О внесении изменений в некоторые решения Целиноградского районного маслихата Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы «Ақмола облысы Целиноград ауданының № 96 Разъезд ауылын қайта атау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № А-6/263 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 6С-21-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6712 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін: «Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда «Ақмол ақпараты», «Вести Акмола» аудандық газеттерінде жарияланған): көрсетілген шешімге 2-қосымшада: кестенің 3-бағанында (аймақ нөмірі I): жиырма үшінші жолда «Разъезд № 96» сөздері «Ыбырай Алтынсарин ауылы» сөздерімен ауыстырылсын; «Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болыптіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған): көрсетілген шешімге қосымшада: кестенің 3-бағанында (аймақ нөмірі II): он екінші жолда «разъезд № 96» сөздері «Ыбырай Алтынсарин ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Целиноград ауданының әкімі М. Тәткеев 24. 08. 2018 ж.