Об утверждении Правил внесения изменений в избирательные бюллетени в случаях снятия кандидатуры, отмены решения о выдвижении кандидатом, отмены решения о регистрации кандидатов, партийных списков Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 12-бабы 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 16/209 қаулысымен бекітілген Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 12-бабы 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу олар әзірленіп және сайлау учаскелеріне жеткізілгеннен кейін жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібі
2-тарау. Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібі
Тармақ 3
3. Сайлау кезінде сайлау бюллетеньдеріне олар әзірленгеннен кейін өзгерістер енгізу туралы шешімді:
Тармақша 1
1) Президент, Құрылтай депутаттарын – Орталық сайлау комиссиясы;
Тармақша 2
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын – округтік сайлау комиссиясы;
Тармақша 3
3) мәслихат депутаттарын - партиялық тізімді тіркеген аумақтық сайлау комиссиясы;
Тармақша 4
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін - аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) сайлау комиссиясы қабылдайды. Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жоғары тұрған сайлау комиссиясына жіберіледі.
Тармақ 4
4. Егер Конституциялық Заңда белгіленген тәртіппен кандидат өз кандидатурасын алып тастаса немесе республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жойса немесе Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдаса, Президент сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) алып тасталады.
Тармақ 5
5. Алып тасталды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 6
6. Егер Конституциялық Заңда белгіленген тәртіппен Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдаса, Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен саяси партияның атауы алып тасталады.
Тармақ 6-1
6-1. Егер Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен тиісті аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, партиялық тізім бойынша сайланатын астана, облыстық, республикалық маңызы бар қала мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен саяси партия атауы алып тасталады.
Тармақ 7
7. Алып тасталды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 7-1
7-1. Егер Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен кандидат өз кандидатурасын алып тастаса немесе кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестік кандидатты ұсыну туралы шешімінің күшін жойса не тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, бірмандаттық округ жөніндегі мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) алып тасталады.
Тармақ 8
8. Егер Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әкім болуға кандидат өз кандидатурасын алып тастаса немесе саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы, кандидатты ұсынған жоғары тұрған әкім кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жойса, не аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдаса, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен кандидаттың тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) алып тастау жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізуді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы айқындаған учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Осы қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шешімді қабылдау кезінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері көк түсті сиялы шарикті қаламмен саяси партияның атауын немесе кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және олардың оң жағында орналасқан шаршыны сызып тастайды және сызып тасталған саяси партия атауының не кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және шаршының оң жағына өз қолын, тегін және аты-жөнінің бірінші әріптерін кояды. Сызу сызықтары (сызығы) тік болуы керек және саяси партия не кандидат туралы деректердің әр жолының бойымен және шаршы арқылы жүргізілуі тиіс.
Тармақ 11
Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер дауыс беру күнінен кешіктірмей енгізіледі.