысы әкімиятының
2002 жылғы 29 сәуiрдегi
№ 88 қаулысына
№ 2 қосымша
Маңғыстау облысының химиялық қауiптi объектiлерiнiң
ТIЗIМI
Тармақ 1
1. "Су, жылумен жабдықтау және канализация" ашық акционерлiк қоғамы, Жаңаөзен қаласы.
📌 Ескерту. 2 тармақ алынып тасталды - облыс әкімиятының 2003 жылғы 30 мамырдағы № 109 қаулысымен .
Тармақ 3
3. "Шарайна" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Жаңаөзен қаласы.
Тармақ 4
4. "Ақсуат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Ақтау қаласы.
Тармақ 5
5. "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамының қоғамдық тамақтандыру басқармасы, Ақтау қаласы.
Тармақ 6
6. "Сауда - өндiрiстiк компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Ақтау қаласы.
Тармақ 7
7. "Маңғышлақ атом энергокомбинаты" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны тұщы су өндiру және өнеркәсiптiк жылумен, сумен жабдықтау заводы, Ақтау қаласы.
Тармақ 8
8. "Актал ЛТД", жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң күкiрт қышқылы өндiрiсi, Ақтау қаласы.
Тармақ 9
9. "Актал ЛТД", жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң азот-түк өндiрiсi, Ақтау қаласы.
Тармақ 10
10. "Актал ЛТД", жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң химиялық металлургия өндiрiсi, Ақтау қаласы.
Тармақ 11
11. "Жылу, су құбыры жүйелерi мен су бөлу" Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының тазарту ғимараты, Ақтау қаласы.
Тармақ 12
12. "Пластмасса заводы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Ақтау қаласы.