О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов с юношами-выпускниками средних учебных заведений Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпы орта білім оқу орнының ер балалар тұлектерімен далалық-оқу (лагерлік) жиының өткізілуі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 08.04.2003 № 26 шешімімен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 "Бастапқы әскери дайындық туралы" қаулысын iске асыру мақсатында және өазақстан Республикасы "Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 29 бабының 1 бөлiмiнiң 2 тармағын басшылық ете отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң 11-сынып, кәсiптiк- техникалық мектеп (лицей) және арнаулы орта оқу орындарының (колледж) үшiншi курс оқушыларымен бастапқы әскери дайындық бойынша белгiленген оқу жоспарына сәйкес 2002 жылдың мамыр-маусым айларында далалық-оқу жиындары өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық бiлiм департаментi, облыстық әскери комиссариатпен (Н.Текеғалиев) бiрлесе отырып, бес күндiк далалық-оқу жиындарын өткiзу жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын әзiрлесiн.
Тармақ 3
3. Облыстық әскери комиссары далалық-оқу жиындарының табысты өткiзiлуiне көмек беру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрiнiң әскери-техникалық мектеп" филиалымен, әскери бiлiм командирлерiмен байланысты қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Атырау қаласы мен аудандар әкiмдерi мүдделi ұйымдар және мекемелер басшыларының қатысуымен кеңейтiлген кеңестер өткiзiлсiн, өтiлетiн орындарды, жиынның уақытша штабын белгiлеп, белгiленген iс-шараның өтiлуiне жауапты адамдар белгiленсiн. Облыстық бiлiм мен денсаулық сақтау департаментi және басқа облыстық мемлекеттiк органдарының қарамағындағы мекемелер мен далалық-оқу жиынының өткiзiлуi шығын мекеменi қаржыландыру шеңберiнде қаралсын.
Тармақ 5
5. Бес күндiк далалық-оқу (лагерлiк) жиындары кезiнде, кәсiптiк-техникалық мектебiнiң 3 курс, лицей арнайы орта оқу орнының қыздары (колледж) жалпы бiлiм беретiн 11 сыныптар қыздарының практикасы медициналық емдеу мекемелерiнде өткiзiлсiн. Практикадан өту тәртiбi мен орнын облыстық денсаулық сақтау департаментiмен, облыстық бiлiм департаменттерiмен облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi (Ғ.Жұмағалиев) басқармасымен келiсе отырып белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау департаментi далалық жиындар өткiзетiн орындарда оқушылардың көп жиналатындығына байланысты оларды жұқпалы, тағы басқа да аурулармен науқастанып қалуына қарсы медициналық шаралар белгiленсiн, сонымен қатар медицина қызметкерлерiнiң тұрақты кезекшiлiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Атырау аймақтық дене-тәрбиесiн, спортты дамыту орталығы коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын (С.Жекенов) жастардың дене тәрбиесi дайындығына бақылауды жүзеге асырсын және спорттық шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Х. Хайдар) далалық-оқу жиындары өткiзiлетiн орындарда қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т. Мұрслиеваға жүктелсiн.